Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс туралы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Кіріктірілген ойын іс әрекеті

Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік дағдыларды дамыту

Танымдық дағдыларын дамыту

Шығармашылық дағдыларын дамыту








Танымдық дағдыларды қалыптастыру.Қоршаған ортамен таныстыру.




























Коммуниактивтік дағдыларды қалыптастыру.


Коммуниактивтік дағдыларды қалыптастыру

Балалар әуен ырғағымен амандасып кіреді.

Балалар, жылдың қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім киеміз.
Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
- Боранның.
Ендеше боранды қимылмен қалай көрсетеміз?
(қолдарын жоғары көтеріп жәй және  қатты дыбыс шығарып гуілдейді.)
Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын топылдатады).
-Ал,күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын шапалақтайды).
-Жарайсыңдар осындай көңіл – күймен ойын іс әрекетімізді одан әрі жалғастырамыз.

(Қыс көрінісі).
- Шырша, ағаштар, айналаның бәрі аппақ.
- Дұрыс ағаштар, шыршалар неге орнаған?
- Қарға.
Ендеше, қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Мирас:  Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.

- Дұрыс, қардың түсі қандай?
- Ақ.
- Ия, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Рафия: Қар жауыты далаға,         
Қар жауыпты қалаға.                            
Сырғанаймыз біз енді,                         
Отырып ап шанаға.    

Айзада: Аппақ, аппақ қар аппақ,        
Айналаның бәрі аппақ.  
Қырау-қырау жол аппақ,
Қар жамылған тал аппақ.










Физикалық дағдыларды қалыптастыру



















Физикалық дағдыларды дамыту.Қоршаған ортамен таныстыру.




Шығармашылық дағдыларын қалыптастыру


Балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ «Аққала» тобы

2-топ «Шырша» тобы

Ойын: «Қар кесектерін жинау»

Шарты: Екі бала шашылып жатқан қар кесектерін ыдысқа әкеліп салу.


Сергіту сәті: Аппақ қылып өңірді,
Қар жауды, қар жауды.        
Көңілді  балалар,
Қызығып секірді, секірді.

(сұр қоян, мен ақ қоян суреттері көрсетіледі).
- Айнала аппақ қар. Адамдар жылы киінеді. Тіпті жануарлар да қыстың келгеніне қуанатын сияқты. Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сұр қоянды. Олардың да түстері өзгеріп кетіпті. Қоянды байқай алмайсың. Оның тоны аппақ қар сияқты.

(Балалардың жемсауытқа жем салып тұрған суреті).
- Бұтақтан-бұтаққа ұшып-қонып жүрген құстарды көруге болады.
Оларға қыста жем табу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оларды қоректендіреді.


Ойын: «Ұлпа қар»

Шарты: Үстел үстіндегі ұлпа қарларды түтікшемен үрлеу.


Шығармашылық жұмыс:

1-топ: Манный каша арқылы ақ қағаз бетіне Аққала жасау.

2-топ: Май шамымен дәстүрден тыс қар бүршіктерін салу.

Жарайсыңдар балалар.

Қорытындылау: сұрақ-жауап, мадақтау


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі.

Меңгереді: Қыс туралы мағлұмат алды.

Игереді: Түтікшемен қар үрледі, кашамен Аққала жасады, сурет салды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11