Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жоспар мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Қыс қызығы»

Мақсаты:Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері туралы оқушыларға мағлұмат беру; оқушылардың қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой- өрістерін, сөздік қорларын дамыту; оқушыларды жақсы болуға, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу:

Көрнекілігі: қыс мезгілінің суреттері

Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, қыс мезгілінде неше ай бар?

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз?

- Жаңа жыл мейрамын.

- Қыс мезгілінде қыстайтын қандай құстарды білеміз?

- Қарға,көгершін,сауысқан,қара торғай.

- Дұрыс,балалар. Құстар қалай қоректенеді,осы құс туралы кім тақпақ біледі?

Оқушы:

Торғай,торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі томпиып

Шиқ-шиқ десіп отырмақ.

- Қыс мезгілінде өсімдіктер өседі ме?

- Өспейді,себебі күн салқын болады,олар тіршілігін тоқтатып,көктем мезгілінде тіршілігін жалғастырады.

- Орманда мекендейтін қандай аңдарды білеміз?

- Қасқыр,қоян,аю,түлкі,арыстан,кірпі т.б.

Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.


Балалар қыс туралы өздері білетін тақпақтарын айтады.

Тапсырмалармен жұмыс

1-тапсырма: Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?(шана тебу,сырғанау,шаңғы тебу,коньки тебу)

Қай бала қыс туралы тақпақ біледі екен?

2-тапсырма. Жұмбақтар шешу

Бетінен суық сүйеді,

Ерніне суық тиеді.(Аяз)


Тікен, тікен тік пісте

Қысы- жазы бір түсте.(Шырша)


Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қарай қашады. (Қар)


3-тапсырма: Орманда мекендейтін аңдардың түстері, тіршіліктері қандай болады екен?(аю-ол қыс бойы ұйықтайды, түсі ақ болады, ол балды жақсы көреді). (Қоянның түрі де аққа айналып, сәбізді жақсы көреді). (Кірпінің түсі күлгін болады, ол қорыққан кезде денесін жиырып алады).

4-тапсырма: Бұнда, балалар, орманда мекендейтін аңдардың құйрықтары көрсетілген, сендер қай аңның құйрығы екенін табасыңдар.

5-тапсырма: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктері? (мұздың қатуы, даланы қар басуы, аңдардың түстерінің өзгеруі, ағаштарды қар басуы)

Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей!


Қорытынды: Балалар, бәрің де тапсырманы жақсы орындадыңдар.

- Ойын сендерге ұнады ма?

- Қандай ойындар ойнадық?
























































Қыс. Аяз. Қалың қар, үскірік, боран. Адам мен жануарларды қыспаққа алатын бұл мезгілдің өзіндік сұлулығы мен жақсылығы да бар. Тек соны көре білсең. Бойыңды сергітер, денеңді шымырлатар қыстың суығынан тазалық лебі еседі. Шынында да қыс — ең таза маусым. Жер бетін айқара жапқан ақ қар — тазалық символы.Әлемдегі ең табиғи ақ нәрсе — ақ қар. Сондықтан кейде адамдардың шынайы ақ ниетін жаңа жауған кіршіксіз ақ қарға теңеп жатады. Қыстың табиғаты — теңдессіз әсем көрініс. Айнала аппақ, көз жетер жердің бәрін алып ақ көрпемен қаптап қойғандай. Ақ жамылғы сонымен қатар қансонар кітабы тәрізді. Аң мен құстың іздері анық сайрап жатады. Аңшылар ізбен жазылған бұл кітапқа қарап із кеседі. Қар — береке. Қыста қар мол жауса, жазда егін мен шөп бітік шығады.



Бәрінен де қыстық ойындарды айтсаңшы! Шанамен сырғанап, шаңғы, коньки теуіп, қар атысып, аққала жасау ерекше қуанышқа бөлейді. Қыстың ызғарынан жасқанып үйде отырған баланы көрмейсің,бәрі де шаттана, мәз-мейрам сыртта ойнауда. Бұл әрі ойын, әрі балаларды шынықтырады, денсаулыққа да өте пайдалы. Мен өскен туған өлкемнің қысы да әсем. Күрті жазығында ақ көрпе жамылып, көсіліп жатқан кең дала. Халқымыздың пейілі қыстың күнгі ақ қардай кіршіксіз, таза бола бергей!

Шолпан НҰРАСЫЛОВА,

ҚАЗ ҰПУ-дің 4-курс студенті,





























Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою - өрнектермен жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен шеберлік дағдыларын

қалыптастыру;

Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Шеберлікке, үнемділікке тиянақтылыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге, шебер адамдарын құрметтеуге, олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Топтық сайыс сабақ.

Сабақ типі: Қорытынды сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, альбом, бағалау парағы, қағазға жапсырылған оюлар, кесте тігістері, матаға басылған оюлар.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.

Қажетті құрал – жабдықтар: Ақ, түрлі – түсті қағаз, желім,

қайшы, бір түсті маталар, ине, жіп.

Қауіпсіздік ережесі: Қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасау.



Сабақ барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушыларды түгелдеу.

Б) құрал жабдықтарын тексеру. (2 минут)

2. Сайыс сабақ

Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

3 топқа ақ қағаз тартылады.



І. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады. (5 минут)

(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).



ІІ. Түрлі – түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру. (5 мин)

Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.



ІІІ. Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)

Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді. (көктеу)



IV. Сұрақ – жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.



І топ:

Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)

Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді).

Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)

ІІ топ.

Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)

Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз, текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)

Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу тігісі).

ІІІ топ:

Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)

Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады? (мүйіз бейнелі айшықтар)

Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?

(Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан

тастармен әшекейлейді)

V. Қорытынды:Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын

тапсырады. (5 минут)

Тапсырма: Ою - өрнектің күрделі тігу. (1 минут)

Бағалау парағы: Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске жеткенін айтамын. (2 минут)



























Армысың әз Наурыз!



Мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа.

Ұйымдастыру.

1-жүргізуші.

Бағыма көктемменен еніп едің

Іздедім шуағыңнан көңіл емін.

Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай

Шаттанды шашуыңнан төңірегім

Көркейтсін баспасын да даланы мұң

Тербетсін табиғатты дана жырың

Қош келдің төрімізге төрлетбүгін!

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!

Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! 35 мектеп-гимназиясының оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлына беріледі.

1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын некен саяқ.

Ән шырқап, би билейтін қауым болып,

Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.

Қазақ биі

2-жүргізуші:

Уа жараңдар, жараңдар!

Көңілің баро алаңдар

Ата менен анаң бар

Үлкен кіші ағаң бар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар!

1-жүргізуші:

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Иманбай ақсақалдың ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге борлыңыздар.



(Ауыл бейнесі. Ортада стол, Ата, немересі, келіні)

Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?

Ата: Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.

Немере: Рахмет Ата келесіде біліп жүретін боламын.

(Жастар келеді: Айжан, Жазира, Тұрарбек, Сағатбек, Ақжелең, Жанель) Аталарына көріседі.

Тұрарбек: Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге көрісіп кетуге келдік.

Ата: Ия балам өркенің өссін!

Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді.

Айжан: Ата мерекеңіз арнап бір ән шашу дайындап келдім. Соны орындап берейін.

Ән: «Шақырады көктем» орындайтын: Мусағалиева Айжан



(Келіні көже ұсынады) Әңгіме айтып отырады.



(Пошташы жігіт келеді. Рольде Амангелдиев Ерболат)

Ерболат: Ассалаумағалейкүм атай!

Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің сізге арнаған құттықтамасын ала келдім. Біздің жұмысымыз осы. Алысты жақындатып, жақсы тілектерді жеткізушіміз.

Ата: Ия балам рахмет! Қандай жаңалығың бар. Айта отыр.

Келіні: Дәм алыңыз.

Пошташы: Алып отырмын. Алда үлкен сайлау келе жатыр. Үлкен дайындық жүргізілуде. Алда тек еліміз аман болсын, қариялар сіздер ақылшы болып жүре беріңіздер.

Ата: Тілегің орындалсын. Аман жүр.

(Пошташы кетеді.)

Ата: Әңгімелеріңді айта отырыңдар.

Жүрген жерлерің аман ба?

Жанель: Ата біз сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік. Мен де жан құрбыларымнан қалыспай бір әнімді орындап берейін.

Ән: Наурыз-думан. Орындайтын: Жолдасова Жанель

Ата: Әй, келінжан бүгін біздің үй үлкен думанға айналдығо. Айғаным құдағайды шақырып, немеремізді бесікке салдыртып алайық.

Келіні: Ата менде соны ойлап отыр едім. Бәрі дайын болады. Әй қайным сен құдағиға барып кел, мен қыздармен бесіктойға дайындық жүргізейін.



1-жүргізуші:

Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан басталады.

2-жүргізуші:

Жаңалықтарды ел жұртымыз құптап, қуанышымызға ортақ болды. Иманбай ақсақалдың ауылыда тек жақсы жаңалықтарға толы екен. Бәріміз бірге бесік тойын тамашалайық.

1-жүргізуші:

Құт береке, Наурыз айым келді деп,

Жер түледі, жасыл желек желбіреп,

Айналайын ата мекен кең далам.

Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.

2-жүргізуші:

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

(құдағай келеді)

Бәрі көріседі.

Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын.

(барі жиналып отырады, баланы әкеледі)

Ата: Немеремнің атын қоюды Думан ақсақалға жолдап жатырмын. Думанның алдына баланы апарады.

Думан: Сенің атың Наурызбек. Үш рет қайталайды.

Әкеңнің аты Қадырбек.

Атаңның аты Иманбай.

Анаңның аты Айғанша.

Бақытты бол.

(Келіні Айғаным құдағайға баланы апарады.)

Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда.

(бесікке салу дәстүрі)



Әлди-әлди ақ бөпем, орындайтын: Айғаным құдағай.

Ән: Шілдехана. Орындайтын: Байғалиев Мақсат

Ата: Құдағай, Думан ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Қадырбай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Келіңдер наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын.

Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.



1-жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.

1-жүргізуші: Түрлі-түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.



Арайлым: Ал қане жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.

(Жастар жиналады.Арайлым сақина салып жүреді.)



Қане менің сақинам кімде екен, ортаға шық. 1-2 рет ойнату керек.

(Мерей ұсталып қалу керек.)

Әсия: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?

Мерей: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар. Қазақтың ұлттық биіне айналып жүрген «Қаражорға» биін билеп берейін.

(Бәрі билейді.)



1-жүргізуші: Өздеріңіз тамашалағандай, көрісу,

2-жүргізуші: бесікке салу, ұлттық ойындар жыл сайынғы наурыз мерекесі сайын аталып өтіледі.

1-жүргізуші: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады.

2-жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?

1-жүргізушңі: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:

Дүние – үлкен көл

Заман – соққан жел.

2-жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.

Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.

1-жүргізуші: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.



2-жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.



1-жургізуші: Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.



2-жүргізуші: Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүргендерді шақырып, ақсақал аталардан бата сұрайық.

Көже істеген келіңдер,

Көпке жаққан елшіл бол!



Бата беру

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін

Пәле-жәле жерге енсін

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып кәрі-жас,

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жұмырасып өріскен,

Шалдар бата беріскен

Ұлыс күні қазан толса

Ол жылы ақ мол болар

Менің берген бұл батам

Алланың құлағына шалынсын! Әумин!



1-жүргізуші.

Жарқырасын Атыраудай жеріміз!

Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз

Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,

Малға толып жатсын барқыт беліміз!



2-жүргізуші:

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.

Мереке боп келген бүгін Наурызым!

Береке бол ешқашанда тозбаған!



1-жүргізуші:

Осымен оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.



2-жүргізуші:

Наурыздан – наурызға аман есен жете берейік!



Мақалаға белгі:Наурыз, іс шара



















Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі.

Сабақтың мақсаты: 1. Зат есімнің жекеше және көпше түрінің айтылуы мен жазылуын меңгерту 2. Сауатты, көркем жазуға үйрету. 3. Экологиялық тәрбие беру, танымдық қабілеттерін арттыру. 4. Жан – жануарларды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, карточкалар.



Сабақтың әдісі: Аралас сабақ (Дінтану пәнімен байланыстыру).



Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру бөлімі:



Оқу құралдарын даярлап, сабаққа назарын аудару.







ІІ. Өткенді пысықтау, үй тапсырмасын тексеру.



(«Қызыл кітап» бойынша саяхат, ондағы жануарлардың бізге әкелген тапсырмалар)







1 – сурет



Тапсырма: 1. Зат есім дегеніміз не?



2. Жалқы есім деген не?



3. Жалпы есім деген не? (жауабы, мысалдар келтіру)



2 – сурет



Мәтін оқу. Зат есім болып тұрған сөздерді теріп жазу.



Біздің «Қызыл кітапқа» бүркіт, қоқиқаз, аққу, дуадақ сияқты жануарлар енгізілген. Табиғатты қорғау туралы заңды үлкендер де, балалар да сақтауға тиіс.



3 – сурет



Жекелеген суреттерді пайдалану. Суреттермен жұмыс. Оларға сұрақтар қойғызу.



Не? Нелер? Кім? Кімдер?



ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын ашу.

Оқулықпен жұмыс. 322 – жаттығу.



Суретке қарап салыстыру, айырмашылығын анықтау.



Әр суреттегі заттардың санын анықтау.



Балапан – балапандар



Қоян – қояндар



Терек – теректер



Жануар – жануарлар



Балапан деген сөз «бір балапан» деген, балапандар деген сөз «көп балапан» деген ұғымды білдіреді. Яғни зат есім жекеше, көпше түрі туралы толық түсінік беріп кету.



Сергіту сәті: Тап – таза тұнық суда,



Балық жүзіп ойнауда.



Біресе керіледі,



Біресе жиырылады.



Ал енді бірде құмға тығылады.



4 – сурет



323 – жаттығу. (Қарамен жазылған сөздерді көшіріп, сөз құрап, талдау).



Ағалар, апалар.



5 – сурет



Тақтамен жұмыс. 324 – жаттығуды орындау.







Жекеше Көпше



Кім? Не? Кімдер? Нелер?



Инелік, тал, шырша, Көбелектер, қарлығаштар, қайыңдар,



ақын, ұшқы. оқушылар, суретшілер.







Сұрақ қойып жалғауларды ажырату.



- лар, – лер, – дар, – дер, – тар, – тер.



Ережені дауыстап 2 рет оқытып шығу.







6 – сурет



Өзіндік жұмыс. 325 – жаттығу.



Көптік жалғауын жалғап, зат есім көпше түрін жасау.







7 – сурет



Өлең құрастыра білеміз бе?



Көктем (не?) келіп. Өлең құру



Құстар (нелер?) оранды.



Балалар (кімдер?) қуанып.



Ұялар (нелер?) жасады



Сұрақ қойыңдар зат есімге. Зат есім көпше түріндегі көптік жалғауын атаңдар.







8 – сурет



«Кім жылдам?» ойыны. Қай топ көп жазса, сол топ ұтады.



І қатар ІІ қатар ІІІ қатар



Аналар Әкелер Балалар



Апалар Әжелер Борлар



А Ағалар Ә Әндер Б Бәтеңкелер



Аңдар Әншілер Барыстар



Аттар Әйнектер т.б.



ІҮ.



1) Біз бүгін қай кітап бойынша саяхат жасадық?



2) Зат есімнің неше түрі болады?



3) Зат есімнің көпше түрі қандай қосымша жалғану арқылы жасалынады?



Қазақстан Республикасының Заңында әрбір адам өзінің туған жерінің табиғатын, лонда мекендейтін жан – жануарларды, аң – құстарды, өсімдіктерді қорғау керектігі көрсетілген.



Осы бағытта сіздер қандай үлес қоса алар едіңіздер?



(Ұя жасау, тал егу, ауыл, су тазалығын сақтау, аңдарға қамқорлық, т.б.)



Ү. Үйге: 325 – жаттығу. Ереже жаттау.



ҮІІ. Бағалау.



Filed under: Бастауыш сынып







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2018
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12