Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қыс қызығы» демалыс күнгі жорық

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қыс қызығы» демалыс күнгі жорық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыс қызығы» демалыс күнгі жорық


Туризмсалаларының бір формасы – туристік–өлкетануқызметі мектептегі сабақтардан тыс жасалатын жұмыс. Бұндай туризм формасы балалардың өз өлкесін, тарихын танып білуіне үлкен мүмкіндік береді. Туризмнің осы түрі арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады, себебі олар өз өлкесіне экскурсия жасау барысында көптеген тың мәліметтермен толығады.
2020 жылдың 25 қаңтар күніОблыстық балалар мен жасөспірім туризмі және экология орталығының «Туған өлкем» туристік-өлкетану үйірмесі (Жетекшісі А. Еркингалиева) №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ - «Самал» ТЛ – Октябрь ауылы - №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ маршрутымен демалыс күнгі шаңғы жорығын ұйымдастырды.

«Туған өлкем» туристік-өлкетану үйірмешілері жорық барысындашаңғымен жылжу арқылы 3 шақырым жүріп өтті. Шынайы кедергілерге, ең бастысы, жаяу жүруді жатқызуға болады, себебі қатысушылар үшін ең басты қиыншылық ол бірнеше километр жүру болды. Оқушылар өз күштерімен маршруттардағы әр түрлі кедергілерді және жорық барысындағы өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білді.

  Туризіммен шұғылдану да оқушының жеке дамуына әсер етеді. Өйткені сезімдік таным негізінде қабылданған білім, әрекеттер оқушының ақыл-ойының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына жетелейді. Демалыс күнгі жорығымыз сәтті аяқталып, оқушылар үйлеріне қуанышты көңіл-күймен тарадық.
























«Алтын адам ұлт мақтанышы» экскурсия туралы

Экскурсия – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейді және оқу-бағдарламасына сәйкес мектептен тыс ұйымдастырылады.

2020 жылдың 20 қаңтар күні облыстық балалар мен жасөспірім туризм және экология орталығының «Туған өлкем» туристік-өлкетану үйірмесі (Жетекшісі А. Еркингалиева) облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады. Мақсаты: оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдалану, туристік-өлкетанулық қызметті меңгертуде туған өлкенің тарихын, мәдениетін, мұрасын оқып-үйрету.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 1836 жылы құрылған. Музей орналасқан ғимарат 1879 жылы мавритан стилінде салынған сәулет ескерткіші қаламыздың ортасында орналасқан. Музей қорында Орал өңірінің өткенінен дерек беретін жәдігерлер жеткілікті. Олар экспозициялық залдары: археология; ортағасырлық Алтын Орда кезеңі және Жайық қалашығының пайда болуы; Кіші жүз тарихы; Бөкей Ордасы тарихы; Кеңестік дәуір кезеңінің тарихы; Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы; этнография; Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы залдарында жіктеліп қойылған.

Экскурсия барысында оқушылар ежелгі Қазақстан тарихынан бастап, қазіргі күнге дейінгі тарихи мағлұматтар туралы дереккөздерді көріп, таңқалды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай «Алтын адам-ұлт мақтанышы» тақырыбына тың мәліметтер тыңдап, жазып алды.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12