Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қыс қызығы" ортаңғы топ 3-4жас

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н ұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

38 «Шаттық» балабақшасы.

Тәрбиеші

Гафарова Гулнур Ергалиевна





Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Қыс мезгілінің сұлулуығын сезіне білуге үйрету.

Білімділік: Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,қысқы ойындар,киімдер атауларын айтқызып, байланыстырып сөйлеуге білуге баулу.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын кеңінен дамыта отырып,ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :Қыс мезгіліндегі табиғаттың сұлулығын сезіне білуге,табиғатты жануарларды,құстарды қорғап аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: слайд, жапсырмалар, кілемше,

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,ойын,жұмбақтар, мақал-мәтелдер,өлең -шумақ,мнемо техникасы,Восковович әдісі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң бақшамыз,

Қайырлы таң достарым.

Балалар , мен бүгінгі оқу қызметімізді жұмбақ жасырудан бастағым келеді.Менің жұмбағымды шешуге дайынсыңдар ма?

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жұмбақ:

Шанамен зыралап желетін,

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Бұл қай мезгіл деп ойлайсың. (Қыс)

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың қыс мезгілі.

Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Қыс мезгілінде үш ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше осы қыс мезгілінің айларына жеке тоқтала кетейікші.Әрбір айдың әртүрлі ерекшеліктері бар.

Желтоқсан жылдың аяғы ,қыстың басы ол суық ызғарлы ай.

Қаңтар -жыл басы,қыстың ортасы,ол ең қарлы ай,бұл айда қатты суық үскірік аяз болады.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр, әрі суық ,дүлей боранды.

Ал сендерге қыс мезгілі ұнайма?

Қыс несімен ұнайды? Шана тебеу,сырғанаймыз,аққала жасаймыз,қармен ойнаймыз.

Қардың түсі қандай?

Қардың түсі ақ болады.

Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Боран,аяз,қар жауады.

Жарайсыңдар балалар ендеше кім қыс туралы өлең-шумақтарын біледі.

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.



Уақыт мол бөлеміз ,

Қыс қызығын көреміз.

Сары аязға шыңдалып,

Шымыр болар денеміз.

Жылда осылай келеді

Қуанышқа бөледі.

Шашу етіп біздерге ,

Ақ күмісін төгеді.



Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап ,

Қыс отырған секілді.



Жауды міне қар аппақ ,

Айналаның бәрі аппақ.

Жасырыпты жолдарды,

Тегістепті оларды.

Жақсы балалар мен сендерге мақал-мәтелдің басын айтам сендер жалғастырасыңдар.

1 Қыс азығын ………. жаз жина.

2 Жаздың бір күні …….қыстың мың күні.

3 Қыстың көзі ……….қырау

Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын; «Қыс мезгілі »

Сергіту сәті; «Аққала» әні

( Бейне таспа арқылы)

Қыздырайық ойынды,

Көрсін бізді кең дала.

Суық шалмас бойыңды,

Билесең шыр айнала.

Денеміз бар ақ қардан,

Мұрынымыз сәбізден.

Қалпағымыз шелектен,

Көзіміз бар көмірден.

Кел, достарым келіңдер,

Би билейік шаттана.

Үйреніңдер көріңдер,

Қардан соқтық аққала.

Жақсы балалар орындарыңа отыра қойыңдар.Балалар бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты. Есік қағылады Аққала келеді.

Қош келдіңіз! Аққала

Салеметсіздерме!Балалар мен сендерге қонаққа келдім сендерге мен құр қол келгенім жоқ тапсырмалар ала келдім.

Мен сендерге жұмбақ жасырсам шешуін табуға дайынсыңдар ма? Ендеше мен сендерге жасырам сендер мұқият тыңдаңдар.

Қыста ғана болады ,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Жақсы жарайсыңдар балалар,енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр ойнаймыз ба?

Ойын ;Аққала

Аққала; Жарайсыңдар балалар,менің тапсырмаларымды орындадыңдар!

Рақмет! Балалар сендер өте ақылды, өнерлі,тапқыр екенсіңдер!Топтарың ыстық екен,мен жылы жерде тұра алмаймын,еріп бара жатқан сияқтымын.Еріп кетпей тұрғанда қайтайын. Мен сендерге арнап әкелген сыйлықтарым мына сандықшаның ішінде. Мен бұл сандықшаны апайларыңа тастап кетемін, апайларың сендерге таратып береді. Сау болыңыздар балалар.

Рефлексиялық -түзетушілік

Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге қандай қонақ келді?

Аққала келді.

Балалар бүгін біз қай жыл мезгілі туралы әңгімеледік?

Жылдың қыс мезгілін!

Бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?

Ендеше балалар бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Жүректен жүрекке,

Балдай тәтті баламыз.

Айтқан тілді аламыз,

Ойын меннен өседі .

Ойыменен санамыз,

Қол ұстасып бәріміз.

Жарасады сәніміз,

Көріскенше күн жақсы.

Сау болыңыз бәріңіз.













































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2021
1801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12