Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қыс қызығы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қыс қызығы

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
- Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонақтарды
Сүйіп, сүйіп алайық.
- Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
- Қыс мезгілі
- Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
- Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
*Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
- Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
- Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
- Қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
- Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.
- Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
- Жаңа жыл!
- Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар, мынау ненің суреті?
- Аққала
- Аққала неден жасалады?
- Қардан
- Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
- Қардың түсі қандай?
- Ақ
- Қар мұздай ма, жылы ма?
- Мұздай
- Аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады
- Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
- Дөңгелек
Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
- Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
- Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
- Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.
Аққала: 1тапсырма: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
- ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
- Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.


2. Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )
Қыс мезгілі көңілді,

Қар жауғанда топ бала,
Аспаннан ақ қар төгілді.

Соқты қардан аққала.
Шанамен біз ойнаймыз,

Мұрны сәбіз, үп - үшкір,
Шаңғы теуіп сырлаймыз.

Көзі көмір, қап - қара.

Далада қар борайды,

Ауыл сырты - биік жар,
Ақ мамыққа орайды.

Бізді күтіп, тұр қарап.
Мұз болады, қатады,

Биік жарға шығып - ап,
Жып - жылтыр боп жатады.

Жөнелеміз, сырғанап.
- Жарайсыңдар! Қане, балалар ойын ойнап жіберейік.
Аққаламызға суретін құрап берейік.
Ойын: «Аққала құрастыру»
- Балалар, енді үйден ата - аналарымызбен салып келген суреттерімізді аққаламызға, қонақтарымызға таныстырайық.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!
- Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)
Қорытынды: - Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
- Қыс мезгілі
- Бізге бүгін қонаққа не келді?
- Аққала
- Барлығымызға ұнады ма?
- Иә
- Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен - жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2019
10779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12