«Бекітемін»
Шағын орталық әдіскері:
Ж.Домбаева
Қыс қызықтары
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тәрбиеші: Бердақ
Дәмелі
«Еркетай» шағын орталығы
2018-2019 оқу жылы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің
тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты:
Балалардың суретке қарай
отыра қыс қызығы туралы түсініктерін тереңдету.
Сөз ұйқасын табуға ынталандыру. Фонематикалық
есту қабілетін дамыту, сөз ұйқасын табуға ынталандыру.
Қажетті көрнекіліктер мен
құрал-жабдықтар: қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар,
ойын суреттері
Сөздік жұмыс:
сырғанақ,
Қостілдік
компонент: қыс-зима, қысқы ойындар-зимние игры
Әдіс-тәсілдер:
сұрақ-жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау,
тақпақ айту, ойын ойнау.
Пәнаралық
қатынас: сурет
Технологиялар:
ойын
технологиясы
Мотивациялық-қозғаушылық
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Таза
ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылу шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Сұрақ-жауап
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
(Қыс мезгілі)
-Қыс мезгілінде ауа райы
қандай болады?
(Күн суық болады, қар жауады, жел
соғады, мұз болады)
-Қыс мезгілінде неше
ай бар?
(Үш ай бар: желтоқсан, қаңтар,
ақпан.)
Кім қыс туралы тақпақ
айтып береді?
Саят: Біздің байтақ
далада,
Асқар тауда ауылда.
Биыл ғажап іс болды,
Таңғажайып қыс
болды.
Кәусар: Біз тебеміз
сырғанақ,
Таудан төмен
сырғанап.
Бір шанада екеуміз,
Құламайды екенбіз.
Абай: Қыстың күні көңілді,
Көп қызықты көреміз.
Шығып алып далаға,
Сырғанақты тебеміз.
1 тапсырма:
«Бәрін
бөл»
-Балалар қолдарымызға дүрбі
алып мына суретке қараймыз.
-Не көріп тұрсыңдар?
(Бала, шана, шаңғы, аққала, коньки, қыз
бала.)
2
тапсырма: «Бәрін қос»
-Балалар мына балалар мен
заттар немен дос бола алады.
(Қар – аққала,Қыз бала –шаңғы,Ұл бала
–шана)
3 тапсырма:
«Салыстыру»Венн диаграммасы арқылы қармен
мұзды салыстырамыз.
4 тапсырма
«Ойлан да
ойла»Дид./ойын: «Ия және жоқ»
-Қыста қар жауады.
-Қыста балалар суда шомылады.
-Қыста жылы киімдер киеді.
-Қыста велосипед тебеді.
-Қыста шөп өседі.
-Қыста боран соғады.
-Қыста жапырақтар сарғаяды.
-Қыста сырғанақтан сырғанаймыз.
Сергіту сәті:
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі-берлі жол салып,
Қар лақтырып,
ойнаймыз,
Қорықпаймыз аяздан,
Спортшы болмай қоймаймыз.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді тыныс алу
жаттығуларын жасаймыз.Балалар қар ұшқындарын ұшырамыз.Демімізді
ішке тартып үф – үф – үф дейміз.
Екі
орталыққа бөліну:
- І-орталық – бөлшектерден шырша
құрастырады.
- ІІ-орталық – бөлшектерден
аққала құрастырады.
Рефлексиялық-Түзетушілік
-Балалар бүгін біз не
үйрендік?
-Өте жақсы, балалар, қыс мезгілінде
ойналатын қызықты ойындар туралы білдік . Қыс мезгілініңқызықтарын
үйрендік. Бүгінгі күніміз сәтті өтті.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
қыс мезгілінің
ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін біледі;
Түсінеді:
қыс қызығы туралы
түсініктері бар;
Қолданады:
сурет бойынша әңгіме
құрастырып айтуды, бөлшектерден аққаланы
құрастыруды.