Материалдар / Қысқа мерзім жоспары Берел қорғандары 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқа мерзім жоспары Берел қорғандары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
385
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СAБAҚ: 2-сабақ

Мектеп: Мектеп: «№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні: 11.09.2020ж

Мұғaлімнің есімі: Сыдыкова Алтынгул Сыражовна

СЫНЫП: 5

Қaтысқaндaр сaны:

Қaтыспaғaндaр
сaны:

Пәні: Қазақстан тaрихы

Сaбaқтың тaқырыбы: Берел қорғандары

Сaбaқ негізделген оқу мaқсaты (мaқсaттaры)

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттай алады.

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттай алады.




Сaбaқ мaқсaттaры

Бaрлық оқушылaр: Берел қорғандарынан табылған олжаларды анықтайды.

Оқушылaрдың бaсым бөлігі: Берел қорғандарынан табылған олжалар сақтардың өнері мен дүниетанымын білдіретін бұйымдар екендігін суреттермен сипаттайды.


Кейбір оқушылaр: Берел қорғандарынан табылған бұйымдарды басқа археологиялық бұйымдардың ерекшеліктерімен салыстырып талқылайды.


Ойлaу дaғдылaрының

деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Тарихи концепт


Айырмашылық пен ұқсастық: Берел қорғандарынан табылған бұйымдар мен Есік обасынан табылған бұйымдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырады.

Бaғaлaу критерийлері:

1. Берел қорғандарынан табылған олжаларды сипаттамасына қарай анықтау;

2. Берел қорғандарынан табылған археологиялық олжалар арқылы сақтардың қолданбалы өнері мен дүниетанымын суреттермен сипаттау;

3. Берел қорғандарынан табылған олжалардың ерекшеліктерін басқа

археологиялық олжалармен салыстыру;

4. Берел қорғандарынан табылған олжалардың ерекшеліктерін талқылау.

Тілдік мaқсaт

Негізгі сөздер мен тіркестер: Грифон, «алтын қорыған грифтер», ата-бабалар аруағы, ер-тоқым аппликациясы, Геродот, самұрық, дүниетаным

Құндылықтaрғa бaулу

- Сыни ойлау дағдысын қалыптастыру;

- Толеранттылық сананы қалыптастыру;

- «Мәңгілік ел»: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтарына сүйене отырып, оқушыларды мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерге, өнерге құрметпен қарауға баулу.

Пәнaрaлық бaйлaныстaр

География , дүниежүзі тарихы

АКТ дағдыларын қолдану

Aлдыңғы білім

Интерактивті тақта


Берел қорғандары ("Кестелі орамал")

Жоспaр:

Жоспaрлaнғaн
кезеңдері

Сaбaқтaғы жоспaрлaнғaн іс-әрекет

Ресурстaр

Сабақтың басы:

Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин









3 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сағат бойынша достар» тренингі арқылы жағымды ахуал қалыпастыру.

Мақсаты: бір-бірін қолдау, жақсы көңіл-күй сыйлау, өзара көмектесу, жылылық сезіну, сенімділік қалыптастыру.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер жасай тұрып, сағат тілімен бір-біріне ым-ишара, қозғалыспен бүгінгі күнге жақсы көңіл күй сыйлайды. Күлімсіреңіз, қол бұлғаңыз, көз қысыңыз, шапалақтаңыз, жылы сөз айтыңыз, бас иіңіз, сәттілік тілеңіз, қошеметтеңіз.

Санау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді, топтарға атау беріледі.

І топ «Этнографтар», ІІ топ «Археологтар», ІІІ топ: «Тарихшылар»

Алдыңғы білімге шолу: "Кестелі орамал" әдісі арқылы сұрақтармен алдыңғы білімге шолу жасау. Оқушылар орамалды бір-біріне беру арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Берел қорғандары қай жерден табылды ?

2. Берел қорғандарынан нелер табылды?

3. Берелдіктер мәйітті қалай жерлеген?

4. Берел жерлеу орындарынан тағы қандай бұйымдар табылды?

5. Адаммен бірге жерленген жануар ?

6. Берел қорғандары қай ғасырға жатады?

7. Саркофаг деген не?

Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың дұрыс жауаптарын «Үш шапалақ» әдісімен бағалау.


Топ аттары жазылған қима қағаздар,

интербелсенді тақта-бейне- жазба, оқулық,





https://fsd.multiurok.ru/html/2017/02/18/s_58a8a0d0800b5/img2.jpg

Сабақтың ортасы:

25 мин


ІІ. Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.

Балаларға бүгінгі сабаққа қатысты суреттер интертақтадан көрсетіледі.

- Мына суреттерден ненің бейнесін көріп тұрсыздар?

- Археологиялық олжалар қалай аталуы мүмкін?

- Қай жерден табылған олжалар деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары таныстырылады.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыларға тақырыпты түсінуі үшін «Берел қорғандары» атты бейнетүсіндірме көрсету.

Бейнетүсіндірме бойынша сұрақтар:

- Бейнетүсіндірме бізге нені әңгімелеп берді?

- Бейнетүсіндірмеден қандай археологиялық олжалар туралы көріп білдік? (мүсін, әшекей заттар, қолданбалы өнер бұйымдары, сәндік бұйымдар)

- Берел қорымынан табылған олжалар сақ тайпасының өнері мен дүниетанымын сипаттайды дегенді қалай түсінесіңдер?

Бағалау критерий: Берел қорғанынан қолданбалы өнер мен дүниетанымды сипаттайтын археологиялық олжалар табылғандығын түсіну.

Дескриптор:

- Сұрақтарға оқушылар жеке жауап береді;

- Берел қорғандарындағы жерлеу орнынан басқа да олжалар табылғанын түсінеді;

- Алған білімдерін сабақ барысында қолданады;

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» арқылы бағалау.


1- тапсырма: «Сиқырлы жалаушалар» әдісі. Жеке жұмыс

Тақтаға бірнеше археологиялық олжалардың сипаттамасын білдіретін тірек сөз тіркестері жалаушаларға жазылған. Оқушылар «сиқырлы жалаушадағы» жазылған сөздерді оқып, қайсысы Берел қорғанынан табылған археологиялық олжалар екендігін анықтайды.

1-ші жалауша: Құс басты, жыртқыш денелі, қос мүйізді, қос қанатты мүсін (Берел қорғанынан табылған грифон мүсіні)

2-ші жалауша: Таутеке мүйізді ғажайып қырандар бейнелі маскалар (Берел қорымынан табылған жылқы әшекейі)

3-ші жалауша: Бұл жәдігер жерленген адамның билік иесі болғанын білдіреді (Алтын грифон)

4-ші жалауша: Жәдігер аң бейнесімен өрнектеліп, жұқа ақ алтынмен қапталған. (ат әбзелдері)

5-ші жалауша: Қоңыр минералды бояумен боялған (құмыралар)

Бағалау критерий: 1. Берел қорғандарынан табылған олжаларды сипаттамасына қарап анықтау.

Дескриптор:

1. Берел қорғандарынан табылған олжаларды басқа археологиялық олжалар арасынан тауып анықтайды;

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

жасыл -түсіндім, сары-орташа түсіндім, қызыл-түсінбедім.


2-тапсырма: Топтық жұмыстар.

І топ «Ауызша микрофон» әдісімен жұмыс жүргізеді.

Тапсырмасы: Берел қорғанында жылқылардың неліктен адамдармен бірге жерленгенін және жылқылардың неліктен ерекше әсемделгенін анықтап, сипаттаңыз.

ІІ топ «Суреттер сыры» әдісімен жұмыс жүргізеді.

Тапсырмасы: Берел қорғанынан табылған бұйымдарды суреттермен сипаттаңыз. (Суреттер: қос қанатты грифон, мысық тектес аң бейнелі маска, самұрық бейнесі, ат-әбзелдері)


ІІІ топ «Этнографтар» тобы «Кластер» әдісімен жұмыс жүргізеді.

Тапсырмасы: 2500 жыл бұрынғы сақ өнерін және оның ерекшеліктерін мәтіннен анықтап, топта талқылаңыз, сипаттаңыз.


Бағалау критерий:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

1) Жылқының ерекше әсемделуі сақтардың дүниетанымдық түсінігі болғандығын анықтау;

2) Жылқылардың адамдармен бірге жерленуі сақ тайпасының дүниетанымдық түсінігі болғандығын анықтау;

1) Сақтардың өнері мен дүниетанымын суреттермен сипаттау;

2) Табылған археологиялық олжалардың сақ өнері мен дүниетанымын көрсететінін түсіну;



1) Сақ өнерінің 2 ерекшелігі: ақ алтынды қолдану мен сюжеттік композиция екендігін анықтау;

2) 2500 жыл бұрынғы сақ өнері туралы талқылау;

3) топтық талқылауда белсенділік таныту.

Дескриптор:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

1. Берел қорғанынан табылған жылқының неліктен ерекше әсемделгенін анықтайды;

2. Жылқылардың адамдармен неліктен бірге жерленгенін анықтайды;

1. Берел қорғандарынан табылған археологиялық олжаларды суреттермен сипаттайды;

2. Суреттер арқылы сақ өнері мен дүниетанымы туралы біледі;

1. Осыдан 2500 жыл бұрынғы сақ өнерінің ерекшеліктерін мәтіннен анықтайды;

2. Сақ өнерінің 2500 жыл бұрын қандай болғандығын топта талқылайды, топпен «Кластер» құрады;

3. «Кластер» арқылы сипаттайды.


Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды.


3 тапсырма: Венн диаграммасы. Жұптық жұмыс

Берел қорғандарынан табылған археологиялық олжалар мен Есік обасынан табылған олжалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырыңыз.

Берел қорғанынан табылған олжалар

Есік обасынан табылған олжалар

Дескриптор:

  • Берел қорғандарынан табылған олжалардың ерекшеліктерін табады.

  • Есік обасынан табылған олжалардың ерекшеліктерін табады.

  • Берел қорғанынан табылған олжалардың Есік обасынан табылған олжалармен айырмашылығын салыстырады, талқылайды.

  • Екі қорғаннан табылған олжалардың ұқсастықтарын анықтайды.

Бағалау критерий:

1. Берел қорғандарынан табылған бұйымдардың ерекшеліктерін табу, талқылау;

2. Есік обасынан табылған олжалардың ерекшеліктерін табу, талқылау;

3. Берел қорғандарынан табылған олжалардың Есік обасынан табылған олжалармен айырмашылықтарын салыстыру, талқылау;

4. Екі қорғаннан табылған олжалардың ұқсастықтарын анықтау;

Қалыптастырушы бaғaлaу: «Отшашу» әдісі арқылы бaғaлaу. Оқушылар бір-бірін мадақтайды.

Қазақстан тарихы 5-сыныбына арналған оқулық.

Авторлары:

С.Р.АхметоваА.М.Ибраева, А.А. ҚұлымбетоваА.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева

Астана, НЗМ, 2017ж. Бейнетүсіндірме https://youtu.be/Ovd6VUdmRhY








https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/02b3/0003bfba-2ed26464/img7.jpg




















https://fsd.multiurok.ru/html/2017/02/18/s_58a8a0d0800b5/img2.jpg

Нұсқаулық https://youtu.be/x1v4aY-gyTk

















































https://fsd.multiurok.ru/html/2017/12/05/s_5a26c62e32106/img4.jpg

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!