Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3. Әкімшілік жауапкершілік

Мектеп: Федоровка қазақ жоббм


Сағат саны: 1 сағат

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Ізбас С.А


Сынып: 9


Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?


Оқу мақсаты:

9.6.2.2. құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы әкімшілік жауапкершілік түрлерін және оларды қолдану тәртібін түсіндіру


Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Әкімшілік жауапкершілік ұғымын, түрлерін түсінеді.

Басым көпшілігі:

Құқықтық жағдаяттарды зерттеп, әкімшілік жаза түрлерін талдайды.

Кейбірі:

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігінің ерекшеліктерін зерделейді.

Бағалау критерийлері:




  • Әкімшілік жауапкершілік және түрлеріне мысал келтіреді.

  • Әкімшілік жаза түрлері мен қолдану тәртіптерін анықтайды

  • Кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауапкершілікке тартудың ерекшелігін дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар

Әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік жаза түрлеріне анықтама құрастырып, әкімшілік жаза түрлерін бөліп, жіктеп айта алады, өмірлік тәжірибе негізінде мысалдармен ойын ауызша еркін жеткізе алады.(тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік жаза, ескерту, әкімшілік айыппұл, әкімшілік қамақ, кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі, әкімшілік құқықбұзушылық кодексі, тәрбиелік шаралар

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз.... сипаттары бар.

Әкімшілік жаза .... мәжбүрлеу шарасы.

Әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін қолданылатын жаза түрлері.

Негізгі әкімшілік жазаларды атаңыз.

Әкімшілік жауапкершілікті.....орнатады. Арнайы құқықтан айыру-.....қолданады. Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған ...... тәрбиелік әсері бар әкімшілік жаза қолданылады.


Құндылықтарға баулу:

Құндылықтарға баулу азаматтық жауапкершілік, құрмет, ашықтық, өмір бойына білім алу арқылы іске асырылады.


Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы пәнімен байланыс сабақта ізденіс жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Алдыңғы білім:

Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы










5 мин










ҰПрямоугольник 1 Равнобедренный треугольник 1 Равнобедренный треугольник 2 Прямоугольник 2 йымдастыру сәті.

«Пазл» әдісі бойынша 3 топқа бөлу.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.


Бастапқы ынталандырушы материал

Оқушылардың назарын шоғырландыру.

«Болжау» әдісі. Сурет бойынша тақырыпты болжау.




- Мына суретке қарай отырып не айта аласыз?

- Бұл құқықбұзушылыққа жатама?

- Осы іс- әрекеттерге қандай шара қолдануға болады деп ойлайсыздар?


Б Оқушылардың болжам жауаптары арқылы басты зерттелетін мәселеге ой шоғырландырылады.


М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылғаннан кейін бағалау критерийлеріне, зерттеу сұрағына назар аударылады.

Әкімшілік құқықбұзушылық, жауапкершілік тақырыбына байланысты суреттер беріледі.




























Суреттер

Сабақтың ортасы










05-25 мин














































30 мин































ТА. Бейнесюжеттен мәлімет тыңдалады.

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Әр топ тыңдаған мәлімет бойынша «INSERT» кестесін термин сөздерді пайдалана отырып толтырады. ( Әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік жаза, ескерту, әкімшілік айыппұл, әкімшілік қамақ, әкімшілік құқықбұзушылық кодексі)

V

+

-

?

«Бұрын-нан білемін»

«Жаңа ақпарат»

«Менің ойлағаныма қайшы»

«Білгім келеді»


Дескриптор:

  • Термин сөздерді пайдаланып тақырып бойынша бойынша таныс мәліметтерді жазады.

  • өзіндік ой-пікірлерін білдіреді.

Балмұздақ таяқшалары арқылы сұраймын


«Кубизм» әдісі

Кубикте жазылған сұрақтарға жазбаша, ауызша жауап береді.


1.Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз не?

2.Әкімшілік жауапкершілік мен қылмыстық жауапкершілікті салыстырыңыз?

3.Әкімшілік жаза түрлерін зерттеңіз?

4.Жеке тұлға және заңды тұлға ұғымдарына талдау жасаңыз?

5.Әкімшілік айыппұлға мысал келтіріңіз?

6.Әкімшілік құқықбұзушылық қандай жағдайда жүзеге асырылады? (өмірмен байланыстырып дәлелдеңіз)


Дискриптор:

-Әкімшілік жауапкершілік анықтамасын сипаттайды.

- Әкімшілік жауапкершілік мен қылмыстық жауапкершілікті салыстырады.

-Әкімшілік жаза түрлерін зерттейді.

-Жеке тұлға және заңды тұлға ұғымдарына талдайды.

-Әкімшілік айыппұлға мысал келтіреді.

-Әкімшілік құқықбұзушылық қандай жағдайда жүзеге асырылатынын дәлелдейді.


ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды


Ж.А «Ситуациялық жағдаяттар»


І топ

- Түнгі уақытта үй ауласында туған күн тойлаған сыныптастар би кешін ұйымдастырды. Үй тұрғындарының ескертулерін елемеген олар полиция қызметкерлері келгенше би кешін тоқтатпады.

1.Оқушылар қандай құқық бұзушылық жасады?

2.Оқушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз барма?

3.Қандай әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін?


- Төмендегі жағдаяттарды оқып, оған қатысы бар тұлғалар қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

1.Ішімдік ішкен Д.есімді азамат қала орталығында орналасқан бір кафеде төбелес шығарады және де айналасында отырған адамдарға тіл тигізеді. Нәтижесінде ыдыс сынып, кафеге шығын келтіріледі.

Мына іс- әрекетке қандай жауапкершілік тағайындауға болады?

2.Қала сыртында орналасқан тынығу үйлерінің бірінде демалып жатқан К.есімді азамат масаң күйінде екінші қабаттың фойесіне шығып, қонақтарды жаман сөздермен балағаттап, гүл құмыраларын лақтыра бастады. Нәтижесінде құмыралардың бірі Н.есімді азаматтың басына түсіп, жарақат келтірді.

К.есімді азаматты қандай жауапкершілікке тартуға болады деп ойлайсыз?


ІІ топ

- Асқарға ата- анасы туған күніне велосипед тарту етті. Сыйлыққа қуанған Асқар достарымен велосипедті тебуге шықты. Нәтижесінде олар газонда өсіп тұрған гүлдер мен шөпті басып кетті. Оларды полиция қызметкерлері ұстап, акт толтырады. Қалалық жасылдандыру органы келтірілген шығын көлемі 50 м2 деп анықтады.

1.Асқар мен оның достары әкімшілік құқықбұзушылықты қандай мақсатпен жүзеге асырды?

2.Оларды қандай негізге сүйеніп әкімшілік жауапкершілікке тартуға болады?


- Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жауакершілікке тарту уақыты?


- Көлік жүргізушісі қыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2021
530
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12