жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспар
4-тоқсан 40 сағат
|
Педагогтің аты-жөні |
|
||||
|
Күні: |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
140X2,280:2 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу |
||||
|
Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары |
3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану. 3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру. |
||||
|
Сабақтың барысы. |
|
||||
|
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Өзектендіру. Математикалық диктант. Тақтада (жинақ полотносында) су тамшылары түріндегі қима қағаздарда тапсырмалар жазылған. Мұғалім қима қағаздарды бірден алып, тапсырманы оқиды. Оқушылар жауабын жазады. • 6 жүздік және 3 ондықтан тұратын санды жаз; • 582 санында барлығы неше жүздік бар? • 520 санында барлығы неше ондық бар? • Ондық разряды 5 цифры болатын үш таңбалы санды жаз; • 12 ондықты 2 есе арттыр. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритміне тапсырмалар енгізуге болады. |
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. |
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. |
Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары. |
|
|
Сабақтың ортасы |
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) -Тақтадағы өрнекке қараймыз. 140∙2 - Үш таңбалы санның разрядтарын атаңдар? -Көбейтуді қалай орындауға болады? - Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіре аласың ба? 140∙2=14∙10∙2=14∙2∙10=280 14 онд. ∙ 2 =28 онд. - Бөлуді қалай орындауға болады? 280:2=(28∙10):2=28:2∙10=140 28 онд. : 2= 14 онд. - Сіздерге осындай есептеулер үшін жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі таныс па? (жоқ) Ендеше, бүгін біз бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды үйренеміз (мұғалім мақсатты айтады). Жаңаны ашу. Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырма бойынша жұмыс жасайды. - Баған түрінде көбейту алгоритмін қарайық. Жазамын: бірінші көбейткіш – 140, яғни 14 ондық. Ондықтың астында екінші көбейткіш – 2-ні жазамын. Ондықтарды көбейтемін: 4 онд. ∙2=8 онд., 8-ді ондықтардың астына жазамын. Жүздіктерге көбейтемін: 1 жүзд. ∙2=2, 2-ні жүздіктің астына жазамын. 0-ді түсіремін. Жауабын оқимын: 280. Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Баған түрінде бөлу алгоритмін қарайық. Жазамын: бөлінгіш – 280, бөлгіш – 2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 2 жүздік. Бөліндіде 3 цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады. Жүздіктерді бөлемін: 2:2=1, 1-ді бөліндіге жазамын. Ондықтарды бөлемін: 8:2=4, 4-ті бөліндіге жазамын. Бірліктерді бөлемін: 0:2=0, 0-ді бөліндіге жазамын. Жауабын оқимын: 140. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Өзіндік жұмыс №3 тапсырманы «Кім жылдам» ойыны түрінде орындауға болады. Бұл тапсырманың бірінші және екінші бағанын 1-қатарда отырған балалар, ал үшінші және төртінші бағанын 2-қатарда отырған балалар орындайды. -Өздерің көбейту мен бөлуге мысал келтіре аласыңдар ма? Оқушылар өздері құрастырған мысалдарын түсіндіре отырып орындайды, тексеру жасайды. Жаңаны қолдану. Мұғалімнің №4 тапсырмадағы теңдеулерді шешуді топпен орындатуына болады. Оқушылармен Қазақстандағы суқоймалары туралы әңгіме жүргізіледі. - Балалар, біз 2-сыныпта еліміздегі ең ірі бірнеше суқоймаларымен танысқанбыз. Олардың тереңдігін анықтағанбыз. Кім оларды атайды? (Бұқтырма, Қапшағай, Шардара) - Бүгін біз тағы да еліміздегі бірнеше суқоймамен танысамыз. Берілген суқоймалардың ішінен ауданы бойынша ең үлкенін анықтаймыз. - Суқойма не үшін қажет? (электр энергиясын алу, ауыл шаруашылығын суландыру, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін т.б.) Мұғалім №5 тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар кестені пайдаланып, дұрыс теңдіктер және теңсіздіктер құрастырады. Дескриптор: • екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру); • рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану; • бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару; • қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмала рын орындау «Қар кесегі» Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. |
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары. |
|
|
Соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады. Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Өткенмен жұмыс. Оқулықтағы 6-тапсырма практикалық жұмыс ретінде ұсынылады. Бұл тапсырманы орындамас бұрын, оқушылармен санның үлесі ұғымын қайталау керек. Есепті шығару үшін жетекші сұрақтар беруге болады: - Ыдыс неше бөлікке бөлінген? (5) - Бір бөлігіне неше литр су сыяды? (6л) - Осы ыдысқа барлығы неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (6 л •5) - Біз бір ыдысқа неше литр су сыятынын анықтадық. Осындай 3 ыдысқа неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (30л • 3) Осыдан кейін оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. 7-тапсырманы орындау барысында оқушылар көбейтудің қандай қасиетін қолданғанын айтады және әртүрлі орындауы мүмкін. Жұптық жұмысты ұсынуға болады. Бұл тапсырманы мысалы мынадай түрде орындауға да болады: 18 ∙ 45 =9∙2∙45 = 9 ∙90=810 25∙24= 25∙4∙6=100∙6=600 35∙18=35∙2∙9=70∙9=630 24∙35= 6∙4∙35=6∙140=840 «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы оқулықтағы 8-тапсырманы топтарға бөлініп орындайды. Есепті қалай шығарғандарын қарсы топтарға барып түсіндіреді. 10-тапсырма шығармашылық тұрғыдағы тапсырма. Мұғалім оқушылардан сұрайды: - Кез келген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге бола ма? Оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақтар белгілі бір түрде болуы керектігін айтады. Мысал келтіруді сұрайды. Бұдан кейін оқушылар жұппен тапсырманы орындайды. |
Сабақты пысықтау тапсырмалар ын орындау.. |
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Топтық тапсырмалар. |
|
|
Кері байланыс |
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
|
Оқушыларға «Көңілді қоңырау» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. |
«СМС» |
Кері байланыс парағы. |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
|
||||
|
Күні: |
|
||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бекіту |
||||
|
Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары |
3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану |
||||
|
Сабақтың барысы. |
|
||||
|
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
«Бір сөзбен» әдісі
барысында оқушылар берілген сөздердің і | ||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген