жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың
бөлімі:
6.4С Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулер және
олардың жүйелері
Күні: 18-21.05.2021ж
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері
арқылы шығару
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
6.5.1.7
Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;
Сабақтың мақсаттары
Оқушылар мәтінді есептерді түсініп оқи отырып,талдау жасай
алады;
Есеп шартына сай теңдеулер жүйесін құра алады;
Теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін анықтап және шеше
алады.
Алдыңғы білім Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді біледі.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін біледі.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және
алмастыру тәсілімен шеше алады.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу
2. Сыныптың тазалығын тексеру
3. Оқушыларды түгендеу
ІІ. Жағымды психологиялық орта орнату. Топқа бөлу.
Саралау тәсілі «Жіктеу» (аралас гендерлік топ)
Әдіс: «Гүлмен тілек»
Оқушылар арнайы дайындап келген гүлдерін алақандарына
салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына
жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.
ҚБ: «Шапалақтау» (оқушылар өз сыныптастарының
жылы лебіздеріне алғысын білдіріп, қолдарын
шапалақтайды)
ІІІ. Алдыңғы білімді қайталау
Әдіс: «Серпілген сауал» әдісі бойынша үш топ бір-біріне
доп лақтыру арқылы диалогқа түседі.
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?
- Екі айнымалысы теңдеулер жүйесі қалай құрылады?
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің
шешімі қалай жазылады?
Мадақтау ( Жарайсыңдар! Өте жақсы!)

ІY. Сабақты бастауға арналған идеялар:
Әдіс түрі: «Сызбаға қарап сөз құру» әдісі бойынша
тақырыпты болжайды.
Сұрақ: Бұл сызбаны көргенде қандай ой келді?
Көрсетілген сызбаға байланысты оқушылар жаңа сабақтың
тақырыбын болжап айтады.
Мадақтау ( Жарайсыңдар! Өте жақсы!)
Олай болса екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
жүйесі арқылы мәтінді есептерді шешуді қарастырамыз.
АКТ
Сабақтың ортасы
26 минут
Y. Жаңа материалды меңгерту
1 тапсырма: Қосындысының мәні 95 , айырымының мәні
19 болатын екі санды табыңдар.
Шешуі : Бірінші санды х , екінші санды у деп белгілейік.
Олардың қосындысының мәні 95, демек, х+у=95 ;
айырымының мәні 19, демек , х-у=19. Сонда теңдеулер
жүйесін аламыз. Жүйені қосу тәсілімен шығарамыз.
Жауабы : 57 және 38
«Сұраққа жетіп ал» әдісі (өз бетімен жұмыс , сұрақ қою
дағдысын қалыптастыру)
2 тапсырма: Үш қарындаш бес дәптердің бағасы 375 тг,
осындай 7 қарандаш пен 4 дәптердің бағасы 530 тг .
Теңдеулер жүйесін шешіп, оның шешімі (50;45) болатының
анықтаңыз. Есепке сұрақ қойыңыз.
Дескриптор
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құрады;
- Теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін табады;
- Шартына сәйкес сұрақ қояды;
- Шешімін нақты көрсетеді;
ҚБ ( Шапалақ)
1) Жеке жұмыс (саралау тапсырмалары)
А деңгей № 1294
1. Қосындысының мәні 12 , айырымының мәні 6 –ға
тең екі санды табыңдар.
2. Қосындысының мәні 55-ке , айырымының мәні 25 –
ке тең екі санды табыңдар.
3. Қосындысының мәні -13 - ке , айырымының мәні 1 –
ге тең екі санды табыңдар.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу , түсіну және қолдану
Бағалау критерийі
- Мәтінді есептерді түсініп оқып, теңдеулер жүйесін шеше
алады.
А.Әбілқасымова
Математика
2 бөлім 6 сынып
«Мектеп»
2017 жыл
А.Әбілқасымова
Математика
2 бөлім 6 сынып
«Мектеп»
2017 жыл

Шешуі: Бірінші санды х , екінші санды у деп белгілейік.
Олардың қосындысының мәні 12, демек, х+у=12 ;
айырымының мәні 6, демек , х-у=6. Сонда теңдеулер
жүйесін аламыз. Жүйені қосу тәсілімен шығарамыз.
Жауабы : 9 және 3
Дескриптор
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құрады;
- Есептеудің тиімді тәсілін таба алады;
- Шешімін нақты көрсете алады;
- Жауабын көрсете алады;
ҚБ: "Басбармақ" арқылы әрбір оқушы өз-өздерін
бағалайды.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін
Басбармақ төмен = Мен түсінбедім
2) Жұптық жұмыс: Жұпқа берілген есептерді орындап
болған соң, сағат тілі бағытымен есептерін жұптар
арасында алмастырады.
Әдіс: «Стикердегі диалог» арқылы оқушылар жұбымен
шығарған есептерін талдап, өз ойларын стикерге жазады.
В деңгейі № 1300
1. Ең кіші үкінің биіктігі ең үлкен үкінің биіктігінен 57
см кем, ең кіші үкінің биіктігі мен ең үлкен үкінің 0,1
биіктігін қоса алғанла 9,1 см-ге тең. Ең кіші және ең
үлкен үкінің биіктігін табыңдар.
2. Ең кіші үкінің массасы жапалақ массасының 5%-ын
құрайды, 100 кіші үкі мен 3 жапалақтың массасы 17
кг. Жапалақтың массасы мен ең кіші үкінің массасы
қандай?
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану және талдау
Бағалау критерийі
- Мәтінді есептерге сәйкес теңдеулер жүйесін құрып,
шығарады және талдау жасайды.
Дескриптор
- Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құрады;
- Есептеудің тиімді тәсілін табады және шығарады;
- Шешімін нақты көрсетіп, талдайды.
ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсындар!
Керемет!)
YІ. Бекіту.
Жұптық, топтық жұмыс
Саралау тәсілі: «Тапсырма» /Күрделілігіне қарай алға
ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды
пайдалану/
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Әдіс: «Аквариум»
Жазбаша әр жұп өздеріне берілген тапсырмаларды
орындайды.

/Әр жұптың тұсына келіп, оқушыны ойлантын бірқатар
сұрақтар қою арқылы бағыт-бағдар беріп, қажет болса
көмектесемін/
Топта әр жұп өз шығару жолын ұсынады. Шешу жолын
талқылап, ортақ шешімге келеді. Ортақ шешімді басқа екі
топ мүшелері жан-жағынан қоршап тұрып тыңдайды.
Орындарына келіп, өз жұмыстарымен салыстырып,
толықтырады.
3 тапсырма
Үш еселенген бірінші сан мен екі еселенген екінші санның
қосындысының мәні 62 саны, беске көбейтілген бірінші сан
мен алтыға көбейтілген екінші санның айырымының мәні -
18 саны болатын екі санды табыңдар.
4 тапсырма
Бір жейде және бір көйлек 4 м матадан тігіледі. Осындай 5
жейде және 9 көйлек 30 м матадан тігіледі.Бір жейде неше
метр матадан тігіледі? Бір көйлек неше метр матадан
тігіледі?
Бағалау критерийі
Мәтінді есептерді талдап, теңдеулер жүйесін құрады;
Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, қарапайым түрге
келтіреді;
Теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді.
Д ескриптор
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
жүйесін құрады;
Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, қарапайым
түрге келтіреді;
Тиімді тәсілмен шешіп, шешімін көрсетеді.
ҚБ: «Бағдаршам»
Оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін білдіріп,
бағдаршам түстерін көтереді. Сары көтерген оқушы
сұрағына жауап беріледі. Жасыл көтерген оқушыларды
қызыл көтеріп отырған оқушыға түсіндіру үшін
жұмылдыру.
Жасыл түс – толықтай түсіндім
Сары түс – кейбір сұрақтарым бар
Қызыл түс - түсінбедім
3) Жеке жұмыс
Саралау тәсілі: «Қарқын» /Дарынды балалармен жұмыс/
5 тапсырма
1. Үш қалам мен бес қарандаш 220 теңге тұрады. Бір
қалам бір қарындаштан 20 теңгеге қымбат. Бір қалам
және бір қарындаштың бағасын табыңдар.
2. Қайықтың өзен ағысы бойымен жылдамдығы 7,6
км/сағ, өзен ағысына қарсы жылдамдығы 4,8 км/сағ.
Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану және жинақтау
Бағалау критерийі
Мәтінді есептерді талдап, теңдеулер жүйесін құрады;

Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, қарапайым түрге
келтіреді;
Теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді.
Дескриптор
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін
құрады;
Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, қарапайым түрге
келтіреді;
Тиімді тәсілмен шешіп, шешімін көрсетеді..
Қызықты тапсырма
6 минут
6 тапсырма
Ауладағы қояндар мен тауықтардың басының саны 18 , ал
аяқтар саны 40 . Аулада неше қоян , неше тауық бар?
Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану және талдау
Бағалау критерийі
Мәтінді есептерді талдап, теңдеулер жүйесін құрады;
Теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді;
Шешімін нақты көрсетеді.
Дескриптор
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін
құрады;
Тиімді тәсілмен шешіп, шешімін көрсетеді..
ҚБ:«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.
Сабақтың соңы
3 минут
Үйге тапсырма. № 1295 (1,2)
Кері байланыс «Желкенді қайық»
Егер оқушыға сабақ ұнаса және тапсырманың
барлығын сәтті орындаған болса, желкенді жасыл
түске бояйды;
Егер оқушыға сабақта белгілі бір қиындықты
кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды;
Егер оқушыға сабақ барысында тапсырмаларды
орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет
болса, желкенді қызыл түске бояйды.

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген