Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 5-сынып Тарихтан Алғашқы адамдардың өмірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 5-сынып Тарихтан Алғашқы адамдардың өмірі сабағынан мұғалімге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: «Қаржан» жалпы орта білім беретін

мектеп

Күні: 06.09.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Бекбердиева Айжамал

Саулебекқызы

Сынып: 5 «А» Қатысқандар: 19 Қатыспағандар: 2

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;

5.1.2.1 Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету;

Зерттеу сұрағы

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:Алғашқы адамдардың өмірін сипаттап, тобыр туралы біледі

Басым оқушылар Алғашқы рулық қауымның қалай құрылғанын анықтап, алғашқы адамдардың антропологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар:Алғашқы адамдардың уақыт өте келе қандай өзгеріске ұшырағанын суреттеп салыстырады.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну дағдысы:Палеолит, мезолит, неолит ұғымының мағыналарын біледі;

Қолдану мен талдау дағдысы: «Рулық қауымда өмір сүрудің» артықшылықтарын талқылайды. Қазіргі уақыттағы адамдардың қарым-қатынасымен салыстырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқылым-айтылым: Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды, тапсырмалар барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір-бірімен пікір алмасады, диалогқа түседі.

Тыңдалым-жазылым: Алғашқы адамдар қалай өмір сүргендігі туралы ақпарат алады, өз ойларын суреттеп, қағазға түсіреді.

Құндылықтарға баулу

Адамзат тарихы мен археологиялық ескерткіштерге құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы білім

Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін, тас, қола, темір дәуірлері туралы біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі




Сабақтың барысы:Мағынаны тану кезеңі









Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу. «Төле би», «Қазбек би», «Әйтеке би» атауларымен үш топқа бөлу.

Ой шақыру. Суретпен жұмыс.Суреттерде не бейнеленген? Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

«Білу және түсіну» дағдысына негізделген тапсырма.

1.Алғашқы адамдардың топтасып өмір сүргендігінің ерекшеліктерін ашып айтады.

Дескрипторлары: Алғашқы адамдар неге топтасып өмір сүргендігінің кемінде 2 себебін анықтайды.


Сабақтың ортасы




«Қолдану мен талдау» дағдысына негізделген тапсырма.

Питекантроп, неандертальдық, кроманьондық адамдарын суреттеп, салыстырады дәлелдемелермен қорғайды.

Дескрипторлары: Алғашқы адамдар антропологиясындағы өзгерістерді анықтайды.

«Ойлан», «Бірік», «Бөліс» әдісі бойынша оқушылар жоғарыдағы тапсырмаларға жеке жауап іздейді, одан кейін топтағы оқушылармен біріктіреді, содан соң әр топ бір-бірімен алмасады, соңында мұғаліммен бөлісіп талқылайды.


Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі


Ежелгі адамдардың өмірін қазіргі адамдардың өмірімен салыстырады: Әр топқа кестені таратып беремін.



Ежелгі адамдар

Қазіргі адамдар

Білімі мен ғылымы



Әлеуметтік ортасы



Айналысқан кәсібі



Мәдениет жетістігі










Бағалау





І. «Смайликтер» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

ІІ. Критерий бойынша бағалау:

1. Топтардың тақырыпты аша білуі

2. Логикалық бірізділік.

ІІІ. Сабақты пысықтау.Сұрақтар арқылы


Кері байланыс


1. Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?

2. Бүгінгі сабақта не түсініксіз болды?

3. Әлі де қандай қосымша мағлұматтар білгілеріңіз келеді?



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Тапсырма тәсілі:

1. Суретпен жұмыс, әңгіме құрау

2. «Ойлан», «Бірік», «Бөліс» әдісі


1. Оқушылар смайликтер, басбармақ арқылы өзін-өзі бағалайды.

2. Критерий бойынша бағалаймын.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
1189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12