жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспар 7 сынып
4-тоқсан
«Жастықтың оты қайдасың?, «Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты – жөні 7 «А »сыныбы
Күні: _____________
Оқылым
1-тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.
1-мәтін
Автоматты индустрия саласында адамсыз жүретін көліктер соңғы жаңалық болды.
Өзі жүретін машиналар уақыт пен отынды үнемдеп, апаттардың алдын алып,
автоматтандырылған тұрмыс-тіршілікте үлкен жетістік болып саналады. Осы көлікті
ойлап тапқан жетекші компаниялардың бірі - Google.
Компания директоры Ларри Пейдж: «Өзі жүретін автомобильдің біздің тұрмыс-
тіршілік пен қоршаған ортаны қалай өзгертетінін елестетіп көріңіздер. Жасыл желек
көбейеді, көлік қоятын орындар кемиді, жүріп-тұру оңайлайды, апат азаяды, бос уақыт та
көбейеді. Бұрынғыдай кептелісте көп уақыт жоғалтпайсың. Орташа есеппен бір
америкалық шамамен жұмысына жету үшін күн сайын 50 минутын шығын қылады. Енді
осы уақыттың бәрін басқа іске арнауға болады. Мамандар автомат көліктердің алғашқы
нұсқаларын қазірдің өзінде сынақтан өткізіп жатыр. Бірақ олар бұл көліктер жалпы жұртқа жеткенше 10 жылдай уақыт керек», - дейді.
2-мәтін
«Samsung» компаниясы жақында шығарған Galaxy смартфонындағы экран бетіне
қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп келеді. «Samsung» Техас
университетінің ғалымдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға таптырмас құрал
ойластыруда. Технология бас киім, Galaxy Note планшеті және арнайы қосымша
көмегімен жүзеге асатын болады. Қазірдің өзінде жартылай жасалған технология
көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады. Ғалымдардың сөзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жөндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдауы үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің өзінде жүйе 90% дәлдікпен
жұмыс жасап тұр.
|
Екі мәтіннің ұқсастығы |
|
|
|
|
|
Айырмашылығы |
|
|
|
|
|
Негізгі идеясы |
|
|
|
|
|
Мәтіннің тақырыбы |
|
|
|
|
[6]
2-тапсырма
Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңдер.
|
«Қазнет» ғаламтор желісінде қазақ тілінде ақпараттар көп, алайда |
|
Бұл сайттан керек ақпараттарымды таппайтын сияқтымын. |
|
Мен http://www.e-history.kz сайтынан ақпараттар іздеп отырмын, дегнмен |
|
Біздің өлке туралы ақпараттар бұл энциклопедияда берілмепті. |
|
Туған өлкем туралы тарихи деректерді «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясынан қарадым, бірақ |
|
Мен тек орыс тіліндегі ақпараттарды ғана қолданамын. |
[3]
«Мағжан –ұлы ақын» тақырыбына 60-70 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Мәтінде оқшау сөздерді қолданыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[6]
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген