400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар. Ақтамберді "Балаларыма өсиет" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 17


Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі Мектеп:Талапкер ауылы №3 орта мектебі

Күні: 09.10. Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабай Асылбек

Сынып: 8г

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы

Оқу мақсаты

8.А/И2.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау


Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Бағалау критерийі

Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі жайында ойларын айтады;

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдап жаза алады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында шығармашылықпен жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: өсиет, кепиет, бірлік, татулық, береке, тілек, разылық, араз болсаң алты ауыз.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады:

Құндылықтарды дарыту


Отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Ақтамберді жырау толғауларындағы автор бейнесін ашуда әдебиет теориясымен, тарихпен байланыс болады.

Бастапқы білім


Алдыңғы сабақта оқушылар Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы үзінділерін өз көзқарастарын дәлелді жеткізуде тиімді қолданып, тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылықты ояту

«Көршіме айтамын» әдісі

  • «Адам бойында қандай жақсы қасиеттер болуы тиіс?» деген тақырыпта жұбыңызбен пікірлесіңіз.

  • Ойларыңызды топта бөлісіңіздер.

Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.


  • Автор бейнесін анықтайды;

  • Автордың тілдік қолданысын талдайды.


Балауыз шамы,интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

28 минут

3. Мағынаны тану

1-тапсырма «Теннистік сұрақ» әдісі

Сынып оқушылары алдымен Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» аудиожазылымын тыңдайды. Аудиожазылымды тыңдап болғаннан топпен келесі топқа 1 сұрақ құрастырады.

1.«Өлеңдегі басты тұлға кім?,

2. Толғау қай жақта айтылуда?

3.Автор нені толғана жырлады?», топтар жауабынан кейін, топта өлеңдегі жырау өсиеттерін ментальді картаға түсіріңіздер. Схема 2



3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушылар топпен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы шығармадан дәлелді үзінді келтіре отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын айтады.

Ақын өзегін өртеген ....

Ақын арманы ...

4. Бекіту. Әр топ «Оқырман пікірі» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.

Мәтін мағынасына байланысты қойылатын сұрақтар:

  • Сізге ұнаған жолдар қайсы?

  • Сіздің ойыңызша, толғаудағы ең маңызды мәселе не?

  • Толғауда сізді таңғалдырған жолдар болды ма?

  • Толғауда қандай кейіпкерлер бар?

  • Кейіпкер туралы автор ойына қосыласыз ба?

6.Бағалау

Оқушылар автор бейнесі мен автордың тілдік қолданысын талдап,өзіне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шығармаға баға береді.

Маған қатты әсер етті

себебі ..............................................................................................................................................

Мені таңғалдырды

себебі ..............................................................................................................................................

Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.

Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды.

Асыл арна. Danalik_Dariyasi. Ақтамберді Жырау. Даналық дариясы

https://www.youtube.com/watch?v=HtlHXKFZi7I

https://everything.kz/article/28410019-balalaryma-siet

үзінді жазылған үлестірме қағаздар



Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс: «Борт журналын» толтырыңыз.

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша бүгін не білдім?



-мәтіннен;

-сабақтан;

-сыныптасымнан;

-мұғалімнен.


Бағалау парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Көзқарас-Атау-Тақырып», «Аяқталмаған сөйлем»,«Теннистік сұрақ» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Теннистік сұрақ» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Мұғалім үстелдердің топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың еркін қозғалып, бірінің жұмысын екіншісі анық көретіндей етіп қойылуын қадағалауы керек.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
4791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі