жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қысқа мерзімді жоспар "Біз қалай тамақтанамыз?" дүниетану 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні Дүниетану Ортақ тақырып: Тағам және сусын Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық пен қауіпсіздік Күні: Сынып: 1 сынып |
Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Канагатова Айман Асыпхановна Қатысқандар саны: |
||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Біз қалай тамақтанамыз? |
||||||||
|
Оқу мақсаты |
1.1.4.2. тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру |
||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді. Көптеген оқушылар:тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігіне мысалдар келтіреді, пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады. Кейбір оқушылар: тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін дереккөздерді талдау арқылы бір күндік ас мәзірін құрастырады |
||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіреді. |
||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар орындай алады: тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін не үшін сақтау керектігін біледі, пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады. Пәнге тән лексика мен терминология: Тағам, сусын Тағам және сусын адамның өмір сүруі үшін қажет. Олар күш береді және шөлді қандырады. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: 1. Қандай тағам түрлерін білесің? 2.Қандай сусындар ішкенді ұнатасың? 3.Пайдалы және зиянды тамақ түрлерін ата. 4.Тамақтану режимін не үшін сақтаймыз? |
||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек пен шығармашылық құндылығын негізге ала отырып, тағамның дастарханға қаншалықты еңбекпен келетінін айту және оқушылардың бойына еңбексүйгіштік қасиетін дарыту |
||||||||
|
Пән аралық байланыс |
Сауат ашу, музыка |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
https://youtu.be/jYGQOcCA2JM, слайд |
||||||||
|
Бастапқы білім |
Күнделікті тұтынатын тағамдар мен сусындар туралы біледі, түсініктері бар. |
||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
|
Сабақтың басы 2 мин 2 мин 3 мин |
Ынтымақтастық атмосферасы «Қазақ дастарханым» әні аудиожазбадан орындалады
-Балалар, әнде не туралы айтылған екен?
«Сөйлейтін қабырға» әдісі арқылы оқушылардың санына қарай тағам өнімдерінің суреттері таратылады. Суреттер бойынша балалар топқа бөлінеді. 1
2-топ: «Тағамдар» тобы 3-топ: «Жемістер» тобы Ширату. «Ойлан, тап» әдісі арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында сабақ жұмбақ шешуден басталады. 1.Әжем уыстап сығып, Далада кептiрген. Қатты әрi тәттi дәмiн, Кiм бар жеп көрген? (құрт) 2. Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым. (жеміс) 3.Әрі cусын, әрі дәрі, Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті, елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі. (қымыз) Біздің шешкен жұмбақтарымыздың жаyабы неге байланысты екен? Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсыңдар? Cұрақ арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасау. |
Аудио |
|||||||
|
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин Сергіту сәті 2 мин 10 мин 9 мин |
1-тапсырма (Т)«Сұрақ – жауап» әдісі арқылы орындалады Балалар, әр топқа карточкалар таратамын, әр карточкада екі сұрақтан бар. Сендер сол сұрақтарға ойланып жауап беріңдер. 1топ: 1..Қандай тағам түрлерін білесің? 2.Қандай сусындар ішкенді ұнатасың? 2топ: 1.Адамдар не үшін тамақтану керек деп ойлайсың? 2.Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің? 3 топ: 1.Тамақтану режимін не үшін сақтаймыз? 2.Дұрыс тамақтану ережелерін ата Дескриптор: -тағам мен сусын түрлерін біледі; -дұрыс тамақтану ережелерін біледі; -тамақтану режимін сақтауды түсінеді. ҚБ: Ауызша бағалау «Шөлім қанды» - тағам мен сусын түрлерін білсе және дұрыс тамақтану ережелері мен тамақтану режимін сақтауды түсінсе, «Шөлім жартылай қанды» - тағам мен сусын түрлерін білсе және дұрыс тамақтану ережелерін дұрыс түсінсе, тамақтану режимін сақтаудан қателер жіберсе; «Шөлім қанбады» - тағам мен сусын түрлерін білуден және дұрыс тамақтану ережелері мен тамақтану режимін сақтаудан көмек қажет етсе. Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады: -Тамақтану ережесін не үшін сақтаймыз? Көмек қажет ететін оқушыларға жабық сұрақтар қойылады. -Адамдар не үшін тамақтанады? -Тағам мен сусын түрлерін ата 2-тaпсырма (Ж) «Зaттарды ажырат» әдісі арқылы беріледі. Балаларға қима суреттер таратылады. Берілген суреттерден пайдалы тағамдар мен сусындарды көк кебежеге және зиянды тағамдарды мен сусындарды қызыл кебежеге салыңдар және мысал келтіріп, айтыңдар Дескриптор: -пайдалы тағамдарды және сусындарды ажыратады, салады; -зиянды тағамдарды және сусындарды ажыратады,салады; -пайдалы және зиянды тағам мен сусын түрлеріне мысал келтіреді ҚБ: «Сусын» әдісі арқылы жүзеге асады Толық бір стакан су- пайдалы, зиянды тағамдар мен сусындарды дұрыс ажыратып мысалдар келтірсе; Жартылай стақан су – пайдалы, зиянды тағамдар мен сусындарды ажыратса, мысалдар келтіргенде қате жіберсе; Бос стакан - пайдалы, зиянды тағамдар мен сусындарды ажыратуда және мысал келтіруде көмек қажет етсе. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрінеді Кейбір оқушылар пайдалы, зиянды тағамдар мен сусындарды ажыратады және мысал келтіреді. «Жaлғастыр» ойыны. Оқушылардың біреуі «Тағам және сусын» тақырыбы бойынша сөздерді атайды, мысалы; «тоқаш», келесі оқушы бірінші айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді атайды, мысалы, «шелпек». Cөздер қайталанбауы қажет. 3-тапсырма. (Ұ) «Көр, ойлaн, талқыла» әдісі бойынша «Дұрыс тамақтану» бейнероликгін көреді Бейнероликте қай уақытта қандай тағам түрлерімен тамақтану керек, тамақтану ережесін дұрыс сақтаyдың денсаулыққа пайдасы жайында көрсетіледі және айтылады. -Балaлар не көрдіңдер? -Таңғы асқа қандай тағам түрлерін тұтынған дұрыс деп ойлайcыңдар? -Дұрыс тамақтанбау неге әкеп соқтыруы мүмкін? -Осы бейнероликті көріп ойларыңа не түйдіңдер? Дескриптор: -балалар бейнероликте не көргендерін айтады; -таңғы асқа қандай тағам түрлерін қолданған дұрыс екенін айтады; -дұрыс тамақтанбау неге әкеп соқтыратынын айтады. ҚБ: «Кестені толтыр» әдісімен жүзеге асады, оқушылар «+» таңбасын қояды
Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі қолданылады Кейбір оқушылар баспадан, электронды дереккөздерден қосымша мәліметтер айтады 4 тапсырма (Д) «Аспаз болып көр» әдісі бойынша «Ас мәзірі» парағын таратып беру Балалар, енді бәріміз бүгінгі сабақтан не білдіңдер, бейнероликтен не көрдіңдер соның бәрін қорыта келе адам денсаулығына пайдалы тағам мен сусын түрлерінен бір күнге арналған ас мәзірін құрастырыңдар. Дескриптор -оқушылар бір күндік ас мәзірін дұрыс құрастырады; -адам денсаулығына пайдалы қандай тағамдар мен сусындар қажет екенін біледі. ҚБ: «Аспаз» - әдісі бойынша бағаланады «Бас аспаз» оқушылар бір күндік ас мәзірін дұрыс құрастырса және адам денсаулығына пайдалы қандай тағамдар мен сусындар қажет екенін білсе; «Жай аспаз» - оқушылар бір күндік ас мәзірін құрастыруда және адам денсаулығына пайдалы қандай тағамдар мен сусындар қажет екенін білуде қателер жіберсе; «Аспаздың көмекшісі» - оқушылар бір күндік ас мәзірін құрастырудан және адам денсаулығына пайдалы қандай тағамдар мен сусындар қажет екенін білуден көмек қажет етсе. Саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша Қарқыны жылдам оқушылар ас мәзірін құрастырып қағазға жазады. - Денсаулықты нығайту үшін күнделікті қандай тағамдар қажет екенін түсіндір Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беріледі. |
С | |||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген