400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары : Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

+ Сабақ тақырыбы:


Ыбырай Алтынсарин

«Қазақ хрестоматиясы»

Пән атауы

Қазақ әдебиеті

Сыныбы

9 «Б»


Мекеме атауы

Ш. Смаханұлы атындағы № 62 гимназия

Мерзімі

29.01.2018 ж

Мұғалімнің аты жөні:

Қаламбек С


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ы.Алтынсариннің педагогикалық қызметі.Ы.Алтынсариннің мектебіндегі оқудың ескі діни оқудан айырмашылығы

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Ұлы ұстаздың қазақ даласына алғаш мектептер ашқанын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығармаларынан мысалдар келтіре алады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Тарихпен байланыстырып, ұстадың ашқан мектептерін зерттей алады.

Тілдік

мақсат

Оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындай алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ы.Алтынсарин кім?

  • Қазақ даласында тұңғыш рет қыздарға арнап мектеп ашуына не себеп?

  • Қандай еңбектері мен шығармаларын атай аласың?

Құндылықтарды

игерту

Шығармашылық,ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарымен ұштастыру.

Пәнаралық байланыс

Қоғам, әдебиет, қазақстан тарих

Бағалау критерийі

  • Берілген тапсырма бойынша «өте жақсы», «жақсы», «орташа» бағалау . Оқушылар бір-бірін бағалайды.

  • Пікірін дәйектеме арқылы білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Алдыңғы білім

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу


Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут









5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Түгендеу.

Топтастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Кенесары мен Наурызбайдың қазақ тарихындағы орны.

  2. Дастан неліктен «Кенесары — Наурызбай» деп аталды?

«Қазақтың соңғы ханы», «Жеңіліс тапқан көтеріліс» емес.

  1. Нысанбай жыраудың басқа туындылары халқымен қайта табысуы мүмкін бе?












Оқулықтар, таратпа қағаздар А4,А3, маркерлер, портреттер








Бейнежазба, оқулық


Жаңа білімді түсіндіру

5 минут




5 минут





































10 минут

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Топтық жұмыстар

Аудармалары

Мақалалары

Әңгімелері

Өлеңдері

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3









-Әр топтар өз тапсырмаларын орындап кластер қорғайды.




















5 минут
































5 минут







Деңгейік тапсырмалар:

І деңгей

Ыбырай әңімелерінде көтерілген мәселелердің өзектілігі туралы ой бөлісіңдер

ІІ деңгей

Ыбырайдың өнер үйреніп, білім алуға шақырған өлеңдерінің идеялық мазмұнын ашыңдар

ІІІ деңгей

Ы.Алтынсарин шығармаларының ерекшеліктері туралы айты беріңдер?

«Азған елдің хандары» өлеңін сатылай кешенді талдау

Азған елдің хандары

Тас үстіне отырғандары.

Жарлыдан алып байларға,

Сыйлар берсе керек- ті

Азған елдің билерінің

Барар болсаң алдына

Алым берсең таиағына,

Қарар ма ол сенің әліңе

Қорадағы малыңа

Төре берсе керекті.







Үлестірмелі қағаздар, жұмыс дәптерлері, оқулық







Жаңа тақырыпты қорытындылау






3 минут

«V» - маған таныс ақпарат

«+» мен үшін жаңа ақпарат

«- мен үшін түсініксіз ақпарат

«?» мені таңқалдырады











Таратпа қағаздар



Үй тапсырмасы:

Бағалау


3 минут


Ы.Алтынсарин шығармашылығы. «Азған елдің хандары» өлеңін жаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі