Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқаша көбейту формулалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал математика пәні мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3В: Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: «№129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Күні: 30.01.2019.

Мұғалімнің аты-жөні: Даулетбаева А.

Сынып: 7 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.11.

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылар бағдарлама талаптарына сай білім алады, екі өрнектің қосындысының және айырымының кубының формуласын, екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы формулаларын қолданып әр түрлі есептеулерді жеңіл шешуге және ықшамдауға мүмкіндік алады.

Бағалау критерийлері

- қысқаша көбейту формулаларын біледі;

- алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

- қысқаша көбейту формуллаары, екі өрнектің квадраттарының айырмасы, екі өрнектің қосындысының квадраты, екі өрнектің айырмасының квадраты, екі еселенген көбейтінді, үш еселенген көбейтінді, екі өрнектің қосындысының кубы, екі өрнектің айырмасының кубы, екі өрнектің кубтарының қосындысы, екі өрнектің кубтарының айырмасы, көбейткіштерге жіктеу, ортақ көбейткіш, ең үлкен ортақ көбейткіш, топтау тәсілі, толық квадрат;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең, екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең, екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең, екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ..., ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін..., коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші, берілген өрнекті ... түрінде жазуға болады, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... , егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең, көпмүшенің ... бар мүшелерін (өрнекті) бірге топтаймыз, берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз, берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін...

Құндылықтарды дарыту


Құрмет құндылығы бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Жұптық жұмысқа арналған тапсырмада тарих пәнімен байланыс көрсетілген. Тапсырмада оқушылар теңдеулерді түбірімен сәйкестендіре отырып, математиктер тарихынан қосымша мәлімет ала алады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны ақпаратты ұсыну және оқушы жауабын тексеру құралы ретінде қолдану

Бастапқы білім

Қысқаша көбейту формулалары. Көбейткіштерге жіктеу тәсілдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



І. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

ІІ. Психологиялық тест

Геометриялық фигуралар нені білдіреді?

Үшбұрыш- өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Дөңгелек- өте аққөңіл, жылы шырайлы, жан-жағына жылы шуақ таратушы,қолы ашық, жомарт болып келеді.

Шаршы-көшбасшылық қасиеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.

Төртбұрыш – жаңа идеяларға жақын, білуге құштар, ізденгіш жандар.

Оқушыларды таңдаған фигураларына қарай топқа бөлу.

Фигуралардың артына келесі тілектер жазылған:

  1. Мақсатыңа жетуіңді;

  2. Сәттілік;

  3. Жақсылық;

  4. Көтеріңкі көңіл-күй;

  5. Әр істе көшбасшы болуыңды;

  6. Білім шыңына жетуіңді;

  7. Биік белестерді бағындыруыңды;

  8. Әрқашан жеңімпаз болуыңды;

  9. Әрқашан алда болуыңды тілеймін.

.............................................................

Оқушылар бір-біріне осы тілектерді тілеп, әркім өз тобына барады.

Үй тапсырмасын тексеру.


Тілектер жазылған

геометрия

лық фигуралар

Өткен білімді еске түсіру

7 минут

ІІІ. Ой қозғау

Өткен білімді еске түсіру үшін «Блум түймедағы» әдісін қолданамын.

1) Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қалай түсінесіз?

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу – көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшелердің көбейтіндісі түріне келтіру

2) Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай түрлерін білесіз?

(Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару, қысқаша көбейту формулаларын пайдалану, топтау тәсілі)

3) Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу не үшін қажет?

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдысы өрнектерді түрлендіруде, алгебралық бөлшектерді қысқартуда, теңдеу мен теңсіздіктерді шешуде қажет.

4) Көбейткіштерге жіктеңіз:

5) Қысқаша көбейту формуласына ойдан есеп құрастырыңыз.

6) a³-b³ және a³+b³ формулаларының айырмашылығы мен ұқсастығы неде?


Слайд 1-7

5 минут

IV. Топпен жұмыс

Оқулықтан есептер шығару

Әр топқа көбейткіштерге жіктеуге арналған өрнектер беріледі. Әр топ қысқаша көбейту формулаларын қолданып, көбейткіштерге жіктейді. Содан соң басқа топтарға өз жұмыстарын таныстырады.

1-топ. 34.5 (1); 34.6 (4)

2-топ. 34.5 (2); 34.6 (3)

3-топ. 34.5 (3); 34.6 (2)

4-топ. 34.5 (4); 34.6 (1)


Постер, маркерлер

Жұптық жұмыс

7 минут











































Жеке жұмыс 10мин

Тапсырма. Төменгі әр теңдеу математиктердің есімдерімен аталған. Теңдеулердің жауабына әр математик туралы қосымша ақпарат сәйкес келеді. Берілген теңдеулерді шешіп, мәтіндегі түбірлердің орнына сәйкес математик есімін енгізе отырып, әрқайсысы туралы ақпарат алыңыз.

Неміс математигі –

Тұңғыш математик әйел –

Математикадан тұңғыш қазақ профессоры – (х=1,5)

«Екінші ұстаз» атанған ғалым – (х=2)

Қазақ математигі, физигі – (х=3)

Қазақ математигі – (х=-10)

Қазақ математигі, жерлесіміз – (х=-13)

Ежелгі грек математигі (х =-1)

XVIII ғасырдың ұлы математигі – (х=0;14)

Ежелгі грек математигі – (х=-2,7)



Теңдеу

Атауы

Карл Гаусс

С.В.Ковалевская

Әлімхан Ермеков

Әбу Насыр әл-Фараби

Орынбек Жәутіков

Мұхтарбай Өтелбаев



3+(2х+3)²= 4(x-6)(6+x)


Асқар Жұмаділдаев


6-x+(2x-1)²=4(x+3)²




Евклид




(x-7)² -49=0



Леонард Эйлер


(3+4х)(16х²-12х+9)-64х³= -10х



Пифагор




Әр жұп өзін дайын жауап бойынша тексереді.

Тест тапсырмалары.

Оқушылар бір-бірін дайын жауаптар арқылы тексеерді

Қосымша 1




























Слайд 11

















Қосымша 2

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

Синквейн

  • Бірінші жолда - бір сөзбен тақырыптың аты (әдетте зат есімі)

  • Екінші жолда – екі сөзбен тақырыпқа сипаттама (екі сын есім)

  • Үшінші жолда – үш сөзбен осы тақырыптағы әрекеттерге сипаттама

  • Төртінші жолда – төрт сөзбен тақырыпқа қатысты сөз тіркесі (фраза)

  • Соңғы жолда – тақырыпты ашатын бір синоним сөз

Рефлексия. «Мұғалімге хат»

Үйге тапсырма.


Слайд 12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылар әр деңгейдегі сұрақтарға жауап береді.

Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі (Жұппен жұмыс орындаудың алдында қабілеттерін ескере отырып өзім жұпқа бөлемін).

Құрастырылған критерийлер бойынша бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды. Сонымен қатар бағалау критерийлері арқылы бағаланады.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12