Қысқы демалыс

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Қысқы демалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс туралы түсінік қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы ,Төле би ауданы, Леңгір қаласы.” №3 арнайы мектеп-интернат”КММ.

Тәрбиеші. Шыныбек Салтанат Қайратқызы.




Қысқы демалыс.

Балардың қуанышты кездері, қыс мезгілі, дала аппақ қар , айнала өте әдемі көз сүйсінерліктей. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде қыс мезгілі де, кіршіксіз аппақ қарымен , қаһарлы мінезімен , сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын , ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалаймыз. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Бұл мейрамды еңбектеген баладан , еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Балалар аппақ қардан аққала жасап , шырша безендіріп , аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп , сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып , көтеріңкі көңіл- күй сыйлайды. Жаңа жыл мерекесін тойлап болған соң қысқы демалысымызға шығамыз. Қыз мезгілінде барынша жылы кейінеміз. Қанша дегенмен қыстың өз қаталдығы бар. Менің қысқы демалысым өте қызықты өтті дейтіндей болары сөзсіз. Өйткені балалар қысқы демалыста жаңа жылмен ғана шектеліп қалмайтын еді. Көңілді дастарқандар , қонақтар , әр үйдің өз қызығы жарасып туратындай. Қыс - ең суық жыл мезгілі, аяз бен борандардың уақыты. Соған қарамастан біздің балаларымыз өте қатты жақсы көреді. Таңертең оянып , терезеден далаға қарасам қар жауыпты. Көліктерді , ағаштарды және үйдің шатырларын қар басқан. Ағаштың бұтақтары әдемі болып , жарқырап тұр. Балалардың қыс мезгілін неге ұнатасың деген сұрақтың жауабы айқын - сұлулығы үшін! Мен қыстың келгеніне қуанамын! Бұл ерекше жыл мезгілі. Маған қысқы демалыс өте ұнайды. Ол жазғыдан әлдеқайда қысқа болғанымен , жарқын және көңілді өтеді. Балалардың ең сүйікті мерекесі , осы мезгілде болады. Ересектер де , балалар да бұл мейрамды асыға күтеді. Адамдар шыршаларды безендіріп , үйлерді , мектептерді және саябақтарды әшкерлейді. Барлығы бір - біріне сыйлықтар сыйлап , Аяз атаның келуін күтеді. Бұл жылдың ең сиқырлы уақыды. Айналаның бәрі аппақ болып кеткенде , ертегіде жүргендей болып кетесің. Бастапқы кезде , үйден шыққың келмейді. Бірақ , қардың бетімен жүрген кезде шығатын сықырлаған дыбыс , жүрекке қуаныш сыйлайды! Ең бастысы - бір жерде ұзақ тұрып қалмау керек. Егер қозғалыста болсаң тоңбайсың! Қыс мезгілін ойлаған Абай Құнанбаевтың “Қыс” өлең шұмақтары есімізге түседі.

“Қыс”

Ақ киімді, денелі,ақ сақалды.

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі