|
|
Бекітемін «Бәйшешек» бөбекжай бақша меңгерушісі ________Б.Калыбекова |
«Қысқы ертегі» көшесінде қысқы ойын-сауық

«Алтын сақа» ересек тобы
Тәрбиеші: Эдилова Х
2024-2025 оқу жылы
Тәрбиеші: Эдилова Х
Өткізілген күні: 16.01.2024ж
Топ: «Алтын сақа» ересек топ
Тақырыбы: «Қысқы ертегі» көшесінде қысқы ойын-сауық
Білім дағдысы: Денсаулық
Білім бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты:
-
балаларға жылдың қыс айларының тартымдылығын көрсету;
-
эстафеталар мен конкурстар арқылы қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықты, сондай-ақ қимыл реакциясының жылдамдығын, зейінін, ұжымда үйлесімді әрекет ету қабілетін, батылдығын, өзіне деген сенімділік сезімін дамыту;
-
жағымды эмоционалды көңіл-күйге жету.
Ресурстар: екі шырша, қар ұшқыны, шана, кегл, сыпырғыштар, жұмбақтар бар карталар, команда мүшелеріне арналған эмблемалар және т. б.
Тәрбиеші:
Келіңіздер! Көріңіздер!
Халықтық мерекеге!
Асығыңыз халайық:
Бүгін сізді мереке күтуде!
Бәріңізді мерекеге шақырамыз,
Барлық жерде шаттық күлкі естілсін!
Ересектер, неге тұрсыз ұялып?!
Бақшамызда барлығы тең…
Балаларда бүгін мереке –
Сізде бізге қосылыңыз!
Қайырлы күн, балалар! Сендер көңілді жарыстарға қатысқыларың келе ме? Бүгін «Қар ұшқыны» мен «Шырша» командалары жарысады.
Жарыс басталмас бұрын сендерге қар мен мұздағы қауіпсіздік туралы еске салуға рұқсат етіңдер: бір-бірлеріңді итермеңдер, аяқтан шалмаңдар, қарсыластарыңды құрметтеңдер.
Кім жеңімпаз болатыны маңызды емес, бұл кездесу шынымен жолдастық болсын. Мен командаларды адал спорттық күреске шақырамын және барлығына сәттілік тілеймін!
Сонымен, танысайық.
«Қар ұшқыны» командасы (сәлемдесу). Ура!
«Шырша» командасы (сәлемдесу). Ура!
Барлығы жиналды ма?
Жүгіруге, ойнауға дайынсың ба?
Онда жалқау болмаңдар,
Сергек бол, ұйқыңды аш!
1-ойын. «Шыршаны безендір»
Ресурс: 30 қар ұшқыны және 2 шырша.
Әр команда қар ұшқынын алады және ысқырықпен өз шыршасын киіндіре бастайды. Шыршаны бірінші болып киіндірген команда жеңімпаз болады.
Жүргізуші.
Ептілік пен зейінді дамытуға
Жарыстар көмектеседі.
Көңілді жарысты жалғастырамыз,
Біздің командалар жарысады.
2-ойын «Сырықта»
Біз көп нәрсені көрдік,
Бұндай бұрын болған жоқ:
Сыпырғыдағы эстафета
Қарағай немесе шыршадан.
Сыпырғы әр командада болады; эстафеталық таяқша сияқты, олар оны бір-біріне береді, сыпырғыға мініп жүгіріп өтіп, кеглиді құлатпау керек. Егер құлатса, қайтып оралып орнына қояды, содан кейін жалғастырады.
Жүргізуші.
О,
керемет, керемет!
Бейне аппақ көбелек,
Ақша қар жай көлбеңдеп,
Қонып жатыр жерге кеп.
Қонып жатыр тауға кеп,
Бақшаға кеп, бауға кеп.
Қонып жатыр көлге кеп –
Кетті ұласып жер мен көк.
Шыр көбелек айналып,
Қонып жатыр жайланып:
– Енді қайтып ұшпаймыз
Осы жерді қыстаймыз!
Балалар, айтыңдаршы, ақ, ұлпа, таза қар қай жерде көп: қалада ма әлде орманда ма?
Балалар. Орманда.
И. Блинникованың «Қысқы қонақ» әуенімен Қыс келеді.
Қыс. Менің иелігімде бұл не шу? Менің тыныштығымды кім бұзған?
Жүргізуші. Кешіріңіз бізді, өтінеміз, ашуланбаңызшы... Біз балабақшадағы балалармыз... Ал, сен кім боласың?
Қыс. Мен Қыспын. Өте қуаныштымын, достар!
Жүргізуші. Қыс, біз сені ұзақ күттік!
Қыс. Көріп тұрмын: көңіл көтергенді ұнатасыңдар… Ал мен болсам ойнағанды өте қатты жақсы көремін? Қанеки, ойнайық!
Жүргізуші.
Қыздар, ұлдар, қараңдар!
Назар аударыңдар!
Сендер үшін тағы бір
Көңілді тапсырма бар.
3-ойын «Жұмбақтар»
Балалар, біз сендерге жұмбақтар дайындадық…
Аздап демалған соң, жұмбақ шешеміз!
Кім біледі – қолдарыңды көтеріңдер.
-
Қыста ғана болады,Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
-
Аузы іште, мойны сыртта. (Пеш)
-
Қолы менен қаламы жоқ.
-
Бірақ сурет салады көп. (Аяз)
-
Суға батпайды, отқа жанбайды. (Мұз)
-
Аяқсыз жетіп барады, қолсыз есік қағады. (Жел)
5-ойын «Қар кесегін дөңгелет»
Балалар екі командаға бөлініп сапқа тұрады. Әр командада ақ матамен қапталған резеңке шар тәрізді қар бар. Сапта бірінші тұрған қатысушыларда қар кесегі бар. Ойыншылар аяқтарын алшақ қояды. Сигнал бойынша балалар қарды бірінші қатысушыдан соңғысына қарай аяқтарының арасына айналдыра бастайды. Тапсырманы бірінші орындаған команда жеңеді.

Жүргізуші.
Біз тамаша демалдық!
Сендер анық жеңдіңдер…
Марапатқа лайықсыңдар,
Қуана сыйлық береміз.
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
Әлемде ең жақсы ол:
Спортпен ажырамас дос бол,
Жүз жыл өмір сүресің –
Міне, барлық құпия сол!
Жарайсыңдар, балалар! Сендер епті, батыл және ең бастысы тату болдыңдар. Міне, біздің балабақшада қандай дені сау және мықты балалар өсіп келеді!
О, Қыс-қыс, сенде қонақ болған жақсы-ақ!
Бірақ бізге жиналатын уақыт келді,
Балабақшаға оралуымыз керек.
Қыс. Сендермен қоштасқым келмейді. Міне, сендерге сыйлықтар беремін… Мені ұмытпаңдар, қысты еске алып тұрыңдар. Қош болыңдар, достар!
Жүргізуші.Қанеки, балалар, шанаға отырып, балабақшаға барайық.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз