Материалдар / Қысқы эстафеталық ойын "Қыс қызығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қысқы эстафеталық ойын "Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
2893
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№63 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ











«ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ»Мектепалды даярлық сыныбы оқушылары арасында өткізілген қысқы ойын эстафета





Өткізген МАД тәрбиешісі Бошанова Г.А.











2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Қыс қызығы»(табиғат аясында өткізілген қысқы ойын эстафета)Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Дене шынықтыру іс-әрекетіне деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.Көрнекіліктер: шана, қар, қар үйінділері, шығыршықтар, допОйынға қатысушылар: МАД тобы, ата-аналар.

Ойынның жүру барысы:Қыстың күні көңілдіКөп қызықты көремізШығып алып далағаШынығамыз бәріміз.



Екі топ балалары бір-бірімен амандасады.1-топ «Жүйріктер»тобы2-топ «Аққала»тобыТопты бастап жүретін. Жүйріктерміз біз алды, Жеңісті қолдан бермейтін Жүйріктерміз біз мықты. 

І. Эстафеталық ойын: «Қояндар»Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, екі шығыршықты алып қоянша секіреді. Шығыршықтарды ауыстыра отыра мәреге жетеді.Қуаныштың бүгінгі,Басылмайды ыстығы. Жылдамырақ жүруді, Үйретеді қыс күні! 

ІІ.Эстафеталық ойын: «Ат жарыс»Ашық алаңға екі топтан екі баладан 4 ойыншы шығады, біреуі шығыршықтың ішінде, екіншісі сол шығыршықты сыртынан ұстап жүгіреді. Мәреге қайтар жолда ойыншылар ауысады.

Аяз қысып,Өрнек сызып,Терезені торлайды.Қарға омбығып,Бет домбығып,Сырғанап балалар ойнайды.ІІІ. Эстафеталық ойын: «Көңілді сырғанақ»Екі топтың ойыншылары алма-кезек төбешіктен сырғанап жарысады.Ішік, пима қолғап барАрада жоқ тоңғақтарБаста қолың малақайБіз тоңбаймыз алақай.

ІҮ. Эстафеталық ойын: «Кім жылдам?»Әр топтан бір-бір ата-анадан шығып 2 шанаға отырған екі топтың ойыншысын қар үстінде сырғаната отырып, межеге дейін жеткізеді. Межеге жеткеннен кейін қайтадан жарысып кейін қайтады.

Ү. Эстафеталық ойын: «Қазан мен доп»Әр топтан бір ата-анадан шығып допты шығыршықпен тарта отырып межені айналып допты әкеліп қазанға салады. Бірінші жеткен ойыншы жеңімпаз.



Қорытындылау. Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Бізде сондай ерекше «Көңілді қыстың» куәсі болдық. Ойынды қорытындылап, балаларды мадақтау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!