400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қысқы ғажайыптар" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге керек. Қысқы іс-шаралардың бір түрімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қысқы ғажайыптар»

Әлемді жайлаған пандемия уақытында үлкендер де, балалар да көптеген қызықтардан қалып жатыр. Соған қарамастан «Айгерим-Ай» балабақшасы балалардың көңіл-күйлерін көтеру барысында, карантин ережелерін сақтай отырып, әр түрлі іс-шаралар жүргізуде. Сондай іс-шаралардың бірі «Қысқы ғажайыптар» сайысын атап өтуге болады. Бұл сайыстың шарты бойынша әр топ аулаға қардан мүсіндер жасау керек болатын. Ауа райы да қолайлы болып, тәрбиешілер ата-аналардың көмегімен әр түрлі мүсіндер жасай бастады. Әр топ бояуы қанық, көз тартатын қызықты мүсіндер жасап шығарды. Кей топтар екі мүсін, кей топтар толық бір сюжетті бейнеледі. Мысалы, «Шаңырақ» тобы «Бауырсақ» ертегісінің сюжетін жасады. Ол сюжетте ағаш діңгегінде отырған бауырсақтың қасында саңырауқұлақтар өсіп тұр, ұзын жауын құрты жорғалап бара жатыр. Бейнеден қаңтар айында жаздың жақсы бір көрінісін тамашаладық. МАД тобы жасаған «Бақа» мен «Сегізаяқ» бейнелері су асты әлемін көз алдымызға әкелсе, «Балбөбек» тобы «Пингвин» бейнесі қардан доп жасап алып, ұстап отыр. «Жұлдыз» тобы «Қанқызы» мен «Спанч Боб» мүсіндерін көрнекті етіп жасаса, «Гүлдер» тобы үлкен, бояуы қанық әдемі тасбақаны жасап шығарды. «Ақбота» тобы жасаған «Діңгектегі бауырсақ» атты мүсін жақсы көңіл-күй сыйлап, «Солнышко» тобы күз мезгілінде «Үйіне алма әкетіп бара жатқан кірпіні» бейнеледі. Өте сүйкімді «Жұмыртқаны жарып шығып тұрған балапан» бейнесін «Балапан» тобы мүсіндеді. Бір аптада дайын болған мүсіндерді қазылар алқасы бағалады. Баға әділ болу үшін, қазылар алқасына мүше етіп ата-аналар комитетінен бір адам алдық. Жұмыстар мүсіннің әсемдігіне, жасалу жолының күрделілігіне қарай бағаланды. Әдемі мүсіндердің ішінен ең үздігін табу оңай болмады. Алайда, «Қонжық» пен «Миньондар» мүсіндерін жасаған «Дружба» тобы бірінші орынға ие болды. Барлық топтарға бағалы сыйлықтар ұсынылды, ал келіп көмек көрсеткен ата-аналар алғыс хаттарымен марапатталды. Осы жұмыстарды инстграм желісіне де қойып, «Көрермендер көзайымы» атты сайыс ұйымдастырдық. Үш күнде 1571 дауыс беріліп, оның 563 дауысына «Дружба» тобы ие болды. Осындай іс-шараға белсенділік танытқан барлық тәрбиешілер мен ата-аналарға алғысымыз шексіз.





«Айгерим-Ай» балабақшасының тәрбиешісі Байсахалова А.Т

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі