Материалдар / Қысқы ойын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қысқы ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқы ойындар қызығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
236
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аққайың» бөбекжай бақшасы



Эстафеталық ойын –сауық

«Қысқы ойын»

«Балмұздақ» кіші тобы

Тәрбиешілер: Мусиева Б.А.

Жарылгасова М.Т.







2022-2023 оқу жылы

Спорттық ойын- сауық

Тақырыбы: «Қысқы ойын»

Мақсаты: Балаларды қыс мезгілі туралы түсініктері мен денсаулық туралы білімдерін кеңейту және қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Қимыл қозғалыс белсенділігін дамыту, жылдамдық,шапшаңдық ,ептілік,төзімділікті шыңдау,көңіл-күйге қуаныш әсерін сыйлау.

Қажетті құралдар: Ақ матадан жасалған қарлар,мұзды жолға 2 қап иректеліп жасалған , 2 шелек, 2 шығыршық , ленталар, текшелерден жасалған мұз кесектер, қап мұз айдынына, 2 қақпа, 2 хоккей таяқшасы, 2 шайба.

Тәрбиеші: Құрметті балалар,қонақтар ,балабақша ұжымы «Балмұздақ» тобы балаларының «Қысқы ойын » атты эстафетталық жарыс ойынына қош келдіңіздер! Ал,балалар, барлық қонақтармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлем бердік алтын күн, Сәлем бердік ашық аспан. Сәлем бердік жер-ана, Сәлем бердік баршаңа.

Тәрбиеші: Балалар жылдың қай мезгілі? Қыста біздер қалай киінеміз? Қыс мезгілінің ауа-райы қандай болады? т.б сұрақтар.

Балалар: Қыс мезгілі. Жылы киімдерімізді киеміз.Салқын болады,қар жауады,боран болады т.б.жауаптар.

Тәрбиеші: (Осы кезде есік қағылады) –Балалар кім екен есікті қаққан?

Аққала: (Осы кезде ішке кіріп, амандасады)-Сәлеметсіздер ме ,балалар ,қонақтар.

Тәрбиеші: Балалар қонаққа бізге Аққала келіп қалыпты амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе.

Аққала: Балалар мен осы жерден кетіп бара жатып, сендердің дауыстарыңды естіп, қысқы ойын ойнайтындарыңды біліп,қонақ болуға , әрі сендермен бірге қысқы ойындарды қызықтап ,ойнауға топтарыңа кірдім. Жақсы өнер көрсетсеңіздер, сендерге сыйлық тарым бар.

Тәрбиеші: Балалар сендер Аққаламен бірге ойын ойнағыларың келе ме? Балалар : Иә.

Тәрбиеші: Ойынымызды бастамас бұрын бойымызды бір сергітіп алайық.



Сергіту жаттығуы: Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді мына қолғаптан.

Тәрбиеші: -Ал,балалар жарысымызды бастаймыз, Жеңісті қолдан бермейміз!-деп, «Тұлпар» мен «Сұңқар» тобы ортаға.

Тәрбиеші: Бүгінгі жарыс 4-кезеңнен тұрады. 1. «Қар жинау» 2. «Мұз айдыны» 3. «Хоккейшілер» 4. «Кім шапшаң?»

1-кезең «Қар жинау» деп аталады. Ойын шарты: Иректелген мұзды жолдың бойымен жүріп,жерде шашылған қарды шелекке салу, иректелген мұзды жолдың бойымен орына келу. Қай топ белсенділік танытса сол топ жеңіске жетеді. 2-кезең «Мұз айдыны» деп аталады. Ойын шарты: Жерге төселген қаптың үстіне,екі жағына ленталар байланған шығыршықты қойып, шығыршыққа мұз текшесін салып,шығыршықтың екі жағындағы ленталардың бірін сырғанатып тартып алып,мұзды шелекке салу. Қай топ ептілік танытса сол топ жеңіске жетеді. 3-кезең «Хоккейшілер» деп аталады. Ойын шарты: Балалар хоккей таяқшасымен шайбаны жылдам жылжыта жүре итеру,қақпаға қарай бағытап салу.Орына тез келу. Қай топ жылдамдық танытса сол топ жеңіске жетеді. 4-кезең «Кім шапшаң?» деп аталады. Ойын шарты: Қос аяқпен нысанаға дейін 10см текше мұздардың үстінен секіріп, шашылған қарды шелекке салып, 10см текше мұздардың үстінен секіріп орына бару. Қай топ шапшаңдық танытса сол топ жеңіске жетеді.

Тәрбиеші: Балалар сендер жарысқа өте жақсы қатыстыңдар және жақсы өнер көрсеттіңдер. Ендеше Аққала бізбен қоштаспақшы.

Аққала : Балалар сендермен бірге жақсы көңілім көтеріліп ,қысқы ойындар ойнап, сергіп қалдым рахмет сендерге. Мынау сендерге сыйлым өнерлеріңіз үшін. Сау болыңыздар балалар.

Балалар: Сау болыңыз Аққала рахмет сізге.

Тәрбиеші: Спорт сенің серігің- Жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- Қимыл менен қозғалыс. –деп, осымен «Қысқы ойын» атты эстафеталық жарысымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!