Сабақтың
басы
Ұйымдастыру
кезеңі:
|
Психологиялық
жайлы жағдай орнату.
-Балалар бүгін бізде
ерекше күн.Қане орнымыздан тұрып,мұғалімдермен амандасып
алайық.
Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз.
Құрметпенен
сіздерге,
Бас иеміз
біз.
-Жарайсыңдар
балалар, балалар менің қолымда не
бар?
-мұз
-мұз қай мезгілде
болады?
-ия,қыста.
-мұз қандай? Ия
суық, қатты. Ал осы мұз еру үшін біз бір-бірімізге жылы лебізімізді
айтып мұзды ерітіп
жіберейік.
Тыныс алу
жаттығуы
Алдымен тыныс алу
жаттығуын орындап алайық. Сіздердің қолғаптарыңызға қырау қоныпты,
сол қырауды жайлап дем шығарып ұшырып
көрейік.
Жарайсыңдар. Ал
сабағымызды бастайық.
Мен сіздерге жұмбақ
жасырамын.
Жұмбақ:
Жылы киім
киетін
Шанамен зырғып
желетін,
Коньки, шаңғы
тебетін.
Аққала жасап
ойнайтын,
Қай мезгіл деп
ойлайсыңдар, балалар?
(Қыс
мезгілі)
1-тапсырма. Қыс
белгілерін анықтау.
Қыс сөзін тақтаға
балалар жазады
-Жарайсыңдар, балалар! Қыс
мезгілінің белгілерін білеміз бе? Қыс мезгілінің белгілерін
суреттерден табады.
|
Ұстаздармен
амандасады
Бір-біріне жылы
сөздерін айтып, жағымды орта
қалыптастырады
Тыныс алу жаттығуын
жасайды
Жұмбақты
шешеді.
Қыс мезгіліне тән
белгілерді анықтайды.
|
баспа, жазба әріп
түрлері, суреттер.
сабаққа қажет қыс суреттері (слайд),
аққала,
суреттер,қар,мұз.
Қолғаптағы
қырау
Қыс мезгілінің
суреті
Сюжетті
суреттер
|
Сабақтың
ортасы
Жаңа
сабақ
|
Тақтаға қараңыздар,
қар жауып тұр. Балалар далада ойнап жүр. Сендер білесіңдер ме,
қыста қандай ойын түрлері
бар?
2-тапсырма. Қысқы
киімдерді ажырату
- Шанамен ойнаймыз,
коньки тебеміз, қардан аққала жасаймыз. Ендеше, балалар, сіздермен
бірнеше қысқы ойындарды ойнап көрелік. Ойынға шығу үшін алдымен
жылы киінеміз. Солай ма? Ендеше мына киімдерден қысқы киімдерді
тауып жылы киініп алайық.
-Оқушылар, кім
қандай киім алды?
Ал енді оқушылар
киініп алсақ, енді қысқы ойындарымызды
ойнайық.
3-тапсырма.
Мнемокесте.
Мына өлең жолдарын
кестеден оқи қоялық.
(мнемокесте)
Шелек, қалпақ
басында,
Сәбіз екен
танауы.
Қыста қардан
жасайды,
Тауып көрші, сен
оны?
-жарайсыңдар.
4-тапсырма.
Аққала құрастыру
-Жарайды, аққала
соғып ойнайық. Мына жерде қар кесектері, сыпыртқы, бірнеше бөліктер
жатыр екен, тездетіп аққала құрастыра
қояйық.
5-тапсырма.
Зырлайды шанамыз.
Келесі ойынымызда
шанамен сырғанаймыз.
Сендер шанамен
сырғанау үшін биік төбеге көтерілеміз. Біз төбеге жеткенше
жолымызда кедергі қар кесектері бар. Соларды алып, тапсырманы
орындасақ төбеге жетіп сырғанай
аламыз.
-
Буынға бөл.
АҚ-ҚА-ЛА. Неше буын? Неше дыбыс? Неше әріп
бар?
-
Сөздерді оқы. Қырау,
боран, аяз, шаңғы, боран,
суық.
-
Суретке қарап сөйлем
ойла.
-
Мәтінді
оқы.
Қыс.
Қыс келді. Қыс
айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қысқы демалыс болады. біз
демаламыз, ойнаймыз. Балалар қысты жақсы
көреді.
-
Жоғалған әріпті
табу.
...ана, қ...р,
шыр...а, о...ын, м..з.
(А,Ш,Й,Ш,Ұ)
-жарайсыңдар,
тапсырманы орындадыңдар, енді төбеден төмен сырғанай
қойыңыздар.
Сергіту
сәті.
Балалар енді біраз
сергіп алайық.
Боран соғар оң
жақтан,
Боран соғар сол
жақтан.
Қар лақтырып
ойнасақ
Жылынамыз
жап-жақсы.
Енді алдымыздағы
парақтардан қар кесегін жасап, қарласып ойнай қойыңдар. (Жеңіл
музыка жүріп тұрады)
Жарайды енді қар
кесегін жинап қоялық.
6-тапсырма. Тіл
ұстарту
Бірге қайталап
айту.
Ан- -ан-ан соқты
боран,
Ты-ты-ты аяз
қатты.
Ша-ша-ша, жап-жасыл
шырша
Ар-ар-ар, аппақ
қар
Ау-ау-ау, тереземіз
қырау
Ыс-ыс-ыс, қызық екен
қыс
|
Қысқы ойын түрлерін
атайды.
Қысқы киімдерді
ажыратады.
Мнемокестеден
оқиды.
Аққаланы
құрастырады.
Қар кесектерін
тазарту арқылы тапсырмаларды
орындайды.
Сергіту сәтін
орындайды
Тіл ұстарту
жаттығуын қайталайды
|
Қысқы, жазғы
киімдердің суреттері
Мнемокесте
Аққаланың
бөліктері
Тапсырмалар жазылған
қар кесектері
|
Сабақтың
соңы
Қорытынды
|
Жарайсыңдар,
оқушылар, бүгінгі сабағымызды
қорытындылайық.
-сабағымызды көңілді
қыс әнімен қорытындылайық.
Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты,
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Алғашқы ақшақар,
Бетінде із қалды.
Жүйткиді ақ шанам
Алға ұстап ызғарды.
|
Ән айтып әдемі көңіл күймен
сабақты қорытындылайды.
|
|