жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қысқы олимпиада"
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі : «Дене тәрбиесі»
Тақырыбы: «Қысқы олимпиада - 2018» ( спорттық сайыс)
Мақсаты:Салауатты өмір салтын
насихаттай отырып эстафеталық,спорттық ойынын дамыту және
спортшылар арасында достық,қарым-қатынасты нығайту.Балалардың дене
дайындығын арттырып, денсаулығын нығайту.Салауатты өмір салтын
ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі
спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың
икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін
дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты
өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі
дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану.
Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың
балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға
ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың
нәтижелі болатындығын көз
жеткізу.
Қажетті құралдар: кегли,шелектер,шаналар,доптар,себеттер,кішкене доптар,
Жргізуші: Құрметті қонақтар!
Ұстанған салауатты өмір
салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар Жарысқа қатысушы командаларды
ортаға
шақырайық,қарсылаңыздар!!!
Құрметті балалар! Бүгін біздің "Болашақ" балабақшасында №4 «Ақсұңқар» ересектер тобыжәне №5 «Ақыл» мектепалды даярлық топтар арасында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.
Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.Әр команданың ұранымен таныстыру.
Сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру
2. «Кім жылдам?»
3. «Нысананы көзде»
4. «Кім бірінші» (шанамен тасу)
5. «Қар тасу»
Ал ,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!, - дей отырып сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық .Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
1.«Болашақ» балабақшасының директоры Бултекова Гулайым Тоқсанбайқызы
2.«Болашақ» балабақшасының әдіскері Утенова Алия Оңболсынқызы
3.«Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі Нурмаганбетова Айнагуль Муханбетовна
1.«Таныстыру»
«Ақыл» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен
қоштас.
«Ақсұңқар» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз
үшін.
2.«Нысананы көзде»
Екі командаға бөлінеген балалар доппен жүгіріп келіп, белгіленген жерге дейін тұрып, мәре сызығында шелек ұстап баланың қолындағы шелекке допты түсіру қажет.Осылайша ары қарай ойын жалғаса береді.
Жүргізуші:
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып,
спортты серік етейік!
3.«Кім бірінші» (шанамен тасу)
Екі командамен бөлініп тұрған балалар,қасындағы достарын шанамен тасып жарысу қажет.
Кім бірінші келсе командалардан,сол команда жеңіске жетеді.
4.«Кім жылдам?»
Мәре сызығында тұрған шелекке,старт басында тұрған шелектен кішкене ыдыспен мәре сызығындағы шелекке су толтыруылуы тиіс,қай команда бірінші болса сол команда жеңімпаз.
Жүргізуші:
Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
5.«Қар тасу»
Ойынның шарты: себеттен себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке қарларды тасу.(1 мин)
Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш –
жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық
жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға
береміз.
ІІІ. Қорытынды
бөлім
Көрсетті міне өз өнерін
балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ
бағалар.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.
Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
«Алғыс хатпен» марапаттау.
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
«Бекітемін»
МКҚК «Болашақ» балабақшасының
әдіскері: Утенова А _________
«____» ______________2018ж
«Қысқы олимпиада - 2018»

Дене шынықтыру маманы:Жұмасатова С.Е.
Әдіскер:Утенова А.
Құрық ауылы 2018 жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген