Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы орман

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шатенова Айна Гиниятовна

МКҚК №3 «Солнышко» бөбекжай-балабақшасының

тәрбиешісі. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы





Ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: «Қатынас» 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Интеграция: «Таным», «Шығармашылық», «Денсаулық»
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

Білімділігі: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге, сөздерде дұрыс қолдану, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Жабайы аңдар қайда мекендейді , немен көректенеді екені туралы, балалардың түсініктерін анықтау. Аңдардың балаларын қазақша қалай аталатының, бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру . Балаларды орманның табиғатты мен таныстыра отырып, жануарлардың қысқы тіршілігі туралы білім беруге үйрету.

Дамытушылығы: Жұмбақтар шешу арқылы ойлау қаблеттерін, тақпақтар айту, әңгімелеу арқылы сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Бейнелеу арқылы ұсақ қол маторикасын және АКТ қолдана отырып, балалардың логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қаблеттерін жетілдіру. Жануарлар мен табиғат әлеміне деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қысқы ормандағы жануарлар суреттері, орманшы, «Қайсысы немен қоректенеді?», «Ненің іздері?», «Ненің құйрығы» дидактикалық ойындар.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, жұмбақ жасыру, сөздік жұмыс, сұрақ-жауап, денсаулық сақтау технологиясы, тыныс алу жаттығулары, АКТ технологиясы, ойындар.

Сөздік жұмыс: Қуыс-дупло (тиін), ін-нора(түлкі), апан-берлога(аю), үңгір-логово, таса-куст(қоян)

Билингваль құрауыш: Аю-медведь-bear, Қасқыр-волк-wolf, Түлкі-лиса-fox, Қоян-зайчик-hare, Тиін-белка-squrrel, Кірпі-еж-hedgehog.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

«Жылулық шеңбері»
Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апалар

Сәлем бердік, сәлем бердік сіздерге, сәлем бердік сіздерге 3рет

-Жарайсыздар өте тамаша!

-Балалар айтыныздаршы қазір қай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінде күн қандай болады?

-Біз қалай киінеміз? Қыс туралы

Ыс – ыс – ыс,келіп жетті қыс.

Ар – ар – ар, Жауады қар.

Яз – яз – яз Сақылдаған сары аяз.

Ран – ран – ран, Соғады боран.

На – на – на, Зулайды шана.

Тосын сәт есік қағылп, ішке Сауысқан ұшып келеді. Ол орманшыдан хат алып келеді.

Хат оқу: «Құрметті балалар! Сендер кішкентай жанашырсындар. Маған сіздерден көмек керек. Менің ормандағы аңдарымның азығы таусылып қалды. Оларға қыста қиын болып тұр. Орман аңдарына азық керек».

-Балалар енді не істейміз? Ормандағы аңдардың азығы бітіп қалған, егер оларға азық бармаса не болады? Сурет бойынша әңгіме немесе СЛАЙД

-Балалар сендер орман жануарларын білесіңдерме?

Оны қайдан көрдіңдер?

Орман жануарларын атаңдаршы?

Ал балалар осы орман жануарлары не жейтінің білесіңдерме?

Д/о «Қайсысы немен қоректенеді?»

Шарты. Жануарлардың нені жақсы кретінің атау

Жақсы балалар, біздер жануарлардың нені жейтінің білдік. Олай болса біздер орманға дайындалайық. Жануарлардың азығын арқа сөмкемізге салып алайық.

Балалар қазір күн суық, аяз, орманға бару үшін қалай киінеміз?

Орманға немен барамыз? Кәне бәріміз киімдерімізді киейік.

Сергіту сәті:

Ішік, байпақ, қолғап бар,

Жоқ арада тоңғақтар.

Баста қалың малақай

Біз тоңбаймыз алақай.

Аяққа байлап шаңғыны

Барайық біз орманға.

Орманға да келдік. Шаңғымызды шешейік. Орманың ауасы қандай тамаша. Таза ауамен тыныс алайық.

Тыныс алу жаттығуы: «Орман ауасы»

Орманшы шығады: Сәлеметсіздерме балалар! Менің хатымды алдыңдарма?

Иә біз сіздің хатыңызды алып, тез арада жеттік. Олай болса мен сіздерді орманға алып барайын. Біз із қарап, сол ізбен барамыз. Орман ішінде кейбір жануарлар ұйқыда, егер оларды оятып алсақ бізге қауіпті, жаралап тастауы мүмкін. Сондықтан орманның ішінде шуламау керек.

-Мына ізді байқадыңдарма?

-Мен сендерге жумбақ жасырайын сол жұмбағымды дұрыс шешсендер, мына із ненің ізі екенің табасыңдар?

Дыбыстық жаттығулар.

1. Елеңдеп екі құлағы

Тың-тыңдап үркіп тұрады-Дұрыс ақ ол қоян.

Ян – ян – ян, Қорқақ қоян.

Ал қоянға қандай азық әкелдіңдер, мына шырша түбіне қойайық. Қоянның үйі ін-норка деп аталады

Ал, сендер қоян туралы не білесіңдер?

Біз сізге қояндар туралы тақпақ айтып береміз.

Қоян-зайчик-hare. Балалар қоянның түсі қандай?

Балалар орман ішінде тәртіп сақтаймыз

Тағыда ізге түсеміз, жұмбақ жасырамын

2. «Өзі айлакер, өзі қу

Жүрген жері айқай шу» . Түлкі. Кі – кі – кі, Айлакер қу түлкі.

Түлкіге қандай азық алып келдіңдер

Азықтарынды шырша түбіне қойындар? Түлкі иісті жақсы сезеді, келіп азығын жейді.

Түлкінің үйі ін-нора деп аталады

Түлкі-лиса-fox

Тиін қандай аң, құйрығы жүні қандай? Ін – ін – ін, Жаңғақ жейді тиін.

Орманда жануарлар көп бәрін іздеп табу қиын. Мына ізді көрдіңдерме? Менің жұмбағымды тапсандар, бұл із қай жануардікі екенін табасыңдар.

Жұмбақ жасыру:

«Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын»-Дұрыс-ақ бұл қасқырдың ізі. Қыр – қыр – қыр, Бұл көкжал қасқыр.

Балалар қасқырға жақындауға болмайды. Ол жыртқыш аң. Шыршадан кейін тұрайық. Ол бізді жарақаттап тастауы мүмкін. Етті шыршаға жақынырақ тастайық. Ол өз үңгірінде жатқан болар. Қасқырдың үйі-үңгір деп аталады.

Қасқыр-волк-wolf. Басқа із жоқ, енді біз қандай жануарды көрген жоқпыз? Олар қайда екен?

Орманшы: Балалар аю, кірпі қыста ұйықтайды. Аюды оятуға болмайды. Аюдың үйін-апан дейміз.

Балалар, сонда аю мен кірпі қысқа азық жинамайма?-Табанын сорып тәтті ұйқыда жата береді. Жарайсындар балалар! Біз орман аңдарына азық беріп қамқорладық, енді олардың тыныс алуы жақсы болу үшін кірпі болып тыныс алайық.

Ю – ю – ю, Қорбаңдайды аю.

Пі – пі – пі, Тікенекті кірпі.

Тыныс алу жаттығуы «Кірпі»

Орманшы: Балалар, мен сендерге өте риза болдым. Сендер орман жануарларын жақсы таниды екенсіңдер. Мен сендерге тағы бір тапсырма бергім келіп тұр. Мына орман жануарларының құйрықтары шатасқан. Осы жануарлардың құйрықтарын тауып, орындарына жапсырып қойуларынызды сұраймын.

Шарты: Аңдардың құйрығын танып, қай аңдікі екенін айтып жапсыру.

Орманшы:Рахмет,балалар қандай ақылды балаларсыңдар!

Әрқашан жануарларды қамқорлап жүріңдер.Мен сендерге күзде жинаған саңырауқұлақтарымды кептіріп қойып едім соны сыйға тартамын,балабақшаға барған соң жерсіңдер.Балалар орманшымен қоштасады.

Балалар: «Шаңғымызды қайта байлап аяққа,

Күш салайық қолдағы екі таяққа

Зулап-зырлап, оймен-қырды өтейік

Бақшамызға аман-есен жетейік»

Балалабақшаға келу.

«Ішік, қолғап, малақайды шешейік. Біз орманда не көрдік, әңгімелеп айтайық» Әңгімелеу.

Балалар қандай жануарларды көрдіңдер?

Ең үлкен жануар қайсысы?

Түлкі қасқырдан үлкен бе, кішіме?

Тиін ағашқа қалай шығады?

Қоянға жүгіруге несі көмектеседі?

Қыста қай жануар тоның ауыстырады, неге? Қоян-ақ түске, тиін-сұр түске жауларынан қорғану үшін.

-Ал сендер осы жануарлардың қимыл-қозғалысын білесіңдерме?

Ойын: «Көлеңке»

Көлбен, көлбен көленкем

Көлбендеген көленкем

Қасқыр қалай жүреді

Кім көрсете біледі.

Қасқыр былай жүреді,
Көлеңкем де біледі.
Қөлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,

Шарты: Аңдардың қимылын, қалай жүретінің көрсетеді.

Енді балалар сендер орманда не көрдіңдер, естерінде қалған өз ойларынды орындарыңа барып қағаз бетіне түсіріндер. (балалар орындарына барады саусақ жаттығуларын жасайды)

«Менің он саусағым бар, ол менікі

Жұма аламын, аша аламын

Қоса аламын, айырамын

Жоғары көтерем, төмен түсірем

Былай-былай ұйықтатамын

Саусақтарым тұрындар,

Еріңбей жұмыстанындар»

1-топ:Құмға сурет салу

2-топ: Жіппен жануарлар бейнесін жасау.

Кім ненің суретін салғаның сұрап сабақты қортындылау.

Күтілетін нәтеже:

Білу керек: Орман аңдарын танып біледі

Түсінеді: Орман аңдарының қысқы тіршілігі жайлы, табиғатқа бейімделуін.

Меңгереді: Аңдарды қорғауды, қимыл-қозғалыстарын салуды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.05.2021
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12