400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қысқы серуен

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепалды даярлық тобына керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқы серуен

Қыс қызығымен қызықты. Жексенбі күні мектепалды дярлық тобының оқушылары мен ата-аналары үлкен қуанышқа кенелгендей болды. Осы төрт мезгілдің бір кереметі бұл қыс мезгілі. Қыстың бір күнін салауатты өмір сүру салтына байланысты спорттық мерекеге арнасақ артық болмас еді. Балалардың асыр салып, қыстың суығына қарамастан ойнайтын кезеңі. Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма? – демекші жас бүлдіршіндер ойынды бірінші кезеңге қояды.Ойын ойнау бала кездің бір естелігі болып,ұмытылмас болып есінде қалары анық. Қыста баламен далаға шығып ойнау, бұл бір керемет дүние. Кей ата –аналар баланың тұмауратып қалуынан қорқып, қыста далаға шығаруға қорқады. Далаға аз шығарады немесе кейде тіпті шығуына тыйым салады.Қысты күні далаға шығып балалармен шана теуіп, сырғанаққа сырғанап, қармен ойнап, аққала жасап ойнағанға не жетсін! Денсаулықты нығайту спортпен шұғылдану болып табылады. Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Балалардың көңіл – күйін туғызу, денесін шындап, күш – қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу, бір – біріне достық қарым – қатынастарын дамыту мақсатында «Қысқы серуен»атты эстафеталық (сауықтыру) ойын іс – шарасы дәстүрлі түрде «Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті. Келген ата- аналар балалармен бірге сырғанап,салауатты өмір салтын сақтауға белсене ат салысты. Серуен кезінде арнайы ұйымдастырылған ойындар болды. Ал спорттық шараға қатысқандар қызықты сәттердің куәсі болды. Бірінші кезең: балалар ата – аналарымен бірігіп төбешіктен сырғанақ тепті. Екінші кезең: қазір дамыған заман болғандықтан, балалар ат шананы біле бермейді, сондықтан балаларды ат шанаға отырғызып серуенге шығардық.Үшінші кезең: Ата – аналармен екі топқа бөлініп жүгіру (кім жылдам?) ойындарын ойнаттық. Ата – аналар балаларымен бірге шанаға отырып, қызықты сайыс өтті. Бүгінгі біздің іс – шарамыз балалар үшін, ата-аналар үшін есте қалатындай серуен болды. Осылайша бір күнімізді «Қысқы серуен» күнін өткізуге мектепалды даярлық тобының оқушылары мен ата-аналары қатысып,қуанышпен тарқадық. Қыстың суық аязына қарамастан «Қысқы серуен» атты іс-шарадан шат – шадыман болған ата-аналар ризашылықтарын білдірді.



«Қарасу негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Э.К.Барлыбаева





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі