Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қысқы шыршалар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабак жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Сурет салу.

Тақырыбы: «Қысқы шыршалар»

Мақсаты: Балалардың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал –жабдықтар: мақта оралған таяқша, сурет дәптері, тіс пастасы, шырша және қыс бейнеленген суреттер, сүлгі.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, көрнекілік.

Сөздік жұмыс: Қар жамылған, мамықтай ұлпа


Іс – әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардық іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Достарымыз көп болсын!

Отбасымыз аман болсын!

Айналамыз көркейе берсін!



Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық- зденістік

Педагог қыс мезгілінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, балаларды терезеден қар жамылған ағаштарды бақылауға шақырады. Қысқы орман көрінісін суреті арқылы көрсетіп, қыста қалың қар жауатындығын, күн суық, аяз болатындығын айтып түсіндіреді. Қар қандай түрде болатындығын, қай мезгілде жауатындығын, қардың пайдасын сұрайды .


Сөздік жұмысын жүргізеді .

«Қар жамылған», «мамықтай ұлпа» сөздерін қайталату


Педагог балаларға дайын сурет үлгісі бар дәптерлерді таратады . Сол дәптерлерге тіс пастасын пайдаланып, мақта оралған таяқшамен сүйкей жағу тәсілімен ағаштардың қар жамылған көрінісін бейнелейді

Қылқаламды бояуға батырып алып, сүйкей жағу тәсілімен салуға да болады.

Негізгі көрініс аясын ( фон ) көкшіл түспен бояуға болатыны айтылады. Ал қар басқан жотаны бейнелеу үшін, тіс пастасын пайдалану ұсынылады .

Сергіту сәті :

Дала аппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр тынбастан.

Қалың орман жамылып тұр,

Маужырайды түңгі аспан.



Балалар терезенің алдына келіп, даладағы қар жамылған ағаштарды бақылайды. Қысқы ормандағы ағаштардың суретіне қарап, қысқы орман туралы әңгімелеп береді



« Қар жамылған », «мамықтай ұлпа» сөздерін бір неше рет қайталайды .



Мақталы таяқшаны тіс пастасына ақырындап малып, қыс көрінісі, шырша бейнеленген сурет дәптеріндегі шыршаның ұштарына тұрып қалған қарды салады. Сурет салып болғаннан кейін қолдарын сүртіп, таяқшаларды орнына жинайды .






Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды .

Рефлекциялық - түзетушілік

Педагог балаларға қысқы орман көрінісінен алған әсерлерін, Қыс туралы өлең, тақпақтарды айтқызады.

Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, бірге талдау жасайды. Ағаштардың пайдасы жайында қысқаша әңгімелеп, қорытындылайды.


Қыс туралы білетін өлеңдерін айтады .

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыста да шыршалардың түсі өзгермейтінін.

Игереді: Қыс мезгілінде шырша ағашының жапырақтары басқа ағаштарға қарағанда түспейтінін.

Меңгереді: Тіс пастасын пайдаланып, шырша үстіндегі қарларды бояуы.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
2065
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12