Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қыстап қалатын құстардың тіршілігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу. Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстардың тіршілігі»

Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд шоу, қыс көрінісі, ағаш, ұя, жем салғыш, түрлі түсті қағаздар және желім.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қәнекей бәріміз,

Сәлем берейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме, апайлар!

Тәрбиеші: 

Шанамен сырғып желетін

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?

- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметімізде құстардың түрлерімен танысамыз және қыста қыстап қалатын құстардың қысқы тіршілігі туралы білетін боламыз. Құстар төрт топқа бөлінеді: үй құстары, дала құстары, жыл құстары және қыстап қалатын құстар.

Үй құстарына: тауық, қораз, күрке тауық, қаз, үйрек жатады.

Ал сендер білесіңдерме, қораз бен тауық бірнеше жылдар бұрын жабайы құс деп аталған. Адамдар оларды өнім алу үшін асырап, үй құстарына айналдырған. Қораз бен тауықтың бірнеше түрлері болады, оларды адамдар етін, жұмыртқасын жеу үшін және мамықтарынан жастық т.б.тұрмысқа қажет заттар жасау үшін өсіреді. Сол себептен оларды өсіріп бар жағдайды жасайды, сонымен қатар олар суыққа төзімді болады.

Дала құстарына: тырна, түйе құс, үкі, көкқұтан, шағала жатады. Олар көбінесе сулы жерде тіршілік етеді. Жемтіктерін өздері тауып жейтін құстар. Су жәндіктерімен, балықтармен, шөптің тамырларымен қоректенеді.

Жыл құстарына: қарлығаш, аққу, бұлбұл, имектұмсық жатады. Олар шөп тамырлары мен жапырақтарын қоректенеді. Тал бұтақтарына шөптен, саз балшықтан ұя жасап, жұмыртқаларын сонда салады. Қысқа төзімсіз болғандықтан күз мезгілінде жылы жаққа ұшып кетеді, сондықтан оларды жыл құстары деп атаймыз.

Қыстап қалатын құстарға: қарға, торғай, сауысқан, кептер жатады. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Олар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары  сақтайды. 

Ойын: «Қайсысы артық?»

Мақсаты: Берілген суреттерде қайсысы артық екенін табамыз.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге қыста қыстап қалатын құстар туралы жұмбақ жасырамын.

1) Қара түсті қарқылдақ

Ұшып-қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды

Жем іздейді там-тұмдап (қарға)
Қарға– қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
2) Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы», - деп
Қайсы құсты мақтаймыз?
Балалар:
Көгершінді.         
Кептер – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Кептер қала, адамдарға жақын мекендейді. Кептердің емдік қасиеті, етінен сорпа жасап, көк жөтелге пайдаланады.
3) Бір құс бар сондай,

Суыққа да тоңбай,

Шоқып жүріп, дән тапқан,

Ұшып-қонған...(торғай)

Торғай –пайдалы, кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен  қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.

Суықторғай – кеудесі қызыл, кішкентай құс. Ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды  мекендейді. Бұталардың  дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

4) Ала шапан киген

Қыпылықтап жүрген

Секектеп бір тұрмайды,

Сөреден құрт ұрлайды (сауысқан)

Сауысқан- – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Кез келген тамақты қорек етеді.

Тәрбиеші: Сендер серуенге шыққанда қандай құстарды көп көресіңдер?

Балалар: Торғай
Тәрбиеші: Ендеше, торғай болып сергіту сәтін орындап берейік.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қәне қанат жазайық.

Торғайларға ұқсайық

Ұшып ұшып алайық.

Тәрбиеші: Жақсы балалар,ендігі кезекте осы құстар қалай дыбыстайды екен соны тауып көрейікші

Дидактикалық ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»

Тәрбиеші: Құстар біздің досымыз, біз оларға ұя жасау арқылы қамқорлық көрсетеміз.

Олай болса түрлі түсті қағаздарды желіммен жапсыра отырып, құстарға ұя және жемсалғыш жасаймыз.

Қорытынды:

- Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Сабақ ұнады ма? 

- Өте жақсы,енді осы құстардың сендерге алып келген сыйлықтары бар екен, кәне бәріміз сыйлықты көрейікші.


Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймын.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12