Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыстың қызықты ойындары технологиялық карта

Материал туралы қысқаша түсінік
технологиялық карта тәрбиешілер мен дене шынықтыру нұсқаушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ересек топ балаларымен

ұйымдастырылатын оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімдері: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қыстың қызықты ойындары

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды қысқы ойын түрлерімен таныстыру.Негізгі қимылдарды-шанамен сырғанауды, күрекпен қарды тасымалдауды, шайбаны қақпаға кіргізуді пысықтау.

Түзете-дамытушылық: Айнала қоршаған орта мен қысқы тіршілікті сезіну қабілеттерін жетілдіру. Іс-шараға белсенді қатысып, ойын кезінде өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау. Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың бір-біріне қамқорлықпен қарауға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жігерлікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: шана, күрек, шелек, шайба, бояу, бүріккіш және т.б.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Амандасу рәсімі:

Біз ерекше баламыз,

Біз әдепті боламыз.

Досымызды көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Денің сау боп, ауырма,

Күлімдеп қара досыңа!

-Балалар, бүгін бір қызыққа толы күн болғалы тұр. Қысқы ойындар әлеміне саяхат жасаймыз!

Балалар маршпен алаңда шеңбермен жүріп,шаңғымен, конькимен жүргендей қимылдар жасайды. Шеңбер бойымен тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Маршпен жүріп бір саптан екі сапқа бөлінді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Балалар, алдымен қызықты ойындар ұйымдастырмас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

1.Б.қ. қол белде, басымызды оң, сол, алды жаққа және артқы жаққа бұрамыз.

2. Б.қ. қол иықта, алды жаққа, артқы жаққа иығымызды айналдырамыз.

3. Б.қ. қол белде, аяқ иық бойымен, оң жаққа және сол жаққа белімізді иеміз.

4. Қолды алға созып, отырып тұрамыз.

5. Қос аяқтап секіреміз.

Түзету жаттығуы: «Біз серуендейміз»

Педагог: -Балалар, сендер қандай қысқы спорттық ойындар түрін білесіңдер? Атап өтейік. (хоккей, шаңғы тебу, шанамен сырғанау және т.б. )

-Тамаша, балалар, олай болса қазір біз осындай қызықты ойындар ойнайық.

І. Шанаға бір баланы отырғызып белгіге дейін барып қайтып келу.

ІІ. Күректермен қарды шелекке тасымалдау.

ІІІ. Қақпаға шайбаны енгізу.

Музыка әуенімен ортаға мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір:-Балалар, бұл жерде не болып жатыр,айқай-шу естіп келіп қалдым, ұйқы бермедіңдер ғой! Қыстың суық, ызғар күнінде жылы үйде отырмайсыңдар ма? Далаға неге шықтыңдар? Қане, үйлеріңе қайтыңдар, әйтпесе мен сендерді қатырып, мұз қылып тастаймын.

Педагог: -Мыстан кемпір, ашуыңызды басыңыз, бос уайымдамаңыз,біздің балалар аяздан қорықпайды, шыныққан, бізде бүгін ерекше күн,оданда қысқы ойындар қызығын тамашалаңыз. Біздің эстафетаға қатысыңыз. (Ойындар барысы)

Педагог жеңімпаз команданы анықтап, мадақтайды. Алғыс хаттарды топтарға ұсынады.

Мыстан: Балалар, ой, шаршадым, ойын қызықты екен, бойым жылынып, бойыма күш дарығандай. Мен енді спортпен айналысам, денемді шынықтырам. Мен сендердің арқаларыңда енді бәрін түсіндім.Рахмет. Есіме түспей тұрғаны, мына төмпешік қардың астына бір жасырылған сыйлығым бар еді, қазір соны тауып берейін. (Мыстан төмпешік қар астынан өзінің сыйлығын тауып алып балаларға ұсынады).

Тыныс алу жаттығуы: «Қар ұлпасын үрлеу»

Педагог:

-Балалар, қандай керемет. Айналамыз аппақ қар, осы қардан түрлі мүсіндер жасайық. Қалай қарайсыңдар?!

Педагог балаларға арнайы ыдыстар мен су бүріккіштерді таратылады.

Балалар ырғақты музыка әуенімен жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.




Балалар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.


Балалар қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы әңгімелейді.Тыныс алу жатығуларын орындайды.



















Балалар екі командаға бөлініп, «Ептілер» мен «Жүйріктер» деп ат қояды.

Балалар эстафеталық ойындарға белсене қатысады.











Балалар қолдарына арнайы ыдыс алып қарды ішіне нығыздап, «Ептілер» командасы күн бейнесін, «Жүйріктер» командасы тасбақа мүсінін жасайды. Суға бояу араластырылған бүріккіш ыдыспен мүсіндерді бояйды.

Рефсексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорытындылау сұрақтары:

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

-Қандай эстафеталық ойындар ойнадық?

-Қандай ойын ерекше ұнады?

Балаларды мадақтау.

Балалар шеңбер бойымен тұрып

қорытындылау сұрақтарына белсене жауап береді.

Жасалған бейнелерді тамашалайды.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
2101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12