400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыстық эстафета

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыстық эстафета ».
Міндеті: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Керекті құралдар: Шаңғы, хоккей таяқшалары, қорапшалар, кішкентай доптар, межелер, құрсаулар, қапшық.

Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Музыка залы.
Тәрбиеші:
— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі қыстық эстафета көңілді сайысымызға қош келіпсіздер! Балаларымыздың жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 2 команда қатысады. Біздер тобымыздағы бар балаларымызды 2 командаға бөлдік. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз әр топқа сәт сапар тілейміз!

Бүгін жарыс бақшада,

Қуанады бар бала,

Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз,

Бүгінгі жарысымызды осыменен бастаймыз.

Олай болса жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.


(Музыка әуенімен) Олай болса «Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: «Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас». 


Ал енді келесі тобымыз «Сұңқар» тобын ортаға шақырайық.

 
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.


Тәрбиеші:
- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.

І. Кезең. «Шаңғы» сайысы.
Шарты: Аяғымызға шаңғы таяғын киіп, мәре сызығына дейін жетіп, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді.

II. Кезең. «Қорапшамен бірге жылдам айнал».

Шарты: Екі командаға да сендер сиятындай екі қорапша беріледі. Сендер сол қорапшаның ішіне кіріп, жылдам мәре сызығына дейін сол қорапшаның ішінде домалатып бару керексіңдер.

ІІІ. Кезең. «Кім жылдам». Шарты: Екі командаға да саны жағынан бірдей майда доптар беріледі. Ол доптар мына сақинаның ішінде тұрады. Сендер сол доптарды екінші сақинаның ішіне жинау қажетсіңдер.

ІV. Кезең. «Кім шапшаң?».
Шарты: Екі командаға да тағы да майда доптар саны жағынан бірдей беріледі. Бұл жолы осы доптарды сендер әр командадан екі ойыншыдан шығып, осы доптарды мына құрылғы арқылы аулайсыңдар.

V. Кезең. «Қаппен секіру»
Шарты: Қаптың ішіне кіріп секіріп, белгіленген мәре сызығын айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді.

VI. Кезең. «Кім епті».

Шарты: Бұл ойында балалар сендерге хоккей таяқшасы беріледі. Сендер сол хоккей таяқшасымен добын мәре сызығына дейін ептілікпен жолда қойылған түрлі кедергілерге қарамастапн домалатып апару керексіңдер. Тәрбиеші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш жігер намысымыз,

Осылайша, қуанышпен думандатып,

Аяқталды қонақтар жарысымыз!

Балаларды марапаттау.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі