Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қытайдағы қазақтардың ХІХ- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы туған тарихи жырлары бойынша ұлт азаттық көтерілістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мәтін 9-11 сынып оқушыларына көп көмек қажет етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мазмұны


Кіріспе..................................................................................................................бет.

І - тарау. «Қытайдағы қазақтардың ХІХ- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы туған тарихи жырлары бойынша ұлт азаттық көтерілістері»

1.1. Қытайдағы қазақтардың тарихи жырларының жиналуы мен зерттелуі...............................................................................................................бет.

1.2. «Тарихи жыр мен шындықтың арақатынасы»................................................. бет.

ІІ - тарау. Негізгі бөлім.«ХХ ғасырда Қытайдан қайтқан қазақтар тарихына орай»

    1. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі................................................................бет.

    2. Қытай қазақтарының қоғамдық –саяси орнының қалыптасуы.

Қорытынды..........................................................................................................бет.

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................бет.

Қосымша материалдар
























Кіріспе

Қазақ деген ұлт біреу-ақ, демек, оның тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті де біреу-ақ. Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы - жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі.

Бұл күндері тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік. Қоғамдық өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Атажұртты аңсаған ағайындарды бауырға тарта бастадық. Олардың тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл жөнінде елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді»- деген болатын. Бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналған бұл іс оқымысты қауымға да үлкен міндет жүктегені белгілі. Осы ретте академик С.Қирабаев: “Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі” - деп орынды пікір айтады.

Отаршылдардың түрлі жолдармен жүргізген қысым-қиянаттарына шыдамаған халық әркез азаттық, еркіндік үшін арпалысқа түсіп, атқа қонып отырды. Олардың ішінен ел бостандығы, жер тұтастығы жолында күрескен ерлер шыға бастады. Демежан, Бөке, Зуха, Оспан, Елісхан, Әкбар, Сейіт, Бүркітбай, Сұлубай батырлар тұлпар жаратып, ту көтерді. Елді бастап, озбырлықтан құтылуға ұмтылды. Бірақ басқаның басымдығына шыдамай елінің ертеңін ойлаған батырлар мақсат-мұраттарына жете алмады. Ұлт-азаттығы жолында мерт болды.

    Халқының қамын ойлаған батырлардың ерлік әрекеттері көп көңілінде қалды, ұрпаққа өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды. Ұлтының азаттығы үшін күрескен ерлерді дәріптейтін мұндай тарихи жырлар ауызша тарап, халықтың рухани қажетін өтеп келеді.

    Біздің зерттеуімізде Қытайдағы қазақтардың ұлт азаттығы үшін күрескен ерлердің көтерілісіне байланысты туған “Демежан батыр”, “Зуха батыр”, “Үркін-қорқын”, “Жақыпберді батыр” қатарлы тарихи жырлар алғаш рет зерттеу нысанына айналды. Бұрын ғылыми айналымға түспеген бұл жырлардың ерекшеліктерін ашып, жан-жақты зерттеу - фольклортану ғылымының басты проблемаларының бірі. Жұмыстың өзектілігі де осы қажеттіліктен байқалады. Сондай-ақ, бұл жұмыс мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасына да сәйкес келеді.





Зерттеу жұмысының басты мақсаты: Диссертациялық жұмыста ұзақ уақыт ақтаңдақ қатарында қалып, зерттелмей келе жатқан Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың пайда болып, қалыптасу жолдарын белгілі кезең шындығымен байланыстыра қарап, сипаттама беру мақсат етілді.

Зерттеу жұмыстарының әдестері:

Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың жиналу, жариялану, зерттелу деңгейін пайымдау;

Тарихи жырлардың жанрлық табиғаты мен жырлану ерекшеліктерін саралау;

Гоминдаң өкіметінің қазақ ұлтына жасаған қысымының тарихи жырлардағы көрінісіне баға беру;

Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған жырлардың тақырыптық-идеялық сипатын зерделеу;

Тарихи жыр мен тарихи шындықтың арақатынасын анықтау;

Жырлардағы образдар жүйесінің бейнеленуіне мән беру;

Тарихи жырлардың поэтикасы – бейнелеу құралдарының эстетикалық табиғатын ашу.






























Аннотация


Зерттеу жұмысының басты мақсаты: Ғылыми жұмыста ұзақ уақыт ақтаңдақ қатарында қалып, зерттелмей келе жатқан Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың пайда болып, қалыптасу жолдарын белгілі кезең шындығымен байланыстыра қарап, сипаттама беру мақсат етілді.

Зерттеу жұмыстарының әдістері:

1.Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың жиналу, жариялану, зерттелу деңгейін пайымдау;

2.Тарихи жырлардың жанрлық табиғаты мен жырлану ерекшеліктерін саралау; 3.Гоминдаң өкіметінің қазақ ұлтына жасаған қысымының тарихи жырлардағы көрінісіне баға беру;

Жобаның құрылымы екі тарау, үш бөлімнен тұрады.

Зерттеу жұмысын іске асырудың негізгі әдістері:

- Қытайдағы қазақтар арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты тарихи жырларды талдау;

- Тарихи жырларды салыстыру;

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ деген ұлт біреу-ақ, демек, оның тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті де біреу-ақ. Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы - жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі.





















Annotation


The Aim of research work: In this research the aim was to describe historical poems and their foundation which connected with the life of Kazakh people in the period of revolution in Chine.

The methods of research work:

  1. To find out the level of researching, collecting and publishing of poems connected with the revolution.

  2. To analyze the speciality of composing and type of historical poems.

  3. To give mark to description of Gomihydong government’s influence to Kazakh people in historical poems.

The work consist of two chapters and there parts.

The feature of research work:

Kazakh nation is only nation in the world, so that it’s has one and general religion, history, language, traditions, literature and culture. In that case the cultural heritage of Kazakh people abroad is also undecided part of our culture and tradition.


























І - тарау. «Қытайдағы қазақтардың ХІХ- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы туған тарихи жырлары бойынша ұлт азаттық көтерілістері»

    1. Қытайдағы қазақтардың тарихи жырларының жиналуы мен зерттелуі.

Тарихи жырлардың туып, қалыптасуы турасында академик М.О.Әуезовтың: “Бұл жырлардың бәрі де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да – анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер – тарихта болған адамдар. Жырлардың авторлары – көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай сап-сабымен баяндайды” - деген тұжырымы Қытайдағы қазақтар арасында кейіннен туған жырларда анық байқалады. Өйткені, ғылыми жұмысқа негіз болған жырларда жер-су, кісі, мәнсап, ру атаулары анық сақталған деген қорытындыға келдік. 

Қытайдағы қазақтар арасында сақталып келген тарихи жырларды екі кезеңге бөліп қарастырдық. Бірінші кезең – Қытай-Ресей шекаралары бөлінбеген кезде Қазақстан мен Қытайдағы қазақтарға ортақ “Қабанбай батыр”, “Арқалық батыр” жырлары туған дәуір, яғни сыртқы жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар. Ал, екінші кезең – шекара бөлінгеннен кейін Қытайдағы қазақтардың саяси-әлеуметтік жағдайларына байланысты туған жырлар, яғни ішкі жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар деп қарастырылды.

Бірінші кезеңдегі жырлардың жиналуы мен зерттелуі екі бағытта қарастырылды. Бұл кезеңдегі тарихи жырларды зерттеушілер Қазақстан ғалымдарымен қатар Қытайдағы қазақ фольклортанушылары болды. 

Қытайда тұратын қазақтардың фольклорлық мұраларын жинап, жариялау ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Ғалым Шоқан Уәлихановтың “Қашқарияға саяхат”, “Жоңғария очерктері” атты еңбектері  алғашқы зерттеу еңбектері болып табылады. Ш.Уәлихановтан кейін Алтай аймағында тұратын қазақтардың фольклорлық мұраларын зерттеуші Г.Н.Потанин жинап, жариялады.

Қазақстанда сыртқы жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар араға біраз уақыт салып, Қазан төңкерісінен кейін қайта қолға алынды.

 Бұл тұста айта кететін бір жайт, біздің ғылыми зерттеу жұмысымызда екі елдің арасына көп тараған “Қабанбай батыр” жыры мен “Арқалық батыр” жырларының жиналу, жариялану, зерттелуі сөз етілді.

Зерттеуші М.Ғұмарова бұл жырдың жиналуы мен жариялануы, идеялық мазмұны, образдар жүйесі турасында зерттеу мақалаларын жазды. “Арқалық сыртқы жау – қалмақтарға, ішкі жау - Әжіге қарсы күрескен батыр” дейді.

Қабанбай батыр” жыры туралы зерттеу жазған ғалымның бірі Болатжан Абылқасымов болды. Зерттеуші “Қабанбай батыр” жырының  ХХ ғасырдың бас кездерінен бастап С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Н.Смирнова сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөз болғандығынан хабардар ете отырып, Қабанбай батыр жайында айтылатын жыр нұсқаларының жиналуы мен зерттелуі туралы мәліметтер берген. Жырдың қолжазба күйінде сақталған он үш нұсқасының жырлаушылары мен жазып алушылары туралы айта келіп, сол он үш нұсқаны қатар алып салыстырады. Тіпті, сюжеттік желідегі ірірек және мәндірек деген эпизодтарды тарихи фактымен қатар алып қарастыра келіп, “Қабанбай батыр” ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихының бір сәтін бейнелейді. Әскери қақтығыс пен кейіпкерлердің өмірден алынғандығы дау туғызбайды деген  қорытынды жасаған.

«Қабанбай батыр» жырын арнайы зерттеу нысаны еткен ғалым А.Ғабдуллина “Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен аңыздар” деген ғылыми зерттеу еңбегінде Қабанбай батыр жайындағы барлық аңыздар мен жырларды қатар алып қарап, олардың тарихи шындыққа жанасатын тұстарын салыстырады. Мәселен жырдың тарихилығын біріншіден, ХҮІІІ ғасырда өткен қазақ-қалмақ соғысы; екіншіден, батыр жанындағы Абылай, Бөгенбай, Жәнібек, Дәулетбай, Ақтамберді, Қазыбек би, Бұқар жырау – бәрі де тарихи өмір кешкен Қабанбайдың тұстастары; үшіншіден, шайқастар өткен жер-су мен кісі, ру, ұлт, елді мекеннің аттары дәл өз күйінде сақталғанын жырдың тарихилығы деп таниды.

Екінші бағытқа келсек, Қытайдағы қазақтарда фольклорлық мұраларды жинау, жариялау, зерттеу мәселесі өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан басталады. 1950 жылдары “Қос қобди”(1957), «Ертегілер» (1958), «Ертегілер мен аңыздар» (1958), т.б. жинақтары шығады. Алайда осы тұста, дәлірек айтқанда, 50-жылдардан бастап әртүрлі саяси науқандар жүргізіле бастады. Оның ақыры “Мәдениет төңкерісі” атты он жыл ойранға ұласады. Осының нәтижесінде халық әдебиетін жинамақ түгіл, көне мұра ретінде барлық әдеби мұралар өртеліп, көзі жойылды. Осыған орай ұзақ уақыт әдебиет пен мәдениет саласын ілгерілетудің орнына кейін шегініс жасалады. Осы қателік 1980 жылдан бастап (1979 жылғы партияның ІІІ кезекті отырысынан кейін) түзетіледі де, әдеби мұраға қайтадан назар аударылып, қоғамдық мән беріледі. Сол жылдардан бастап, яғни 1980-жылдардан Шыңжаңда қазақ фольклорын жинап, реттеу жұмысы нақты қолға алына бастады.

Бұл жағынан Үрімжідегі “Халық баспасынан” шыққан “Шалғын” журналы жаңа бастама көтерді де, аз ғана жыл ішінде ауыз әдебиетінің аса мол мұраларын жинап үлгерді. “Шалғын” журналы кейін “Мұра” журналына қосылып кетті. Ал “Мұра”журналы күні бүгінге дейін ауыз әдебиеті мұраларын жинап, жариялап келеді. Сондай-ақ, әр аймақ орталығынан (Құлжа, Шәуешек, Алтай) әдеби журналдар (“Іле айдыны”, “Тарбағатай”, “Алтай аясы”) шыға бастайды және халық мұрасының көптеген үлгілері (тарихи жырлар да) жарияланып келеді. Мәселен, “Алтай аясы” журналының 1980-1984жылдар аралығында басылған тек 18 санының өзінде ауыз әдебиетінің түрлі жанрдағы үлгілері жарияланғанын, соның ішінде 31 қисса-дастан жарияланғаны туралы Камуна Жамбозұлы хабардар етеді.

Шыңжаңдағы қазақтардың халық әдебиетін зерттеуді бастаған ғалым – Нығмет Мыңжани болды. Ғалымның 1942 жылы Шыңжаң газетінде “Қыз Жібек жөнінде” атты тұңғыш зерттеу мақаласы Қытайдағы қазақ фольклортанудағы алғашқы ғылыми мақалалардың бірі болды. Зерттеуші жырдың тууы мен оқиға болған ортаның тарихи әлеуметтік жағдайларына талдаулар жасайды.

Н.Мыңжани ХҮІІІ-ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі дәуір турасында «Бұл дәуірді халық дастандары ең мол жырланған және сақталған дәуір деуге болады. Алдымен байырғы жырлау дәстүр-дағдысы жалғастырылды және дами түсті. Ежелден жырланып келе жатқан ескі ерлік эпостары, ғашықтық  жырлары мен қиссалар жаңғырта жырланды, онан ары вариантталды» деген тұжырым жасайды.

Ғалым “Қазақ фольклоры және оның қисса-дастан жанры жайында” деп аталатын зерттеуінде қазақ фольклоры жөнінде сөз қозғай отырып, қисса-дастандарды халық әдебиетіндегі жетекші жанрлардың бірі деп қарайды. “Бұлар мазмұнына қарай батырлар жыры, ғашықтық дастаны және қиссалар болып үш салаға жіктеледі” дейді. Бұл ретте Н.Мыңжани тарихи жырларды жеке жанр ретінде қарастырмаған.

Қазақ халық әдебиеті мұраларын жинау, реттеу, бастыру, зерттеу ісін ұдайы жүргізген әдебиетшінің бірі – Асқар Татанайұлы болды. Ол 1938-жылдан бастап Алтайда тұңғыш шыққан “Жаңа Алтай” журналына өзінің жиған халық әдебиеті туындыларымен қатар өз шығармаларын да жариялайды. Автор қазақ фольклоры саласында ғылыми еңбектер жазбаса да, қазақтың тарихи жырларын, қиссаларын көптеп жинап, олардың шығу төркіні туралы мақалалар жазған. Сол тұста “Арқалық батыр” жыры, 1947 жылы жазып алған “Дәмежан жыры” секілді  үлкен эпикалық дастан жырларды қайта реттестіреді. Сондай-ақ, оның заман көріністерінен бей-жай болмағанын, көңілге түйген, естіген деректері “Тарихи дерек – келелі кеңес” атты зерттеу еңбегінде көрініс тапқан. 

Шыңжаңдағы қазақ халық әдебиеті мұраларын жаппай жинау, реттеу, бастыру, зерттеу жұмыстары 80-жылдарға келгенде кең өрістеді. Бірақ бұғанға дейін де (60-70-жылдары) аракідік зерттеулер жазылып тұрған. Осы 80-жылдардан бастап әдебиеттану, фольклортану ғылымының қайта қалыптасып дамуына үлес қосар зерттеушілер қатары көбейді. Олардың қатарында  Оразанбай Егеубаев, Ахметбек Кірішбаев, Әуелқан Қалиұлы, Зейнолла Сәнік, Бексұлтан Кәсейұлы, Тәліпбай Қабаев, Камуна Жамбозұлы, Ұйымқан, Мұқаметқазы сияқты әдебиетшілер болды.

Осы тұста фольклор мұраларын жинап, зерттеуге үлес қосқан әдебиетші Оразанбай Егеубаев “Қазақ халық дастандары” атты мақаласында эпикалық жырларды мазмұнына қарай үш топқа бөліп қарастырады. Олар: батырлық дастандары, ғашықтық дастандары, қиссалар. Бұл арада автор тарихи жырларды жеке жанр ретінде қарамаған. Оларды батырлық эпостардың құрамына қосқан.

Әдебиетші Ахметбек Кірішбаев та қазақ халық әдебиетін соның ішінде тарихи жырлар жайында еңбек жазғандардың бірі. Бірақ, А.Кірішбаев та тарихи жырдың жанрлық сипатын ашпаған, тарихи жырлардың ХҮІІІ ғасырда туғандарын батырлар жырының қатарында, ХІХ-ХХ ғасырларда туған тарихи жырларды қиссалар құрамында қарастырған.

Шыңжаң қазақтары фольклорын зерттеу ісіне араласып келе жатқан зерттеушілердің бірі - Әуелқан Қалиұлы. Ғалымның халық әдебиеті жайында жазған “Қазақ ауыз әдебиеті” атты монографиясы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі болды. Әйтсе де ғалым эпикалық жырларды дастандар деп алып, батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, қиссалар деп үшке бөледі. Көріп отырғанымыздай Әуелқан Қалиұлы да дастандарды тек үшке бөліп, ғалымдар Н.Мыңжани, А.Кірішбаев, О.Егеубаевтар сияқты  тарихи жырлардың ХҮІІІ ғасырда туғандарын батырлар жырының қатарында, ХІХ-ХХ ғасырларда туған тарихи жырларды қиссалар құрамында қарастырған.

Халықтың фольклорлық мұраларын жинау, реттеу, бастыру, ғылыми мақалалар жазу жұмысында Зейнолла Сәніктің де елеулі еңбегі болды. Бірақ, З.Сәнік те “Қабанбай батыр” жырын батырлар жырының құрамында қараған. Көріп отырғанымыздай, зерттеушілер тарихи жырлардың жанрлық сипатын анықтамаған.





































1.2. “Тарихи жыр мен шындықтың арақатынасы”

Тарихи жыр мен шындықтың арақатынасы” деп аталатын бөлімде Демежан, Зуқа, Жақыпберді, Елісқан сынды батырлардың өмірін өзек еткен “Демежан батыр”, “Зуқа батыр”, “Жақыпберді батыр”, “Үркін-қорқын” жырларының тарихи шындыққа жанасымдылығы қарастырылды. Аталған жырлардың бәрі де ұлт азаттығын көксеп, елі үшін басын бәйгеге  тіккен асыл ерлер жайында. Бұл жырлардың қай-қайсысын алсақ та, жыр кейіпкерлері тарихи өмір кешкен ерлігімен дараланған қарапайым жандар. Мысалы, “Демежан батыр” жырындағы Демежан – керей, найманның үш мың үйлі жанын билеген, айналасындағыларға өте сыйлы болған жан, әрі мәнжүр-қытай отаршылдарының озбырлығына, ел ішіндегі жемқор, мәнсапқұмар басшылардың кері әрекеттеріне қарсы күрескен өз дәуірінің саяси қайраткері болған. Әке-шешеден ерте айрылып, нағашы жұртында тәлім-тәрбие алған. Жастайынан өжет, қайсар болып өсіп, ел ісіне ерте араласады. Отаршыл үстем тап өкілдері шонжарларының талап еткен ауыр алым-салығына, озбырлығына қарсы күреседі. Осы тұста қазақ пен мәнжүр, сібе, солаң, дағұр шонжарлары арасында бір-бірімен қырғи қабақ жиі болып тұратын. Мал үшін, жер үшін  дау-дамайдың өрбіп тұрған дәуірі еді. Мұның үстіне мәнжүр билеушілерінің қазақ пен қазақтың арасына іріткі салып, бірін-біріне айдап салу тәсілін қолданып отырғанын қазақтар өзара білмей, түсінбей қырқысып жатқан заман болатын. Демежан осы екі қыспақтың екеуін де көрген, әсіресе, мәнжүр билеушілерінің әділетсіз айла-сұмдығына қарсы күрескен халық қаһарманы, ел ардағы. Ел қорғаны бола білген асыл ер әділетсіз басшылардың тарапынан дарға тартылып өлтірілген. Зерттеуші Зейнолла Сәнік: “Архивте Демежан 1861жылы дүниеге келіп, 1908 жылы шаһит болғандығы мәлім. Бұл деректі Тарбағатайда өткен үлкен ағартушы Сұлтан Қанапин өзінің “Демежан үкірдай хақында естелік” деген қолжазбасында да анық жазып кеткен. Қолжазба Шәуешектің бұрынғы “ортақ тіл” деп аталатын аралас тілінде жазылған, онда былай делінеді: Демежан 1908 жылы 47 жасында өлтірілді. Сүйегін консул көшесінде тұратын Жақыпжан ақсақалдың қорасына (өзбек) әкеліп, денесінен қан шығып кеткендіктен имам-моллалары “шаһит” деп бағалап, жаназасын шығарып, қанды киіммен қойды” – деп көрсеткен дерегіне  сүйенеді. Ал зерттеуші Мәкен Баймоллаұлы: «Демежан 1907 жылы қазанның 9-ы күні өлтірілді» - деп жазады.

Қалай болғанда да:

- Ойласам өз күнімді бүйтер ме едім,

Қайғысыз рахатта өтер едім.

Жамандық ардан безіп ойлағанмен

Дүниеден өлмей тірі кетер ме едім.

Жұртым-ау, ел сасқанша жан қияйын,

Өлместей із қалдырып, сөз болайын.

Берсем егер жеріңді сұрағанда

Берсем егер малыңды тілегенге

    Абырой бұдан артық табар едім.

Мәтендерқияржанын мен дегенде.

Қорғадымқорқауларданбайлығыңды,

Жүргіздімқайтпайқарсыбилігімді.

Ел үшінөлсемшейітболамындеп

Сақтаймын өле-өлгенше ерлігімді -

деп өткен Демежанның артында қалған ұрпағы әке ерлігін мадақ тұтып, зерттеушілерге құнды мәліметтер беріп келеді.

Демежанның тарихи өмір кешкен ел азаттығы үшін өмірін қиған асыл ер екенін батырдың тұстасы, жақын жүрген досы Әсет пен Әріпжан ақындардың жоқтауларынан көруге болады. Әсет ақын: 

           Ассалаумағалейкум, беу Қарағаш,

    Саяңа шұбырған ед тамам алаш…

    …Жәйіліп төрт тарапқа даңқы кеткен

    Кешегі ер Демежан иең қайда?

    …Қарадан хан боп туған қайран Декем,

    Бір саған қас қылғанды құдай атар.

    Жарасқан ақ ордаға қайран Боздақ,

    Көшірді-ау құдайдан соң солаң қозғап.

    Ханым мен ханыша болған қатын-балаң

    Қолында әлде кімнің кетті-ау боздап…

- деп жоқтаса, Әріпжан Жанұзақұлы жанына жара салған қайғылы қазаға өкінеді. Демежанды халықтың қалаулы азаматы ретінде жоқтайды:

    Сабазым, артық туған кемеңгерім,

    Солаңның тұмсыққа ұрған жемеңгерін.

    Көре алмай төрт үкірдай болды күндес

    Мәртебең дутыңменен теңелгенін.

    Ханзудың ерте біліп тіл мен заңын,

    Халықтың жоқтап едің мұң мен зарын.

    Түбінде маған сенен бір зауал деп

    Түбіңе жетті ақыры Мәтен залым.

    Жазықсыз дарға асып төкті ғой қан,

    Қайысты қабырғасы естіген жан.

    Ат байлап ағашыңның саясына

    Жоқтаған күңіреніп мен Әріпжан, -

деп ақын өз күйінішін білдіреді.

«Зуқа батыр» жырының бас кейіпкері Зуқа қажы да нақтылы өмірде болған адам. Тарихи деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды. Зуха Сәбитұлы 1866 жылы шығыстағы Қалба тауының етегінде дүниеге келген. Абақ керейдің Ителі руынан шыққан ол - аталарының жолын қуып, діни дәріс алған. Атасы Нұрмұхаммед бүкіл орта жүзге таныс абыз атанған. Өз әкесі Сәбит те абақ керейдің ішінде мешіт-медресе салып, бала оқытқан, «Дамолла» деген атақ алған діни оқымысты адам болған. Солтүстік Шыңжаңның ұлан-ғайыр елінде 40 жылға жуық имамдық жолында ұстаздық еткен. Төрт ұлы - Зуха, Білжай, Дәкен, Шәкірат әкеден жастай қалып, көзі ашық, көкірегі ояу шешесі татар қызы Бәтиманың тәрбиесінде өседі. Зуха 1903 жылы Меккеге қажылыққа барып, сонда біраз жүріп, 1906 жылы 40 жасында қажылықтан оралады. Қажылықтан кейін 23 жыл өмір сүріп, 1929 жылы басы алынып  шейіт болған.

Енді Зуқа батырдың жырдағы бейнесін жыршылар:

Ішінен бұл керейдің бір ер шықты,

Дұшпанын ерегескен жерге жастап.

...Келгенде жиырма жасқа атқа мініп,

Ішінен өз елінің шыққан екен, -  деп хабарлайды.

Жырда Зуха тек батыр ретінде ғана емес, әр қырынан көрініс береді. Мәселен, ел ішінде беделді адам екендігін:

Алтай, Боғда, Үрімжі, Жайыр, Сауыр,

Тұрушы ед ортасында бір асқар бел, - деп сипаттайды. Оның халық қамын ойлаған, әділетсіздікке қарсы шығып, бай-шонжарлармен, билік басындағылармен үзеңгі қағыстыруларын:

Пақырлар күліп қайтар,  жылап барып.

Шаһит қой Зуха батыр жүзі жарық.

Қорлығы өткен халықтың қас жауынан

Еліне берем  деуші ед теңдік алып,  - деп суреттейді.

Жырда болған оқиға бұрмаланбаған. Қайта жыр мен дерек бірін-бірі толықтырып отырады. Жырда Зуқа қажының басын денесінен бөліп алып кеткендігі турасында мынадай жолдар бар:

Қауіпсіз жатқан шағында

Шеріктің қамап алғаны.

Басын кесіп қажының

Қу қоржынға салғаны.

Зуханың басын денесінен бөліп алып, қоржынға сала қашқан Ма дарын тізгін ұшымен Сарысүмбеге жетеді. …Уи дауиң Сарысүмбенің Қыран өзеніне салынған үлкен көпірдің кіре берісіне Зуханың басын іліп қойып, “кім бағынбаса осыны көреді” деп үгіт жүргізеді”. Міне, тарихи жыр мен шындықтың арасы алшақ емес екендігі осы жырда да көрініс берген.

Жақыпберді батыр” жыры – Қазақстан қазақтарының 1916 жылғы ақ патшаның “Июнь жарлығына” қарсы бас көтергені үшін қудалауға түсіп, лажсыз Қытайға кеткен Жақыпберді атты ердің Қытай жеріне барғандағы көрген қиыншылықтары мен азаптарын бейнелейді. Бұл да тарихи шындық.

 Қытай билеушілері қазақтардың арасына арнайы тыңшылар жіберіп, Қазақстаннан қашып барған барлық азаматтарды “ел арасына іріткі салғалы келген арандатушылар” деп, шетінен абақтыға жауып, артынан ату жазасына бұйырады. Жақыпбердіге де “саяси қашқын” деген жала жабылып, сол жазықсыз атылғандардың қатарында кетеді. Ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан батырдың басына қауіп төнеді. Жырдағы мына жолдарды оқып көрелік:

    Сөзінің қалеті жоқ анығында,

 Тұрмайды ешбір ағаш қабығында.

 Жерінен Ресейдің қашып келдік,

   Орыстың бала алатын салығында.

   Құдірет осы іске бастадың ба,

   Ақ патша қатаң келді салығы да, -

деген жолдар тарихи құжаттардай әсер етеді. Батыр қорқақтықпен қашып келген жоқ. Патша жарлығына қарсы көтеріліс жеңіліс тапты. Патшаның жазалаушы әскерлері көтеріліске қатысқандарды аяусыз жазалап, тұтқындай бастады. Ұзақ, Жәмеңкелерді Қарақол абақтысына қамады. Көп адамдарды қызыл қырғынға ұшыратты. Осындай сәтте Жақыпберді батыр белгісіз елге бел асты. Бірақ батыр сатқындықтың құрбаны болды.

    Отыр ек Ақбұлақта бие байлап,

    Жүруші ек ел ішінде күліп-ойнап.

    Қайтейін қапияда қолға түстім

    Қарусыз тұрып қалдым көзім жайнап.

    Қылмаспа ем ақ патшаның шерігіндей

    Қолымда құрал болса оқпен жайлап…

Немесе:

    Кешегі жорық тартқан қайран күндер,

    Жау болса беттемеген сарыныма -

деген сөздерінен Жақыпбердінің ақ патшаның жарлығы мен салығына қарсы бас көтеріп, қару алып соғыс майданына шыққанын білуге болады.

Гоминдаң өкіметініңқазақтарға жасаған отарлық-озбырлық саясаты шектен асып кеткендіктен халық көтерілістерге шығып отырды. Бірақ көтеріліс жеңіліс тапқан жағдайда билеушілер халықты аямай қырғындап отырды. Мұндай қырғынға шыдамаған ел лажсыз басқа жаққа аууына тура келді. Қанды қыспаққа төзбей ел мен жерден еріксіз үдере көшу, босу - өз алдына бір тарихи қасірет. Әрине, ел мен жерді тастап, көз көріп, құлақ естімеген жаһанға көш басын бұру - ауырдың ауыры еді. Оңайшылықпен ауа коймайтын ел лажсыз босқын болуға тура келді. Олар келер ұрпағының қамы үшін, елді аман алып қалу мақсатымен туған жер, атамекеннен шеткерледі. Бұл нәубет қазақ баласының басына түскен 1-нәубет емес-ті. Жоңғар қырғынында Қаратауды асып, ақтабанмен шұбырған көштен еш айырмасы болмады. Яғни, басы 1723-жылдан басталған шұбыру ақ патшаның қара жұмысқа бала алу Жарлығының тұсында, одан кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ашаршылықта үшінші реткі қайталанса, Шың Шысай тұсында қытайдағы қазақтардың бұл босуы қазақтың 4-реткі шұбыруы болды. Біз “Үркін-қорқын” жырын Қытайдағы қазақтардың шет елдерге ақтабан болып шұбырып, босқын болған тарихынан бөліп қарамауымыз керек. Өйткені, біз жырдан „Қытайдағы қазақтардың шет елдерге босуы“ немесе „Шың Шысайдың нәубеті“ деген үлкен маңызды мәселені аңғарамыз. Жыр белгілі қоғам қайраткерлері, әрі саясаттанушы Халифа Алтайдың “Атажұрттан Анадолыға дейін”, “Алтайдан ауған ел” және Хасан Оралтайдың „Елім-айлап өткен өмір“ деген атпен жариялаған өз бастарынан өткізген өткендері жайындағы естелік жазбалары дәл осы жырмен мазмұндас. Жырда да, деректемелерде де бір кездері Шыңжаңды мекендеп, кейін Такламакан шөлін басып, Тибет асып, одан Үндістанға келіп, кейбірі осында қалып,  кейбірі – Пәкістанға, кейбірі – Стамбулға, енді кейбірі  атамекені – Алтайға қайта оралғандығы сөз болады. Демек, Халифа Алтай мен Хасан Оралтайдың деректі шығармаларымен салыстыра отырып, “Үркін-қорқын” жырын нақты тарихи туынды деп қарауымызға әбден болады деген шешімге келдік.

Олай болса, “Үркін-қорқын” жыры сол 1932-жылдардан басталған Жың Шоурын мен Шың Шисайдың зорлық-зомбылығы мен қырғынынан   атамекенін еріксіз тастап  шет елдерге босқын болып, бас сауғалап көш түзеген қазақтардың қайғылы күйі мен зарынан мәлімет беретін маңызы зор тарихи туынды. Жырда Қытай өкіметінің қорлықтарына шыдамай, ашық қарсы шығып, ездік өмірден ерлік өлімді артық көрген Елісхан батырдың ел бастап Алтай топырағынан бір жола ауған қаралы да қасіретті көшінің бастан өткерген қиын-қыспақтары нанымды баяндалады, әрі жыр оқиғасын тарихи құжаттар да растайды. Белгілі ғалым Р.Бердібаев: “Түркиядағы қазақтардың алғашқы тобы сонау қырқыншы жылдардың бас кезінде Қытай билеушілерінің қорлығына шыдамай, бірнеше мемлекеттің шекарасын басып өтіп, орасан шығынға ұшырап, Үндістан жерінде тұйыққа тіреліп, “жер ортасы Көктөбе” деп қайда барарын білмей дағдарып қалған елден құралған. Оларға жәрдем қолын созып, көшіріп әкеп қоныс берген, орналастырған, ес жиып, етек жиюға көмектескен Түрік үкіметінің мұндай қамқорлығын ешқашан да естен шығаруға болмайды” - деп ескертеді.

«Демежан батыр» жыры нұсқаларының өзіндік ерекшеліктері” деп аталатын  ІІ.І тармақшасында Демежан батыр жайындағы жырлардың бес нұсқасы (Қ.Орынбасарұлы, Т.Құсайынұлы, А.Татанайұлы, Ә.Қоңқаұлы, Ә.Әмірұлының нұсқалары) салыстырылып, текстологиялық талдау жасалынады.

Жырдың барлық нұсқаларында оқиға желісінің баяндалуы әрқалай болғанымен, ішкі мазмұны ұқсас. Әр нұсқада оқиғаларды баяндауда өзіндік айырмашылықтары кездесіп отырады, 1-оқиғаның баяндалуында /толық, толық емес/, 2-оқиғаның орын тәртібінде, 3-тіл көркемдігінде.  Жырдың композициялық сюжетінде кездесетін оқиғалар жырдың көп нұсқасында кездеседі. Мысалы жырдағы мына эпизодтар нұсқалардың бәрінде де  ұшырасады.

  Жұмыстың жасалған түйіндер нақтыланып, негізгі нәтижелер көрсетілді. Шет елдегі қазақтардың халық әдебиетін зерттеу, ғылыми айналымға енгізу бүгінгі күн ғылымының басты талаптарының бірі екендігі баса айтылды. Соның ішінде Қытайдағы қазақ фольклорының жиналу, жариялану қарқыны жоғары болғанымен, зерттелу деңгейінің теориялық жағынан әлі де төмен екендігі нақтылай қарастырылды. Сондай-ақ,  Қытайдағы қазақтар арасында кейіннен туған тарихи жырлардың тарихи мәні мен маңызы тарихи деректермен салыстырыла зерттелді. 

Зерттеу нысанындағы жырлардың поэтикалық құрылымы, тұтастану мәселелері, бейнелеу құралдарының ерекшеліктері анықталды.

Қытайдағы қазақтардың арасында кейіннен туған жырлардың қазақ фольклорынан алар орны зор.


ІІ - тарау.«ХХ ғасырда Қытайдан қайтқан қазақтар тарихына орай»

Қазақтардың көші-қоны тарихы – өзектілігін жоймайтын тақырып. ХХ ғасырда көші-қон қазақ ұлтының тағдырында шешуші рөл атқарды: қазақтар ғасыр басында туған жерінен сыртқа үдере көшуге мәжбүр болса, ғасыр соңында тарихи отанына қайта оралу үдерісі орын алды. Ықылым заманнан қоныстанған жерлерінен құнарсыз, шөлейтті жерлерге ығыстырылған қазақтың бір бөлігі XIX ғасырдың соңында-ақ Қытаймен шекаралық соқпақ-асуларды екі жақты көшіп-қону жолдарына айналдырған болатын. Осы жолдар қазақтардың Қытайға қашуының да, елге қайта оралуының куәгерлері болды.

Тарихи әдебиеттерде 1950-1960-жж. репатрианттардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Осыған орай зерттеушілердің пікірі де бөлінеді. Қытай тарихшылары 100 мың десе, орыс тарихшылары 60 мың, американдықтар тіпті 300 мың дейді. Олардың арасындағы айырмашылық екі не он мыңдаған емес, жүз мыңдаған адамдарға жетеді. Біздің қосырымыз ше? Зерттеулер бойынша, 1954-1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қазақстанға оралды. Барлығын қоссақ, репатрианттар саны 268371 адам болып шығады. Реэмигранттардың бірқатары республикадан тыс кетіп, басқа республикаларға да барып орналасты. 1954-1965 жж. ҚХР-нан келген көші-қоншылардың 47569 отбасысының (259398 адам) республиканың 14 облысқа орналастырылғаны және 1849 отбасының (8984 адам) басқа республикаға жiберiлгені туралы мәлімет беретін мұрағат құжаты бар. Сонда 1954-1965 жж. ҚХР-нан Қазақстанға барлығы 259, 4 мың репатриант келіп, орналасты.

Партиялық және үкіметтік органдар репатрианттарды қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету, орналастыру және тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін қатаң қадағалап отырды. Оларды Қазақстан бойынша орналастыруға арналған арнайы қаулылар қабылданып, шаралар көзделді. Репатрианттар, негізінен, еңбек күші қажет, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары көп облыстарға жіберілді. Мұрағат құжаттары, ең алдымен ауыл шаруашылығына қатысты мамандық иелерін қабылдағанын, басқа мамандық иелерін де осы сала  мамандықтары бойынша жұмыспен қамтамасыз еткендігін айтады. Бірақ, көбіне өз мамандықтары бойынша орналастыруға тырысты. Мамандығы бойынша орналаспағанына, үй-тұрмыстық жағдайына, несие алудағы қиыншылықтар мен кедергілерге, медициналық көмекті алудағы қиындықтарға байланысты наразылықтар болды. Тіпті кері Қытайға жіберуді сұраған өтініштер де болды. Керісінше, көмекті алып алып, ұсынған мамандықтар бойынша жұмыс істемегендіктен, енді репатрианттарды қабылдамау қажеттігін негіздеген ұсыныстар да болды.

1980-жж. да қазақстанға қазақтар қайтты. Бұлар, негізінен, еңбек шарты бойынша Монғолиядан келгендер болатын.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге ХХ ғасырдағы қандастарымыздың қайта оралуының жаңа –төртінші кезеңі басталды.

1991 ж. басында әуелі «Қайт қазақ Отаныңа» деген Қазақстан ақын-жазушыларының, жалпы интеллигенциясының үнінде естілген, артынан Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хатында айтылған: «Ата-мекенге келушілерге есік ашық, алдарыңнан жарылқасын»-деген ақ тілек атажұртқа оралудың Ұлы көшіне жол ашты.  Көшті 1991 ж. наурызында «Еңбек шарты» деген айдармен Моңғолиядағы ағайындарымыз бастады. Жалпы алғанда, 1991 ж. бастап 2011 ж. 1 қаңтарына дейінгі кезеңде елге алыс және жақын шетелдерден 210225 отбасы немесе 824170 қазақ көшіп келді деп ресми тіркелді. Оның ішінде Өзбекстаннан – 126790 отбасы (494565 адам), 112-б. ҚХР - нан – 25764 отбасы (85487 адам), Монғолиядан – 22124 отбасы (110856 адам) және т.б.

Жалпы, ХХ ғасырдағы қазақтардың көші-қонының салдарларының бір қырын айтсақ, онда ғасыр басында (1897 ж. санақ бойынша) елдегі Қазақстаннан тыс жерлерде туылғандардың үлесі 8,3% болған болған, 1999 ж. олардың үлесі, славян өкілдері мен немістердің өз отанына көшулеріне қатысты ірі көші-қон ағындарынан кейін 22,9% құрады. Қазақстан халқының 50-60%-дайын сырттан келгендер, соның ішінде ХХ ғ. өн бойында келгендер мен олардың ұрпақтары құрайды. Бүгінде қазақстандықтардың саны — 16 718 мың адам. Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионға жетіп қалды. Қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 млннан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. 1950-жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 млннан асқан болса, Қазақстанға келген отандастарымыздың квотадан тыс өз бетінше келгендермен қосқанда 1 млннан асты де­ген есеп бар. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 млннан астамы қайта оралған қазақтар деп айтуға болады. Бұл Қазақстандағы қазақтардың 19,8%-ы.

Сонымен,  Қытайдағы қазақтардың тарихи отанына қайтуының ХХ ғасырдағы тәжірибесі бұл үдерістің стихиялы түрімен бірге, жоспарлы шараларының да жүргізілгенін көрсетеді.  Этникалық қазақтарды қазақстандық қоғамның  ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат еткен еліміз үшін отандастарымызды тарихи отанына қайтаруды демократиялық, құқықтық және әділдік негізінде жүргізу  мемлекеттік, ұлттық-стратегиялық маңызы басым бағыт болып табылады. Жетістігі мен шешімін күтіп тұрған мәселелері бар бұл үдеріс жалғасын табары сөзсіз.










    1. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі.

Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі – қытай үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Оған дүнгендер, ұйғырлар, қазақтар, т.б. мұсылман халықтары қатысты. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап Шыңжаңда Цинь империясының билігі орнаған еді. Бұл өлкедегі қытайдың жергілікті әкімш. жүйесінің ұзақ жылдар бойғы шектен шыққан қанауына шыдамы таусылған халық 19 ғасырдың 1-ширегінде бас көтере бастады. Қашқарда Зия ад Дин (1815) және қожа Жаїангер (1826 – 27) бастаған ірі халық көтерілістері болды. 1847 – 57 ж. бірнеше халық көтерілістері бой көрсетті. Бірақ бұл көтерілістердің барлығын қытай әскері аяусыз басып отырды. Цинь империясына қарсы бүкіл аймақтық көтеріліс 1864 жылы басталды. Кучар қаласында, Шэньси мен Ганьсу провинцияларында дүнгендер көтерілді. Бұл топқа ұйғырлар келіп қосылды. Көп ұзамай көтерілісшілер қаланы өз қолдарына алып, дүнгендер мен ұйғырлар келісе отырып, Кучардың билігіне Рашид-ад-Дин қожаны отырғызды. Ол билікте Хан қожа деген атпен белгілі болды. Мұсылман көтерілісшілерінің қысымымен 1865 жылға қарай Цинь империясы бүкіл Үрімжі окр-ндегі билігінен айрылды. Көтеріліс Жаркент, Хотан, Тұрфан, т.б. қалаларды шарпып, бүкіл аймаққа тарала бастады. Шыңжаңдағы Цинь билігіне орасан зор қауіп төнді. Көтеріліс жасауға бастамашы болған дүнгендер мен ұйғырларды қазақтар мен қырғыздар да қолдады. Көтерілістің бүкіл аймаққа өршуі нәтижесінде Шыңжаң аумағында Цинь билігінен азат болған дербес бес мұсылман мемлекеті – Кучар, Хотан және Қашқар ұйғыр сұлтандықтары, Жоңғарияда дүнген хандығы және Құлжада Тараншы сұлтандығы құрылды. Біріне-бірі тәуелсіз бұл хандықтар өз аумақтарын кеңейту үшін күрес жүргізді. 1867 жылы ұйғыр сұлтандықтары Бұзрұк қожа басшылығымен біртұтас мұсылман мемлекеті – Жетішаїарға бірікті. Сол жылы Бұзрұк қожаның әскери қолбасшыларының бірі, тегі қоқандық – Мұхаммед Якупбек (Жақыпбек) билікті өз қолына алды. Ол 1870 – 71 жылы Түркиямен, Англиямен тығыз байланыс орнатты. Дүнген хандығын өзіне қаратып алып, Ресейдің шекаралық иеліктеріне қауіп төндіре бастады. Бұл аймақтағы саяси жағдайларды өз мүдделері тұрғысынан шешуде Ресей мен Англияның өзара бәсекелестігі күшейді. 1871 жылы шекаралық аймаққа қауіп төндірді деген сылтаумен Ресей Қазақстанмен шекаралас Тараншы сұлтандығын басып алды. Цинь империясы Орт. Азиядағы стратег. маңызы бар Шыңжаңдағы билікті қалпына келтіру үшін күш салуға кірісті. 1873 – 74 жылы Шэньси, Ганьсу, Нинься провинцияларындағы көтерілістерді талқандады. 1876 жылы Жоңғарияны, Үрімжіні алды. 1877 жылы Қытай әскері Шығыс Түркістандағы Қашқар, Кучар, Хотан, Турфан қалаларына кірді. 1878 жылы орыстардың қолындағы Іледен басқа бүкіл Шыңжаң жерінде Цинь өкіметінің билігі қалпына келтірілді. 1881 жылы Ресеймен жасалған екі жақты келісімдерден кейін Ілені қайтарып алды. Шыңжаңдағы мұсылмандар көтерілісін басқан соң бұл аймақта Қытай өкіметі мықты әрі берік тәртіп орнатып, оны билеп-төстеудің тиімді әдістерін іске асыруға кірісті.




    1. Қытай қазақтарының қоғамдық –саяси орнының қалыптасуы.

Қытайда қазақ қауымының пайда болуы және олардың қоғамдық-саяси орнының қалыптасуы - тарихи құбылыс. "Қытайдағы қазақтар" немесе "Қытай қазақтары" деген ұғым ертеден келе жатқан ұғым емес. Ол - таяу заманның (жаңа тарихи дәуірдің) туындысы, яғни ол - XIX ғасырдың орта шеніндегі тарихи себептердің салдарынан Қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау. Олай болса, "Қытайда қазақ қауымы қашан, қалай қалыптасты?" деген мәселеге тоқталайық.

Дүние жүзіндегі елдердің мемлекеттік шекаралары таяу заманда (жаңа заманда) және қазіргі заманда қалыптасқан. Қытайдың мемлекеттік шекарасы да XIX ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ Қытайдың батыс өңірінің шекара сызығының белгіленуі мен қазақтардың бір бөлігінің Қытайға тәуелді болуы қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды.

Қытайдың Цин патшалығы XVIII ғасырдың орта шенінде Жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап, Таянь-Шань тауы өлкесіне өз билігін орнатуы барысында қазақтармен де дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Бұл кезде Қазақ хандығы қайта түлеу үрдісінде еді. Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, Қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бірақ ол кездегі жағдай оны  іргесін өзіне таяп келген Цин патшалығымен тікелей байланыс жасауға мәжбүр етті. Сөйтіп, Абылай хан Цин патшалығының Іледегі әскери қолбасшыларымен бірқатар барыс-келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, ниетін байқап, бағып, қытайлар "Қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң", Орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Цин патшалығымен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмөмбет те Цин патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ-қытай арасында өзара байланыстар өрістеп, екі жақты экономикалық сауда-саттық істері қанат жайды. Қытай Цин патшалығы 1758 жылы - Үрімжіде, 1760 жылы - Іледе, 1763 жылы Тарбағатайда қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті. Екі жақты экономикалық сауданың айтарлықтай дамуы қазақ-қытай арасындағы саяси-дипломатиялық байланыстьщ да өріс алуына мұрындық болды. Қазақ хандарының елшіліктері шамамен әрбір екі жыл сайын Цин патшалығының ордасына барып, императорға тарту-таралғы ұсынып тұрды. Цин патшалығының императоры озіне сәлем бере қараған қазақ елшілеріне (басқа көрші елдердің делегацияларына да) дән риза болып, мақтанып, өзінің ұлылығын, байлығын көрсету үшін оларға қостап қонақасы беріп, еселеп сыйлық ұсынып, бастарына үкілі (қауырсынды) бөрік кигізіп, қошеметтеп, қорғап-бақылап, өз жерлерінен шығарып салып тұрды. Сонымен қатар Цин патшалығы қазақ хандарының өтініші бойынша олардың хандық лауазымын өзінің жарлық хаттарымен (грамотасымен) бекітіп отырды. Бірақ Цин патшалығы қазақ елінің ішкі-сыртқы істеріне қол сұғып, билік жүргізуге бара қоймады. Керісінше, олар қазақтың хандық жүйесінің мығым болуын қолдады және сол арқылы қазақтарды өз шекарасының сыртындағы қамал-қорғаны етуді кездеді. Ол кезде қазақ ханы Абылай Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтары қазақтардың атамекені, "жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек" деген танымда болды. Абылай хан өзінің Цин патшалығы ордасына алғаш жіберген елшілігі арқылы император Цяньлунның қазақтардың атамекені - Тарбағатайды қазақтарға "жарылқап"  беруін  талап  етті.  Осыған  орай Цин  патшасы қайтарған жауабында: "Абылай, сендер - шалғайда жатқан жат елсіндер... Сенің елшің бізге «Тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салса» деген талабыңды жеткізді. Бұл өңір - жаңа ғана тыныштандырылған, әлі иен жатқан өлке. Патша, әсілі, ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей-ақ елдесіп алдындар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді. ...Егер сендер «Әмірсананы тұтқындап әкеп бер» деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар, онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады", - деп жазған. Міне, бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясы жөніндегі танымын және оны қалпына келтіруге құлшынған дипломатиялық талпынысын байқауға болады.

Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Цин патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң, ол сол жерлерді шаруаларды біртіндеп қоныстандыру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай хан мақсатты түрде Орта жүз бен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Сөйтіп, шығыстағы көне жүртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Цин патшалығының Ертістен Ілеге дейін келденеңдетіп тартқан шекара обаларын ішкерілей қоныстап, мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып, қыстап жүрді. Бірақ Цин патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекаралық қорғаныс әскері көктем шығып, қар кетіп, күн жыли бастағанда қарауылдарды байқауға шығады да, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларын қуып, кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қысқа салым ары қайтқанда қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекараның арғы бетіндегі жайлы жерлерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айларында да сол жақты жайлап қала береді. Осындай тартысты жағдай Цин патшалығы шекаралық қарауыл обаларын орнатқан күннен басталып, жыл өткен сайын күшейе түсті. Цин патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап, кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен, олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Цин патшалығы ордасы шекара қорғаныс шонжары Гүйге түсірген жарлығында: "Дереу әскер жіберіп, Тарбағатайдан кірген қазақ малшыларын қуғындап, шекарадан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері ақайтарып әкетуді айт!" - деп бұйырады. Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтармай, керісінше, Цин патшалығы ордасьшан Ілені қазақтарға қайтарып беруді талап етеді. Соған орай Цин патшалығы ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: "Сенің елшіңнің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы Таңатар руы Барлық тауында, Тарбаторсық көлінде тұрады, Қарқаралы руының ішіндегі Есенгелді, Жолымбет рулары Алтынемел, Қаратал, Көксуда тұрады. Сонымен қоймай, патша жарылқағанның үстіне жарылқай түсіп, «қазақтардың Ілеге барып мал бағуына рұқсат берсе» деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер-ежелден жоңғарлардың жері, патша ол жерлерді қалың қолмен тыныштандырған. ...Қазақтар, сендердің жайылым жерлерің ұланғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ, бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай сияқты жерлерді сұрағаныңда, Абылай, саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің?! Жоңғарлар кезінде ол жерлерді күшпен тартып алғанда, сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар?" деп жазған. Бұл мәліметтер сол кездегі қазақтар мен Цин патшалығы арасында жерге таласу күресі бейбіт көріністе қатаң жүріп жатқандығын аңғартады.

Цин патшалығының алғашқы кезде ездері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай жылжып көшіп отырған. Қар қалың түскен кейбір қатаң қыстарда қазақ шаруалары Цин патшалығының шекара қарауылдарының тұс-тұсынан ары асып барып қыстап, жазда бері қайтып келеді. Кейбір рулар тіпті жазда да сонда жайлап қалып қойып отырады. Олардың бәрін қуғындап қайтарып отыруға Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлерінің шама-шарқы келе бермейді. Бара-бара Цин патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз қарамағындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардан тиісті жер төлемін (салығын) алып, олардың сонда малдарын бағып тұра берулеріне жол береді. Сонымен, Цин патшалығы ордасы қазақтарға: "Малдарың жұтап, жайлы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп, мал бақпақ болсаңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әмбілерге (уәзірлерге) хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек", - дейді. Бұған қазақтар қарсы болмай, олармен келіссөздер жүргізу арқылы жер төлемі үшін әрбір жүз бас малға бір бас малды (жылқыны) Цин патшалығының жергілікті өкімдеріне тапсырып түруға келіседі. Сөйтіп, қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап тұрып, мал бағады, Цин патшалығының шонжарлары олардан жер салығын жинап алып тұрады. Осыған орай Цин патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында "Сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып, еніп келесіңдер. Біздің генерал әмбілеріміздің өтініші бойынша, әсілі, сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кеңпейілдік істеді. Сендердің шекара қарауылымыздың бер жағындағы иен жатқан жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат берген «Жарлығын» жариялады. Мұның бәрі - сендердің бізбен елдескендіктерің үшін патшаның жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар көршілес елдеріңмен де тату тұрып, патшаның мейір-шапағатына мәңгі бөлене беріңдер" делінген. Демек, бүл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп, атамекенге оралуын іс жүзінде Цин патшалығының мойындағандығын байқауға болады. Алайда Цин патшалығы шығысқа беттеген қазақтарды тым ары жібермеу саясатын үстанды.

Патшалық Ресей үкіметінің Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни XIX ғасырдың орта шенінде орыстың отарына айналудан ат-тонын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере кешіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап барып жатты. Олар Қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс-тұсынан ары асып кетіп жатты. Сондай-ақ, олар өздерін кері қайтармақ болған Цин патшалығы әскерлеріне қарумен қарсылық көрсетті. Тіпті, қан төгіп қүрбан болса да, барған жерлерінен   кері   қайтпады.   Сөйтіп,   XVIII   ғасырдың   орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар XIX ғасырдың орта шенінде Цин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті. Патшалық Ресей отаршылдары XIX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен, патшалық Ресей үкіметі мен Қытай Цин патшалығы арасында шекара мәселесі туындап, екі империяның қазақ даласына таласу дау-дамайы басталды. Ақыры олар мемлекеттік шекараларын келіссөз арқылы ақылдаса отырып белгілеуге уағдаласады. Сөйтіп, Қытай Цин патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1861 жылы Қытайдың батыс-солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөзді бастады. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекара шегін белгілеуге коп таласты, Қытай Цин патшалығы үкіметі «ол жерлер - жоңғарлардың жері, ал жоңғарлар - қытайдың пақыры, сондықтан олардың аяқ басқан жерлері Қытайға тән болуы керек» десе, патшалық Ресей үкіметінің окілдері «ол жерлер қазақтардың ежелгі атамекені екендігін» дәлелдеп дауласты. «Біз ақыры бұл өңірлердің қырғыз (қазақ) даласы екендігін тұрақтандырдық, ол өңірлер қырғыздарға тән болуы керек, әсте Цин патшалығына тән жер емес деген тұжырым жасадық», - дейді ресейлік куәгер. Ресей жақ осы негізде және өздерінің әскери күшіне сүйене отырып, Цин патшалығы үкіметінің өкілін бір мәмілеге келтіргендігі шындық. Сонымен, екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Қытайдың Шәуешек қаласында "Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны белгілеу келісіміне" қол қойды. Аталмыш келісім жалпы он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында "Қазір шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңындағы өңірде отырған малшыларға таласпау үшін осы келісімшарт бір-біріне тапсырылған күннен (күшіне енген күннен ) бастап ол адамдар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған болса, сол орындарында мал бағып отыра берулері керек. Олар сол бұрыннан бері отырып келген қоныстарында орныға отырып, бұрынғы шаруашылықтарымен шұғылдана берулері керек. Жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады" деп белгіленген. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі негізгі  шеңбері (линиясы) белгіленді. Сонымен қатар қазақ жерінің Қытайға тиген бөлігіндегі қазақтар  отырған жерімен бірге Қытайдың, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен бірге Ресейдің басқаруында қалды. Демек, 1864 жылғы Қытай-Ресей Шәуешек келісімі іс жүзінде біртұтас қазақ халқының және оның жерінің екі мемлекетке  Қытай мен Ресейге тәуелді болғандығын құжат жүзінде зандастырды. Сөйтіп, шығыстағы атамекеніне оралған қазақтар отырған жерімен бірге Қытайға тәуелді болды. Содан кеййін ғана Цин патшалығы өзінің қарамағындағы қазақтарды шын мәнінде "Қытай азаматы" деп санады. Содан кейінгі жылдарда Цин патшалығы өзінің қазақтарға қатысты құжаттар хаттамасында "Ресей қазақтары" немесе "Ресейге қараған қазақтар" және "Қытайға қараған қазақтар" деп анықтап жазатын болды. Ал егер қайсыбір азамат "істі" бола қалса, ол "істі болған адам" Ресей қазағы болса, онда бұл мәселені дипломатиялық жолдармен Ресей үкіметіне арыздану арқылы шешу қарастырылды. Егер істі адам Қытай қазағы болса, онда оны өздерінің қолданып отырған заңы бойынша жауапқа тартты. Міне, бұл деректер Қытай жеріндегі атамекеніне оралған қазақтардың толығымен Қытай азаматына айналғандығын айғақтайды. Соңдықтан XIX ғасырдың 60-жылдары Қытайда қазақ қауымы, яғни "Қытай қазақтары" деген қоғамдық құбылыс пайда болды деп есептейміз.







































Қорыта келгенде, Қытайдағы қазақтар арасында халық әдебиетінің жанрлық түрлерін тереңдеп зерттеу жұмыстары, соның ішінде тарихи жырлар туралы да арнайы ғылыми зерттеулер жазылмады. Шыңжаңдағы қазақ  фольклорын зерттеп, пікір айтқан әдебиетші, ғалымдар тарихи жырларды бірде батырлық жырлардың құрамында қарастырса, бірде қисса-дастандардың (қисса-зарлар) тобына қосқан. Сөйтіп, тарихи жырды жеке жанр ретінде қарастырмағандықтан, олардың өзіне тән ерекшеліктері ашылмады. Бұл – Шыңжаңдағы қазақ  фольклортану ғылымының ғылыми-теориялық деңгейінің әлі де төмен екендігін байқатады деген қорытындыға келдік.


































Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Қойгелдиев М.Қ. Панасыздарға араша түскендер // Қазақ әдебиеті.  –  1992, мамыр – 22. –  № 21.

2 Қасымбаев Ж. Қытайға кеткен қазақтардың қайта оралуы // Қазақ әдебиеті. - 1992, қазан  30.

3 ҚР ОММ. 797-қ., 1-т., 46-іс, 403-405-пп.

4 ҚР ОММ. 390-қ., 1-т., 6-іс, 171-п.

5 А.И. Құдайбергенова. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж. ) // тарих. ғыл. докт. ... дисс. – Алматы, 2010. – 331 б. (104)

6 А.И. Құдайбергенова. Қазақстандағы көші-қон үдерістерінің тарихи-демографиялық қыры. – Алматы: Елтаным, 2011. – 416 б. (246)

7  Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-1933 гг. Сборник документов и материалов. - Алматы: «Фонд ХХ1 век», 1998. – 263 с.

8  ҚР ОММ. 1179-қ., 1-т., 12-іс, 13-п.

9 ҚР ОММ. 1179-қ. қ., 5- т., 3-іс, 76-п.

10 ҚР ОММ. 5-қ., 16-т., 365-іс, 7-п.

11 Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.

12 Нұрымбетова К.Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы репатриация мәселелері: тарихи талдау. -  Алматы: Нұрайпринтсервис, 2011. - 128 б

13 Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» 2 томдық
















1-қосымша

«Қытайдағы қазақтардың ХІХ- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы туған тарихи жырлары бойынша ұлт азаттық көтерілістері»

жөніндегі жүрдек сауалнама

Жас дос! «Қытайдағы қазақтардың ХІХ- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы туған тарихи жырлары бойынша ұлт азаттық көтерілістері» жөніндегі жүрдек сауалнамадға өз пікіріңізбен бөлісуіңізді сұраймын. Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып, тиімді нұсқасын таңдап, дөңгелектеп белгілеңіз. Аты-жөніңізді жазу міндетті емес. Сіздің пікіріңіз ғылыми мақсаттарға пайдаланылады. Сауалнаманың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарық көреді.

1.Сіздің жасыңыз?

а) 16-18

ә) 19-22

б) 23-25

в) 26-30

2. Қытайдағы қазақтардың ХІХ- ХХ ғасырдағы жырларымен таныссыз ба?

а) білмеймін

ә) білемін

б) естуім бар

3. Қытайдағы қазақ фольклорының жиналу, жариялану қарқыны жоғары болғанымен, зерттелу деңгейі қай жағынан нақтылай қарастырылды?

а) теориялық

ә) эксперименттік

б) ғылыми

4. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісін қандай бағыттағы көтеріліске жатқызамыз?

а) шаруалар көтерілісі

ә) ұлт-азаттық

б) отаршылдық

5.Қытайдағы қазақтардың ұлт-азаттығын, еркіндігін аңсаған батыр?

а) Мыңжани

ә) Ұйымқан

б) Демежан

Өз пікіріңізді жазуыңызды сұраймыз...

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Семей қаласы

47 орта мектеп

6-линия 18 а

24


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі