Қуыршақ театры: "Мақта қызбен мысық" ертегісі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қуыршақ театры: "Мақта қызбен мысық" ертегісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, ертегі кейіпкелерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, шелек,

мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, дүкенші, тауық, тышқан киімдері.

Тәрбиеші: Ал, балалар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін

білесіңдер ме?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші: Ендеше ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап,

сахналаймыз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

-Ерте, ерте, ертеде, Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Мақта қыз үстел үстін

реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз:

- Мияуым менің, қайдасың?

- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

- Келмесең, келмей

ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)

Тәрбиеші: Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз: Мысығым-ау, мысығым, Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де, Бетін жуған пысығым.

Піш - піш десем, келе ғой, Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда піш-піш деп, «Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.

Мысық: Менің атым мысық, Екі көзім қысық. Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп

дейді Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: -Айтпаймын!

Мысық: -Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: - Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

Тәрбиеші: (құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды!

Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр: Менің атым сиыр, Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін, Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!

Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш: Мен жасыл ағашпын, Күтсеңдер гүл ашам,

Жолыңа нұр шашам, Жапырағым азық,

Бұтағым қазық. Саяма сағаларсың, Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар: Су - тіршілік негізі, Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі, Су деп қана білгейсің.

Тәрбиешіі: –деп қыздар әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер, біз саған су береміз.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз беремін.

Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық: Мен ақ тауықпын, Өзім қақсауықпын.

Тәрбиеші: -деп тауық әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып

қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан: Мен тышқанмын, Өзім дән екпеймін. Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән, Қоймам толы дән, Дәнді тастап кетпеймін.

Тәрбиеші: - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

Мысық: Айт, үйіңде не бар?

Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.

Мысық: «Қошақаным» әнін айтып береді. Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып. Бір қошақан алдымнан, Шықты ойнақтап жүгіріп.

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір уыс тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, мысықжұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық

қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді.

Тәрбиеші: Мысық қуанып, қатықты мақта қызға береді.

Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.

Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды, балалар жауап береді.

























































59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақша

Бекітемін:



















Қуыршақ театры

Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық ертегісі





















Тәрбиеші:Кетебаева Г



Ақтау 2018

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2019
2385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі