Маңғыстау облысының білім
басқармасының Жаңаөзен қаласы
бойынша білім бөлімінің
«№17 «Рауан» бөбекжайы »
жедел басқару құқығындағы
МКҚҚ-ның әдіскері
____________Жанжигитова Р.С
«___________» _____________
Педагогикалық кеңес:
Семинар
Тақырыбы: «Қуыршақ терапиясы әдісін қолдану»
![]()
Дайындаған: Байбактыева С.А
2024-2025 оқу жылы

«№17 «Рауан» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі
Байбактиева Светлана Аскаровна
Біліктілігі: педагог-мадератор
Қуыршақ терапиясы әдісін қолдану
Театрландырылған қызмет балаға жақын әрі түсінікті, оның табиғатынан бастау алады, себебі ол ойынмен тікелей байланысты. Баланың кез келген ойына алған нәрсені, қоршаған ортадан алған әсерлерін жанды бейнелерге айналдырғысы және жандандырғысы келеді. Ол бейнеге еніп, кез келген рөлді ойнайды, көрген әрі өзін қызықтырған нәрсеге еліктеуге тырысады, және одан эмоционалды тұрғыдан рақаттанады. Балалар ойынның көмегімен әлемді таниды, үйренеді, өзара қарым-қатынаста болады.
Мақсаты: Қуыршақ театрын көрсете отырып балалардың көңіл күйін көтеру, оларға қуаныш силау. Ми қабаттарының психологиялық тұрғыда жақсы жетіліп дамуына ықпал ету. Қуыршақ театрын көрсете отырып бала бойындағы тығылып жатқан қорқыныш үрейді жою. Балаға қуыршақты сөйлеттіре отырып, саусақ моторикаларын дамыту, тіл мүкістігін жөндеу және өз өзіне сенімді болуға тәрбиелеу. Қуыршақ театры арқылы адамгершілікке, достыққа, адалдыққа жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Н. Д. Кажаспирова атап өткендей, театрландырылған ойын жаңа кейіпкерлермен, оқиғалармен, тарихи сюжеттермен таныстыру арқылы қуаныш сыйлайды. Баланың шығармашылық үдеріске саналы түрде бейімделуі орын алады, ол қатысуға және жасампаздыққа деген ыстық ықыласқа айналады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыншықтары арасында өзінің қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, өз сезімдері мен көңіл күйін түсіну машықтарын дамыту тұрғысынан қуыршақтар айрықша рөл атқарады. Қуыршақ ең көне ойыншықтардың бірі болып саналады. Оның сәбидің өміріндегі рөлі айрықша: бұл ойын барысындағы серіктесің әрі жаныңды түсінетін жақын досың. Балалар қуыршақты өздері істеуге ұялатын нәрселерді істеу үшін немесе айту үшін, немесе айналасындағылар бұрыс қабылдауы мүмкін сезімдерін жеткізу үшін қолдана алады.
Осылайша, баланың әлемі – іс-қимылдар мен қызмет әлемі, ал қуыршақ болса баланы ұялтпай әрі жараламай, қоршаған ортаға енуге мүмкіндік береді. Бүгінде психологияда қуыршақ терапиясы деп аталатын дербес бағыт бар. Бұл әдіс үш негізгі ұғымға негізделеді: «ойын» – «қуыршақ» – «қуыршақ театры».
Түзетушілік әсер етудің негізгі тәсілі ретінде қуыршақ бала мен тәрбиешінің өзара қарым-қатынасының аралық объектісі ретінде қолданылады. Бала қолына қуыршақты кию арқылы оған өз сезімдерін жеткізеді, өзінің қиындықтары мен қорқыныштарын ұмытады, өзінің жасырын қорларын ашады. Қазіргі кезде қуыршақ терапиясының нақты анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар оны арт-терапияға (Г. Денисова, Л. Лебедева, А. Осипова), ойын терапиясына (А. Тащева, С. Гриднева) жатқызады немесе жекелей бөледі.
И. Я. Медведеваның анықтамасымен келіскеніміз жөн болады: «Қуыршақ терапиясы – қуыршақтар арқылы орындалатын әртүрлі театралдық тәсілдердің (арнайы таңдалған жаттығулар, жағдаяттар, этюдтер, ойындар, спектакльдер) көмегімен адамдарға кешенді әсер ету. Театрландырылған ойындар және қуыршақтармен сахналау, қуыршақ жасау шығармашылық және танымдық қабілеттіліктерді, алған білімін жаңа өмірлік жағдайға өз бетімен ауыстыру қабілетін, әртісшілдігін дамытады, өзін өзі танытады, өзіне деген сенімді, өзіндік бағасын арттырады».
Қуыршақ түрлері және олардың сипаттамасы:
Қуыршақ-марионеткалар Басы мен қолдары тігілген көйлегі бар. Оны басқару оңай: бір жібі басын басқаруға, басқасы қолдарын басқаруға қызмет етеді. Қуыршақтың бір немесе ауысып тұратын бет-әлпеті болуы мүмкін, бұл баланың әртүрлі эмоцияларды жеткізуіне мүмкіндік береді, кейде бет-әлпеті болмауы да мүмкін, бұл баланың кейіпкердің көңіл күйіне қатысты қиялдауына мүмкіндік береді. Қуыршақ-марионеткамен жұмыс қолдың жұқа моторикасын және жалпы қимылдар үйлесімділігін жетілдіруге, бала қандай да бір себептерге байланысты көрсете алатын немесе көрсете алмайтын эмоцияларды, сезімдерді, жай-күйді көрсетуге мүмкіндік береді.
Саусақ қуыршақтары Кез келген материалдан жасауға болады: картоннан, матадан, жіптен, пинг-понгтың шариктерінен. Қуыршақтың көлемі баланың саусағына тура келуі тиіс.
Көлеңке қуыршақтары Қара картоннан немесе қағаздан жасалады. Мұндай қуыршақтар көбіне балалардың қорқынышымен жұмыс істеуге, қатты алаң- даушылығын түзетуде қолданылады. Қорқыныштың нақты немесе абстрактілі бейнесіне жіп немесе таяқша бекітіледі, бұл оны экранда жүргізуге мүмкіндік береді. Бала көлеңке театрында қуыршақпен ойнау арқылы өз мәселесін шешу тәжірибесін жинақтайды.
Жіптен жасалған қуыршақтар Балалардың қарым-қатынас барысындағы қиындықтарын шешуде тиімді. Қуыршақтың бойы баланың бойымен бірдей болуы мүмкін. Оны дайындау өте оңай: жіптен (арқаннан) қуыршақтың сұлбасы жасалады, қуыршақтың басындағы ілмек баланың жейдесіне түймеленеді, ал баланың саусағы қуыршақтың алақанындағы ілмекке ілінеді. Осылайша, бала өзінің қимылдарымен бірге қуыршақтың қимылын имитациялайды.
Жазықтық қуыршақтары (түрткіштер) Бір жазықтықта жылжитындықтан осындай атауға ие болды. Жазықтық қуыршақтары қатты картоннан немесе жұқа фанерадан қиылған қуыршақтың үлгісін білдіреді. Әдеттегідей, қуыршақтың қолдары топсамен немесе түймешіктермен бекітіледі және еркін қозғалады. Мұндай қуыршақтардың бет-әлпеті ауыспалы болады, олар әртүрлі эмоционалды жай-күйге сәйкес келеді. Әдетте олар қарым-қатынас барысында қиындықтары бар, «Мен» бейнесі бұзылған балалармен жұмыс барысында қолданылады
Қолғапты қуыршақтар Қуыршақтың негізі- денесі қолғаптар болып табылады. Мұндай қуыршақтар әдетте балалар қуыршақ театрларында, әртүрлі сахналауларда, ертегілерді бейнелеуде қолданылады
Қуыршақтардың көмегімен «ертегі терапиясы»
Бұл кезеңде қуыршақ театрын, шағын спектакльдердің қойылымы, оларды сахналау, ойын-драмаландырулар, жасалған қуыршақтардың көмегімен сюжеттік тапсырмаларды орындау секілді тәсілдер мен әдістерді қолдану орынды болып табылады. Осылайша, қуыршақ терапиясы әдісін шебер қолдана білу балалардың әртүрлі машықтары мен дағдыларын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбие жұмысының аса маңызды міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Олар мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеуін дамытуға септігін тигізеді, сөздік қорын барынша толықтырады, тілін барынша эмоционалды әрі мәнерлі етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қуыршақ терапиясы

шағым қалдыра аласыз