Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Қыз - еркем, қылығымен көркем!
«Қыз - еркем, қылығымен - көркем!» Қыз сыны сайысы
Тақырыбы: «Қыз - еркем, қылығымен -
көркем! ».
Білімділік: Қыз балалардың жан
дүниесіндегі көркемдік талғамын
қалыптастыру.
Дамытушылық:
Балалардың танымдық және
шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін
дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі
ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа
тәрбиелеу.
Мұғалім
сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
аяулы ата – аналар, көрікті қыздар.
Көктемнің алғашқы 8 - наурыз
мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
деп жырлағандай бүгінгі 2 «Б» сынып
оқушыларының «Қыз - еркем, қылығымен -
көркем !» атты қыз сыны сайысына қош
келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға
қошеметпен шақырайық.
Ер балалар қыздарды ортаға алып шығады. Қоржыннан реттік нөмірлерін
алады.
Мұғалім
сөзі:
Өнерпаздар өнерін
салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
(әділқазы алқаларымен таныстыру).
Сайыс 6 - кезеңнен
тұрады.
1
кезең. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде
аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұл кезеңде аруларымыздың
көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға
түседі.
2
кезең «Өнерлі өрге
жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз
өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б.
өнерлерін көрсетуге болады.)
3.
кезең «Қыз еркем, кестесімен
көркем » бұл кезеңде әр аруымыз өзінің
қолынан келетін ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны
туралы әңгімелейді .
4.
кезең «Қыздарға әсемдік
жарасады» Сән үлгісін
көрсету.
5. кезең «Дәм -
думан». Бұл бөлімде дайындап алып
келген тағамды қалай жасағанын айтып
қорғау.
6 кезең «Алғыр болсаң, тауып көр» (сұрақ – жауап )
Өнер қуып арулар өтер
дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
І
. Сайысымыздың алғашқы кезеңі
таныстыруға кезек берейік.
ІІ. «Өнерлі өрге
жүзеді»
Арулар өз өнерлерін
көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының- деп сайыскерлердің өнерін
тамашалауға шақырамыз.
ІІІ.
«Қыз еркем, кестесімен
көркем »
Шеберлерім өнер танып қолынан
Жаңылмаған ата – баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан . Бұл кезеңде әр аруымыз өзінің қолынан келетін ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді .
ІҮ. «Қыздарға әсемдік жарасады» демекші арулар Сәндік киім үлгісін көрсету бойынша сынға түседі .
Ү. Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше «Дәм - думан» кезеңінде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғайды.
ҮІ. «Алғыр болсаң, тауып көр» демекші, сайсымыздың келесі кезеңінде аруларымыздың салт – дәстүрге байланысты білімін сынайық.
(Сұрақ - жауап)
Ән: Ана туралы
жыр
Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың биін
тамашалайық.
Би: «Үнді» Бекболатқызы
Ақбота
«Қыз - еркем, қылығымен -
көркем ! »тақырыбында ұйымдастырылған
сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді
әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға
ұсыну.
Кері
қайтуw.
Қыз сыны
Жарияланды 19-02-2013, 21:24 Категориясы: Бастауыш сынып
«Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2010
байқауының жүру барысы.
1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем
гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге
келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын
жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей
отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған
«Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2010 байқауын тамашалауға
шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
1 - жүргізуші
Бүгін той құрметтейтін әлем халқы
Аналар күнін – елдің салты
Көк байрақ төбемізде тұр желбіреп
Шарықтап еркіндіктің өскен нарқын.
2 - жүргізуші:
Ана деген бұл өмірдің мәні ғой,
Ана деген бұл өмірдің сәні ғой
Ән жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - жүргізуші
Ана біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана біздің солмас мәңгі гүліміз.
Анамызды аялай біз білейік,
Ана біздің жазып бітпес жырымыз.
2 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
1 - жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
1 - жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән:-------------------------------
Орындайтын: ---------------------------
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты
Қыз сыны 2010 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың
мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан
даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының
табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 - жүргізуші:
1 - Тіл байланып қалатындай көргенде,
2 - Сұлулықты соған ғана берген бе!
3 - Кімде болса бас иеді мойындап,
4 - Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға
қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға
шақырайық.
1 - жүргізуші:
1 - № 1 аруымыз----
№ 2 аруымыз-----
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер
қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы....
2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары
бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде
аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл
көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз
өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін
көрсетуге рұқсат етіледі)
ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз
үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат,
картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.
ІV бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы
сұрақтарға жауап береді.
V бөлім: «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз
қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке
жабыстырады.
VI «Сән үлгісі»- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға
сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән
үлгісіне ерекше мән беріледі.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын мейрамы аналардың
Қуанышын көрсінші балалардың
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен әндері жырланатын - деп аналар сіздерге арнап ән
жолдаймыз.
Ән: Бір тілек
Орындайтын: Искакова Алмагүл
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші
бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына
рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
№ 1 аруымыз ----------- Қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші:
№ 2 аруымыз -----------
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән
жолдаймыз.
Ән: Ана
Орындайтын: Слямжанова Гүлдерай
Қазылар алқасынан І бөлімнің бағасын сұраймыз
2 - жүргізуші
ІІ бөлім:»Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін
тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз: -------
2 - жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би
тамашалаңыздар Қарсыалыңыздар Ахметшарипова Мейрамгүл «Өзбек
биі»
1 - жүргізуші
Қазылар алқасының ІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
ІІІ бөлім « Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар
алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы ІІІ бөлімнің бағасын шығарғанша оқушы қыздарымыздың
биін тамашалаймыз.
Қазақ биі
Орындайтын 4 - сынып қыздары
Қазылар алқасынан ІІІ бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші
IV бөлім «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы
сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Қазылар алқасы IV бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән
жолдаймыз
Ән: Көктем келді
Орындайтындар: Қайырханов Қуаныш, Қасымов Мерхат
Қазылар алқасынан IV бөлімнің бағасын сұраймыз.
2 - жүргізуші
V бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға
сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш
үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге
аруларымызды ортаға шақырамыз
№ 1 аруымыз. Кариева Гүлшират Талғатқызы.
2 - жүргізуші:
Қазылар алқасы V бөлімнің бағасын шығарғанша би тамашалаймыз.
Үнді биі
Орындайтын: Искакова Алмагүл
Қазылар алқасынан V бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуш
VI бөлім «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып
бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі,
икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға
шақырамыз.
№ 1 аруымыз. Кариева Гүлшират Талғатқызы.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір
әсем ән жолдаймыз
Ән: ---------
Орындайтын: -------
Қазылар алқасынан VI бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға
мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:-------
Орындайтын:----------
2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының
қорытындысын тыңдайық.
1 - жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2010» байқауы
өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз
шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді
аяқтаймыз.
Материал рейтингісі:
Мақсаты: Қыз балалардың жан
дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз
тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа,
ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі „Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1-жүргізуші. Альфия қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
Салтанат қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
Сандуғаш қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
Ақша бетті Далила
Ұқсайды хор қызына
Несібелі үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
Гауһардай қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін- өзі таныстыру.
2. Сұрақ-жауап.
3. Өнер.
4. Ас мәзірін даярлау.
5.Шығармашылық қолөнер сайысы
2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап)
2-жүргізуші. Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)
1-жүргізуші.
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.
Ендеше, төртінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.
2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-
Шығармашылық қолөнер сайысы.
1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.
Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік сайт sabaqtar.kz » Сценарилер » «Қыз- ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының сценариі
«ҚЫЗ- ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫНЫҢ СЦЕНАРИІ
-
Жариялады: admin
-
|
-
Пікірлер: 0
-
|
-
Оқылды: 5853
-
-
-
Маңғыстау
облысы,
Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік
мекемесі
I – санатты мұғалімі Гүлназ
Әжібаева
«Қыз- ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауының
сценариі
1-жүргізуші: Алтынбек
2-жүргізуші: Орынбек
1-жүргізуші. Кеш жарық, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер
күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің
біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын
көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса
керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге –
аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық
құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз
2-жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымызда «Қыз –ұлт болашағы» деп
тегін атаған жоқпыз. Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен
ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру
–басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз
білімдерін көтереді деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Орынбек,ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың
бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында
байқайтын боламыз.
Туған жер азаматтың мекені екен,
«Лицей аруына» бас бәйгеге
Кімдердің бағы жанып жетеді екен?
Намысты бермеу үшін қолдан өзі
Мінеки, Арулар да сынға түседі екен.....
Сіздерге сәлем беріп көрінуге,Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші
аруларымызды қошеметпен
шақырайық..
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға,
ортаға қатар-қатар келіп тұра бастайды. Осы кезде «Қыз сыны» әнінің
әуені ойналып тұрады. )
2-жүргізуші: Бірінші ару- ақша маңдай, үлкен-кіші мақтағандай,
1-жүргізуші: Екінші ару- өз әлінше, жақсыларды жақтағандай,
2-жүргізуші: Үшінші ару- достарын сары алтындай сақтағандай,
1-жүргізуші: Төртінші ару- көңілді, сыны жоқ, оқуын да
даттағандай,
2-жүргізуші: Бесінші ару- ажарлы, ақша бетті ұқсаған жұмақтағы хор
қызына,
1-жүргізуші: Алтыншы ару –келеді, еркін басып, шекесіне үкі
таққан.
2-жүргізуші: Ендеше аруларға сәттілік тілей отырып, жеребе
тартқызайық. Қанекей келіңіздер, мархабат, мына қоржынан өз
нөмерлеріңізді алыңыздар.
( Осы кезде жүргізуші қоржынды сайыскерлерге ұсынады. Қоржын
ішіндегі асықта нөмірлері болады,сол бойынша жауап береді. Нөмірі
бар эмблема кеуделеріне тағылады.)
1-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар. Сайысымыздың әділ бағасын
беретін қазылармен таныстырып өтсек. Әр сайыс 10 ұпаймен
бағаланады. ( қазылар алқасын таныстыру не болмаса
тағайындау)
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып
өтсек.
Сайыс кезеңдері: 1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға
жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. «Халқын сүйген-салтын сүйер» үй тапсырмасы 3-4 мин.
5. «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау. 3 мин
6. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.
1-жүргізуші: Орынбек аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен
қазақтың қызымын»
2-жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық.. Алдарыңызда ---- нөмірлі
аруымызды қарсы алайық.
( арулар өздерін таныстырады)
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға
шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржын ішінен асық
алады, асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап
берулеріңіз керек.
( сайыскрлер кезек-кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген
сахнадан кетіп, келесі кезеңге
дайындаладі)
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тағыда аналар, қыздар
мерекесі құтты болсын! Ал, кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге
жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.
2-жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...
Күміс көмей аруларға, кімдер басын
имеген.
«өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.
Сахнаға нөмірлі аруымызды шақырайық өнерімен.
( сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын
көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал
бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте
білеміз бе?» кезеңінде аруларымыз өздеріне берілген уақыт ішінде
кез келген тағам түрін дайындайды.
2-жүргізуші: Алтынбек, аруларымыз тағам дайындағанмен қатар
таныстырып қорғау керек емес пе? Ендеше іске сәт, арулар!
1-жүргізуші: Арусыңдар таудай биік талабың,
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу қыздар үшін қиын шаруа болыппа?
Музыка. ( сайыскерлер қатар тұрып берілген уақыт ішінде тамақ
дайындайды)
1-жүргізуші: Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік
2-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік
жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге
шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру.
Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
( «Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға
шығады)
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың
қорытындысын шығарғанша оқушылардың дайындаған муз. қойылымдарын
тамашалайық..
( қазылар алқасы қорытындысын айтады)
Марапаттау кезеңі.
«Лицей Аруы»-2012 жыл
«Инабатты Ару»
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»
1-жүргізуші: Ару қыздар, ай көрік, қылығы-күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры
1-жүргізуші: Ф.Оңғарсынованың осынау нәзік жандарға арнаған
өлеңімен бүгінгі «Қыз –ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауын
аяқтаймыз. Мереке құтты болсын.
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
1. Енші деген не?
2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
3. Байғазы деген не?
4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
5. Ерулік деген не?
6. Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
7. Көрімдік деген не?
8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
9. Бастаңғы деген не?
10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала -арлы бала.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин
11. Сыбаға деген не?
12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....
Сұрақтардың жауабы.
1. Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата-анасы оған
дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп
атайды)
Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар..... (шеше көрген тон
пішер)
2. Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін (
мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай
сыйлық.)
Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....( қыздың ұяты шешеге)
3. Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол
жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)
Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе..... ( Ұшқанда соны
іледі)
4. Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына,
күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін,
ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)
Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер..... (Ауылдың сәнін қыз
келтірер.)
5. Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл
жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары
жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын-сауық құрады)
Мақалды жалғастыр. Әдепті бала -арлы бала..... ( Әдепсіз бала
–сорлы бала)
6. Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына
арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен
ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті
сақталады.)
Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....( адамның баласы
бол)
Ару қыздар байқауы (8 наурыз
сценарий)
Жарияланды 29-11-2012, 22:16 Категориясы: Сценарий
БҚО,
Шыңғырлау ауданы
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Математика және информатика пәні мұғалімі
Жекенова Акмарал
Канатбаевна
Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық,
ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік,
сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің
ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын
ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар!
Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер
мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде
ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де
әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару
қыздар – 2012» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар
алқасымен таныс болыңыздар.
1. Тайпақова С.М. – мектеп директоры
2. Айтжанова З.Е. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қалмағамбетов А.Е. – кәсіподақ комитетінің төрағасы
4. Табимбаева М.И. – технология пәні мұғалімі
5. Байқатов А.М. – бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.
Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап,
өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін
көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі
«Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің
мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі
1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне
тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі
сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан
2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты
сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп,
көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша
әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын
жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан
сөздер.
3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс,
ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік,
қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге
бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған.
Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс
таңдауына зор ықпалы болған.
5.«Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6
жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді
(үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою
ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім
тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен
тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан
есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай
тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя
алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық
жағынан отау тігуге даярлай бастаған.
7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне
үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа
тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан
сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін
айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне,
эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі
қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің
толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас
қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген
көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін
көрсетсе
Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін
көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка
ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға
түседі.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы
озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1
минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен
бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
1-ші арудың сұрақтары.
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
5. Қазақстанның бұлбұл әншісі атағына ие болған әнші анамыз? (Б.
Төлегенова).
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
7. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9.Қошақанның анасы? (қой).
10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.
2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қазақстанның әйгілі ақыны, әрі жерлес анамыз?
(А.Бақтыгереева).
6. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
8. Әнші Мадина … (Ералиева)
9. Тай, құлынның анасы? (Бие).
10. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
3-ші арудың сұрақтары.
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
6. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
8. Әнші Нағима… (Есқалиева)
9. Ботаның анасы? (түйе).
10. Бала туралы бір мақал айтыңыз.
4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік,
сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш,
белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш,
төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. «Мен қазақпын» поэмасының авторы (Ж.Молдағалиев)
8. Әнші Тамара… (Асар)
9.Ешкінің төлі ? (лақ).
10. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май,
сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент,
малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)
8. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)
9. Қобыландының жары ( Құртқа)
10. Ең зор байлық (денсаулық)
6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Жиреншенің әйелі (Қарашаш)
5. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
6. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ,
тұс киіз, кілем)
7. Жарға тұтылатын зат (кілем)
8. Жылқыда не жоқ (өт).
9. Әнші Роза … ( Рымбаева)
10. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)
6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды
анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге
берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Жолдығулов Сырым
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.
VII Қорытынды:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай
тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың
айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле
отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере
білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз
апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз.
Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан
салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы
боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет
айтамыз. Мерекелеріңіз құтты
болсын!

Ару қыздар байқауы (8
наурыз сценарий)