Тақырыбы: «Қыз –өмірдің
гүлі»
Мақсаты: Қазақстанның еңбек сіңірген
мәдениет қайраткері, айтыскер ақын, «Жайықтың шолпан жұлдызы»
атанған Ш.Қыдырниязованың тәрбие сағаттары туралы оқушылардың
таным, білім, көкжиегін кеңейту, өлең мазмұнын ұғындыру, қыз
балаларға адамгершілік, адалдық, іс – қимыл, жүріс – тұрыс дағдысы,
қыз болмысы, сымбаты туралы жан – жақты мағлұмат беру арқылы қыз
балалардың бойына рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық,
тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді
дамыту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,
таныстырылым.
Барысы
І.
Ширату
Балалар ортаға шығып
дөңгеленіп тұрады.
-
Өскенде кім
боламын?
-
Сол мақсатыма жету үшін не
істеуім керек?
Топқа бөліну үшін қима
қағаздар таратылады. Қағаздардың артында өлең жолдары мен қыз
балаларға қатысты мақалдар жазылған.
Өте жақсы!
Отлично! Very
good!
«Біле жүр»
айдары.
Бейнероликтен http://
youtu.be/izmfgk4k-py «Тіл - алтын тамыр» (Шолпан Қыдырниязова)
үзінді көру.
Шолпан Қыдырниязова
– айтыс ақыны. Он жеті жасында «Облыс ақыны» атағын алған.
Шолпан Батырқызы 51 рет айтысқа қатысып, соның 29-ында 1-орын
иеленген. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында
дүниеге келген. Әкесі Батыр ақын, журналист. Анасы Бибібатима сөзге
ұста, эпостық жырларды жатқа айтатын өнерлі жан
болған.
-
Шолпан Қыдырниязова деген
кім?
-
Қай өңірде дүниеге
келген?
-
Қанша рет айтысқа
қатысқан?
-
Қанша рет бірінші орынға ие
болған?
-
Әкесінің аты
кім?
-
Анасының аты
кім?
-
Сендердің мақсаттарын сияқты
бүгінгі сабағымыздың мақсаты бар. Мақсаты: адамгершілік, адалдық, іс –
қимыл, жүріс – тұрыс дағдысы, қыз болмысы, сымбаты туралы жан –
жақты мағлұмат алу.
Бастарына ақ қағаз қойып гүлдің суретін
салады.
-
Біз ненің суретін
салдық?
-
Қалай
салдық?
-
Сурет жақсы шығу үшін қалай салған
дұрыс?
-
Әдемірек болу үшін не істеу
керек?
-
Гүлді қызға теңеуге болады
ма?
-
Соның ішінде қыз баланы бізқызғалдақ гүліне
теңейміз я. Қазақстан балалар, қызғалдақ отаны. Сондықтан ол Ұлы
даланың жеті қырына
еңгізілген.
-
Қыз бала адамгершілігі мол, жүріс – тұрысы
дұрыс, сымбатты болып өсуі үшін не қажет деп
ойлайсыздар?
Жүргізуші:1. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі
– тәрбие. Ата - ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет -
ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін
сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала
тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап
ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны
мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл
бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз
бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала
анаға бір табан жақын ғой.
Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ
келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге
қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны
ашу қасиеттері басымырақ
сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының
бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй
сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай
құю, кесте тігу, т. б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі
өз міндеттеріне алған.
Тосын
сый
Видеоподкасттан Бақтылы әжені сөйлегенін
қөрсету. Бақтылы әже «Қызға қырық үйден тыйым» кейбіреулеріне
тоқталып кетеді.
Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым»
деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға
тыйым.
Бұраңдап қылымсуға
тыйым
Тамақты обырлана асауға
тыйым
Ұрлық – қарлыққа
тыйым
Салт – дәстүрден аттауға
тыйым.
Ұрыс – керіске
тыйым.
Жарыса сөйлеуге
тыйым
Кісіге қарай керіліп
есінеуге.
Талтайып
отыруға.
Әдепсіз сөзге
тыйым.
Өтірік,
өсекке.
Алдап – арбауға
тыйым.
Мұғалім:
Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді:
нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты,
әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ
ниеттілікті, ақкөңіл
қасиеттерді.
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай
жетіге бөлген:
Әдемі
қыз баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның
жөнін біледі.
Көрікті
қыз істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын,
бірден көзге түсе
қоймайтын.
Шырайлы
қыз көз жанары өткір, бет - әлпеті бал – бұл
жанған, тәні шымыр.
Сұлу
қыз сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті
сүймейтін, болмашыға пісіп – күймейтін,
келбетті.
Ару
қыз бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі
сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең
ойлы.
Ажарлы
қыз дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты,
ісі тиянақты.
Әсем
қыз жүзі жылы, өзі ұяң, тәні
нәзік.
Зухра:
Қыз сұлу көрінеді
шашыменен
Ай қабақ, қиған қара
қасыменен
Қыз сұлу көрінеді толған
айдай
Он бес пен он сегізде
жасыменен.
Айшабибі:
Қыз сұлу көрінеді
өрнегімен
Тізіліп сөз маржанын
тергенімен
Майысып бұратылып майда
басып
Жаныңа наз қылықпен
келгенімен.
Нақыл
сөздер
Айшабибі:«Қызы үшін қысылмаған әке
бақытты, қызы үшін алғыс алған ана
бақытты».
Темірлан: «Ерке қыз етегімен ойнайды,
есті қыз ертеңін ойлайды».
Зухра: «Оясыз қыз ойнақ сүйеді, оялы
қыз оймақ сүйеді».
Радмир: «Шашын тарамайтын қыз, үйге
қарамайтын қыз».
Әли:«Анасын сыйламаған қыз, атасын
сыйламайды».
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін
әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға
көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай - ақ қыз баланың
ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер,
білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі
сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей»,
«Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі»,
«Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.
б.
Көп нүктенің орнына керекті
сөздерді орналастыр.
«Қасиет
әкеде, қадір
анада, бақыт
балада, сапа
санада, дәріс
данада, ұлағат
ұстазда, тәртіп
тәрбиеде, бап
бауырда, демеу
доста, көмек
көршіде, құрмет
құдада,
мықтылық мақсатта,
құлшыныс қуатта,
орнықтылық ойда, жігер
желкеде, екпін
еңбекте. Осыны ұғынып бағалаған жан
өзін де, өзгені де бақытты қылады.
Ойланайық»
Ән: «Қыз бала гүл» орындайтын
Бисембай Зухра.
Қыздарға арналған ұлдардың
назы бар соған құлақ түрейік.
(Ұлдар Ә. Нұршайықовтың
«Автопортрет» еңбегіндегі «Қыздарға кеңес» ақыл –нақыл сөздерін
айтып шығады.
Темірлан: Әдемі болыңдар, әсем болыңдар,
сонымен бірге ақылды болыңдар!
Радмир: Сұлу болыңдар, сымбатты
болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар!
Санжар: Инабатты болыңдар, ілтипатты
болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар!
Әли: Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ
болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Қорытынды.
Бабаларым қыздарды
қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген — деп бүгінгі тәрбие сағатымызда
қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі,
ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі
баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне,
бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне,
қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге
септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым «қазақ қызы» деген
қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі
қырдың қызғалдағындай жайнап өсе
беріңдер.
Қыздың қабағы күлімдесе –
құт келеді.
Ақылды қыз білімге
жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге
ілігер.
.
Ұшағым бар
ойыншық,
Ұщырмасам
ұшпайды.
Айналам деп
аспанды,
Шаршағанға
ұқсайды.
Біз кішкентай
балдырған,
Сескенбейміз
жаңбырдан.
Төбемізде қол
шатыр,
Алдымызда жол
жатыр.
Кішкентай үлкен
емес,
Бір, екі, үш, төрт,
бес.
Кішкентайы
секірді,
Үлкен бала
жүгірді.