400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыз – елдің көркі, ердің намысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қыз – елдің көркі, ердің намысы" тақырыбына эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыз – елдің көркі, ердің намысы

Қыз баланы тәрбиелей отырып ұлттың болашағын тәрбиелейміз. Қыз анасының бойындағы асыл қасиеттерді өзіне алып, өзінің ұрпағының бойына сіңіреді. Өмір заңдылығы осы. Әлемді өзінің риясыз махаббатымен тәрбиелейтін ұланасыр күш.

Қыз ата-анасының ар-намысы, абыройы. Қашанда қыздың намысы бірінші кезекте. Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қараған. Оның ақылды да білімді, инабатты да ибалы, мейірімді әрі жанашыр болып өсуіне зор мән берілген. Қыз ортаның гүлі, сәулесі деседе болады. Қыз бар жерде жаман сөздер мен жаман әрекеттер тиылып, орта нұрлана түседі. Бұл қызға деген құрмет әрі сый.

Қыз – сұлулық пен адалдықтың символы. Қыздың көркі- бұрымы, демекші, дана халқымыз бұрымды сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», –  деп жырға қосқан. Одан қалса, данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киесі бар» - деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған. Қазіргі кезде қыздар арасында "Бұрымды қыз" байқаулары жиі өткізіледі. Осы байқаулар арқылы қыздың салт- дәстүрге деген, қазақилыққа деген құрметін, көрсетеді. Сол арқылы қазақтың әшекей-бұйымдарын насихаттауға болады. Сондықтанда әр қыз баласы бұрымына аса мән берілгені дұрыс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
14.06.2023
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі