«БЕКІТЕМІН»
«Каспий» жоғары педагогика
және салалық технологиялар
колледжі директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
__________Әмірбекова Г.С
«____»____________ 2024 ж.
КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Қыз бала – отбасының шырайы»
Өткізген: Амантұрлы Ж.О.
2ИББ-23 б/б тобы
2024-2025 оқу жылдары
Тақырыбы: «Қыз бала – отбасының шырайы»
Апта дәйексөзі: Еңбек – жайғана қызмет емес, адам болмысын ыңайнасы.(Абай)
Тәрбие сағаттың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Студенттердің инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық мақсаты: Студенттердің мұсылман діні туралы адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты: Студенттердің халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Халқымыз бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, өзінің салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпы арқылы мол өнеге бере білген.
Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындай-тын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айнала-сындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатты-лықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.
«Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ» деп, халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кеңпейілдігі, көпшіл-дігі, дос көңілдігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу - кісілік борыш. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірім-ділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасын-дағы адамдардың бір - біріне деген мейір - шапағат - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз ер азаматтарын мейірімді болса екен деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баураған. «Көпті жамандаған көмусіз қалады» деп халқымыз мейірлі болу - өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды. « Үлкен адамның сөзін тыңдай біл» деп өсиет айтқан ата – бабамыз мейірімділік негізі – сыйласым екенін дәл көрсетеді.
Ендігі кезек студенттерге беріледі. Бата, тілек және батаның түрлеріне тоқталамыз.
1 студент - Жеткербай:
Сабақты біз «Ақ бата» деп атадық,
Үлкендерден жүрейік деп бата алып.
Ақ батамыз бастайды екен ақ жолға,
Шалыс басып кетпесін деп шатасып.
Имандылық жарасады ұл - қызға,
Ал, батамыз бастайды екен шың - құзға.
Инабатты, ұмытпасқа ізетті,
Айналамыз біз адами жұлдызға.
- Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбие-ге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздары-мызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады - деген Қазыбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірле-рін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады.
Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»
Ұлдарға сұрақ:
1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті) 2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)
3. Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)
2. Ұлдарға арнап мақал айт (Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар
3. Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)
4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп ойлаймын)
5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгер-шілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.
Хаттама_____
Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі
Уақыты: 16.09.2024.
Отырыс: 507 каб.
Тобы: 2ИББ-23 б/б
Барлығы: 25 студент
Қатысқандар: 23 студент
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топ кураторы сөз алып, «Қыз бала – отбасының шырайы» тақырыбында өткен тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті. Бүгінгі тәрбие сағатта имандылық, қыз бала мен ер балаларға жат қылықтарды атадық, студенттердің тақпақтарын тыңдадық. Студенттердің имандылық түсініктері кеңейе түсіп, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа тәрбиеленгенін айтып, алдағы уақытта осындай шараларды бұданда жоғары деңгейде өткізу керек екендіктері айтылды.
Шешім:
-
«Қыз бала – отбасының шырайы» тақырыбында өткен тәрбие сағаты «жақсы» деп бағалансын.
-
2-мәселе бойынша студенттерді іс – шараларға, түрлі байқауларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын шыңдау, топтағы студенттердің сабаққа қатысуын және форма сақтау керектігі айтылды.
-
Осы айтылған мәселелер орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Ж.Амантұрлы
Жиналыс хатшысы: М.Козденова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қыз бала - отбасының шырайы

шағым қалдыра аласыз