Түркістан облысы
Шардара ауданы
«Қоссейіт жалпы білім беретін мектеп» КММ
БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ:
ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Дайындаған: Абдирова Дина Байзаққызы
БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Пәнаралық байланыс негізінде еңбекке оқыту процесін ұйымдастыру
ІІІ. Қыз балаларды ұлттық құндылықтарымыз арқылы тәрбиелеу
ІҮ. Қорытынды
К І Р І С П Е
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Жаңа ғасыр білім саласындағы қызметкерлер үшін, яғни мұғалімдер қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болуы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мектеп оқушылары бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған.
«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деп Әл-Фараби айтқандай, оқушыларға рухани тәрбие беруде, көркем еңбек пәнінің алатын орны ерекше.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ЕҢБЕККЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Оқу-тәрбие процесінің пәнаралық байланыс негізінде үйымдастырылуы ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық ақыл-ойын байытумен бірге, бүкіл адамзатгық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мектеп тәжірибесінде оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді талап етеді.
Қазіргі мектептің дамытушылық сипатын, оқу-тәрбие процесін демократияландыру, гуманитарландыру, интеграцияландыру бағытына сәйкес және ондаған жылдар ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижесіне байланысты баяндалады.
Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесін пәнаралық байланыспен өткізу педагогикалық маңызға ие болуда.
Пәнаралық байланыс жөнінде тоқталсақ, Я.А.Коменский: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек», - деп жазған екен.
Пәнаралық байланыс ұғымы өз ішінде мынадай үш бөліктен тұрады:
Бірінші - байланыс құрамы. Бұған байланыстардың негізгі объектілері кіреді (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыптары және пәндік хабарламалардың объектілері).
Екінші-байланыс амалы, құралы. Бұл бір пәннен екінші пәнге және басқаларына хабар беру арқылы жүзеге асырылады. Ал хабар кез келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі.
Байланыс амалдарын таңдау әр түрлі жағдайлармен шешіледі. Білім деңгейіне, көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын, әр түрлі жабдықтарды қамтамасыз етумен анықталады.
Үшінші - байланыстың бағыттылығы.
Хабардың, кейбір мәліметтердің бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты.
Сөйтіп, пәнаралық байланыс – маңызды дидактикалық әдістемелік категория және оқыту жүйесінің бір проблемасы ретінде танылады. Еңбекке оқыту әдістемесі де көркем еңбек пәнін басқа пәндермен байланыстылығына назар аударған. Көркем еңбек пәні барлық пәндермен тығыз байланысады.
Мектеп тәжірибесінде еңбек пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Киім конструкциясы», «Маталардың қасиеттері», «Еңбек туралы мақал-мәтелдер», т.б. тақырыптарды ұсыну арқылы оқушылардың білім байлығын, шығармашылық қабілетін, дағдыларын шебер қолданылуын, олардың өздеріне зерттеу әдістемелік тұрғыдан қажеттілігін дәлелдейді.
Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің мамандығын, оның ғылыми жүйесі мен бағытын сол ана тілі арқылы үйретеді.
Мысалы, мұғалім бұйым сызбасын өткен болса, математикадан да, сызба да, ауыл шаруашылық ғылымдарынан да, мысалдар алып, сызбаны түсіндіреді, сол арқылы оқушылардың өздеріне тәрбие беріп отырады.

Домбырам қайда барсам тастамаймын,
Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.
Сонымен қатар біздің мектептеріміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз еңбек сабағымен өз пәндерін, табиғат құбылыстарымен ұдайы байланыстырып отырады. Мысалы, оқытушы белгілі бір тақырып өткенде, оқушылардың табиғат құбылыстарына байланысты еңбек заңдылықтарын түсіндіреді .
Сонымен еңбек – қоғамды дамытудың құралы. Ендеше еңбек – адамның ақыл-ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер-білім қазынасын меңгерудің құралы.
Пәнаралық байланыс танымдық іс-әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабілеттерін арттырады.
9-сыныптың еңбек пәнінің көптеген материалдарын 7-8 сыныптың химия, физика пәндерімен тығыз байланыстыра оқытуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар еңбек пәнін оқыта отырып, оқушыларға ғылыми дүниетанымын, политехникалық білім және экологиялық тәрбие берудің де маңызы зор.
Химия, жаратылыстану, физика, техника, басқа ғылымдар қандай жаңалықтар ашты? Әдебиетпен көркемөнер саласының көрнекті өкілдері кімдер деген сияқты сұрақ беру арқылы оқушылардың жауабын қорытындылай келіп, мәдениеттің дамуы Қазақстанға да игілікті әсер еткенін түсіндіре кету қажет.
9-сыныптың еңбек пәнімен «Қазіргі таңда қолданылатын материалдар мен олардың қасиеттері» - деген тақырыпты өткенде оқушылардың есіне 7-сыныпта физика пәнінен өтілген физика заңдылықтарымен, ал 8-сыныптың химиясынан химиялық реакциялар т.б. тақырыптар бойынша алынған білімдерді сұрақ-жауап арқылы еске түсірілді. Осы сияқты 8-сыныпта өтілетін жалпы «Ток машиналары» тақырыбын өткенде 6, 7, 8-сыныптардағы материалдармен байланыстырылады.
ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ АРҚЫЛЫТӘРБИЕЛЕУ
Баланы тәрбиелеу дегеніміз – оқушының тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы басқару.
Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне бөліп қарап, ұлды шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйтқысы ретінде тәрбиелеп, қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Мектептегі технология пәнінде қыз балалар бөлек білім алатындықтан, пәннің ерекшелігіне сай білім мен тәрбие қатар берілетіндіктен көркем еңбек пәнінің мұғалімі «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуы керек деп ойлаймын.
Мәһшүр Жүсіп Көпейұлының аңыз әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде мынадай қанатты сөз бар: «Адамның қара басында үш асыл қасиет бар. Асылдығы бірінен бірі өтеді. Бірі – көз, бірі – көңіл, бірі – ақыл».
Қыздарымызды әсемдікке тәрбиелеуде осы жазушының айтқанындай, әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделі болуға, ақылмен ойлануға жетелейтін ұстаздар қауымы.
Халқымыз қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың нышаны ретінде қолданады. Қазақ халқының ұғымында қыз бала ақылды, байсалды жаны нәзік те ерке, мінезі жайдары, өнерлі болып келеді. Мысалы, мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейді.
«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді.
Халқымыздың қыз бала тәрбиесіне аса мұқият қарап, оларды өнер-білімге, шеберлікке жастан бейімдеп отырған. Қыз балаға қатты сөз айтпай, мәпелеп өсірген, бағалаған, жанының нәзіктігін құрметтеген. «Қыз қылығымен», «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі», «Қыз еркем, кестесімен көркем» деген мақалдар бұған дәлел.
Халқымыз қыз баланы еркелетіп, дегенін орындап әлпештеген. Дарақы, қыдырымпаз, ұрысқақ болып өсуінен сақтандырып отырған.
«Қызға қырық үйден тыю» деген мәтелдің мәні кез келген үйге бара беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы да нәзік, ақылды болуға тиіс қазақ қызына лайықсыз қылық дегенді білдіреді.
Қыз бала тәрбиесі ата – анаға үлкен сын еді. Жүн түту, кесте тігу, құрақ құрау т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дарытып, еңбекке даярлай бастаған.
Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында балалар мен жастарды тәрбиелеуге ең көкейтесті мәселелері ретінде білім мекемелерінде оқушылардың этнос-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу айтылған. Сондықтан көркем еңбек пәнін қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру өте қажет.
Талғампаз қазақ қыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Қол бастаған «қолбасшы» да, ел бастаған «елбасшы» да қыз бала тәрбиесіне мән берген.
«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтымызды тәрбиелейміз» деген Ж.Баласағұнның сөзі бұған дәлел.
Ауыл – мәдениетіміздің, салт – дәстүріміздің, әдет – ғұрпымыздың қайнар көзі. Ауыл қыздары үлкенді сыйлап, кішігі қамқор болып жүретін инабатты болып өседі. Олар туған жерін сүйетін, иманды да инабатты ізгі қасиеттер иесі бола алады.
Қазір дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайда ие болған кейбір қыздарды айтпасқа болмайды. Олар жат қылыққа салынып, табиғат берген сұлулық, нәзіктіктен қалай айырылғандарын білмейді. Қыздарымыз осындай жолға түсіп кетпес үшін жасынан сақтандырып, ар – намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болатындығын санасына сіңіру қажет.
«Имандылық – инабаттылық мұраты» деген. Имандылық пен әдептілік бір – біріне балама ұғымдар емес, бірақ олардың арасында тығыз байланыс бар. Қыз балаларымызды ізгі – ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адам етіп тәрбиелеп, бойына әдеп – инабат ұғымдарын сіңіре отырып білім берген дұрыс.
Қазақ халқының пейіліне қарай дархан даласы бар, өрісте төрт түлік малы мен кеңісті жайлауы бар. Қазақ баласы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жан алысып, жан берісіп қазақ сахарасын сақтап келген, тәуелсіздікті аңсап өткен ата – баба ұрпағы ақыры дегеніне жетті.
Бүгінгі жастарға төрт түлік өсіріп, өміріне негіз еткен халқымыздың мол тәжірибесін үйрету, малды күтіп, өнімін ұқсата білуге баулу біздің міндетіміз.
Халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі – қонақжайлық.
«Қонақжайлық – қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қыз балаларды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысамыз. Қонақты ақ жарқын көңілмен күту көрегенділік, адамгершілік, тіпті міндет деп те айтуға болады. Халқымыздың осындай қонақжайлығы, дастарханының кеңдігі, таныс – біліс түгіл бөтенге де көрсететін мырзалығын дәріптеп, қыз балаларды қонақты жақсылап күте білуге үйрету керек. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» дегендей, қонақ үй иесіне, әсіресе әйелге сын. «Қонақ аз отырып, көп сынайды», оның өзі кейін ел – жұртқа таралатындықтан, қонақ күтуге ерекше мән беріледі.
«Мейман анаңнан да үлкен» дейтін мақал халықтың мәртебесі мен оған көрсетуге тиісті сый – құрметке инабаттылық тұрғысынан қарайтынын көрсетеді. Пайғамбар хадисінде: «үйлеріне қонақ қонбайтын үй иелері – жаман адамдар» делінген.
Қыздарымызға қонақ күту мен қонақ болудың әдебін ұғындыру, меймандос болу, халқымыздың салт – дәстүрін жалғастыру – бүгінгі күннің талабы. Тағам дайындауды үйрету сабақтарын ұлттық педагогикамен байланыстыра отырып жүргізу оқушылардың қызығушылығын арттырады. Салт – дәстүр, ырым – тыйымдарды қолданудың тәрбиелік мәні бар. Қыздарымыз өз бойының тазалығын сақтай біліуді, үйретуді мақал, аңыз әңгімелерді айта отырып жүзеге асыруға болады.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген мақалдың мәнін ашып түсіндіріп, қыз балаларға ас дайындау кезінде санитарлық – гигиеналық талапты ұстанудың, сақтаудың жауапкершілігін түсіндіремін.
Осыған орай, халық арасында сақталған бір аңызда: «Ертеде бір қыз тұрмысқа шығыпты. Біршама уақыт өткен соң әкесі қызының халін білу үшін іздеп барады. Қызының отауына әкесінің көңілі толмайды. Салақ қыз кір басқан ыдыстарымен әкесіне шай береді. Әкесіне: «Ыдыстарым тозып кетті, басқасын әкеп берші» деп қолқа салады.
-
Жарайды қызым, ыдыстарыңды қоржыныма салып бер, - дейді. Құмға ысып – ысып, жалтыратып әкелген ыдысын көріп, «жаңа ыдыс» деп салақ қыз мәз болған екен».
Халқымыз «ақты» қастерлеп, жоғары бағалаған. Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ құйып шығаратын ырым болған. Жылан үйге екі мағынада кіреді деп білген. Бірі жамандыққа, бірі жақсылыққа. Ақ құйып шығарса ешкімге тимей кетеді деп сенген. Жылан – дұшпан. Бұл ырымның астарында тағы да бір сыр бар деп ойлаймын. Халқымыз «таспен атқанды, аспен ат» деп, ел бірлігі, татулығы үшін кешірімге шақырып алдына дұшпаны келсе де дастарқанын жайып қонақ етіп жіберген. Ата – ана тәрбиесін көргендіктен халықтың ырымдары санамызда жатталып қалған. Тағы бір ырымда, үйге нәресте келсе, балаға сыйлық беріп шығарған. «Нәресте бойымен үйге пәлекет келеді, егер баланы бос шығарсаң үйде пәлекет қалып қояды» деп сенген.
Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне халық педагогикасының алатын орны ерекше деп білемін. Шәкірттерді салт – дәстүрге, өнерге, шеберлікке, баулып, халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеуді өзіме мақсат етіп келемін.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қазіргі кезде ұлттық тәрбие мәселелерін дамытуды, кеңейтуді алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз. Себебі, ұлтты ұлт ететін оның тілі, дәстүрі, мәдениеті. «Өткенін білмеген болашаққа жол салып жарытпайды» - дейді, дана халқымыз. Ендеше ата – бабамыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерін зерттеп, біліп, үйреніп, шеберлігін үлгі тұта отырып халықтық педагогикамен тәрбие жұмыстарын жүргізу ұстаздардың парызы.
Сонымен көркем еңбек сабағының қыз бала тәрбиесіне ықпалы зор, салт – дәстүрді дәріптей отырып, күнделікті өмірде соны сақта деп үйрету арқылы қыздарымызды нағыз қазақтың қызы етіп тәрбиелейтінімізге сенемін.
8
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз