Материалдар / Қыз баламен ұл баланың айтысы

Қыз баламен ұл баланың айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады











«Қыз баламен ұл баланың айтысы»

Эксперимент «Жұлдыз-ай» тобы








Тәрбиеші:А.Д.Сатаева

Музыка жетекшісі: А.Наурзалиева















Сәуір 2018 жыл




Мақсаты:

Білімділік: Айтыс өнері халық музыкасының түпкілікті тамыры екенін,

дүние тануға, баланың ой-санасын өрістетіп, сөз қиялын

тудыруға, ұтқырлыққа , сөз тапқыштыққа үйрету.

Ақын-жыраулар Абай , Жамбылмен танысу.
Дамытушылық: Сөз өнерінің түрі айтыс жөнінде мағлұмат беру, халық

музыкасының, соның ішінде айтыс өнерінің ерекшелігіне көңіл бөлу.

Айтысты тыңдай отырып, балалардың есту ,қабылдау, ойлау,

ұйқастыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды халық өнеріне, сұлулыққа , әсемдікке, сөздік қорын

молайтуға, сөз мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: таспалар,Абай,Жамбыл портреттері,кішкене домбыралар,

«Көңіл ашар» күйі орындалып тұрады.Ортаға екі ересектер тобының балалары шығады.

Нұрислам: Қош келдіңіз,бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңіз,көңіл-күйге сеніңіз,

Қош келдіңіз,шыққан күндей жарқырап,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

Жансая:Қуаныңыз, бүгін бізге бәріңіз,

Қуаныңыз, көңіл-күйге сеніңіз,

Қуаныңыз шыққан күндей жарқырап,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

Музыка жетекшісі: Қош келдіңіздер, балалар,қонақтар!Бүгін бізде ерекше іс-әрекет

болмақшы.Себебі, «айтыс өнері» туралы білетін боламыз.

Халқымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап

қайтаратын сөз жарысын ,айтысты ұйымдастырған.Айтыстың

мақсаты өз ойын дұрыс жеткізуге үйретеді,ойлау қабілеттеріңді

дамытады, ұйқасын тауып сөйлеуге жетелейді.

«Еркем-ай» әнінің әуенімен

Муз.жетекшісі:Айтыс деген халқымның ата салты, еркем-ай

Құрмет тұтқан айтысты қазақ халқы,еркем-ай

Сол дәстүрді дәл қазір жаңғыртайық, еркем-ай

Тез келіңдер ортаға, ал бастайық, еркем- ай


Видео: «Сара мен Ержанат айтысынан үзінді»

Муз.жетекшісі: Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: Бәдік;

Жар-жар; Жануарлар мен адамның айтысы; Өлі мен тірінің

айтысы; Жұмбақ айтысы; Салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы;

ақындар айтысы, Осы күнгі айтыстар,балалар айтысы.
Бәдік айтысы малмен күн көріп, тіршілік еткен халыққа ең бір ауыр індет

айналшық (айналма) деген мал ауруы болған. Сол аурудан құтылу амалы оның

иесі – бәдікті үркітіп, көшіру керек. Ол үшін кешқұрым ауыл жастар жиналып,

кеш өткізетін болған. Бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп, қашыру керек.

Жастар екі жақ боп «бәдік» айтатын болған.

Жар-жар айтысында қыздың өз елінен кетіп, басқа елге келін болып түсуі,

жастардың шаңырақ көтеруі баяндалады.

Жануарлар да бір-бірімен айтысқан . «Аңдар айтысы».

Бәрі:Кәрі еменнің түбіне

Бір-біріне үңіле

Айтысуға жиналды,

Жан-жануар біріге

Түлкі:Мен түлкімін,түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін,

Бұлаң-бұлаң құйрығым

Текке өтпейді бір түнім.

Бәрің де маған жетпейсің,

Алдымнан кесе өтпейсің,

Менен асқан қулық жоқ

Күніңді көріп ептейсің.

Аю: Балпаң-балпаң басамын,

Алты қырдан асамын,

Аю деген ағаңмын,

Аңшы көрсем қашамын.

Кірпі: Мен кірпімін,кірпімін,

Көрінбей тұр кірпігім,

Балаларға ұнайды

Жүретінім түртініп.

Муз.жетек: Балалар,айтысқа біз білетін ақындар да қатысқан.Абай ақын,

Жамбыл ақындар өз жандарынан өлең жолдарын шығарған.

Ендеше, біздер екі топтың балаларын «Абай» және «Жамбыл»

ауылы деп екіге бөлеміз. Әр ауылдан қыз бала мен ұл балаларды

шақырып айтыстырамыз.

Муз.жетекшісі:Кең өлке бар ма қазақ даласындай,

Ал,дала бар ма қазақ данасындай

Айтысып енді біздің нар ақындар

Қазақтың Біржаны мен Сарасындай-деп ортаға «Абай»ауылынан

Ерсұлтан ұлымызды, «Жамбыл» ауылынан Аида қызымызды шақырамыз.

Ерсұлтан: Ата-баба дәстүрін,

Үйренуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп,

Қыздар іздей бастаймыз.

Аида: Біржан болып сен келсең,

Ақын Сара мен болам.

Сәйгүлік болып сен шапсаң,

Аққу құсы мен болам.

Ерсұлтан:Біздің ауылдың ұлдары

Шеттерінен ақылды-ақ

Жұмбақ,тақпақ,айтысты

Айтып берер тақылдап.

Аида: Үй жабдығын айтыста

Біздің қыздар сәндеді

Қонақ күтіп , ән салды,

Ұлдарынан кем бе еді?

Екеуі: Қоштасайық халықпен,

Ақындарын пір тұтқан,

Сөз өнері дегенде

Рахаттана қол соққан.

Муз.жетек: Жарайсыңдар,балалар!Екі ауылдың балаларының өнерін көрдік.Ауыл қыз

балаларын «Сақина салмақ» ойынын ойнауға шақырамыз.

Ойын: «Сақина салмақ»

Муз.жетек.: Енді балалар «Абай »ауылынан Нұрай қызымыз бен «Жамбыл»

айтысқа шақырамыз.

Екеуі: Айтысты біз бастайық,

Көрермен жұрт, халайық.

Алдыменен бәрімен

Амандасып алайық.

Нұрай: Айтыста өнер көрсетіп,

Тәртіп жайлы айтайық

Біздің топтың балдары

Шеттерінен тәртіпті.

Абылай: Тобыңды сен мақтама,

Көріп жүрміз қашанда,

Апайларды тыңдамай,

Айқай –шу боп жатады.

Нұрай: Айналайын Абылай,

Біздің топты қайтесің.

Өздеріңнің топтарың

Тәртіпсіз боп жүрмесін.

Абылай: Біздің топтың балалары

Апайларды тыңдайды,

Арасында байқамай

Тәртіпсіз боп қалады.

Екеуі: Әдептен біз аспайық,

Тәртіпті біз сақтайық.

Тентектікті қояйық

Апайларды тыңдайық.

Муз.жетек: Балалар тентектікті қойып,деніміз сау,сымбатты болып өсу үшін келесі

ойынға ер балаларды шақырамыз.

Ойын: «Аударыспақ»

Муз.жетек:Ең күшті баланы таңдадық,ал,енді қай ауылдың балалары білімді екенін

білейік.Ортаға «Абай» ауылынан Сұңқар мен «Жамбыл» ауылынан

Әлияны шақырамыз.

Екеуі: Айтысты біз бастайық

Көрермен жұрт ,халайық,

Алдымененбәріңмен

Амандасып алайық.

Әлия: Айтып көрші,сен Сұңқар,

Қандай боп жүр білімің

Жайын біліп қояйын

Сендей ақын баланың.

Сұңқар: Білгің келсе білімді,

Құлақ салып тыңдап ал,

Егер маған сенбесең

Сұрақ қойып жауап ал.

Әлия: Сұрақ қойсам қояйын,

Дайынсың ба, қарағым,

Сұраққа жауап бере алмай

Ұят болып қалмасын.

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ

Енді екеуін қосқанда,

Болады екен неше саусақ?


Сұңқар: Қалыспаймын есептен,

Саусақтарды санаудан

Бес саусаққа,бес саусақ ,

Болып шықты он саусақ.

Әлия:Білімді екенсің, сен Сұңқар,

Менде осында қалмаймын,

Білімімізді шыңдауға ,

Мектепке біз барамыз.

Сұңқар: Білімді бала болайық,

Үлгі болып басқаға,

Қол соғыңдар,халайық,

Айтысымыз ұнаса.

Муз.жетек:Балалар,манадан бері сіздер көріп отырсыздар,айтыс қандай аспаппен

орындалады екен ,тіпті біздің айтыс орындаған балаларымызда қолдарына

ұстап шығып жатыр,дұрыс.Ол біздің киелі домбырамыз екен. Домбырасыз

ән де жоқ,сән де жоқ.Ендеше ,осы кешіміздің соңын «Домбырасыз сән

қайда?» әнімен аяқтайық.

Ән: «Домбырасыз сән қайда?»

Муз.жетек: Айтыс деген халқымның ата салты, еркем-ай

Құрмет тұтқан айтысты қазақ халқы,еркем-ай

Сонымен айтысты доғарайық, еркем –ай

Рахмет айтып сендерге, қол соғайық, еркем-ай.

«Көңіл ашар» күйімен балалар шығып кетеді.

Picture 3

Picture 5



ЖИ арқылы жасау
21 Мамыр 2018
16386
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі