Материалдар / Қыз бен жігіт айтысы

Қыз бен жігіт айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдереге
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Пәні: Орамды сөз ой көркі.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс

Сабақтың мақсаты: оқушылардың лшешендік, көркем сөйлеу ойлау қабілетін дамыта отырып, әдебиеттік оқу пәніне деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту

.


- суреттен не көріп тұрсыздар?

- неліктен қазақ даласы бейнеленген?

-ұлттық аспап домбыра жайлы не айтуға болады?

- домбырашы мен күйші ,жыршының ара жігін ажыратып көр?

ІІ . Мағынаны тану

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.
ІІІ Ой толғаныс

Жұмбақ Айтыс– айтыс жанрының бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адамжан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды, көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі ғана.

Қыз бен жігіт қайымдасуларының енді бір тобында (“Қыз Болық пен Елентай айтысы”, “Есенбике мен Жылқышы айтысы”, “Ақдама мен Асан айтысы”, “Айқын қыз бен Жарылқасын қожа айтысы”, “Жүсіпбек қожа мен Шөкей қыз айтысы”, тағы басқа) айтыстың тоқтамды түйіні жұмбақ шешімдеріне келіп тіреледі. Мұнда жұмбақты қыз жағы бастап, жігіт шешуімен шектеледі де, ақыры қыздың дәстүрлі жол беруімен (жүзіксақинатүймеорамал – бір тоғыз) аяқталады. Жұмбақ арқылы айтысу ақындар айтысында кемелденіп, өзінің шырқау шыңына жеткен. Бұлардың бірсыпырасы (“Рахметжан мен Ыбырайдың айтысы”, тағы басқа) ғылым-білім, өнердің пайдасын паш етсе, енді бір тобы (“Нұржан мен Сапарғалидың айтысы”, тағы басқа) деректі заттар мен өмірдегі жаңалықтарды жұмбақ етеді.


  • Біз бүгін не үйрендік ?

  • ІІІ. Қорытындылау

  • Айтыс неше түрі бар?

  • Заманауи айтысқа көзқарасың қандай?



















































Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлауды жетілдіру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, математикаға қызығушылығын жетілдіру.



Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту. Бес шаршы

Екі сіріңкенің орнын ауыстырғанда бес шаршы шығатындай етіп құрастыр.

ІІ Мағынаны тану.

1. Екі таңбалы санды ойлан. Осы санның бірінші цифрын 2-ге көбейт. Шыққан санға бірді қос. Сонда шыққан санды 5-ке көбейтіп, оған екінші цифрды қос. Маған қандай сан шыққаннын айтсаң, мен сен ойлаған санды айтамын. Бұл қалай жасалады?

2.. Үш таңбалы санның ортаңғы цифры екі шеткі цифрлардың қосындысына тең болса, осы санның 11-ге бөлінетіні дәлелде.

3.. Кез келген үш таңбалы санды жаз. Одан дәл осы цифрлармен, бірақ кері ретпен жазылған санды шегер. Айрманың 99-ға бөлінетіні дәлелде.

4.. Қосу мысалындағы a,b,c,d-ның орнына қандай цифлар қою керек:

abcd

+ adc

ab

c

4321

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?









Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойлауды жаттықтыру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

1. Екі ағашта 16 торғай қонып отырды.Екінші ағаштан 2 торғай ұшып кетті,ал бірінші ағаштан екінші ағашқа 5 торғай барып қонды.Осыдан кейін әр ағаштағы торғайлардың саны тепе-тең болды.Бастапқыда әр ағашта қанша торғай отырған еді?


2. Мектепте сыпайылық күнін өткізгенде 4а сыныбының әр ер баласы өз сыныбындағы қыз баламен қол алысып амандасты. Барлығы 77 қол алысу болды. 4а сыныбында қанша оқушы бар болуы мүмкін?

3. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.


21 + 29 * 328 - 258


160 - 90 * 150 + 40


250 - 50 * 53 + 367


98 + 102 * 900 - 450


4. Сандарды жаз.


7 жүзд. 5 онд. 3 бірл. 25 онд. 4 онд. 3 бірл.


8 онд. 2 бірл. 5 онд. 8 жүзд. 5 онд. 1 бірл.


7жүзд. 2 бірл. 35 онд. 6 жүзд.9 бірл.

ІІ Мағынаны тану.

1.Арыстан кітаптың бірінші күні 22 бетін оқыды,келесі күні одан 8 бет артық, ал үшінші күні күндегімен салыстырғанда 4 бет кем оқыды.ол үш күнде кітаптың неше бетін оқыды?

2. Саяхатшылар бірінші күні 30км жол,екінші теүні одан 4 км артық, ал 3 күннің ішінде барлығы 75 км жол жүріпті. Олар үшінші күні қанша жол жүрді?

3. Үш бригадада 57 адам бар. Екінші бригадада адам саны біріншідегіден екі есеп аз,ал үшіншіде екіншімен салыстырғанда 5 адам артық.Әр бригадада қанша адам бар?

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?







Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Логикалық ізденіс тапсырмалары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

1. Осы 9 нүкте арқылы 4 сызық жүргізсе, балалардың сүйікті ойыншығының аты шығады.

















2. Мына әріптердің ішінен киіз үй жабдықтарының атын оқи аласыңдар.

Ш

Е

Р

Е

И

Б

Е

Ү

І

Т

К

А

Г

К

І

Л

Ү

З

К

Е

Ң

Ы

Е

З

Д

Т

Н

А

К

Е

Р

У

Ы

Ү

Е

І

Д

Н

Қ

М

А

Қ

Қ

Й

У

К

Б

А

Е

Т

3.Қанша үшбұрыш бар ?

Shape6 Shape5 Shape4 Shape2 Shape1







Shape8 Shape7

Shape9





4. 6. 12 – ні 4 – ке бөл 4 – ті 2 – ге бөл

18 – ді 6 –ға бөл 9 – ды 3 – ке бөл

10 – ды 2 – ге бөл 12 – ні 2 –ге бөл

ІІ Мағынаны тану. Тарақан оңға қарай бара жатқан тарақанды 3 сіріңкенің орнын ауыстырып солға қарай бара жатқанын көрсет.

Жылан 16 сіріңкіден жылан тәрізді сынық сызық құрастырылған. 5 сіріңкенің орнын ауыстырып, екі түрлі шаршы шығар.



Үш шаршы суреттегі фигураның 3 сіріңкесін орнын ауыстырып, 3 шаршы болатындай жаса.

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?

















Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Логикалық ізденіс тапсырмалары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.



Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

Жылқы Осы суреттен жылқыны табыңыз!

ІІ Мағынаны тану.

1. Дүкендегі жүзімдер 2 кг - нан 40 пакет қалтаға салынған. 15 пакет қалта сатылған болса, дүкенде неше кг және неше пакет жүзім қалған?
2. 6 тәрелкеге бауырсақтар салынды. Біріншісіне 1 бауырсақ, екіншісіне 2 бауырсақ, солай әрбір келесіге бір - бірден артық салынды. Бауырсақтарды тәрелкелерден алмай үш жаққа бірдей етіп қалай бөлуге болады?
3. Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал егер 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады. Сонда қайық нешеу, адам саны нешеу?
4. 95 шелек сыятын суқоймаға 2 құбырмен су құйылады. Бір құбырдан минутына 12 шелек, ал екіншісінен минутына 7 шелек су ағады. Егер екі құбырды да қосып қойса, суқойма неше минутта толар еді?
ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?











Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Заңдылықты іздеуге үйрету

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Стивен Гарднердің суретінде неше құс бар екенін анықта? (12)

ІІ Мағынаны тану.

1. Автобус алғашқы 3 сағатта тұрақты бір жылдамдықпен барлығы 304 км жол жүрді.Алғашқы жылджамдығы қандай?

2. Алматтың 19 теңге ақшасы бар.Гүлденнің ақшасы одан 3 есе көп. Екеуінде қанша ақша бар?

3. Қалам 8 теңге тұрады, кітап одан 4 есе қымбат.3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады?

4. Қарбыз 4,8 кг, қауын 3 есе жеңіл. 2 қауын мен 1 қарбыз қанша тұралды?

5. 6 үштеңгелік, қөалғандары бестеңгелік болатын ақшалар сомасы 38 теңге. Ақшалардың нешеуі бестеңгелік?

ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?





Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Заңдылықты іздей білуге үйрету

Сабақтың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

Осы суретте неше жануарды таптың? (10)

ІІ. Мағынаны тану.

1. Саны мен әріп санының бір-бірімен сәйкес келетін екі санды атаңыз.

Жауабы: жүз (100) және миллион (1000000)

2. Қандай айда 28 күн бар?

Жауабы: барлық айда

3. Иттің құйрығында таба ыдыс байланып тұр. Ит ыдыстың дауысын естімеуі үшін қандай жылдамдықпен жүгіруі тиіс?

Жауабы: бір орнында тұруы қажет.

4. Иттің мойны ұзындығы он метр болатын жіппен байлаулы. Бірақ ол 200 метр қашықтықты жүріп өтті. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: ит ешнәрсеге байланбаған

5. Көзді жұмып нені көруге болады?

Жауабы: түсті

6. Суға батпайды, отқа жаңбайды?

Жауабы: мұз

8. Жасыл түсті көргеніңізде не істеуіңіз керек?

Жауабы: бағдаршамдағы жасыл түс. Жолдың арғы бетіне өтуіңіз тиіс.

9. Тамақты қандай ыдыс-аяқпен ішу мүмкін емес?

Жауабы: ыдыстың түбі бос болғанда

10. Астананы бұрын Ақмола деген, ал қара түсті қаланы ше?

Жауабы: Қарағанды қаласы


ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?





































































Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Заңдылықты іздеуге жаттықтыру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

Шошканың торайы

Суреттегі 7 шошқаның торайы жайылып жүр. Шошқаның торайларына түзу сызықты тигізбей, 3 түзу сызық арқылы тиісті жерін бөліп бер.

ІІ Мағынаны тану. 1.Бұрынғы заманда адамдар жалпы қоймаларды алшақ жерлерде салған. Неліктен?

Жауабы: өрт болған жағдайда азық-түлік қоймаларын аман сақтап қалу үшін

2. I Петр уақытында Ресей империясының елтаңбасында 4 теңіз бейнесі бар бүркіт суреті салынған болатын. Ол қандай теңіздер?

Жауабы: Ақ, Каспий, Азов, Балтық

3. Қай Герман тайпасының есімі бүтін бір елдің атауын иеленді?

Жауабы: Франция елі германдардың франк тайпасының атауымен аталған

4. Кеңес одағының Қызыл әскеріне Ұлы Отан соғысын ұтуына үш нәрсе себепші болған: аяз, салшық, тышқан. Мұнда тышқан жануарынының қатысы не?

Жауабы: тышқан хайуаны неміс танктерінің сым жүйелерін істен шығарған

5. Алғашқы кездесетін бес күн (Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі...) мен бес санды (1, 2, 3...) атамай көрсетіп беріңіз?

Жауабы: кешенің арғы күні, кеше, бүгін, ертең, ертеңгінің арғы күні

6. Отыз екі жауынгердің, бір басшысы бар.

Жауабы: тіс пен тіл

7. Он екі бауыр бірге ілесіп жүреді.

Жауабы: жыл айлары

8. Қара түсті мысық қай кезде үйге оңай кіріп кетеді?

Жауабы: есік ашық қалғанда

9. Жолда екі әке мен екі баласы кетіп бара жатып, үш алма тауып алады. Тауып алған алманы олар бір-біреуден бөліседі. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: Олар: атасы, әкесі, баласы

10. Кішкентай, сұр түсті піл неге ұқсайды?



ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?

































































Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қиялды жетілдіру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.



Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Шахматтың тақтасы

Осы фигураны екі бөлікке бөліп, шахматтың тақтасын (шаршы) құрастыр.



ІІ Мағынаны тану. Фужердегі оливка

1.Фужер ішіндегі оливка сыртында қалу үшін екі сіріңкені орнынан қозға.



2. Фужерлерден салынған үй

6 сіріңкені орнынан қозғап, басқа жерге қойып, үй тұрғыз.

3.Үш шаршы 15 сіріңкеден бес шаршы құрастырылған. 3 шаршы болатындай етіп, 3 сіріңкені алып таста.





4.Бес шаршы

Суретте 24 сіріңкеден құрастырылған 9 шаршы. Соның 4 сіріңкесін алып тастап, 5 шаршы жаса.



ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?









Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ойша көз алдына елестету

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы:



І Қызығушылығын ояту.

Шаршы құрастыр Берілген фигураны екі рет кесіп, шаршы құрастыр.



ІІ Мағынаны тану.

1.Аралдағы өрт Бір адам аралда болады. Көп күн қуаңшылық болып, аралдағы бұталар мен шөптер тым кеуіп кетіпті. Кенеттен аралдың екінші жағынан өрт шығады да, жел отты адам тұрған жаққа айдап апарады. Теңізде адам құтылып кете алмайды, себебі теңіздің жағасына дейін көптеген акулалар жүзіп жүр. Аралдың жағасында өсімдік өспейтін жер жоқ. Адам қалай аман қалады?

Жауабы: Адам өзінен ық жаққа қарай от жағып, қарсы алдындағы негізгі өрттен кешкене шегіну керек. Жел адамның жаққан оттын аралдың шеткі ық жағына қарай қуып әкетеді. Сол ық жағы жанып болған кезде, адам сол жаққа қарай қайтып келе алады да, асықпай тосады. Негізгі өрт сол жерге дейін келіп өшеді, себебі ары қарай жанатын жер болмайды.

2. Жаңа тақтайша Бір қалада 100 үйден тұратын жаңа аудан салынды. Тақтайша жасау шеберлері тақтайшаларды дайындап, 1-ден 100-ге дейін жазылған тақтайшалардан бір қорап келді. 9 саны кездесетін барлық тақтайшалар нешеу? (9 және 6 сандары әртүрлі сандар )

Жауабы: Дұрыс жауап- 20 тоғыздық.

3. Шамдар Жер төлеге кірер алдында үш айырғыш тұр. Әр айырғыш бір шамды өшіреді. Есік алдынан қай шам жанып тұрғаны көрінбейді. Жер төлеге кіргеннен кейін бір рет қана, қай шам қай айырғыштыкі екенін анықтайтын мүмкіндік бар.

Жауабы: Бір айырғышты қосыңызда бір минут тосыңыз, оны сосын сөндіріңізде келесісін қосып шамдары бар бөлмеге кіресіз. Біреуі қосуыл болады ол сіз қосқан, екіншісі жылы болады. Ол сіз қосып сөндірген. Екіншісі суық ол сіз қоспаған айырғыштың лампасы.

ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?



Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Елестетуді жетілдіру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:



І Қызығушылығын ояту.

Үтір

Суретте берілген фигура үтірге ұқсайды. Тек 1 қисық сызық арқылы осы фигураны екі бірдей фигураға бөл. Шыққан фигуралардан қандай геометриялық фигура құрастыруға болады?



ІІ Мағынаны тану.

1.Жүгіру ме, әлде жүру ме? Сіз қалай ойлайсыз- жүгіру мен жүрудің қандай айырмашылығы бар? Осы сұраққа жауап бермес бұрын, есіңізге түсіріңіз, жүгіру жүруден де баяу болуы мүмкін және бір орында тұрып жүгіру деген де болады.
Жауабы: Жүгіру мен жүрудің айырмашылығы қозғалыс шапшаңдығына байланысты емес. Жүру кезінде біздің денеміз ылғи да жермен аяқ нүктесі жанасып отырады. Ал жүгіру кезінде, кей кезде біздің денеміз мүлдем жерден дараланып, онымен ешбір нүктемен жанаспайды.
2. Екі жарылыс Неге булы қазанның жарылысы кезінде бу қысымының атмосферасы 10-15 қана болғанымен, үлкен жарылыстар болуы мүмкін , ал гидравликалық цилиндрдің жарылысында атмосфералық қысым бірнеше жүзге көтерілгенімен, айтарлықтай жарылыстар болмайды?
Жауабы: Будың да, газ сияқты сығымдылығы үлкен; ал сұйықтығы керісінше, аса баяу сығымдылық; сондықтан да бу шағын ғана қысыммен (атмосфералық қысымы 15) кеңейе келе, сұйықтықтың атмосфералық қысымы 600 болғанына қарамастан, көп жұмысты атқара алады.
3. Доңғалақтағы ауа Көлік доңғалағы оңға қарай айналады, ал оның тоғыны сағат тілінің бойымен айналады. Сұрақ: Сол кезде резеңке доңғалақтың ішіндегі ауа қай жаққа орнын ауыстырады?
Жауабы: Доңғалақ ішіндегі ауа қысым келген кезде бір уақытта екі жаққа бірдей – алға және артқа қозғалады.
4. Мақта талшықтары Ежелден адам баласы мақта талшықтарын өз мұқтаждығында қолдынып келеді. Ал қандай мақсатпен мақтаның жібектей жіңішке талшықтары өсімдіктің өзіне қызмет етеді
Жауабы: Мамықтай жеңіл, әрі ұзын мақта талшықтары мақтаның тұқымына өзіндік парашют қызметін атқарады. Бұл мықтап бекілген тұқымдары бар талшықтарды жел үйіріп, оларды жан-жаққа шашады.

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?



















































Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Елестетуді жетілдіру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы


І Қызығушылығын ояту.

Циферблат

Сағаттың циферблатын алты бөлікке бөл. Әр бөлікте сандардың қосындысы бірдей болсын.

ІІ Мағынаны тану.

1. Кездесу. Асқар мен Айдос саябақтың кіре беріс есігінің алдында кешкі сағат 9-да кездесуге келісті. Алайда Асқардың да, Айдостың да сағаттары қате жүреді. Асқарың сағаты 3 минутқа қалып жүреді, бірақ ол керісінде 2 минут алда деп ойлайды. Ал Айдостың сағаты 2 минут алда жүреді, ол керісінше 3 минут қалып қойған деп ойлайды. Қалай ойлайсыздар, екеуінің қайсысы кездесуге кешігіп келеді?

Жауап: Асқар 5 минутқа кешігеді, ал Айдос болса- 5 минут бұрын келді.

2. Тарақтағы искралар. Құрғақ шашты кезейін тарақпен тарағанда тарақ пен шаш арасында электрлік искралар пайда болады. Қалай ойлайсыңдар, осы искралардың қуаты қандай?

Жауап: Шашты тарақпен тарағанда ұзындығы бірнеше миллиметр от ұшқыны (искра) пайда болады. Бұндай от ұшқындарының пайда болу үшін бірнеше мың волльт ток қуаты керек. Осындай қуатты ток кернеуімен өте қуатты гидро және турбогенераторлар жұмыс істейді.

3. Ерекше құс. Біздің ормандарда мекен ететін құстардың бірін ата. Ол өз өлімінен кейін 15-20 жыл бойы денесі бұзылмай өз қалпында қала береді, бұл қандай құс?

Жауап: Таңқаларлық ерекше құс бұл қайшыауыз торғай (клест). Олар қылқан жапырақты ағаштардың шайырлы тұқымдарынадеген ерекше құмарлығы ағзаларын әсер етеді. Кәрі құстың денесіне қылқан жапырақты ағаштың шайыры сіңгендіктен, олар өлгеннен кейін көп уақыт шірімейді. Профессо Кайгородовтың айтуынша кәрі қайшыауыз торғайдың мумиялары 15-20 жылға дейін ыдырамай сақталғаны туралы дерек келтіреді.

4. Сандар қосындысы. ХІХ ғасырда бір мұғалім өз оқушыларына бірден жүзге дейінгі бүтін сандардың қосындысын есептеуді тапсырды. Олкездекомпьютерлер мен калькуляторларболмады, оқушыларотырыпқолменесептейбастады. Тек біроқушығанабірнеше секунд ішіндедұрысжауаптытауыпалды. Олоқушыболашақұлы математик Карл Фридрих Гаусс еді. Олқалайесептепшығарды?

Жауап:Ол 49 жұп санбелгіледі: 99 және 1, 98 және 2, 97 және 3 … 51 мен 49. Жұп сандарды қосқанда 100 тең болады. Соңында екі жұп емес сан қалды 50 мен 100. Соңына қара 49х100+50+100=5050 болады.

5. Люкқақпағы. Адамдар канализация коллекторына немесе басқа да жерастыкоммуникацияларынажетуүшінлюктардықолданады. Көпжағдайда люк қақпағы дөңгелек формалы болады, ал неге квадрат немесе тікбұрышты етіп істелмейді?

Жауап: Канализация қақпағын квадратты немесе тік бұрышты етіп жасауға болмайды. Себебі ол қақпақты ашқан кезде канализация ішіне түсіп кетеді. Қақпақтың диагоналінің ұзындығы қақпақтың жан жағының (ұзындығы мен енінің) ұзындығынан ұзын. Сондықтан шеңбер қақпақ төртбұрыш қақпаққа қарағанда қауіпсіз. Оны ашсаңда төңкерсеңде, канализацияға түсіп кетпейді. (диоганалі жоқ )

6. Жасылжер. Гренландия – үлкен арал, оныңбетінқар мен мұз басып жатыр.
Неліктен осы аралды ашқан адам оны Гренландия деп атады, яғни «Жасылжер»?

Жауап: Грендландияны 982 жылы скандинавтық Эрик Рыжий ашты. Ол осы аралға адамдарды мекендеу үшін оны Гренландия деп атады. Бұл атау адамдарды сонда қоныстануына қызығушылық тудырады деп ойлады. Ағылшынша (greenland- жасыл жер) деген мағына білдіреді.

7. Қайсысыжылдам? Егершарды, тегіскубтыжәнецилиндрдібірмезгілдееңкектегістіктентөменқарайсырғанатыпжібергенболсақ, қайсысыбұрынжердеболады?

Жауап: Бірінші куб жетеді, екінші шар, соңында цилиндр. Шар мен цилиндр айналу үшін энергияның біраз бөлігін жоғалтады. Бұл өз кезегінде жылдамдықтарын азайтады.

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?





























Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте қиялды дамыту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.



Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

Тығылып отырған аюды тап.



ІІ Мағынаны тану.

1.Жағалаусызтеңіз. Бізөтежиі «Жағалаусызтеңіз» депайтамыз. Ал шындығында «жағалаусызтеңіз» бар ма, яғни, ешбіржағасыжоқтеңіз?
Жауап: Атлант мұхитында орналасқан Саргасов теңізі. Оның жағалауы толығымен теңіз балдырларымен өмкіндер өсіп тұрады және оның жағалауы мұхит суы болып табылады.

2. Жұмыртқаформасы. Құсжұмыртқасыныңбіржағыекіншіжағынантүйір, яғнижуанболыпкелетіндігініңбелгілісебебі бар екен. Бұлқандайсебеп?
Жауап: Сфералы және сопақша жұмыртқалар тура домалаушы еді. Ассиметриялық жұмыртқалардың бір жағы үшкір, екінші жағы қалың болғандықтан оларды дөңгелеткенде шеңбер бойымен айнала дөңгелейді. Егер жұмыртқа жардың шетінде немесе қауіпті жерде жатса ол көбінесе , тура емес, шеңбер бойымен айналады

3. Король және премьер-министр. Бір король өзінің премьер- министрінорнынаналыптастағысыкеледі, алайда оны ренжітпейорындағысыкелді. Ол премьер- министріншақырыпалып, портфелінеекіпараққағаздысалды да: «Парақтыңбіріне мен «Кетіңіз», екіншісіне «Қалыңыз» депжаздым. Алыпшыққанпарағыңызсіздіңтағдырыңыздышешеді» дейді. Премьер-министр қағаздыңекеуінде де «Кетіңіз» дегенсөзжазылғанынсезіпқойды. Алайда, олөзініңорнынсақтапқалды, осы мәселеніқалайшешті?
 
Жауап:Премьер –министр сөмкедегі қағазды алып шықтыда оған қарамай, оны шар тәрізді умаждап қағазды жұтып қойды. Ал, сөмкедегі қалған қағазда «Кетіңіз» деген жазу бар еді, бірақ корольге жұтып қойған қағазда «Қалыңыз» деген сөз болғанын мойындау ғана қалды.

ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?



Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте қиялды дамыту

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы


І Қызығушылығын ояту.

Үшбұрышты бөліп көр

Тең бүйірлі үшбұрышты келесі бөліктерге бөл:

1. 3 сызық арқылы 4 тең бөлікке.

2. Үш сызық арқылы алты тең бөлікке бөл.

3. Үш сызық өткізу арқылы үш тең бөлікке бөл.

4. Бір сызық арқылы 4 әртүрлі бөлікке бөл.



ІІ Мағынаны тану.

1.Қағаз ысытқыш. Қағаз стакандағы суды ашық отқа қойып қайнатуға бола ма?
2. Әуе шары қайда ұшып кетеді? Қолдан шығып кеткен балалардың әуе шары қайда ұшып кетеді екен? Олар қаншалықты биікке көтеріле алады?
3. Туған күн. Алдыңғы күні Петя 17 жаста болды. Келесі жылы ол 20-ға толады. Бұл сонда қалай болғаны?
4. Түнде. Ер адам түні бойы төсегінде аударыла беріп, ұйықтай алмады. Содан соң телефонды алып, біреудің номерін теріп, бірнеше ұзын гуілді естіді де, телефон тұтқасын орнына қойып, жайланып ұйқыға кетті. Сұрақ: неліктен ол бұған дейін ұйықтай алмады?
5. Бөтелкедегі қияр. Бөтелкеге кеме моделін енгізу тәсілін көбі біледі. Ал қалайша бөтелкенің ішінде бүтін піскен қияр қалай пайда болды, бөтелке бүтін.

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?























































Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте қиялды жетілдіру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы


І Қызығушылығын ояту.

Тесіктің қозғалуы

Берілген фигураны тесігі ортасында болатындай етіп кес және қайта фигураны құрастыр. Кесу тәсілі ең аз және тиімді орындалатын болсын.



ІІ Мағынаны тану.

1.Екі адам. Екі адам қатар жүріп келеді, оның бірі екіншісінің ұлының әкесі. Сонда бұл адамдар бір біріне қалай туыс?
2. Лифт туралы. Бір адам көп қабатты үйдің 17 қабатында тұрады. Өз қабатына ол жаңбырлы күні немесе өзімен бірге лифтіде көршілердің біреуі көтерілгенде ғана шығады. Ал жауынсыз ашық күндері ол 9 қабатқа дейін көтеріліп, ары қарай 17 қабатқа дейін жаяу көтеріледі. Неге?
3. Тартымды ойыншықтар. Балалар ауруханасында кішкентай емделушілер сүйкімді ойыншық қонжықтармен ойнағанды өте жақсы көретін. Бірақ, сол қонжықтардың балаларға ұнағаны соншалық олар біртіндеп жоғала бастады, себебі балалар оларды үйлеріне алып кетіп жүрді. Аурухана басшылары бұл мәселені қалай шешті?
4. Күннің шығуы.Адам жерде тұрып Күннің батыс жақтан шығуын көре ала ма?
5. Қайсысы бұрын? Мысалы, егер адам 7 тәулік тамақ ішпесе және 7 тәулік ұйықтамаса көз жұмуы мүмкін. Ал адам бір апта бойы не тамақ ішпеді, не ұйықтамады делік. 7-ші тәуліктің соңына қарай тірі қалу үшін ол ең бірінші не істеуі керек: тамақ жей ме, әлде ұйықтай ма?

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?

Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуын анықтау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.



Сабақтың барысы

І Қызығушылығын ояту.

Ромб

Алтыбұрышты фигураны үш бөлікке бөліп, ромб құрастыр.

ІІ Мағынаны тану.

  1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
    2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
    3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
    4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
    5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?

ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?



Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білуге жаттықттыру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

І.Қызығушылығын ояту

Үш түзу сызықпен барлық шаршыларды сыз

І І Мағынаны тану.

































ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?



Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білуге жаттықттыру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Шаршыларды сәйкестендіру

Егер осы үш шаршыны бір-бірінің үстіне сәйкетендірсе, онда неше ашық түсті шаршы қалады?(3)

ІІ Мағынаны тану.

1. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
2. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы сан қосса, 680 тенге болар еді. әмиянда қанша ақша болған?
3. Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
4. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
5. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?


ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?




Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Ірімшікті қалай кесуге болады?

Ірімшікті пышақтың үш рет кесуі арқылы 8 бірдей бөлікке бөл.

ІІ Мағынаны тану.

1Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 .Төмендегі пікірледің қайсысы дұрыс?Белгілеп көрсет.









  • Егер фигура шаршы болса, онда ол-көк.

  • Фигура алтыбұрышты болмаса, онда ол сары емес.

  • Фигура қызыл да, көк те болмаса, онда ол сары түсті.

  • Фигура қызыл түсті емес, ендеше ол дөңгелек емес.

Суретке қарап осындай дұрыс және жалған пікірлер құрастыр.

2.Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс?Белгілеп көрсет.

Shape14

Shape15 Shape17 Shape16







  • Фигураның бұрыштары жоқ болса, ол-дөңгелек.

  • Фигураның үшбұрыштары болмаса, оның түсі қызыл.

  • Фигураның түсі жасыл болмаса, ол –дөңгелек.

  • Егер фигура дөңгелек болмаса, онда ол- ұшбұрыш.

Суретке қарап осындай дұрыс және жалған пікірлер құрастыр

3

а) Үш машинаны сөреге бір қатарға орналастыру қажет. Оларды неше әдіспен қоюға болады?

ә) Суреттегі төрт адамды неше әдіспен орналастыруға болады?

4.

Әр топтағы заттардың ортақ қасиеттерін ата. Белгілі бір ортақ белгісі бар ( пішіні, түсі, материалы және т.б.) заттар тобын ойлап тап және суретін сал

Конверт, дәптер, журнал, кітап, күнделік;

Көйлек, етек, шарф, жемпір, шалбар;

Глобус, шар, доп, шырша ойыншығы, қарбыз;

Теледидар, электршам, үтік, магнитофон, іс машина.

ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?

Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы:

І Қызығушылығын ояту.

Үшбұрыштар Осы фигурада неше үшбұрыш бар екенін анықта. (35 үшбұрыш).



ІІ Мағынаны тану.

1. Саудагер 7600 теңгеге 38 метр мата сатып алды. Тез арада ол алған матасының екіден бір бөлігін 5700 теңгеге сатты. Саудагер 1 метр матадан қанша пайда түсірді?
2. Баспадан кітап басылып шықты. Әрбір бетте 32 жол болса, 90 беттік кітаптың неше жолы бар?
3. Бала кітап оқып отыр. Дүйсенбі күні 15 бет оқыған бала сейсенбі күні екі есе көп оқыды. Осыдан соң кітаптың әлі оқылмаған төрттен бір бөлігі қалды. Бұл кітапта неше бет бар екенін тап.
4. Әжесі қалтаға салуға маржандар сатып алды. 6 маржанның 7 тасы бар, 4 маржанның 12 тасы бар, 1 маржанның 10 тасы бар. Бірде бір маржанды үзбей осыларды тең етіп екіге қалай бөлуге болады.



ІІІ Ой толғаныс

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?














Бекітемін:

Пәні: логикалық ойлауды дамыту

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты тез қабылдап, өңдеуге жаттықтыру

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін демыта отырып, математикаға қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы:



І Қызығушылығын ояту.

Ай.Екі түзу сызық арқылы айды 6 тең емес бөліктерге бөл.



ІІ Мағынаны тану.

1. Мектептегі викторина кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?
2. Ағасы мен қарындасы аманатқа 90 000 теңге алған. Егер қарындасы өз аманатынан 10 000 теңгесін ағасына берген болса, ағасы қарындасынан екі есе бай болады. Аманат екеуіне қалай бөлініп беріліп еді?
3. Бірінші вазада 9 қияр, екінші вазада біріншісінен 2 қияр артық, үшінші вазада бірінші мен екінші вазаны қосқаннан 4 есе кем. Егер барлық қиярдың саны 32 болса, төртінші вазада және әр вазада неше қиярдан болған?
4. Мәрден балық аулауға барды. Ол өзенге дейін жаяу барды да, келерінде велосипедпен келді. Барлық жолға 40 минут кетті. Келесі күні ол өзенге барғанда да, келгенде де велосипедпен жүріп жолға 20 минут қана кетірді. Сонда жаяу жүрген жолға неше минут кетуі мүмкін?


ІІІ Ой толғаныс.

Логика әлемі дәптерімен жұмыс.

  • Біз бүгін не үйрендік ?





ЖИ арқылы жасау
05 Ақпан 2019
2485
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі