400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Қыз қылығымен көрікті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз балалар тәрбиесін, қызбаланыңәдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтыңжаршысыекенінсөзету. Ұл бала мен қызбаланыңбірін – бірішынайықұрметтеп, қастерлейбілуге баулу, өзарасыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыруға арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қыз қылығымен көрікті»

Тәрбие сағаты


Мақсаты : Қызбалалартәрбиесін, қызбаланыңәдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтыңжаршысыекенінсөзету. Ұл бала мен қызбаланыңбірін – бірішынайықұрметтеп, қастерлейбілуге баулу, өзарасыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақылсөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т.б.
Өту барысы:
І Кіріспе.
Бүгін «Қыз қылығымен» аттытәрбиесағатымыз 8 наурызаналар, қыздармерекесінеарналады. Қыздарымызды ортаға шақырайық.

«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын

Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.
Ән: «16 қыз»
ІІ бөлім.  Қыздар туралы мақал – мәтелдер , нақыл сөздер айту
Мұғалім: Қыз бала және оның тәрбиесі жөніндегі мақал – мәтелдер біздің өмірімізде елеулі орны бар. Енді сол мақал – мәтелдерге құлақ түрейік.

Мақал – мәтелдер:

«Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі»
« Қыз — өмірдің қызғалдағы»
« Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді.»
« Қыз қуыршақ, ұл – құлыншақ»
« Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.»
« Қыз балаға қырық үйден тыйым»
« Қызым — үйде , қылығы – түзде»
« Қыз қылығымен әдемі»
« Қыздың жиған жүгіндей»
«Қарындасын сыйламағанның қары сынсын.»
III бөлім .Сұлулық сыры.
Мұғалім: Қазақ қызы десе , беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.Құлағымызға шолпының сыңғыры келеді. (шолпы таққан қыз жайлап жүріп өтеді.)
Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Бұрымды бүгін жырласақ оның әсемдікке қатысы болғаны да.
Бұрым меніңше әсемдік, әдемілік қатарына кіреді. Қыз бойындағы алғашқы көзге ұрар әсемдік осы. Ендеше жақсы сөзді аямайық.
IV бөлім. «Сезім – адамдық қасиет».
Қыздарға арналған ұлдардың назы бар соған құлақ түрейік. (Ұлдар Ә. Нұршайықовтың « Автопортрет» еңбегіндегі «Қыздарға кеңес» ақыл –нақыл сөздерін айтып шығады.
Қыздар !
— Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !
— Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !
— Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
— Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !
(Деп ұлдар қыздарға гүлдерін табыс етеді, ал қыздар кестелі орамал береді.)
Ән айту мен би билеу де әсемдікке жатады , ендеше кезекті биге береміз.
Вальс: Қыздар, қыздар сұлу қыздар.
V бөлім. Қорытынды.

Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген —

деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.
















Shape1

Түркістан облысы білім басқармасының "Тілінде ауыр

кемістігі бар балаларға арналған облыстық

арнайы мектеп-интернаты«КММ









Тәрбие сағаты:


«Қыз қылығымен көрікті»











Тәрбиешілер: Юнусова Ш.

Кубеева М.









2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі