Қыз сипаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қыз сипаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IІ тоқсан

Сабақтың нөмірі: 6/9

Сабақтың тақырыбы: Қыз сипаты

Мақсаты: 7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу.

Оқушы мақсаты: Өлеңді түсініп, өз сөзімен айта алады.

Ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=ypmV1TG38d8 (Қыз сыны)


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Әдемі қыз қандай болуы керек?

  2. Қыз бала әдемі болуы үшін бет-әлпетінің сұлулығы жеткілікті ме?

Қыз сипаты

ақша маңдай
жамағат

жақтау
құрбы

шаhыбаз (иран: сабаз, батыл, ер)
сын

ақсау

тілі жорға
жұмақ

хор қызы

сағымдану
күлім көз

оймақ ауыз

қиғаш қас

белолобый

община мусульман (народ)

поддерживать

подруга

удалец, молодец

недостаток

хромать

красноречивый

рай

райская дева

покрываться дымкой

игриво смеющиеся глаза

маленький рот

загнутые брови


Бірінші бір қыз келер ақша маңдай,
Жамағат – үлкен-кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан-ақ болып дана,
Әлінше жақсыларды жақтағандай.


Құрбысын жауға бермес ол шаhыбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып ойнап-күліп,
Сыны жоқ жұмысының ақсағандай.

Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.
Ажары, ақша беті сағымданып,
Жарасар құлағына алтын сырға.


Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлім көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Шомылған айдын көлдің аққуындай,
Отырар «Ағажан!» деп кәрі-жасты



4-тапсырма. Берілген сұрақтарға

өлең жолдарынан жауап тауып, оқы.

5-тапсырма. Өлеңнен әр қыздың сипаттамасын тауып, сызбаны толтыр.

  1. 1. Бірінші қыз қандай?

  2. 2. Екінші қыз қандай?

  3. 3. Үшінші қыз қандай?



6-тапсырма. Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

7-тапсырма Суреттерді өлеңдегі қыздардың сипаттамасымен салыстырып айт.

  1. 1.Тілі жорға, жұмақтағы хор қызына ұқсайтын қай қыз?

  2. 2. Құрбысын жауға бермейтін қай қыз?

  3. 3. Күлім көз, оймақ ауыз қай қыз?


9-тапсырма. Кестені толтыр. Өз ойыңды жаз.

Қыз Жібек, Мәншүк, Әлияның бойындағы қасиеттер

Қазіргі қыздардың бойындағы өзің байқаған жақсы қасиеттер

Қызда болуы керек қасиеттер





10-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой.

Қажетті сөздер: ақша маңдай, дана, тілі жорға, оймақ ауызды

Бірінші бір қыз ..., құрбысын жауға бермейді. Ол ..., құрбысын жауға бермейді. Екінші қыздың ..., хор қызына ұқсайтын сұлу. Құлағында алтын сырғасы бар. Үшінші қыздың шашы қара, ..., қиғаш қасты.


Әзірлеуші: Тайтаразова Н.А. Б.Момышұлы атындағы 131 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі