Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі дебат 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жоғары сынып оқушыларымен қыз тәрбиесі туралы сабақ немесе дебат өткенде мұғалімдерге көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті мультимидиялық кабинет жабдықтарын пайдалану.

Әдісі: пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру

Формасы: Дебат сабақ

Дөңгелек үстел өтілетін орын: мектептің мәжіліс залы
Безендірілуі: Шарлар, гүлдер, тақырыпқа орай жасалған көрме, ұлағатты сөздер жазылған қағаздар
Жұмыс барысы:
І. Кіріспе бөлім
1. Қонақтарды қарсы алу
2. Көрмені тамашалау
ІІ. Негізгі бөлім
(Музыка ойналып тұрады. Әсем әннің ырғағымен ортаға жүргізуші шығады)

1-жүргізуші:

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2-жүргізуші:
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, кешіміздің қонақтары! Бүгін мектебімізде осынау нәзік жандар, әсем арулар тақырыбына арналған «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Бүгінгі тілге тиек болар әңгіме жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие. Сөз басын елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ » , – деген сөзден бастасақ.

2-жүргізуші:

Я, дұрыс айтасың. Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.

Келесі видео фильмге назар аударыңыз

Қыздарымызға сұрақ: ата бабамыздың тәрбиесі мен қазіргі тәрбиенің айырмашылығы бар ма? Бар болса неде?

         Ал, қазір жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Соңғы кезде бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала мен ер бала тәрбиесіне қоғам кінәлі деген сөз жиі айтылады.

         Ал осы қоғам сіз бен бізден, ата-аналар мен ұстаздардан, тәрбиешілерден құралмай ма? Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Ал қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана, әке емес, радио мен  теледидар, газет-журнал, кітаптар мен  кинолар, дискотекалар жан-жақтан әсер етуде. Бұл тәрбиенің жағымды  жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне  бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. .

1-жүргізуші:

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған.

Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:

Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын;

Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын; Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл жанған, тәні шымыр;

Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті;

Ару қыз - бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы; Ажарлы қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты;

Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

2-жүргізуші

Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген. «Адам көркi – шүберек, ағаш көркi – жапырақ», «Қыз өссе – елдiң көркi», – деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi – қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. «Қыз – қылығымен сүйкiмдi», «Қызым үйде, қылығы түзде» деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.

Дайындаған видео фильміміз бар назар аударыңыз. (1-фильм)

Мынандай сауал қойғымыз келеді. «Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз? Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

1-жүргізуші: «Қазақ қызы!» Қандай қастерлі сөз! Ежелден ер азаматпен қатар түзде жауға қарсы найза ұстаған, үйде ошақтың берекесі, алыптардың анасы атанған Қазақтың қызы. Он мың әскерімен парсының патшасына қарсы тұрған Тұмар, даналығымен белгілі Айша бибі, Жиреншеге серік болған Қарашаш, жары дүние салғанда ошағын сөндірмей тағын ұстап, хандық құрған Айғаным ханым, жер мен су жарлыға берілсін деп ұрандаған Шолпан, Алма, фашистке қарсы қан майданда ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен Әлия мен Мәншүк, еңбек майданында алға озған Кәмшат, Желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат, егемендіктің туын көтерген сәтте барша жұрттың анасындай болып жүрген Сара апайымыз тізімін бастаған қазақ қыздары қашанда өз қадірімен ерекшеленді. Тарихтан ойып тұрып орын алды.

2-жүргізуші:

Ал, «бүгінгі қазақ қызы ертеңге қалай барады? Барғанда не алып барады?» деген заңды сауалдар айналаға қараған сәтте өзінен-өзі туындайды. Айман-Шолпан, Қыз Жібек пен Баян сұлудай қазақтың бұрымды, сұлу келбетті қыздарын қазіргі кезде шынымен де жырдан ғана оқитын болдық па?!. Бүгінгінің Баяны, ару Айманы, атына сай есілген Жібегі қайда жүр?! Оларды көшеден де, киелі сахнадан да, теледидардан да көру арман болып кетті-ау.

Олай болса, бүгінгі дөңгелек үстелге арнайы дайындаған видеоролигімізді тамашалаңыздар.

Осында отырған қыздарымыз бұл туралы не ойлайды екен? Пікірлерімізді ортаға салайық. Қазіргі заманның қыздарының жүріс-тұрысы туралы көп мағлұматқа қанық болдық. Осыған орай тағы да өз ойларымызды білдіріп өтсек

1-жүргізуші:

Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдеп-тілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Аллаһ тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» . Қыздарымыздың ибалы һәм иманды, тәрбиелі болуына пайдасы тиер деген оймен ес біліп, етек жиған әрбір қыз өзі барған әрбір үйде мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп қараған. Олар:

1. Жарыса сөйлеуге
2. Жал
ғыз қыдыруға
3. Жырта
қтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз
ұрынуға
5. Бас
қаларға қол тигізуге
6.
Өтірік, өсекке 
7. Суы
қ жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге
қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыру
ға
10.Шал
қайып жатуға 
11.Тама
қты обырлана асауға
12.
Ұрлық қарлыққа
13.
Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14.Б
ұраңдап қылмысуға
15.
Қызыл іңірде жатуға
16.Т
үске дейін ұйықтауға
17.Кісі алдында киім ауыстыру
ға
18.Салт-д
әстүрден аттауға
19.Елді
ғайбаттауға
20.
Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21.Ішімдік пен шегімдікке
22.
Ұрыс-керіске
23.Беттен алып, бет жыртысу
ға
24.
Қараулыққа, ысырапқа
25.Рахымсызды
қ пен қатыгездікке
26.Т
үнде суға жалғыз баруға
27.Жат жыныстылармен арласып жату
ға
28.К
үйеуге қашып тиюге
29.
Әдепсіз сөзге
30.Тарс-т
ұрс етуге
31.Адам мен жануарларды тебуге
32.Кісіні
қорлап жәбірлеуге
33.Т
әкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34.Ай
ғай сүреңге
35.Шектен тыс сыланып жасану
ға
36.
Қызғаншақтық пен күншілдікке
37.Менмендік пен
өзімшілдікке
38.Алдап-арбау
ға
39.К
өрсеқызарлыққа
40.Н
әпсі құмарлыққа тыйым

Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп есте сақтау қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі. Ұстаз-ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың арсына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сендерді қорғайды, қолдайды.

2-жүргізуші:

Бүгін біз қыз бала тәрбиесіне қатысты көптеген ойларымызды ортаға салдық, ендігі кезек «Жағдаяттан қалай шығасың?» ситуациялық сұрақтар

«Жағдаяттан қалай шығасың?»

1. Сен көшеде өтіп бара жатырсың. Көшеде екі оқушы бала төбелесіп тұр. Сен оларға не айтасың немесе қасынан өтіп кете бересің бе? 
2. Мысалға сен концерт карауға кешігіп келдің. Сенің орнын 15 қатар және сол катардың орта шамасында. Барлық орында адамдар отыр. Сен өз орнына жету үшін адамдардың алдынан қалай өтесің? Алдынан өтсең артқа қарап өтесің бе немесе алға қарап өтесің бе? 
3. Сен автобуста орындықта отырсың. Бірен минуттың ішінде кісі лық толып кетті. Қасында үлкен қарт атай және сенің мұғалімің тұр. Сен орнынды кімге бересің? Әлде отыра бересің бе?
4. Сен қоғамдық орында келе жатырсың. Алдыңнан екі қыз темекі тартып, жерге қоқыстарды лактырып келе жатыр. Сен қандай күйде боласың. Қоқыстарын қоқыс жәшікке саласың ба? Қандай әрекет жасайсың?
5. Сен университетке асығып, кешігіп бара жатырсың. Университетке жетуіне бір ғана аялдама қалды. Автобустан бұрынғы оқушы кезіндегі мұғалімінді көрдің, бірақ ол кісі сені байқамады. Сен не істер едің? Барып амандасасыңба немесе автобустан түсіп жүре бересің бе?
6. Қыздардың барлығын да «әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы» деп айтуға бола ма? 
7. Қыз бала тәрбиелеуде мектеп пен  отбасының қайсысының міндеті көбірек, неліктен?
8. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанында алдыңнан үлкен апай көп сөмкелерімен шықты. Сен не істейсің? 
9. Сен үйде жалғызсың. Бір мезетте саған достарын кинотеатрға барайық деп телефон шалды. Сен ата-анана звандап ескертейін десең телефондарын үйге тастап кеткен. Сен не істейсің? Ескертпей кете бересің бе немесе үйде қалып қоясың ба?
10. Сенің үйіне қонақ келгенде сен қандай әрекет жасайсың?

Қымбатты қонақтар! Мына әсем әніміз өздеріңізге арналады. Қабыл алыңыздар!

Ән:Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Ендігі осы ойларымызды сараптау үшін дөңгелек үстелге қатысып отырған сарапшы қонақтарымызға сөз кезегін берейік. Ортамызда тәрбие ісінің орынбасары Орынбекова Жамилия әпкейіміз отыр, сөз кезегі өзіңізде.

2-жүргізуші:

Қыз ананың көркі де, жаны да,

Қыз бақтың жапырағы, талы да.

Қыз көңілдің бүршігі ғой гүл атқан,

Қыз елдің жүрегі де бағы да.

1-жүргізуші: «Ел болам десең – бесігіңді түзе » деген, ел сенімін ақтап, болашақ ана болар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.

2-жүргізуші:

«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

Құрметті, ұстаздар мен оқушылар, қыз тәрбиесі туралы ой бөліскеніңіздерге рахмет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
3497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12