Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Қыздар сұлу көрінер қылығымен....." қыздар жиналысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№4 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП – ОРТАЛЫҒЫ
ҚЫЗДАР СҰЛУ КӨРІНЕР ҚЫЛЫҒЫМЕН.........
Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен...
Танымдық мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шынайылыққа, ар – намысын, тазалығын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой – өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Көрнекілігі: сынып тақырыпқа сай безендіріледі. Тақырыптық слайд
Тренинг: «Жұлдызды сәт» тренингі, психолог өткізеді.
Жүру барысы: Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар! Бүгін біз 7-8 сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Қыздар сұлу көрінер қылығымен.....» атты тәрбиелік шара өткізгелі отырмыз. Бүгінгі шарамыз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады. Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт- берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.
Адамзат баласы өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Адамзат ес білгелі бері өз баласын өте тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, үлгілі отбасы иесі, үлгілі әке мен ана, бақытты әже ретінде көргісі каледі. Сол арман әр адамның бойында қалыптасқан. Әркім өз баласының бойынан осындай қасиеттерді көргісі каледі.
Отанымыздың да, отбасымыздың да алтын босағасы – әйел адам. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі, кішіге үлгі болалтындай әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Міне, сондықтан, анаға кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың бойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет. «Аяғына қарап асын іш, анасына қарап қызын ал» деген ата-бабамыздың асыл сөзі осының айғағындай.
Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болуы керек? Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана.
Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан-дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қалтынас – сөйлесе білу ғой, міне сондықтан да сіздер айналаңыздан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңызды, сөйлеу мәнеріңізді түзетіп, жақсылықты бойыңызға жинау керексіздер. Рухани байлығың – білім мен тәрбиеде. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады.
Теледидардан, журналдан көргеннің бәріне еліктеуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген бар ғой, жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қиздардан не күтесің? Қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап, тыңдай білген жөн полар. «Нұрмұқасан» тобының «Әзіл шумақтарынан» бір дәлел: «Көйлек киіп бір қыз жүр, Жарты қарыс етегі. Жалтыраған жамбасы, Бұлтың-бұлтың етеді. Ашық-шашық борбайға, Суық тисе тоңбай ма? Ұят қайда, ар қайда? Ұрсу керек мұндайда!» Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны сайтаптын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады.
Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатырған көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай, өз беттерінше даурығып, дөрекі сөздер сайтып, айғайлап сөйлеу өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеп, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің сын айтқан ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «қалай айтты, неге айтты?» деп талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой, әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі бола білуі керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні қамқорлайтын қыз – жақсы, тәрбиелі қыз.
Адамды ақ жолға бастсайтын жеті жетекшісі бар, осины бойына сіңіріп, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам.
1.Адамның басшысы – ақылы;
2.Жетекшісі – талап;
3. Жолаушысы – ой;
4. Жолдасы – кәсіп;
5.Қорғаны – сабыр;
6.Қорғаушысы – мінез;
7. Сынаушысы – жолың.
Қазақ халқы инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерін де пайдаланған, «қызға 40 үйден тыйым» деген содан шыққан. Ендеше кәзір мен сіздерге қағаз қиындыларына жазылғантыйым сөздердің бөліктерін үлесітремін, сіздер соларды құрастырып көріңіздер. (10 минут)
1. Жарыса сөйлеуге тыйым
2. Жалғыз қыдыруға тыйым
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге тыйым
4. Орынсыз ұрынуға тыйым
5. Басқаларға қол тигізуге тыйым
6. Өтірікке, өсекке тыйым
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа тыйым
8. Кісіге қарай керіліп, есінеуге тыйым
9. Талтайып отыруға тыйым
10. Шалқайып отыруға тыйым
11. Тамақты обырлана асауға тыйым
12. Ұрлық-қарлыққа тыйым
13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге тыйым
14. Бұраңдап қылымсуға тиым
15. Қызыл іңірден ұйқыға жатуға тыйым
16. Түске дейін жатуға тыйым
17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым
18. Салт – дәстүрден аттауға тыйым
19. Елді ғайбаттауға тыйым
20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға тыйым.
21. Ішімдік пен шегімдікке тыйым
22. Ұрыс-керіске тыйым
23. Беттен алып, төске шабуға тыйым
24. Қараулыққа, ысығандыққа тыйым
25. Рахымсыздық пен қатігездікке тыйым
26. Түнде суға баруға тыйым
27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым
28. Күйеуге қашып тиюге тыйым
29. Әдепсіз сөзден тыйым
30. Тарс-тұрс жүріске тыйым
31. Адам мен жануарларды тебуге тыйым
32. Кісіні қорлап, жәбірлеуге тыйым
33. Тәкәппарлық пен сайқымазақ жасануға тыйым
34. Айғай-сүреңге тыйым
35. Шектен тыс сыланып, жасануға тыйым
36. Қизғаншақтық пен күншілдікке тыйым
37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым
38. Алдап-арбауға тыйым
39. Көрсеқызарлыққа тыйым
40. Нәпсіқұмарлыққа тыйым
Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтау қажет.
Қыз балалардың анасынан жасыратын сыры болмауы қ ажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды айтып пікірлесуде адамдықтың белгісі. Ұстаз – ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан-дү ниеңізді ашуда ата-анаңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың арасына қаяу түсірмеу керек. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сені қолдайды да, қорғайды да.
Пікірлесіп көрейік біз ашылып,
Даурықпайық бәріміз бір шуласып
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан
Дос көңілмен ақтарылып сырласып, - деп қыздарымызды ашық әңгімеге шақырамыз.
-
Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?- деген пікірге ой бөлісейік
-
Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының қайсысы басым болуы керек деп ойлайсыз?
-
«Астың дәмін тұз келтіреді, елдің сәнін қыз келтіреді» деген мақалды қалай түсінесіздер?(15 минут сөз таластыру, сырласып, пікірлесу)
Келесі кезекте осы шараға қатысып отырған сынып жетекшілерді сөзге тартайық.
Қатысып отырған сынып жетекшілер: Айнұр Есенгелдіқызы, Жұмагүл Темірғалиқызы, Балауса Маратқызы және Бибігүл Болатқызы. Келесі сөз кезегі сіздерде.
-
«Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсіндіресіз?
-
«Қыз үміті қымбат» деген ойды түйіндесеңіз?
-
Қыз гигиенасы қандай болуы керек?
-
«Денсаулық – терең бақыт» деген мақалды түсіндіріп өтсеңіз.
Ой бөліскендеріңізге рахмет айтамыз.
Қыздар!
Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ
болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудан сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!
Қыздарға!
Өмір қатал көтермейді ойынды,
Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.
Қыз ғұмырың үлпілдеген гүлдермен,
Тербетілген ақ самалмен, күнменен
Абайлап жүр ерте үзуге тым ғұмыр,
Тасбауырдан қадіріңді білмеген.
Байқа ботам өте нәзік жаныңды,
Аңқау болма,қызыққа көп салынба
Кір келтірме қыз атыңа, арыңа
Шалыс басып, түсіп кетпе жалынға.
Төтеп берсін дауылдарға желкенің
Сарқылмасын бал қылықты ертеңің
Күрес еркем, жаман аттан жасымай,
Күндей нұрлы болу үшін ертеңің.
Бүгін салдық ортаға біз бар ойды
Қалған ойлар өз ойыңнан тарайды
«Алтын сырға» құлағына бар қыздың
Ойланайық, кеш емес ой әлі де, - деп қыз деген сөздің өзі әдептілік, әдемілік, жан – жақты сұлудық деген ұғыммен астасып жатқандай.
Бүгінгі шара өз мәресіне жетіп қалды, шарадан өз ойларыңызға түйгендеріңіз туралы кері байланыс бере қойыңыздар. (5 мин)
Рефлексия, кері байланыс. Жаднама тарату