Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Қыздарға әсемдік жарасады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыздарға әсемдік жарасады»

Күні : 10.02.2021

Мақсаты:

  • Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту.

  • Қыз баланы құрметтеп, қастерлей  білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. 

Көрнекілігі:  слайд, стикерлер, бейнеүзінді.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы күн қыздар! «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы сынып сағатымызға қош келіпсіздер! Қазіргі таңда қыздар тәрбиесі ерекше мән беруді қажет етіп отыр. «Ұлт тәрбиелей отырып, жер тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген халқымыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың, нәзіктітің, сыпайылылқтың белгісі деп таныған. Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, әдемілігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалаған. Сіздер дәл қазір жасөспірімдік шақтасыздар. Ата-анадан алшақсыздар. Қазір сіздерге ой қозғау болсын. «Қыз» сөзіне ассоцация

Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше мән береді. Қазақ халқында қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстаған, қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырған.

  • Сұрақ-жауап кезеңі

Қыз өмірдің гүлі. Қыз – қызғалдақ деп айтып жатады.

  • «Қыз бала» ұғымын өзіміз қалай түсінеміз, айтып көрейікші кәне?

  • Кім ол қыз деген? (Болашақ ана; ұрпақ жалғасы; сүйікті жар; ұлттың ұяты, халықтың шырайы;

  • Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін

  • Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)

  • Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?

  • Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?

  • Қыздарға жат қылықтар» дегенді қалай түсінесің

  • Жаман әдеттерге нені жатқызар едіңіз, неліктен?

Picture 11 Picture 13

Ендеше оқушылар бүгін өткен сабағымыза сіздерге тапсырма берілген еді , қазіргі заманауи үлгідегі қыздардың киім үлгісі мен бұрынғы заман үлгісіндегі қыздардың ерекшеліктерін айтуға. Енді екі топ осы бойынша өз пікірлерін айтса.

  • Қыздарға кеңес

Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың. Тартымды бол. Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады. Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады.

  • Бейнеүзінді

Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер саны көбею үстінде. Тәрбиені ата-анасынан емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасу үстінде. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқтың қасы десек болады. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қала береді. Бала кезінен жылылық сезім, мейірімділік көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болып келеді. 

Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсету үстінде. Қаладағы қазақ қыздарының көбісінің өзі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өзінің қазақ тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көретіні бар. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы.

Сіздерге арнайы қазіргі қыздардың киім үлгісіне байланысты тақырып берілді. Сол бойынша кезекдесіп пікірлеріңізді тыңдасақ (оқушылар пікірі тыңдалады). 9 «Ә»-сынып арулары қазақы, дәстүрлі киім үлгісін қолдаса, 9 «А»-сынып қыздары заманауи киім үлгісін қолдайтынын және не себепті екенін, слайдты таныстырылым арқылы қорғап шықты. Ендігі кезекте «Қазіргі қыздардың киім үлгінсіне көңілің тола ма?- деген сауал аясында 9-сынып ер балаларынан еркін сұхбат алынды. Сол бойынша назарларыңызды экранға бұрсаңыздар. (бейнеролик көрсетілді)

  • Қорытынды

Тәрбиеші: Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз қара көздеріміз. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та табылары анық. Жас өрендеріміз талшыбық сияқты. Өсіп-өркендеп келе жатқан  біздің мемлекетіміздің тірегі ол - жастар! Ал біздің қазақ жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз  өте зор! Мейлі, заманауи немесе дәстүрлі киім үлгісін киейік. Тек қазақылығымдан, қызға тән қасиетімізден айнымайық,-дей келе сабағымызды аятаймыз.

Хор: Қыздарға әсемдік жарасады












 

Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық

мектеп-интернатында 9 – сынып қыздар арасында өткізілген

«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы дебаттың хаттамасы


Қатысқаны – 15

Қатысқан мұғалімдер саны: 5



Тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 9 «Ә» сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүл сөз алып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырды. Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей  білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.

Сынып тәрбиешісі Абдикасова Базаркүл мен Серікбай Майра қыз бала туралы түсінік берді. Сыныптағы ер балалардың қазіргі заман қыздарының киім үлгісі мен бұрынғы заман қыздарының киім үлгісі туралы өз пікірлері видеоролик көрсетілді. қыз балалардың ой қозғау мақсатында сынып оқушыларына бейнебаян көрсетілді. Дебат барысында екі команда құрылды. Екі топтан құрылған команда екі жақты көзқарастағы тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салып, жеке топтық атау мен топтық ұран құрды. Дебат барысында «Тұмар» тобы мен «Зерде» тобы қазіргі нақыштағы қыздар арасындағы қыз балалар киім үлгісі мен бұрынғы заман қыздарының киім үлгісі жайлы түсініктерін жан-жақты дәлелдер арқылы таныстырды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дей келе, қыздарға кеңес ұсынылды. Мейлі, заманауи немесе дәстүрлі киім үлгісін киейік. Тек қазақылығымдан, қызға тән қасиетімізден айнымайық Дебат соңында қыздар арасында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты өлеңді хормен орындады.

Хатшы: Н.Нұржан










ФОТОЕСЕП

Picture 2














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
2741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12