жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қыздармен жұмыс
«Бекітемін»
Мектеп директоры
__________А.Ахметова
Тастыбастау шағын жинақталған бастауыш мектебі
-
оқу жылына қыздармен жұмыс жоспары
реті |
Жұмыс мазмұны |
уақыты |
Жұмыс түрі |
жауапты |
1 |
«Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» |
қыркүйек |
Пікір |
Сынып жетекшісі |
|
Қыз бала гигенасы |
қыркүйек |
Пікір |
Сынып жетекші Мектеп медбикесі |
2 |
«Сен өз құқығыңды білесің бе?» «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» |
қазан |
Сынып сағаты |
Сынып жетекшісі Мектеп психологы |
3 |
Мектеп формасы -2016 |
Қараша |
Коллаж |
Сынып жетекшісі |
4 |
Шаш өру –қазақ қызына тән |
Желтоқсан |
Сынып сағаты |
Сынып жетекші |
5 |
Мектеп аруы 2017 |
Қаңтар |
Сынып сағаты |
|
6 |
Қыз бала туралы нақыл сөздер мақал мәтелдер іздеу |
Ақпан |
Кітапша жинақтау |
Сынып жетекші |
7 |
Әсемдік әркімге жарасады ұлттық киімдер |
Наурыз |
Коллаж |
Сынып жетекші |
8 |
Қыздарға кеңес |
сәуір |
Сынып сағаты |
Сынып жетекші |
9 |
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік |
мамыр |
Сынып сағаты |
Сынып жетекші |
Сынып жетекшісі: Г.Джаксылыкбаева
Сабақтың
тақырыбы: Ұл бала мен қыз
бала
Сабақтың
мақсаты: Ұл бала мен қыз бала
арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру
Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту
Оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: Үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер.
Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен
сәлемдеседі, бірге ән салады.
Біз - туған ел баласы
Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов
Әнін жазған: К. Қуатбаев
Асыр салған таласып, Отаным кең көсілген,
Біз - туған ел баласы Төсінде ырыс төгілген.
Қандай байтақ Отаным, Қаптаған мал, алып дән,
Жан - жағыңа қарашы. Бәрі менің несібем.
Бәрін көріп келеміз,
Болашаққа сенеміз.
Жақсы оқумен, еңбекпен,
Біздер жауап береміз.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Өткен тақырыптарды қайталау
- Мерекелік кестені кім айтып бере алады?
-«Қызғаныштың кесірі» мәтінінен түсінгеніңді айтып бер?
- «Бірлік» туралы әңгімеден не түсіндің? және сол тақырыптың
дәйексөзін жатқа айт.
Әңгімелесу:
- Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
- Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Жағдаяттарды талдау
1 - жағдаят: Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып
қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді.
- Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
2 - жағдаят: Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып,
тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан:- Бөлмені жуу
қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін.- деді.
- Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едіңдер?
3 - жағдаят: Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып,
тоқтамай өте берді. Ыза болған Әлия Ғалымды итеріп жіберді, отыра
қалып жіберді.
- Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар
едіңдер?
4 - жағдаят: Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты.
Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып
кетті.
- Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
- Оқушылар, өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа мен қуаныштымын.
Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту,
мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе
ол ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
Мәтінмен жұмыс: «Кімнің жұмысы» Т. Дәуренбеков
Оқушы оқып шығады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы балалардың білімін
байқайды.
- Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
- Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
- Қыз бала мен баланың өзара сыйластығы туралы не айта
аласыңдар?
- Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім,
тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату - тәтті
болып, сыйластықты қарым - қатынас жасай білу - әдептіліктің бір
белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз
болып сыйласып, дос бола білген жөн.
Шығармашылық жұмыс:
Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым -
қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс
ұйымдастырылады.
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің
келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің
келеді?»
Мысалы: Қыз бала: әдепті, сұлу, нәзік инабатты, ақылды, әдемі,
мейірімді, ұқыпты т. б Ұл бала: әдепті, батыл, ержүрек, қайратты,
шыдамды, әділ, ақылды, бір сөзді т. б
Дәйексөз:
«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге
келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады.
Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа,
қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан.
Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б.
Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз
дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз -
мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан
сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге,
күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да
жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және
т. б
Ойын:
Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу
мақсатында «Егер ұл болсам....., егер қыз болсам...» атты ойын
ұйымдастырылады.
Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам» дегенді
жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам..»дегенді өз
ойымен жалғастырып айтады. Айта алмай қалған оқушы айып
тартады.
Күтілетін жауаптар:
Еген мен ұл болсам елімді қорғаймын, қыздарға көмектесемін,
қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т.
б
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін, дөрекі сөз айтпаймын,
дауысымды көтеріп сөйлемеймін, адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын,
бәріне мейіріммен қараймын, ұлдарға көмектесемін, ұлдармен қыз
баламен достасқандай достаса аламын, ұлдарды сыйлаймын және т.
б
Дәптермен жұмыс:
Тапсырма: Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) пен қыз баланың
(Махаббат) суреттерінің жан - жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа
жауап жазыңдар.
Мыс: сүйкімді, көрікті, ұқыпты, батыл, көпшіл, мейірімді, әдепті,
шыншыл, нәзік және т. б
Жүректен - жүрекке
Бір ұл, бір қыз болып араласып шеңбер құрып тұрады. Қатар тұрған
көршісіне «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді»деп, оның
қолын қысады. Соңғы оқушыға жеткенше осылайша жалғасады.
Е. Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге
айтады.
Ұл бала мен қыз бала
Үйге бірге қайтады
Бір мектепте оқиды.
Бар сырларын аз ғана
Ұлға да ортақ, қызға да
Бір - біріне айтады.
Білімді ойға тоқиды.
Ұл бала мен қыз бала
Ұл бала мен қыз бала
Түсіністі, достасты.
Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы
Жасымыз өскен сайын бойымыздан кемшілік іздеуге құмар келеміз. Ата-анамызға, құрбыларымызға кемшіліктерімізді жиі айтамыз. "Шіркін, осылай болса ғой" деп армандаймыз. Жігіттер айнаға қараған кезде бұлшық еттерінің Қажымұқан атамыздікіндей ширақ болғанын қаласа, қыз балалар өзі сүйген әртісіне ұқсағысы келеді. Әрине, алғашқы баспалдақта еліктеген жақсы, бірақ сұлулық пен салауатты өмір салтының негізі жеке бас тазалығынан басталады.
Халқымыз әрқашан «Тәні саудың – жаны сау» дейді. Сондықтан жеке бас гигиенасын ерінбей сақтанған жөн. Өне бойыңнан кемшілік іздеуді қойып, жақсы қасиеттеріңді еске ал.
Таңертең және кешке жақын жуыну керектігін барлығы білсе де, бұл процесстің қаншалықты маңызды екенін мойындай бермейді. Жуынатын бөлмеде қандай сабын тұрса, еш талғамай сонымен жуына береді. Кейде, тіпті, безеуді кетіріп, бетті құрғатады деп кір сабынмен жуынады. Кір сабын біріне жақса, екіншісіне мүлдем кері әсерін тигізеді.
Біздің теріміз балғын әрі нәзік болғандықтан, үлкен әпкелеріміз бен анамыздың косметикалық құралдарын пайдаланбағанымыз жөн. Оның үстіне безеу де шықпайтындықтан, әзірге балаларға арналған сабын немесе бактерияларды өлтіретін алқызыл түсті Safeguard жеткілікті. Ал тісті щеткамен жақсылап ысқылап, сұйық бальзамдармен аптасына 2 рет шайып отыру керек.
Тақырыбы: Маған өмір керек, мен өмірге
керекпін
Мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық
қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын
сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім
беру, олардың алдын
алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын
қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке,
адамгершілікке
тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік
мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам
өміріндегі маңызы туралы түсінік
беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,
рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата
отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге
үйрету;
- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және
әрекетіне мұқият болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд,
жағдаяттар.
«Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін
– ұлы бекет жолдағы».
/М.Мақатаев/
«Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен
жаралмаса кемеңіз»
/Рудаки./
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар
батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау»
/Дж.Неру/
Түрі: дөңгелек
үстел
Барысы:
1. Кіріспе
сөз
2.
Сұрақ-жауап
3. Ойланайық,
пікірлесейік
4. Ой қозғау «Ұлылардан
ұлағат»
5. Жағдаяттарды
талқылау
6. Назар аударайық.
Бейнебаян
7. «Жүректен
жүрекке»
1. Кіріспе
сөз
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар
және ұстаздар!
Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев
ағамыздың өлеңімен ашқым келіп
отыр.
Адам күліп қарсы алады таң
нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр
күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына
түседі,
Дүниенің кеңдігі мен
тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң
нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр
күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол
естен,
Дүниенің кеңдігі мен
тарлығын.
- Осы өлеңде не жайлы
жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің
дөңгелек үстеліміздің тақырыбы МАҒАН ӨМІР КЕРЕК, МЕН ӨМІРГЕ
КЕРЕКПІН - деп
аталады.
2. Пікірталас
сұрақтары:
Өмір дегенді қалай
түсінесіңдер?
Өмірдің мәні неде деп
ойлайсыңдар?
Өмір адамға несімен
қымбат?
Міне осы сұрақтарға сіздердің берер
жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі
өздеріңізде.
Психолог
сөзі:
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен
бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда
төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып
жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен
қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын
білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей
де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда
өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол
өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса,Өмір адамға бірақ рет
беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен
тек сыйласып өткенге не
жетсін.
3. Оқушылар
шығармашылығынан:
Келесі сөзді оқушыларымызға берсек, Өмір
туралы білетін өлең, шығармаларын айта
отырса.
Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар
әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық
міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы.
Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. қиындықты
жеңсен-бақыт.
4. Ой қозғау «Ұлылырдан
ұлағат»
Әр кластан бір билеттен алып, ұлылырдың өмір
жайлы айтқан сөздерін оқып, ой қозғайды немесе ойды
аяқтайды.
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның
бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай
құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа
келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден
жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын
суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел
бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек
шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің
деген жеріне жетеді.
І.
Есенберлин.
Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық
өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан
әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан
есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің;
одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын
айтқанда менің өмірім – қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана
басталды.
Б.
Бұлқышев
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына,
жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып
жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбе¬ген. Тарихта
дәулетке, атаққа паңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен
өткізгендер аз емес…
Б.
Момышұлы
Өмір мен бақыт жайында жақсы ой-пікірлеріңді
тыңдадық. Енді келесі жағдаятты қалай шешер едіңіздер? Соған
тоқтала кетейік.
5. Жағдаятты
талдау:
Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен.
Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз
сезінеді. Достары да аз,
ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер
едіңіздер?
Ата-анасынан
айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейтін
жасөспірім.
6. Назар
аударайық: Бейнебаян
7. Жүректен-
жүрекке.
Міне, өмір,
бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай
болса:
«Адам боп оңай
туғанмен,
Адам боп қалу
көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі
кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым
келіп тұр.
(Оқушылардың
ойларын, тілектерін ашық
айтуы.)
Олай болса мен
сіздерді мына ұранмен өмір сүруге
шақырамын
Барлығы
қосылып:
Біз өмірді
сүйеміз!
Бақытты өмір
сүреміз!
Біз бәріміз
біргеміз!
Сөз соңында
«Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» -
дегендей
«Өмірдің
қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен
ауыртпалықтардан қорықпау» дегім
келеді.
Біз бақыттымыз,
себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір
сүреміз.
Келесі
кездескенше сау болыңыздар! Уақыттарыңызды
бөліп, дөңгелек
үстелге қатысқандарыңызға рахмет.
Сабақтың тақырыбы: « Сен заңды білесің бе?»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен материалдан алған заң
туралы білімдерін толықтыру
2. Балалардың заңға деген қызығушылығын
туғызу үшін әр саладағы білімдерін заң
білімдерімен ұштастыру.
3. Құқықтық тәрбие беру. Нақты мысалдар ар-
қылы қосымша материалдарда деректерді пай-
далана отырып білуге дағдыландыру, ой-өріс-
терін дамыту.Заңды құрметтеуге, оның талап-
тарын, міндеттерін саналықпен орындауға
тәрбиелеу.
Патриоттық сезім:
Елжандылыққа, туған елін, жерін сүйе білуге баулу.Табиғи ортаны қорғауға шақыру.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сабаққа даярлау.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ой-қазық
сөзімен таныстыру, мәнін ашу.
3. Өткен материалдармен байланыс.
топтарға бөлу.
Берілген сұрақтар:
1.Заң дегеніміз не?
- Ең жоғарғы күші бар нормативтік құжат
2. Көне түрік қоғамында қылмыстың қандай түрлері болған?
- Кек алу, күң борышы, мал ұрлау, барымта.
3. Құқық деген не?
- Белгілі бір мемлекетте қалыптасқан құқықтық нормалардың жүйесі.
4. Қазақ жерінде алғашқы заңдар жинағы қалай аталған?
Қай ханның тұсында жазылған?
5. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді, демократиялы, құқықты
мемлекет аталу себебі не? Заң бізге не үшін қажет?
Сендер : сен сабақ оқуың керек, ата-анаңа көмектесуің керек,ананы істеме, мынаны істе деген үзілді-кесілді талаптарды аса ұнатпауларың
мүмкін. Сендер сонда: Менде адаммын. Декмалуға менің де еркім бар деп жауап бересіңдер. Сонда өз құқығыңды қорғаған боласың.
Бірақ шын мәнінде өз құқығыңды білесің бе?
Сен туылған күннен бастап мемлекеттің қорғауында және қамқорында боласың. Неліктен? Өйткені сен осы елдің АЗАМАТЫСЫҢ.
Ата Заңда жазылған барлық құқықтарды пайдалануға толық хақың бар.
Міне, балалар біз бүгінгі сабақта осы мәселелерге тоқталып, ойымызды
бөлісеміз. Ең бастысы өз құқықтарың мен міндеттеріңді білу.
Білім мен салт-дәстүр сайысын өткізгелі отырмыз.
Өлең шумағын оқу.
Жаумен талай алысты
Айбатты елге танысты
Сендерде сондай болсын деп
Алған жоқ бекер барысты
Осал деп айтар мұны кім?
Белгісі бар ұлының
Қоқысты лайды менсінбей
Судың ішкен тұнығын.
Қаһарым енді көріңдер
Болатын жігіт елім дер
Бүгінгі мына сабақта
Барыстай жауап беріңдер
Келеді озып жарыста
Жігерлі күшпен қалыспай
Эмблемасы елімнің
Болайық күшті барыстай.
Топ басшысы қоржыннан сұрақтар алады
1. « Жеті жарғы » атты заңдар жинағы қай ханның тұсында?
( Тәуке хан )
2. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы?
( Парламент)
3. Парламент Сенаттың келісімімен тағайындалатын заңды тұлға?
( Бас прокурор)
Сабақты бекіту. Білімдерін бағалау.
Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң
көркi.
Сұлу – сұлу емес, сүйген
сұлу.
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр
бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық –
жүректе.
Қызым саған айтам, келiнiм сен
тыңда.
Жақсы үйге түскен келiн – келiн
болады.
Келiнi жақсының – керегесi
алтын.
Екi жақсы қосылса, ай мен күндей
жарасар,
Екi жаман қосылса, ырылдасып
таласар.
Апасының киген тонын, сiңлiсi де
киедi.
Қызға қырық үйден
тыйым.
Қызды кiм сүймейдi, қымызды кiм
iшпейдi?!
Анасын көрiп қызын ал, ыдысын көрiп асын
iш.
Отырған қыз орнын
табады.
Жақсы әйел жаман еркектi – ер
қылады.
Жаман еркек жақсы әйелдi – жер
қылады.
Екi сиырың болса – айран
болар,
Екi әйелiң болса – ойран
болар.
Екi әйел алғанның – дауы
үйiнде,
Жаман әйел алғанның – жауы
үйiнде.
Баланы жастан, әйелдi
бастан.
Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел –
ұрыс.
Абысын тату
болса – ас көп, ағайын тату болса – ат
көп.
Ата даңқымен
қыз өтер, мата даңқымен бөз
өтер.
Қарыздан да
әйел ал, әйелiң қалар
жаныңда.
Байдың әйелi
өлсе – төсегi жаңғырар,
Жарлының әйелi
өлсе – басы қаңғырар.
Бас екеу
болмай, мал екеу болмас.
Ауру – астан,
дау – қарындастан.
Сараңдық жұғады
екен ауылдастан.
Ақылды қыз
білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз
сөзге ілігер.
Қырсыққан қыз
бай таппас,
Қырсыз жігіт
мал таппас.
Байғазыға
байдың қызы.
Қызға бергенді
Қыдыр өтер.
Қыздың құны
қырық жеті.
Қыз ұзатқанның
қызылы қалмас.
Шыққан қыз
шиден әрі.
Қайтып келген
қыз жаман,
Қайта шапқан
жау жаман.
Жасауды жеті
жастан жинасаң жетеді,
Алты жастан
жинасаң асады.
Жасауы көп
келіннің күйеуі жуас.
Тозбас жасау
болмас,
Бас білмес асау
болмас.
Ауру –
астан,
Дау –
қарындастан.
Бір қыз күйеуге
шықса,
Мың қыз түс
көреді.
Жақсы қыз –
жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
аспандағы жұлдыз.
Жыршы қызға –
сыршы күйеу.
Қыз назы қырық
кісіні мас қылады.
Қыздың
қабағында құт бар.
Қыздың қабағы
күлімдесе – құт келеді.
Қыздың жолы
қырық кісінің жолын
бөгейді.
Қызда қырық
көліктік бақыт бар.
Қыз бала
кісінің кісісі.
Қыз –
қонақ.
Қыз өссе елдің
көркі
Гүл өссе жердің
көркі.
Қыз ат
байлатар.
Қыз ұшқан
қу.
Қызға берген
көрінбес.
Қыздың көзі
қызылда.
Қызды ауыл
өсекшіл.
Шыққан қыз
шиден ары.
Қайтып келген
қыз жаман,
Қайта шапқан
жау жаман.
Төркін десе қыз
төзбейді.
Тойған қыз
төркінін танымас.
Қыз бала үйге
жаққан бояу.
Қыз бала
өкпешіл болса,
Қалың малы көп
болар.
Қасынан қыз
өтсе сексендегі шал басын
көтерер.
Қыздың жолы
жіңішке.
Қызы бар үйдің
жеңгесі сүйкімді келеді.
Қызды ауылдың
қызығы көп.
Қызды қымтам
ұстаған ұялмайды.
Қыз бен жылқы
жаудікі.
Күйеу жаман
болса қызыңнан.
Ауылдан қыз
кетсе, қызық та кетеді.
Қыздың ұяты
шешеге.
Қызды асырап
білмеген күң етер,
Жібекті түте
алмаған жүн етер.
Қызым саған
айтам, келінім сен тыңда.
Қызың өссе
қылықтымен ауыл бол.
Қыз
қылығымен.
Жынды қыз
ашамайға мінді қыз.
Шешесіне қарап
қызын ал,
Аяғына қарап
асын іш.
Қызы бардың
назы бар.
Қызға қырық
үйден тыйым.
Қыз күнінде
бәрі жақсы,
Жаман қатын
қайдан шығады.
Қыз – өріс, ұл
– қоныс.
Екі ауылдың
арасын жол қосады,
Екі елдің
арасын қыз қосады.
Қыздың жолы
жіңішке.
Қыздың қырық
жаны бар.
Судың түбін шым
бекітер,
Даудың түбін
қыз бекітер.
Отырған қыз
орнын табады.
Қыз мінезді
келсін,
Ұл өнерлі
келсін.
Қыз баққаннан
қысырақ баққан оңай.
Шешесі отырып,
қызы сөйлегеннен без.
Жақсы қыз –
жағадағы құндыз.
Қыздан туғанның
қиыңы жоқ.
Қалыңсыз қыз
болса да, кәдесіз күйеу
болмайды.
Қызыңды құтты
орнына қондырғанша күт,
Ұлыңды отау
иесі болғанша күт.
Ақылды қыз
білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз
сөзге ілігер.
Қызды кім
айттырмайды,
қымызды кім
ішпейді.
Қыз –
жігіттікі,
Қымыз –
көптікі.
Қыз түгіл қызыл
шүберек те таба алмайсың,
14–15 жастағы жасөспірім қыздар жаңадан ғана бүр жарып келе жатқан гүл секілді. Жас өскін мәпелеп, дұрыс суарудың арқасында ғана әсем гүлге айнала алады.
Сол сияқты қыз балаға да көп күтім һәм қамқорлық қажет. Алдымен міндетті түрде таңғы, түскі және кешкі асты уақытымен ішіп, дұрыс тамақтану қажет.
Балық, майсыз ет, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, йогурт, айран, ботқа, майсыз сорпа және көкөністер мен жемістер жасөспірімнің күнделікті тамағы болуы тиіс.
Адам ағзасына күнделікті 1,5-2 литр су қажет екенін биология пәнінен оқыса да, көбісі бұған аса мән бере бермейді.
Жасөспірім «өтпелі кезеңнің» қиыншылықтарынан, сабақтың көптігінен, т.б. толып жатқан мәселелерден не толысып, не қатты арықтап кетеді. Ол өз жасының не балаға жататынын, не ересектерге жататынын түсінбей қиналады. Осындай кезде көптеген жастар моральдық қиындықтарды көтере алмай, ішкі ағзаға салмақ түсіріп, омыртқасын қисайтып алады. Үлкендерден жасырынып, темекі тартып, ішімдіктің де дәмін татып көреді. Кейбіреулер бұны ересек болып көріну үшін, не үлкендерге қыр көрсету үшін істейді. Алайда кейін қоя алмай, зиянды әдетке тәуелді болып қалады.
Бұл кезеңде бойдағы энергияны пайдалы істерге: сабақ оқуға, дәмді тамақтар әзірлеуге, болашақ мамандығы туралы тереңірек білуге, шет тілін үйренуге жұмсағаны абзал.
Егер ата-ана ескерту жасаса, бірден ашу шақырып, дүрсе қоя бермей, сабыр сақтауға тырысқан абзал. Ата-ана сырттай білдіртпегенмен, «баламның табанына кірген шөңге маңдайыма қадалсын» деп іштей ойлап жүреді. Себебі, бала – ата-ана өмірінің жалғасы, қызығы. Олар да үлкейіп қалған баласымен қалай қарым-қатынас жасауды білмей, абдырайды.
Жасөспірімдер көбіне бет-жүзіне көңілі толмай, жиі бояна бастайды. Қыз баланың сұлулығы – оның жастығы. Онымен ешқандай Голливуд жұлдызы бәсекелесе алмайды. Сондықтан бояудан гөрі, нәрлендіргіш маскаларды, жасөспірім қыздарға арналған иісмайларды дұрыс қолдана білген жөн.
Қыз балаға не кисе де жарасады. Дегенмен әрбір жасөспірім қыз өз дене бітімінің қай типке («алмұрт», «алма», «банан», «құмсағат») жататынын біліп, киімді соған сәйкес таңдап, өз стилін қалыптастыра білген жөн.
Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында
байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі
көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт
- дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке
тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық
киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер
түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты
сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің
ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық
әйелдер күні мерекесі құтты
болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты
өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш
тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері
мен білімдерін байқау үшін «Ақ ару» атты конкурсымызды ашуға
мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жумагалиева Қ. Т. сөз
берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы»
қыздар байқауын ашық деп
жариялаймыз!яж№ю
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран
қалам,
Жанары жаны жаздай
жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген
сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран
бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға
шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей
басып,
Келеді міне ортаға толқып
тасып.
Аруларын сыйлаған халқым
менің,
Көңілді қошеметпен қарсы
алайық.!
1)..................... қыз
өнерлі
Бойға өнер жиған
қыз.
2)................... қыз
білімді
Меңгерген бар
ілімді
3)........................ қыз
елгезек
Алады тез
тіліңді.
4) Ақша
бетті........................
Ұқсайды хор
қызына
5)...........................
үлбіреп
Қос жанары
мөлдіреп
6)........................ қыз
шығады
Бұрымдары
желбіреп.
7) Аққу құстай қанат қағып
самғаған,
Адал жолмен арам іске
бармаған.
Адамдықты жаны сүйген
қашаннан,
.................... да қатарынан
қалмаған.
8) Атыңнан айналайын.....................
деген,
Сенің ісіне жақсы баға
берем.
Жеңіс туын тігерсің
болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған
деген.
9) Білімді оқу озаты
сыныптағы,
Талай қиын істерді
құрықтады.
........................... алдында талай іс
тұр,
Болашақта жандырар үміт
отты.
10) - сыныпта
оқитын,
Өрнектеп тоқыма
тоқитын,
Ән айтып, би де
билейтін.
.................. өнерлі
қызымыз.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән
салайық,
Өнерпаз өрендерге
тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа
тұтқан
Әділқазы алқасымен
танысайық.
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын
атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп
аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (5
мин)
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз
өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән,
би, мәнерлеп оқу немесе
қолөнерлер).
3 - шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың
шашын сәндейді де атын
айтады.
4 - шарт. «Кім жылдам?» (5
мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,
икемділіктерін
көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою
ою)
б) Түйме
қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім
көп тізіп шығады).
5 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі
сұрақтар беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына
көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын
тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер
деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті
танысуға,
Бойындағы бар дарынды
дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп
жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе
қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур
таныстыру.
2 тур: Өз өнерін
көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың
тарланы,
Еңбектегі әріптестер
мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,
сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс
та.
3 тур: Сәндік
өнер
Сымбатына сән киім
жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп
тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі
сайысымыз шашқа сән
жасау.
4 тур: «Кім
жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,
икемділіктерін
көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2
мин
б) Түйме қадау 2
мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп
шығады). 1 мин
5 тур: «Сұрақ -
жауап»
Ақылдылық қыздарға
жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де
санасады.
Келесі сұрақ – жауап
сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып,
келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші
көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай
қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия,
бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт
сақталатын тағам
(құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі,
тамақ)
4. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4,
жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық,
космогониялық).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді?
(жасанды,
синтетикалық)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ
мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер
(желатин)
7. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше
(түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой,
ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты
(ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам.
(салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері
(кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос
Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық
киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен
өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас,
жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б.
(мата)
16. Қолдан
тоқылған суретті - кілем
(гобелен)
17. Тамақтан
соң ауыз сүртуге арналған орамал.
(салфетка)
18. Адам баласы
тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек?
(түсте)
19. Сумоншақтың
орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ
қай елде алғаш пайда болған?
(Египет)
21. Нанның
кептірілген бөліктері
(сухари)
22. Картоптан
жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа
тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы
металл (алтын)
25. Үйдегі
машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина,
тігін машинасы)
26. Тістегі
пломбаны тартып шығыратын кәмпит
(ирис)
27. Мойынға
тағатын әшекей (алқа)
28. Су
моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел
(Жапония)
29. Қыздың
бұрымы дегеніміз не? (өрілген
шаш)
30. Жұма сайын
пісірілуге тиіс мұсылман наны?
(шелпек)
«Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып
келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын
есептегенше, көрермендермен ойын
ойнайық!
Ал, көрермен,
ойнайық,
Ойнайық та,
ойлайық
Қандай жұмбақ
болса да,
Шешпей оны
қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп
көрейік.
1. Құрғақ жерде
сақтайсың
Онсыз тамақ
татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер
айқасқан,
Оқта - текте
шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса
қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер.
(Қол)
4. Тұмсығы
мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты.
(үтік)
5. Біреуге киін
дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін
машинасы)
6. Аузынан
ішкені мұрнынан шығады.
(Шәйнек)
Биология: Таза
табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек,
жүн)
Қолөнер: Киіз
үйдің жабдықтарын ата. (кереге, уық, шаңырақ, түндік,
босаға)
География:
Кофенің отаны. (Африка)
Сурет: Байлық
пен молшылықты бейнелейтін ою - өрнек
(қошқармүйіз)
География: Төрт
түліктің киелісі - түйе малының шыққан жері. (Орта Азия,
Қазақстан)
Сурет: Магиялық
ою. (тұмарша)
Биология: Етте
қандай дәрумендер тобы бар? (А, Д, ПП,
В)
Медицина: Ұзақ
уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақта тиісті дәрумендердің
болмауынан адам қандай ауруға ұшырайды?
(авитаминоз)
Технология:
Киімдегі қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз?
(аксессуарлар).
Медицина:
Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді?
(каллория)
Физика: Тоқты
өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ
ағаш).
Геометрия: Ою -
өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады?
(симметрия)
География:
Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ
(ОҚО)
Медицина: Адам
тамақтан улануда қандай ауруға ұшырайды?
(интоксикация)
Ауыл
шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар.
(тыңайтқыштар)
География:
Кестенің Отаны қай ел?
(Қытай)
Медицина:
Гемоглобин түзілуге қатысатын дәрумен.
(ПП)
Сурет:
«Дастархан» натюрмортының авторы кім? (А.
Ғалымбаева)
Сызу: Заттың
үлкен кішілігін білдіретін сан
(масштаб)
Өнер: Өнер
саласын зерттеген академиктің аты
(Марғұлан)
Тарих: Қазақ
ұлттық ою - өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірге жатады
(тас дәуіріне)
Қорытынды: Енді
әділқазылар алқасына сөз
берейік.
Қыздар, бүгін
сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер.
Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен
алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат
салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел
аман, жұрт тыныш болсын!
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері:көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан,кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік,жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы,торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүзқазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.
Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған.
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақтымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді.
Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақ тар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.
Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей,жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.
Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді.
Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бой тұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана–шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама
Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.
Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.
Есте сақтаңыз!
-
Қараңғы түскен уақыт пен түнде (22.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады;
-
Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз;
-
Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.
-
Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.
-
Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.
-
Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.
Есте сақтаңыз! Бала ата-аналары – сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыз!
Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған.
Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.
Ақындар оларға «Қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа күйек» (Ақан) деп сұқтанған, таңданған.
Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі үлкен, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» делінген халық өлеңіндегі ғажап сурет осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағылымы зор тағымдар мен зергерлік әсем бұйымдар тағы бар. Шашты тарау, тарқату үшін шаштарақпен бастырады. Тарақты шеберлер сиыр мүйізінен жасаған. Шашты жылтырату үшін шашмай жағады. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы мен артық саналатыны – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын болғасын тағылады, желді күні көтеріліп кетпес үшін де пайдаланылады. Әсем сәнді шолпыларды қыздар мен келіншектер таққан, егде әйелдер тақпаған.
Шолпының түрлері өте көп. Мысалы, қоңыраулы шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы (бұларды орнатылған асыл тастарына қарай маржанды шолпы, меруерт шолпы, ақықты шолпы дейді). Металл түріне қарай алтын шолпы, күміс шолпы деп атала береді. Жер-жерде шолпылардың бұдан да көп атауы бар. Сұлу шашқа тағылған осы шолпылар қыз-келіншектер жүріп тұрған кезде күн сәулесіне шағылысып көздің жауын алады. Сонымен бірге, ол иесі қозғалғанда, әсем дыбыстар шығарып сұлу қыз, кермаралдай керілген қыз келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сыны мен сымбатын одан әрі арттыра түседі. Мұндай сұлуды қазақтар «сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосқан» деп ардақтаған.
Шашбау – шаштың ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы. Сұлулар мен бойжеткендерге арналған халық өлеңдерінде «Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң», «Көрінер қыздар сұлу шашбауымен, бұрымын кейін сілкіп тастауымен» дегені сондықтан. Шашбау түрлі-түсті асыл тас орнатылған, моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен немесе қымбат, берік матамен ызылып жасалған алтын, күміс жіптермен өрнектеліп, ұшына салмақты күміс теңгелер мен сөлкебайлар тағылған бұйым. Мұның шолпыдан өзгешелігі – ол бұрыммен қоса өріліп, теңгесі шаш ұшына байланады.
Шашқап – шашты күнге күюден, жұмыс үстінде шаң-тозаңнан сақтау үшін жасалатын сәндік бұйым.
Қазақ халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары да бар. «Шашыңды отқа тастама», «Шашыңды жайма», «Шашыңды қима» деген тыйымдар, «Шашың кесілсін» деген қарғыстар бар.
Халық қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйелдің шашын кессе, ол дене мүшесін кескенмен бірдей жазаланады, үлкен айып төлейді. Егер әйелдер өздері қылмыс жасаса, олардың шашын кесіп жазалайды. Бұл әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Демек, әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ежелден-ақ білген.

