Тақырып: «Қыздың сұлулығы әдемі өрілген бұрымында»
Мақсаты:
Білімділігі:Бойларындағы икемділік, сымбаттылық,
қабілеттілік,инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық
қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Дамытушылығы: қыз балаларды әдемілікке, сұлулық,ақылдылық, іскерлікке
баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.
Тәрбиелілігі: қыз балаларды өзін-өзі күте білуге, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өнеге сағаты
Сабақтың типі: дәстүрден тыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық, әңгіме, сұрақ-
жауап, жұптық, топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: тақтада сынып сағатының тақырыбы , мақал мәтелдер мен даналық сөздер, сабақ тақырыбына байланысты дидактикалық суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың ОТҚ-ры: : Microsoft word, Scanner, Internet.
Сабақтың барысы:
Кіріспе:
Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап,періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті,инабатты етіп тәрбиелеген. Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан,жамандықтан аулақ ұстап,сақтандырған. Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады. Ерте замандағы Қыз Жібек,Баян сұлу,т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген. Сол бұрымдарына небір әшекей-бұйымдар тағып өздерінің тектіліктері мен пәктіктерін таныта білген. Сондай әшекейлерге мыналар жатады:
Шашбау.

Ол-қыз,келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады. Шашбау қыздардың шашының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын,күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу,әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:
1.Үзбелі шашбау;
2.Шашақты шашбау.
Қазақтарда шашбаудың
-сөлкебай шашбау,
-теңге шашбау,
-шаштеңге,
-үкі аяқты шашбау,
-шаш –түлек (лентадан жасалады)
-шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады,ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып,түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.
Шолпы.

Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды. Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.
Жас қыздар мынандай шолпы таққан:
1.Үзбелі шолпы;
2.Қос үзбелі шолпы;
3.Маржанды шолпы;
4.Меруертті шолпы;
5.Ақық шолпы;
6.Қоңыраулы шолпы;
7.Тізбелі шолпы;
8.Сағат баулы шолпы;
9.Қозалы шолпы;
10.Сылдырмақ шолпы;
11.Көзді шолпы;
12.Алтын шолпы;
13.Күміс шолпы.
Шашқап. Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан,күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт,күміс шеттіктер тағады.
Шаштеңге. Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінн хабар беріп, «айтып»қояды. Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық, шүйдеге тағылған әшекейдің аты-желкелік.
Шашқа байланысты ырымдар:
*Қазақ халқында екі-қабат кезінде әйелдер шашын кеспейді.Олай жасаса,іштегі бала кемтар болып туады.
*Әйелдер тектен –текке шашын жайып жіберіп жыламайды,дауыс қылмайды.Бұрындары күйеуі өлген әйелдер ғана солай істейтін.
Бұрымды кеспе бойжеткен.*Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің-өмір жолынды кескенің»деген ғибратты сөздер бар.
Қорытынды:
Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе,соның тағдырын басында қайталап өткізеді. Егерде бұрымын кесе қалса,оны таза шүберекке орап,адам баласының табаны тимейтін жерге апарып көмуге тиісті.Өйткені,бұрым-бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы, қарын-шашы.
«Қыздың сұлулығы әдемі өрілген бұрымында»
4
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қыздың сұлулығы әдемі өрілген бұрымында

шағым қалдыра аласыз