Материалдар / "Қызғалдақ ару"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызғалдақ ару"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 - наурыз мерекесі қарсаңында балабақша немесе шағын орталық бүлдіршін қыздары арасында өткізуге болатын сайыс сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
783
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызғалдақ ару» атты сайыс

Мақсаты: Ананың балаға деген махаббатының шексіздігі туралы түсіндіру, отбасындағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер, қанатты сөздер.

Жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар! Қар астынан қылтиып бәшешек бой көрсеткенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып 8 - наурыз Аналар мерекесі келеді. Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Құрметті аналарымызды мерекелерімен құттықтай келе, «Қызғалдақ ару» атты сайысымызды бастаймыз.

Ең алдымен «Қызғалдақ ару» сайысына қатысушы балапан-қыздарымызды ортаға шақырайық.

Ойында мейірім ақ тілек,

Сондай жарқын мінезі.

Күнсүлу әженің немересі,

Ербұлан мен Айнұрдың тұңғышы.

Диянаны шақырайық ортаға

Алтынайым деп сүйетін

Жақсы көріп өсірген

Бәден әженің немересі

Төрт ұлдың кенжесі

Шақырайық ортаға

Алтынай деген қызымызды

Өзінің кім екенін танытатын

Бойына ұлттық киім жарасатын

Өсіп қалдым деп баратын оқуға

Айдар мен Анельдің

Лаура есімді қызғалдағын

Шақырайық ортаға

Күлім қағып қарайтын

Аумаған бір өзім деп

Кекілінен тарайтын

Әсет қызы Даянаны

Шақырайық ортаға

Айлан десе, Айлан

Әкесінен аумаған

Абай мен Ғалияның

Ермегі әрі тұңғышы

Айланды шақырайық ортаға


Ал қыздарым қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Саусақтары майысып,

Би биле мына халыққа.

Қысылып еш саспаңдар,

Қызықты ойын бастаңдар.

Аналардың тойында,

Бір көтеріп тастаңдар.

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін Қазылар алқасын сайлап, олармен таныс болайық.

Жүргізуші: Енді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1Таныстыру

2 «Құлақтан кіріп бойды алар»(Өнерлерін көрсету)

3Сән үлгісі(мода көрсету)

4 «Ойнайық та ойлайық»(жұмбақ шешу)

Жүргізуші: Ал халайық ықыласпен демелік,

Арулардың бүгінгі сайыстарын көрелік.

Ақылы мен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берелік.

Гүл көңілдер қуанышпен өрілді

Көздерінен жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұр ғой әне,үніңнен

Көпшілікке таныстыршы өзіңді! - деп сайысымыздың бірінші кезеңіне жол берейік.

Жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай екен

Өнер деген мол қазына кең екен

Би билеп,ән айтып жырламайтын

Жүргізуші: Өнерсіз қазақ, кем де кем келесі кезекті екінші «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету кезеңіне береміз.

Тұлғасына сән киім жарасады,

Бүкіл әлем таңғалып қарасады-деп ортаға көрікті сымбатты инабатты нәзік қыз-қызғалдақтарымызды ортаға шақырамыз. Сән үлгісін көрсету.

Қыздарға әсемдік жарасады

Ай көркі биіктетер аласаны

Болмаса сұлу қыз ару әйел

Табысып әркімдермен таласады

Жүргізуші: «Ойнайық та, ойлайық» Жұмбақ шешу. Жұмбақтар

Қабат қабат қаттама Бір түкті кілем

Ақылың болса аттама Бір түксіз кілем

(кітап) (жер,аспан)

Күнде оған қараймын Отқа жанбайды

Қара шашты тараймын Суға батпайды

(айна) (мұз)

Жер астында жез қазық Қолы жоқ сурет салады

Жеуге болар ас қазық Тісі жоқ,тістеп алады

(сәбіз) (аяз)

Аласа тауда алуан алма Ағайынды бәрі

Алқызыл болмай аузыңа салма Шықса жасыл

(қызанақ) Түссе сары

Бес ін,бес іннің (жапырақ)

Аузы бір ін (қолғап) Ти десем тиеді

Тиме десем тимейді

Сүрткен киімі тазарып (ерін)

Өзі қалды тым арып Көреді бәрін өзгенің

(сабын) Көре алмайды өздерін

Қалың киім ұнатады (көз)

Шешіндірсең жылатады Еңкейсем еңкейеді

(пияз) Шалқайсам шалқаяды

Шыр-шыр етеді, (көлеңке)

Құлағыңнан өтеді Кішкене ғана бойы бар

Ұстай қалсаң, Айналдырып киген тоны бар

Сөйлеп кетеді (қой)

(телефон) Қардай аппақ

Бес балада бір бешпент, Балдай тәтті-ақ

Бір киініп,бір шешпек (қант)

(қолғап) Құрғақ жерде сақтайсың

Менің үш көзім бар Менсіз тамақ таппайсың

Бір көзім «кідір»дейді, (тұз)

Бір көзім «тоқта»дейді, Бұдан кір қорқады

Бір көзім «абайла»дейді, Судан кір қорқады

«Қарап ал,маңайға»дейді (сабын)

(бағдаршам)


Жүргізуші: Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша кезекті әнге берейік.

Алтынайдың орындауында «Ертегілер» әні.

Жүргізуші: Біздің шағын орталықта өнерлі қыздар өте көп. Барлықтарың өнерлі, ақылдысыңдар, дегенмен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген сөз бар. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, кім «Қызғалдақ ару» атанғанын білейік.

Жүргізуші: Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз. Келесі кездескенше қош – сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!