жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қызығы мол қыс мезгілі

Қызығы мол қыс мезгілі.
Ақмола облысы, Целиноград
ауданы, Қосшы ауылы
МКҚК «Алтын дән» балабақшасы
Дене тәрбие нұсқаушысы: Ботабаева Жанерке
Туякбаевна
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін молайтып, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Кедергілер, шелектер, шаналар, күректер, шаңғылар, хоккей таяқшалары, шайбалар, аққалаға құрастыруға керекті заттар.
Үштілдік: Қар-снег-snow, аққала-снеговик-snowman, қыс-зима-winter.
Жүргізуші:
-Қайырлы күн, балалар! Балабақшамыздың ересек топтары арасында өтетін «Қызығы мол қыс мезгілі» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
- Ал, балалар, барлығымыз сәлемдесіп алайық.
Балалар:
Сәлем бердік алтын күн,
Сәлем бердік көк аспан.
Сәлем бердік жер-ана,
Сәлем бердік баршаңа.
Жүргізуші:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Қыс мезгілі.
Жүргізуші: - Жарайсыңдар! Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатқан секілді. Ой, мынау келе жатқан аю ғой. (балалармен амандасады)
Аю: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің жұмбағымды шешсеңдер, мен сендерді жарысқа жіберемін.
Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
(Шаңғы)
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді.
(Мұз)
Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым.
(Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып.
(Шана)
Жүргізуші: -Балалар, біз аюға өз өнерімізді көрсетейік. Аю, сіз бізбен бірге болып балаларымыздың ойынын тамашалаңыз.
Намысы бар балапандар
қайдасың?
Білген дұрыс бұл спорттың пайдасын- дей
отырып «Ақ аю», «Ақ
қоян» топтарын ортаға басшыларымен
шақырамыз.
Міне, шықты алаңға,
Жас спортшы команда.
Спортпен дос болайық,
Саулық керек адамға.
Спортты біз қостаймыз!
Жарысты да бастаймыз!
Таныстырып топтарды,
Жалынды ұран тастаймыз!
«Жас барыс»
тобы:
Ұраны:
Біріміз бәріміз үшін,
Бәріміз біріміз үшін.
«Жас қыран»
тобы:
Ұраны:
Қыран құстай самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз!
Жүргізуші:
Ал сайыскер балалар,
Жүлдені бүгін кім алар?
«Жеңімпаз болу» үлкен сын,
Әділқазы оны бағалар,- деп әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Б\б әдіскері:
Б/б психологі:
Б\б медбикесі:
Жүргізуші: -Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. Енді сайыс түрлерімен танысайық. (Музыка ойналады)
Жүргізуші: -Балалар бүгінгі жарыс 6-кезеңнен тұрады:
1. «Қай топтың шанасы алда?»
2. «Хоккейшілер»
3. «Кім епті?»
4. «Шаңғышылар»
5. «Арқан тартыс»
6. «Кім жылдам?»
Жүргізуші:-Балалар, ендеше жарысымызды
бастаймыз! Дайынсыңдар ма?
Балалар:-Біз
дайынбыз!
Жүргізуші:
-Ал енді құрметті сайыскерлер!
Сіздерге сәт сапар! Жарысымызды бастаймыз.
Шанасына мінеді,
Мәз-мейрам боп күледі.
Жарысамыз бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
І-кезең: «Қай топтың шанасы алда?» деп аталады
Ойынның шарты: Әр топқа бір шана беріледі, оның үстіне бір баланы отырғызып, белгіленген жерден айланып өз орнына барады. Кім бірінші келсе, сол топ жеңіске жетеді.
ІІ-кезең: «Хоккейшілер» деп аталады
Ойынның шарты: Балалар хоккей таяқшасымен шайбаны кедергілер арасынан айналып өтіп, мәреге бірінші келген топ жеңіске жетеді.
ІІІ-кезең: «Кім епті?» (Ыдыстан-ыдысқа күрекпен қар тасу)
Ойынның шарты: Балалар ыдыстағы қарды күрекпен кедергілер арасынан жүгіріп, шелекке тасу. Қай топ шелекке көп қар жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:
Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
ІV-кезең: «Шаңғышылар» деп аталады
Ойынның
шарты: Балалар шаңғымен кедергілер
арасынан жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жеткен топ жеңіске
жетеді.
V-кезең: Қазақтың ұлттық ойыны: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.
VI-кезең: «Кім жылдам?»
Ойын шарты: Жалауды қай команда бір жақтан екінші жаққа жылдам тасиды сол жеңімпаз.
Жүргізуші:
Назар ауда, қазірден
денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің
сауда
«Денсаулық – терең бақыт»
деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз
да.
Денің сауда күштісің бұл
әлемде,
Денің сауда сұлусың жер
бетінде, -дей отыра, ортаға әділ қазылардың шешімін айтатын
мүшелерді шақырамыз. Марапаттау.
Аю: -Балалар, жарысқа өте жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге. Сендермен өте қызықты уақыт өткіздім, ал енді сау болыңдар!
Жүргізуші:
Ұрпақ керек
ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық - басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы- дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Қызығы мол қыс мезгілі» атты спорттық эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Бекітемін
« Алтын дән» балабақшасы
МКҚК меңгерушіс
С.Г.Дидик
бойынша перспективтік жоспары
Мектеп алды даярлық тобы «Ақбота», «Ақкөбелек»,
«Ботақан».
Дене шынықтыру нұсқаушысы : Ботабаева Ж.Т.
Бекітемін « Алтын дән» балабақшасы
МКҚК меңгерушісі
С.Г.Дидик
«Денсаулық »білім саласы дене шынықтыру бөлімі
«Қыс қызығы » эстафеталық жарысы.
(Мектепке дейінгі даярлық тобы )
Дене шынықтыру нұсқаушылары : Ботабаева Ж.Т.
Байжанова А.Е
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген