400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қызыл жебе» романының көркемдік және танымдық сипаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Шерхан Мұртаза шығармашылығының үлкен бір негізгі саласы халқымыздың өмірі мен бастан кешкен әрқилы оқиғаларын шынайы бейнелейтін тарихи романдары. Қазіргі қазақ әдебиетінде роман жанрының көшбасшылық рөлге ие екендігі ақиқат. Өйткені еліміз өмірінің кезеңдік оқиғаларын бейнелеуде салиқалы да салмақты өмір шындығын бағамдап көрсетудегі ең үлкен таразы осы жанр екендігі де шындық. Роман өмір-тіршілікті кең ауқымда алып, тереңнен қамтып көрсетеді, соған байланысты қаламгерден ізерлі ізденісті, суреткерге тән ұшқыр сезім-түйсікті, шынайы шеберлікті талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІРІСПЕ

Жұмысты тақырыбы: «Қызыл жебе» романының көркемдік және танымдық сипаты

Тақырыптың өзектілігі: Шерхан Мұртаза шығармашылығының үлкен бір негізгі саласы халқымыздың өмірі мен бастан кешкен әрқилы оқиғаларын шынайы бейнелейтін тарихи романдары.

Қазіргі қазақ әдебиетінде роман жанрының көшбасшылық рөлге ие екендігі ақиқат. Өйткені еліміз өмірінің кезеңдік оқиғаларын бейнелеуде салиқалы да салмақты өмір шындығын бағамдап көрсетудегі ең үлкен таразы осы жанр екендігі де шындық. Роман өмір-тіршілікті кең ауқымда алып, тереңнен қамтып көрсетеді, соған байланысты қаламгерден ізерлі ізденісті, суреткерге тән ұшқыр сезім-түйсікті, шынайы шеберлікті талап етеді.

Роман – халық өмірін, замана бағдарын, дәуір, уақыт тынысын, қоғамдағы әлеуметтік шындықты сан алуан қырынан ұңғыл-шұңғылына шейін жан-жақты талдап, жинақтап, қорытындылап көрсетудегі ең мүмкіндігі мол жанр, "Эпостың ең үлкен түрі роман - көркем сөздің ең биік үлгісі. . . Онда бірнеше сюжеттік линия (негізгі сюжеттік линияға қосымша бірнеше сюжеттер) қатар өрістеп, сол негізде халықтың көптеген тобының жан-жақты образы жасалуға тиіс. Онда оқиғалар көлемі де мол болады" [3, 204 б.] деген тұжырым жасайды белгілі әдебиетші ғалым С. Қирабаев. Ал сыншы С. Әшімбаев "Роман жанрының өмірге келуі - адам баласы ой-санасының күрделіленуінің заңды дәлелі. Белгілі бір жағдайда романдардың көбеюі – ұлт әдебиетінің дәрежесі өскендігінің көрінісі. Демек, соңғы жылдары қазақ романы санының молаюы – көркемдік кемелденуіміздің критерийі екені даусыз" [4, 372 б.] деп түйіндейді.

Олай болса, әдебиеттің барша саласының жемісті жетістіктерін, адамның ішкі рухани дүниесін ашу мен жанды бейнесін жасаудың өміршең үлгілерін, өмірдің құпия сырларын, адам жанындағы жұмбақ та беймәлім сезімдерді сан алуан қырынан зерттейтін роман туралы сөз етудің, айналып келгенде, әдебиетті, әдеби құбылысты сөз ету екенін айтқан жөн. Сондықтан да қазақ романының жеке зерттеу нысанына айналуы уақыт қажеттілігінен туып отыр деуге болады. Бұл орайда, роман жанрының жай-күйін, қалыптасу, даму тенденциясын, өсу-өркендеу жолдарын зерттеген Т. Нұртазин, М. Қаратаев, Р. Бердібаев, С. Қирабаев, А. Нұрқатов, Н. Ғабдуллин, М. Базарбаев, Ш. Елеукенов, Х. Әдібаев, Ж. Ысмағұлов, Б. Майтанов, Ж. Дәдебаев, З.Бейсенғали т.б. ғалымдардың еңбектерін атай кеткен орынды.

Ш.Мұртаза – ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар, әдебиетіміздің барлық жанрында дерлік қалам тартқан жазушы. Оның роман сияқты күрделі жанрдағы шығармалары да айтарлықтай ауқымды.

"Көркемдік дегеніміз өмір, - дейді Н.Г. Чернышевский, - біз өз ұғымымызды өмір осындай болуы керек дейміз, егер бір нәрседе біздің осы ұғымымыздағыдай етіліп өмірдің бейнеленгенін көрсек, міне сол нәрсе ғана көркем болмақ; бізге өмірді нақты көрсететін немесе өмірді еске түсіріп, көзге елестетін зат қана көркем" [5, 36 б. ].

Біз Ш. Мұртазаның осы аталған барлық туындысын емес бір ғана «Қызыл жебе» романын көркемдік аспектіде сөз етуді мақсат тұттық. Зерттеу жұмысының өзектілігін қаламгердің «Қызыл жебе» романындағы тарихи шындықтың жан-жақты қарастырылуымен сипаттауға болады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталған тақырыптың көкейкестілігі зерттеу еңбегінің мақсатын айқындайды. Ол – Шерхан Мұртазаның роман жанрындағы "Қызыл жебе" (дилогия) атты күрделі шығармасының көркемдік және танымдық сипаттарын саралау. Жазушының қазақ көркем романын дамытудағы, оның жанрлық түрін байытудағы рөлі, күрмеуі көп күрделі жанрдағы өзіндік ізденістері мен шеберлігі, көркем образдар жасаудағы әдісі, өмірлік пайым-көзқарасын танытудағы жоғары интеллектуалдық қасиеті, бір сөзбен айтқанда, қаламгер романдарының қазақ әдебиетінде алатын орны зерттеуіміздің бөлімдерінде сөз болар қадау-қадау жайттар. Сөйтіп ұлттық әдебиетіміздің даму тарихына өзіндік үлес қосқан шығармашылығындағы басты ерекшеліктерін сөз ете отырып, көркемдік өзгешелігі мен көтерген проблемасына тоқталмақпыз. Жазушының шеберлік ерекшелігін зерделеу мен саралау үшін мынадай міндеттер қойдық:

- Шерхан Мұртазаның күрделі жанрға қалам тартуына ықпал еткен алғы шарттарды айқындау,

- «Қызыл жебе» романының көкейкестілігін, маңызы мен көркемдік мәнін саралау;

- осы роман арқылы қаламгердің өзіне тән суреткерлік қырларын ашып, негізгі сипаттарына тоқталу, қаламгерлік ерекшелігіне баға беру;

- роман жазу барысында автор ұстанған идеялық бағыт-бағдарды саралай отырып, оны жүзеге асырудағы көркемдік-тілдік шеберлікті айқындау;

- Ш.Мұртаза қазақ әдебиеті тарихынан алар өзіндік орны бар, ұлттық әдебиетіміздің дамуына үлес қосқан шығармашыл тұлға екеніне баға беру.

Зерттеу нысаны. Жұмысты жазуда Ш. Мұртазаның "Қызыл Жебе" роман-дилогиясы негізгі нысан ретінде алынды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

- Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи дилогиясының жазылу тәжірибесін негізге ала отырып, қаламгердің өмірлік, тарихи ақиқатты суреткерлікпен іріктеп алып, оны көркем бейне жасауға пайдалана білуі бағамдалды,

- уақыт пен көркем шындықтың арақатынасын үйлестіру принциптері шеберлік тұрғысынан бағамдалды;

- қаламгер романдарына тұтас шығармашылық жүйеде және бүгінгі көзқарас тұрғысында баға беріп, қаламгердің көркемдік басты ұстанымын анықтау;

- "Қызыл жебе" романында қоғамдық-әләуметтік қайшылықтарға, әлеуметтік тартыстың адам тағдырына, рухани әлеміне, өмірлік-азаматтық тұғырына ықпалы, жеке адамға заман мен қоғамның әсері, осы орайда адамгершілік-моральдық тазалықтың маңызы сияқты мәңгілік көкейкесті мәселеге назар аударылды;

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазу барысында қазақ әдебиеттануындағы іргелі еңбектер, жалпы шығармашылыққа қатысты зерттеулер басшылыққа алынды. Зерттеліп отырған жайдың дәйектілігін арттыру үшін қазақ әдебиеттануының теориясы мен тәжірибесі және тарихы жайында еңбектер жазған көрнекті ғалымдар А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Б.Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, С.Қирабаев, З.Ахметов, Х.Әдібаев, З. Қабдолов, Р.Бердібай, Н. Ғабдуллин, Ш.Елеукенов, М. Базарбаев, М.Атымов, Р.Нұрғали, Ж.Дәдебаев, Б. Сарбалаев, З.Бисенғали, С.Негимов, Б.Ыбырайымов, Б.Майтанов, А.Ісімақова т.б. мен сыншылардың шығармалары қарастырылды. Сондай-ақ жалпы теориялық мәселелерге қатысты М.Горький, В.Г.Белинский, Е.Лизунова, З.Кедрина, М.Бахтин, Г.Винокур еңбектері де назарда ұсталды.


Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

- Ш.Мұртаза роман жазуға үлкен дайындықпен, мол ізденістермен, тәжірибе жинақтаумен келген, роман жанрының дамуына өзіндік үлес қосқан, ұлттық сөз өнерімізде үлкен орны бар қаламгер;

- қаламгердің шығармасы өз тақырыбына лайық заман тынысы мен тарихи кезең шындығын суреткерлікпен таныта алған, танымдық сипаты мол, ұрпаққа ұлағаттық, патриоттық, адамгершілік тәрбие беруде маңызды, терең мазмұнды туындылар;

- Ш.Мұртаза - өз туындылары арқылы әдебиетімізде роман жанрын байытып, қазақ романының дамуында өзіндік жаңалық әкелген қаламгер;

- " Қызыл жебе" роман-дилогиясы – тұтас бір дәуірді қамтыған, халық тағдырын суреттеген, көркемдік және тарихи шындық жағынан көркем әдебиет талаптарына толық жауап бере алған өміршең туынды.

Жұмыстың құрылымы. Бұл жоба кіріспеден, іштей тараушаларға бөлінген негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.













«Қызыл жебе» романының көркемдік және танымдық сипаты


Халықтық трагедия және характер


Қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың теңдессіз трагедияға толы өмір жолы әрқашан халық трагедиясымен бірлікте қарастырылады. Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары, аштық қырғыны, репрессия зардаптары талай-талай романдарға, роман-эпопеяларға жетіп-артылатыны белгілі… Шебер прозашы Шерхан Мұртаза алғашқы екі кітапта әкелі-балалы қос мұңлықтың тағдырына оқырманды ортақтастыра тартып, баурап әкете барады. "Тарихи шығармада жазушының ойдан шығаруы да, белгілі ақиқат шындықты ойдан толықтыруы да, оның кейбір құрамдас мағыналық бөліктерін өзгертіп, өзара орын алмастыруы да, тарихи жағдай мен тарихи характер шындығына бағындырылады. Егер жазушы тарихи шындыққа, тарихи ақиқат құбылыстарға жеңіл қарап, типтік сипаттағы деректерді дәл танып, екшеп саралауға жете көңіл бөлмейтін болса, онда ол өмір құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың заңдылықтарын, диалектикасын терең және жан-жақты ашып көрсету талабының мүддесінен шыға алмайды" [16,203]. Әрбір көркем шығарманың өзіне ғана тән шындығы бар. Ол суреткердің шығармашылық қиялына, көздеген мақсатына, оқиға дамуына қарай өріс тауып, дамып отырады. Көркем туынды тарихтан алшақтамайды, қайта сол оқиғаны көркем тілмен, соны жүйемен, зор мағлұмат, тың дерекпен толықтыра түседі. Материал мен көркемдік қиялдаудың осы сипаттағы үйлесімі өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырудың қажеттілігі. Қиял мен болжалды қолдануы және бұл тәсілдердің шығарма бїтіндігіне әсерін толық ойластыруда міндетті. Жазушы қиялы - шындықты көркем сомдаудың бірден-бір жолы. Дегенмен, көркемдік қиял өмір шындығынан алшақ кетпеуі тиіс.

Бірінші кітаптың алғашқы тарауы "Рысқұл" деп аталады. Мұнда тағдырдың адамдар жасаған тәлкегіне ұшыраған Рысқұл өмірі кеңінен бейнеленеді. Бірі аңшы — еркін қырды, тау мен тас, орманды кезіп табиғат анадан нәпақасын тауып жеп жүрген, енді бірі ағайынмен тізе қосып егін егіп нәсібесін жерден теріп жеп жүрген ағалы-інілі тыныш өмір сүрген бейкүнә жандар алдыңғы күнде бір сұмдықтың боларын сезген жоқ еді. Рысқұл бейнесін жазушы зор талантпен шыншыл бейнелеген. Бүкіл болмыс бітімі, тұлғасы, ақыл-ой, мінез-құлық бәрі-бәрі жымдасып, үлкен типтік тұлғаға айналған. Романның өзгелерден ересендігі көтерген тақырыбының ауқымында десек, роман тербетер идеяның одан да арыда екеніне көз жеткізу қиын емес. Рысқұл Саймасайдай залымның кесірінен жазықсыз жапа шегеді. Әйтсе де рухы биік Рысқұл жеке басының қамы үшін емес, бүтін қарапайым халықтың жоқшысы үшін күрескер екенін жазушы Ш.Мұртаза биік талғамнан танытады.

- "Саймасай! Мен Рысқұлмын. Көкірегіме запыран симай кетті. Соның бір түйірін сенің кеудеңе түкірсем деймін. Сен көзінен сорасын ағызған сорлылар үшін! Сен сөлін сорған жарлылар үшін!" [8,94] деп қорқау, харам ниетті болысты көптің кегі үшін құрбан етеді. Шығарма бойында Рысқұл ірілене түседі. Ол бір сәт кейде қол бастап, халықтың қанын сорған бек-болыстарды тас-талқан етуді, халық басына азаттық күнін орнатуды да ойлайды. Рысқұл — рухы биік жан. Ащы тағдыр оны қанша қыл бұрауға салса да ол ешқашан мойымайды. Шығарманың соңына дейін Рысқұл бейнесі осылай ірілігін сақтайды. Рысқұлдың Саймасайға атқан оғы - әділет оғы еді. Өйткені XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы патша мен ол сүйенген жергілікті ұлттан шыққан ел басқарушыларының халыққа жүргізген биліктері әлеуметтік тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да кері кеткен құбылыс болды. Сол кездегі қазақ даласындағы хал-ахуал ұлт адамдардан әділетсіздікке бой көтеруі қазақ даласының тұс-тұсында белең алды. Алғашқы кітапты Рысқұл өмірінің құпия-қалтарысында жатқан ағайын алауыздығынан туындайтын араздықтарды сабақтаудан бастап, оқиғаны шыншылдыкден ширата келіп, қан төгістің себебіне тірейді. Рысқұл өмірінің қатпар қыртысын беруде жазушы тарихи шындықты негіз етіп алады. Түрменің тар қапасында отырған Александр Брониковке сыр шертіп отырған Рысқұлды көреміз. Енді бірде "Оян, Тұрар!" деген асқақты пафоспен ретроспективті әдісті қолдану арқылы жазушы кейіпкеріне өткен өмірінен және бір сыр шерткізеді, - әке шежіресінде өткен өмірінің философиясы кеңінен ашылады. Рысқұлмен қатар өрбітілген Тұрар бейнесіне келер болсақ ол әлі нәрестелігінен арыла қоймаған небәрі 10 жасар бала еді. Буыны қатпаған, есі жаңа кіріп келе жатқан Тұрар үшін әкесінің қадір-қасиетінің қаншалықты екенін жазушы былай суреттейді.

Тұрар туған әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтінін, мықтыдан ықпайтын тәкапарлығын, жарлымын деп жасымайтын жігерін көріп өсті, Тұрар үшін Рысқұл ер біткеннің ішіндегі одағай оқ жетпесі" [8,36]. Міне, Тұрар үлгі алар әке осындай. Әкеге деген баланың сүйіспеншілігі өсе түседі. Әкесінің әр ісінен үлгі алатын Тұрарды тағы бір терең логикаға жетелейтін тұсты жазушы алғаш Рысқұл "Қызыл жебеге" мініп, Мақаш палуанның тақымынан көкпарды тартып алған тұсында көрсетеді. Осылай баласы алдында әкесінің мерейін асырған "Қызыл жебе" атты жүйріктің тіршілігіне жасалған зұлымдықтың кейін әке мен бала тағдырына да тарту болғаны роман композициясының көркемдігін биікке көтереді.

"Қызыл жебе" романындағы Тұқымбайдай қызыл көздің бопсалап жүріп тартып алған, аты алты атырап алашқа мәлім болған "Қызыл жебе" Майлыбайдың асында ер Рысқұлдың мейманасын асырып ерен көкпаршы, көк сойыл ер екенін танытса, өзінің теңдесі жоқ дүлдүл екенін тағы да көрсетеді. Ақырында парықсыздық пен бақталастықтың құрбаны болған "Қызыл жебенің" тағдыры Рысқұл мен Тұрар тағдырының да талайына айналады. "Қызыл жебе" өзі қасиетімен бағасын асырған Рысқұлдай аптал азаматтың абайсызда себепші болуы мен зұлым Саймасайдың кесірінен беймезгіл өлімге ұшырайды. Бірінші кітаптағы "Қызыл жебе" оқиғасы шығармадағы тартысты шегіне жеткізеді. Ақыры Саймасай болыс өзгеге қазған көріне өзі түсіп мерт болады. Мұндағы Тұқымбай, Саймасай, Анарбай өзге де 41 болыстың іс-әрекеттері, тұлғалары арқылы билік құмар, өзара дүрдараз, жайшылықта бірін-бірі күндейтін, биліктері мен бақ дәулеттеріне қатер төнгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауыз жаласа қалатын алпауыттардың өзара таласы, даурығуы ирония, сарказм түрінде сыншылық позицияда суреттеледі. Қаламгер позициясы, шығарманың идеялық көркемдік құнын арттыра түсетін ерекше сипаты - жазушы айтар ойын бірден ұсынбайды, астыртын бір тұстармен кетіп мүсіндеуге тырысады. Мұндағы "Қызыл жебе" бейнесі күрделі қоғамдық, саяси, әлеуметтік, адамзаттық тартыстарды, әртүрлі ортадағы типтердің ой-мүддесін, құлқын-ниетін тұспалдап жеткізген нақты образ.

Мұрағат деректерінің ішінде қолына тиген Рысқұл Жылқайдарұлы туралы соттың іс-қағаздары жазушының назарына қатты аударып, мәселенің тікелей ашуға септігін тигізген. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекетттік мұрағаты, 44 қор, 2 - тізбе, 8898-істегі деректерді жазушы түгелімен дерлік романның алғашқы кітабына арқау ете отырып, бұл құжаттардың біразын қалпында берсе, кейбіріне біраз көркемдік реңк дарытып қолданады. Рысқұл Жылқайдаров өміріне қатысты дерек көздерінде оның 1880 жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен Жетісу облысы Верный уезіне қарасты шығыс Талғар болысына қоныс аударып келгені. Жаңа қоныста да әділетсіздік көреді. Рысқұлды барымтаға жұмсап, көрші болыстың жылқысын айдатып ала тұра Саймасай болыс өз ұрлығын Рысқұлға жабады. 1904 жылы 19 қазанда Жетісу губернаторына айтып, Саймасай Рысқұлды айыптайды да, оны 12 ай түрмеге отырғызуға үкім шығарады.

Рысқұл Верный түрмесіне жабылады, көп ұзамай қашып шығады. Өзіне зорлық көрсеткен болысты 1904 жылы 20 желтоқсанда Рысқұл Бас Қараш асуында берданка мылтықпен атып өлтіреді. Дерекке сүйенсек Рысқұл Жылқайдарұлы түрмеге барымтаға барып, "жылқы ұрлағаны" үшін түскен. Ал шығармадағы бұл фактілердің көркемдікке ұласуына тоқталдық.

... Ас қызығы — алпыс шақырым айдалған ат бәйгесі еді. Қызыл жебе сол бәйгеде аққан жұлдыздай алдымен келіп, даңқы бұрынғыдан бетер шарықтап кетті" [8,33]. Романдағы "Қызыл жебе" жүйріктің символдық мәні тереңде. Тұқымбайдай қарсыласын жер соқтыру үшін және "Қызыл жебедей" жүйрікті өз бағын асыртуға пайдалану мақсатымен Саймасай болыс түрлі әрекетке барады. Саймасай болыс шығармада көп қырлы, сыртқа сыр шаша бермейтін, көздеген мақсатына жетуде ештеңеден тайынбайтын, барынша қатал, қадалған жерінен қан алатын, айналасын жалмап тұрған тойымсыздық өзі. Ол өз бағы мен мансабын, даңқын асыру үшін арпалысып бағады. Бұл типтік дәрежеге көтерілген бейне. Бұл тіпті, жалғыз-жарым қарамен күнелткен жарлыларды да шырылдатып, алым-салымға келгенде бет қаратпайды. Мұның өзінің философиясы бар. Автор мұның әрекеті мен логикалық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлген. Тілі удай, сөздері мірдің оғындай, әрі дөрекі. Біреудің жорғасын, енді біреудің айғырын айдатып алып, түк болмағандай жүре беретіннің нақ өзі. Қарапайым малда әңгіме жоқ, алғасын ішіндегі көзге түсерін, асылы мен қимасын алады. Саймасайлар қай заманда болмасын өзінің аш көздік, дүниеқұмар философиясын осылай түсінген. Мансап жолындағы қанды айқастың әлеуметтік сырын нанымды ашқан суреткер басқа кейіпкерлердің де әлеуметтік сипатын ашуға салған. Саймасай ұсақ нәрсеге шектеліп қалған жан емес, саман-жақсының парқын сезетін, дала тірлігіндегі әлеуметтік құбылыстарды зерделей алатын көзі ашық, көкірегі ояу, өзіндік түйсік-түсінігі, ақыл-парасаты бар адам ретінде бейнеленген. Қызыл жебе" жүйрік дүниеқұмар Саймасайдың көзінің құрты болды. Рысқұлды бопсалап, айналдырып, алдаусыратып жүріп сол жүйрікті қолға түсіртеді.

Жазушы қиялдың ерекше формасын жасау арқылы өмірде болған шытырман оқиғаны онан әрі шиеленістіре түседі. Жүйрік аттың қапыда опат болуын, өлімін берумен осы жағдай арқылы талай кейіпкерлердің образын ашып көрсетеді.

Романдағы "Қызыл жебе" жүйрік шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес, сол шындықты сұрыптау, саралаудың нәтижесіндегі шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі болған. Осы шартты - символикалық әдіс жазушы концепциясын ұтымды жеткізген.

Кез келген көркем шығарманың жазушы санасында сәулеленген, көкейінде қорытылған шындығы болады. Бұл жазушы танымының тұғыры. Бірақ өмірдің өз шындығы бар да, шартты түрде жазылатын көркем шығарманың өз шындығы және бар. «Шын таланттың шеберлігі сол сана түбіндегі сананы қозғап айта білетіні және шығарманың идеялық концепциясын қатесіз дұрыс, анықтай алатыны. Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романындағы жүйрік аттың символикалық образы мен трагедиялы қазасы осындай сана түбіндегі сананы қозғайтын эпизод.

Рысқұлдың дүйім жұрт пен жалғыз ұлы Тұрардың алдында мейманасын асырған жүйрік Қызыл жебені өзі тікелей себепкер болуымен мерт еттіруі жазушының кездейсоқ қолданған тәсілі емес, бұл суреткер көздеген идея нысанасының дәл өзі болатын.

Символ туралы "Құбылтудың бір түрі - астарлау, яки символ (грекше - шартты белгі) - бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру... ең бастысы - символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға әр түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды" - дейді академик З.Қабдолов.

Жүйрік ат – автордың сыршыл сипат бітірген символикалық образы болса, оған "Қызыл жебе" деп ат қоюының да өзінің мәні бар. Жүйрік ат – қазақ ауыз әдебиетінде батырлар жырында жиі қолданатын образ. Ол батырдың – қанаты, ақылшысы, досы, айнымас серігі. "Қызыл жебе" де фольклорда кездесетін тұрақты эпитет болса, "Қызыл" сөзі кешегі социалистік қоғамда Совет өкіметінің синонимі тәрізді "Қызылдар өкіметі" деп те үстеме формада қолданылған сөз.

"Қызыл жебедей" қияли образ жазушыға неге керек болды?

Идея – шығарманың алтын қазығы. Ол қазақ табылмай, автор жүз жерден кемеңгер болсын, шығарма көркемдік шешімін толық таппайтынын қаламгер ыждағаттылықпен ескерген. Романның бес кітабының бойында авторлық идеяның түп қазығы сол, кешегі Совет өкіметі, коммунистік партияның тұсында жариялық жабық жатқан кездегі тарихи шындықты халыққа жеткізудің көркемдік әдісі ретінде "Қызыл жебедей" символикалық образға жүгінуіне тура келді. Сол жылдары жарыққа шыққан романдардың денінің дерлік бойынан символдық бейнелерді көптеп кездестіруге болады.

Әділеттілік пен тәуелсіздікті аңсаған есіл ер Тұрар Рысқұлов орнаған жаңа өкіметтің, саяси төңкерістің ақ-қарасын көре білді. Ұстанған өмірлік принципіне қайшы келген тұсында Совет өкіметі – Қызылдар өкіметіне ашық қарсы шығып отырады. Көп үмітпен шаңырағын көтеріп, уығын қадасқан, өзі құрған қоғам Т.Рысқұловты "халық жауына" айналдырады.

Көріп отырғанымыздай, жазушы "Қызыл жебедей" жүйріктің қазасына қасиетін білетін және өзгелердің алдында қадірін арттырған Рысқұлдай ерді себепші қылуы тегін емес. "Қызыл жебе" - Тұрардың символ - образы. Күрделі шындықты танытудағы ұтымды детальдің сәтті табысы – осы. "Қызыл жебе" - тарихи тұлғаның символ образының идеялық-көркемдік мәні.

Демократияның жоқ, әділетсіздік белең болған қоғамда символ арына адал жазушылар үшін тұңғиықтағы шындықты тұншығудан құтқарудың құралы болды. Ш.Мұртаза Т.Рысқұлов ғұмырына, күрескерлік жолына үңілгенде тоталитарлық жүйе мен оның гегемоны болған Сталиннің отызыншы жылдары жүргізген жаһил саясатының құрбандарының бірі Тұрар Рысқұлов екенін, өзі орнатқан совет өкіметі өз перзентін өзі мерт еткенін тарихи фактілерден көрді. Бұлтартпас шындықты жазуды мақсат еткен жазушы өмір сүріп отырған қоғамның қатал талаптарын ескере отырып, кейіпкер өмірінің көркемдік, шындығын осылайша сомдады. Тұрар Рысқұлов өмірі мен еңбегінің халқы үшін қаншалықты маңызды болғанын ақиқат тұрғысынан терең таныған жазушы осындай қадамдар жасады. Қаһарман ғұмырының көркем шежіресін жасаудағы авторлық концепция осы ой, астарлы идея, философиялық мән дарыта отырып сомдаған Шығармасында шағын өмірлік материалдарға бір қарағанда кішкене детальды ала отырып, жүрек тебірентер мәселелерді қозғаған.

"Қашан да көркем шығарманың өз шындығы бар. Ол қаламгердің творчестволық қиялының шарықтауына, шығарманың цегізгі мақсатына, кейіпкердің философиялық көзқарасына, оқиға өрісіне қарай өріс тауып, өрбіп, құбылып отырады. Бұл, әрине, тарихи шындықтан бас тарту емес, қайта сол оқиғаны көркем тілмен, қисынды жүйемен мол мағлұмат аңғартып, жүректе із қалдыратындай етіп суреттеу мақсатынан туындайтын байсалды байлам" [35,131-132] десек, бұл ойды Арман образындағы авторлық салмақтан аңғарарымыз анық. Алғаш рет Әулиеатада кездескен аш баланың Тұрармен Ташкентте қан базарда кездесуі бір қарағанда сол уақытта күнделікті аштық комиссары кездесетін жағдай сияқты көрінеді. Бірақ бұл бала комиссар Рысқұловтың туған інісі болып шығады.

Өткелсіз өмірдің өтеуінен халыққа "Жұлдыздан көпір" салып өткен, сол жолда басын құрбандыққа талай тіккен және қыршын ғұмыры қиянатқа ұшыраған Т.Рысқұлов ғұмырының ғибратын аша түсу, ізгі мақсат жолында суреткер қиялға иек артты. Мұндағы Арман Рысқұлұлының қиял образы жазушы үшін дәуір шындығын жеткізуге негіз болып тұр. "Қиял-образ" шарттылықпен көркем ойлауға тікелей бағындырылады. Мұндағы шарттылық дегеніміз — жазушы қиялының шындықтан алшақ кетпеуі десек, көркемдікке тәуелдігі сол қиялдан кұралған бейненің белгілі бір мүддеге бағындырылып жазушы идеясы мен концепциясының негізіне телінуі.

Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романының негізгі шындықтан өрбіп, оқиға өрісіне орай суреткер өз тарапынан қиял-образды үйлестіре отырып, оны өмірлік шындық пен ойдан туған оқиғаларға жалғастырып, шығарма табиғатының кең әлеміне сыйғызып жіберген. Қай заманда да ақиқатты айтып, әділетке жүгіну оңайға соқпаған. Әсіресе кешегі Совет өкіметі тұсында тілді күрмеп, қаламды қайырта ұстатқан шақта жазушы қауымы қатты зәбір көрді. Мұндай кезеңде ардан аттамауды көздеген Ш.Мұртазаға шындықты сомдау үшін шығармасы және ондағы кейіпкерлермен бірге үндесіп, солар арқылы жеткізуіне тура келді. Романның тақырыбы да әдейі символикалық сипатта "Жұлдыз көпір" аталып, тың метафоралық реңкте алынып Т.Рысқұлов өмірінің адамзат өмірінде, бүгінгі ұрпақ алдында атқарған жан қиярлық еңбектерінің жарқын беттерін ашып көрсетуге арналған.

Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романының ерекшелігі – қысқалық, жинақылық. Және де тарихи деректерге байланып қалмай, жазушы қиялына ерік беруі, бұл романда тарихи жағдай, тарихи оқиға, тарихи тұлғалар әдеби типтік тұлғалардың бой көрсетуі үшін ғана емес өмір шындығын аша түсу үшін алынғанын аңғарамыз. Бас кейіпкер Тұрар Рысқұлов от-жалын, өрт мінезді, білімді, ойлы, парасат иесі болса, осы қасиеттерді шығармада ақиқат санатын ашуға жазушыға тарихи тұлғаның ғылыми еңбектерінің "тірі дерек көздері" болғанын айтуымыз керек. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс халқымыздың тарихындағы күрделі кезендердің бірі және Т.Рысқұловтың азаматтық болмысына тікелей қатысты. Ш.Мұртаза кейіпкер өміріне қатысты дерек көздерін іздегенде 1916 жылғы көтерілісті тарихи тұлға образын шындық тұрғысынан да, көркемдік тұрғысынан да ашуға аса қажетті деп тауып, романның екінші кітабы толығымен бала Тұрар бейнесінен бастап халық намысын куушы күрескер жастың қалыптасу шағына арнайды.

Суреткерлерге тән қасиет – жазушы жан әлемі мен өмір сүрген ортасының шындығының жатуы. Ш.Мұртаза суреткерге тән осы қасиетті жете таныған. Шығармашылықтың осы ерекшелігін терең меңгерген Ш.Мұртаза Тұрар Рысқұловтың көркем образын жасау барысында негізгі тарихи мәні бар материалдарды Тұрардың ғылыми-тарихи еңбектерінен табады. Т.Рысқұлов еңбектерін Тұрар туралы, оның дәуірі туралы шығарманың негізіне айналдырады. Ділгір дерек көзі туралы Т.Рысқұловтың өзі тарихи еңбегінде былай деген: "Түркістандағы революциялық қозғалыстың тарихы, әсіресе, оның Қазанға дейінгі кезеңі әлі де аз зерттелген. Түркістандағы 1916 жылғы революциялық оқиғалар туралы да осыны айтуға болады.

Түздіктердің 1916 жылғы көтерілісінің тарихы баяндалатын бірінші бөлім, негізінен, Орталық архив ісі басқармасының (Түркістан архив басқармасы) архив материалдарындағы Түркістан генерал-губернаторының, күзет бөлімінің және жергілікті әкімшіліктің 1016 жылғы оқиғалар туралы өзара жазбалары мен осы жолдарды жазушының естеліктері және басқа да мәліметтер негізінде жазылады.

Екінші бөлімде аталмыш көтерілістің негізгі экономикалық және саяси себептері баяндалады. Бұл бөлімді жазу үшін, негізінен, бұрынғы Қоныс аудару басқармасы еңбектері мен атаулы кітапта баяндалатын тағы басқа да басылым материалдары пайдаланылады.

Ірі саяси қайраткер, тарихшы, публицист, экономист Т.Рысқұловтың ғылыми-саяси мәні зор осы еңбегі Ш.Мұртаза романында басты кейіпкер мен халық образын, дәуір тынысын көрсетуге мұрындық болған жазушының тарихта әлі де тың жатқан деректі шығармасында жан-жақты көркем де шынайы бейнелеуінің маңызы сол кез үшін өте зор болатын, себебі бұл тақырып турасында әлі де ашық айтылмайтын. Тарихтың қасіретті беттерін, қазақ көрген қорлық-зорлықтың шындығын көрсету бір жағы Тұрар өміріне байланысты болса, бір жағы келімсек орыстардың зәбірін көрсету үшін алынған. Бұл кешегі әкімшіл-өміршіл қоғамда шындықты көрсетудің жолы болды.











Замана келбеті – кейіпкерлер әлемі


Қазақ халқының өткен тарихына зер салсақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп, халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергені белгілі. Ел басына түскен небір зұлматтардың ішіндегі ең орны толмас өкінішті, қасіретті апаты 1931-1933 жылдардағы халықтың есінен кетпейтін, тарихтың бетінен өшпейтін ашаршылық нәубеті. Әр түрлі салықтарды көбейтіп, халықтың қолындағы барын қалдырмай тәркіледі. Сталиннің коллективтендіру саясаты байлар мен кедей шаруаны конфискелеуі асыра сілтеушілікпен ашаршылыққа душар еткізді. Мұның бірден-бір дәлелі ретінде Шерхан Мұртазаның “Қызыл Жебе” романының “Тұрар” атты екінші бөліміндегі Ізбайша мен Арман бейнесінен көреміз.

“Нәрестенің жанары баланың емес, жасамыс адамның көзқарасындай сұмдық екен. Басы қауқиып, дәу көрінеді. Қылдырықтай мойын сол басты көтере алмай былқ-сылқ етеді. Аяқ-қолы шидей де, қарны шермейіп қалыпты. Аран аурудың шын нышаны көрініп тұр. Бала шүйке жүндей жеп-жеңіл екен. Шермиген қарын болмаса, қырым ет жоқ, қу сүйек”. Портрет арқылы ашыққан жас баланың жанарын орта жастан асқан егде, мосқал тартқан адамның көзқарасына, аяқ-қолын жіп-жіңішке шиге, сырт тұлғасын шүйке жүнге теңейді.

Қаланың ұсақ саудагері Сәбден мен Тұрар арасындағы диалог бас тарту және күштеу арқылы берілген. Әр диалогта жазушы оқиғаны қоюлап, кейіпкерлерін даралап мінезін әр қырынан ашады. Қиын-қыстау күнді басынан кешірмеген, тауқыметін тартпаған Сәбден образынан қара басының қамын ғана ойлайтын атақ құмарлығын байқаймыз. Оны диалогтағы -ай, -ау көңіл-күйді білдіретін демеулік шылаулары арқылы Сәбден Тұрардың бұл жасаған іс-әрекетін ұнатпауын, мақұлдамауын, “төреге ерген ер тоқымын арқалайды” дегендей Тұрардың ырқына көнгендігін көреміз. Тұрар образы әр диалогта әр қырынан ашылады, аштықтан қырылғаннан қалған құр сүлде тірі аруақтарға қол ұшын беріп, қамқорлық көрсетіп, жасаған игі істері арқылы даралана түседі. Осындағы аран ауру, қомыт әйел, жеп-жеңіл, шермиген қарын, қырым ет, қу сүйек, бейтаныс адам, үңірек көздер, қара тер деген сөздер жоқшылықтың, ашаршылықтың суретін әрбір эпитет бояуларымен танытады. Мұндағы эпитет сөздер затты немесе құбылысты өзгеше айқындап, мәнерлеп, көз алдымызға елестетіп, әдеби кейіпкердің портретін жасап тұр.

Шерхан Мұртаза шығармаларының ерекшелігі оқиғалар мен фактілері нақты, айқын, шын қоғамдық өмірден алынған, стилі қарапайым, тілі көркем, образы анық, суреттелген жайттар шығарма көлеміне лайықты, тұжырымды диалогтар мен терең ойлар шебер өріліп берілген. Романның бірінші кітабының басты кейіпкері – Рысқұл. Ол – Тұрар Рысқұловтың әкесі, қазақ әдебиетінде бұған дейін жазылған М.Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасының” кейіпкері. Бұл тақырыпқа қайта оралу жазушыға оңайға түспегені анық. Мұхтар Әуезов жазып кеткен сол оқиғаны Шерхан Мұртаза қалай алып шығар екен деп, оған бүкіл әдебиетші қауым көзін тікті. Бірақ, Шерхан бұл сыннан мүдірмей өтті. Екі шығармаға арқау болған бір оқиға, бір шешім болғанмен, оны екі жазушы екі түрлі өрбіткен. “Қараш-қараш оқиғасының” бірінші нұсқасындағы бала Құрал екінші нұсқада Сейіт болып өзгертілген. “Үлкені Сейіт он жаста” – бұл Тұрар Рысқұлов. Бақтығұл – Рысқұл Жылқайдаров. Ол Шымкент уезінің Майлыкент болысында дүниеге келіп, кейін Верный уезінің Шығыс Талғар болысына қоныс аударған. Оның барымта үшін қамалып, кейін Сахалинге жер аударылғаны да рас. Тектіғұл – өмірлік дерегі жоқ, әдеби көркем бейне. Алғашқы нұсқадағы “қара қатын” екіншіде “Қатша” болып өзгертілген. Ол – Рысқұл Жылқыайдаровтың әйелі Ізбайша Қорғамбайқызының әдеби бейнесі. “Қалғанының үлкені – бес жасар Жұматай. Ең кішісі – екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз – Бәтима” [8,103] деген үзіндідегі қыздан да дерек бар. Рысқұлдың Түйметай деген қызы 1932 жылы ашаршылық кезінде ағасы Тұрарды паналап Мәскеуге барған. Ал, Жұматай өмірде болмаған әдеби кейіпкер. Жарасбай – Шығыс Талғар болысы Саймасай Үшкемпіров. Ал, Сәлмен – өмірден алынған дерегі бар болыс. Шығарманың негізгі кейіпкерлері өмірде болған адамдар, оқиға Іле Алатауының Шығыс солтүстігінде өткен.

М.Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”: “Қайран, Тектім-ай!.. Алпамсадай арысым едің… Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау! Қолыма салмағың білінсеші” [42,79] деп ауру жігіттің төсегін ағасы мен жеңгесі жайғап жүргенінен басталады да, Тектіғұлдың: “Кегім… кегім!…”-деген шерінен оқиға өрбиді. Екі шығармада да Тектіғұл жуандардың тепкісінен өледі. Біріншісінде дауылды күні ығып кеткен қойдың артынан шықпадың деп Сәлмен соққыға жықса, екіншісінде жер емшегін еміп, азын-аулақ жерге сепкен тарысын қызғыштай қорып отырған кедейлердің егініне Дауылбайдың әумесер жігіттері су бермей, Тектіғұлды суық суға қазықша қағып, шыммен бастырып кеткен. Шерхан Мұртаза осындай жаңа оқиғамен шығарманы ширата түскен. Ата жұрттан үдере көшкен елдің тарихына екінші шығармадағы оқиға үйлесіп тұр. Әсіресе, олардың егін шаруашылығына көңіл бөліп, сонымен жан сақтауы да иланымды. Бірінші шығармада бала Құралға онша көңіл бөлінбеген. Себебі, онда негізгі кейіпкер – Рысқұл. Ал, “Қызыл жебенің” негізгі кейіпкері Тұрар болғандықтан оның әрбір ойы, сөзі, ісі, тіпті көзқарасына дейін жазушы назарында отырады. Негізгі айырмашылық жекелеген көрініс, жекелеген оқиғаларда болғанмен, шешім бір. Осы шешімге екі жазушы әр түрлі әдіс-тәсілдермен келген. Салыстыра қарап отырғанда, Тұрардың өмірі мен қызметін, оның ата-бабасының өмір тарихын Шерхан Мұртазаның жете зерттегені анық аңғарылады. Ол әрбір оқиғаны барынша мұқият бейнелеген. Біріншісінде барымтаның құрбаны болған, екіншісінде Итжеккенді сезе тұрып жалғызы үшін көзсіз батырлыққа барған Рысқұл бейнесінен қанаушыларға деген наразылықтың шегіне жетуін көреміз.

Негізгі кейіпкерлердің бүгінгі күйінен хабар берген жазушы осы сырды ашу үшін логикалық шегініс жасап, жер кепедегі көрініспен ойды жалғайды. “Жер кепенің төбесін көтеріп тұрған жалғыз қары – жуан белағаш. Оның да ырсиған жарығы бар. Белағашқа бұталмаған шыбықтар салынған. Үйдің ішкі төбесі сыланбаған. Жертөленің ортасына жаққан оттың жалыны мен түтінінен үйдің төбесі әбден жылтырап ысталған. Төбедегі түтін тартар жалғыз қуырдың аузынан сүңгілер салбырайды. Белағашты ұстап тұрған жалғыз тіреуге әр жерінен шеге қағылып, қайыс-жүген, қамшы, орама қыл арқан, бір десте адыраспан ілінген. Рысқұлдың жалаң қабат көне шекпені мен ескі киіз қалпағы да сонда” [8,114].

Үзіндідегі әрбір затты жазушы көркем деталь ретінде пайдаланған. Осы жер кепедегі жұпыны көріністен сол тұстағы бұқара халықтың әлеуметтік жағдайы, олардың тұрмыс-тіршілігі көрінсе, қамшы – ептілік пен жігерліліктің, батырлықтың белгісін танытардай. Қайыс жүген – қара көжеге қатық таппай отыратын қазақтың өзі есік алдынан жеті қазынаның бірі саналған (қамбар ата) жылқы малын үзбеуі. Орама қыл арқан – білектіліктің, жүректіліктің, қарымта-барымтаның нышаны болса, бір десте адыраспан – бәле-жаладан, жын-періден сақтайтын киелі шөпке деген наным-сенімнің, оған деген құрметтің нышаны. Бұл шаңырақтың бар байлығы көне шекпен мен киіз қалпақ екендігін жазушының баса айтуы – алда болар оқиғаға оқырманын даярлау. Жалғыз белағаш пен жалғыз қуыр, жалғыз ағаш төсек – Рысқұлдан туған еркеккіндіктің жалғыздығын айшықтау құралдары. Сол жалғыз ағаш төсектің үстінде жатқан жалғыздың да халі адам шошығандай. Кепе ішіндегі ұсқынсыз жүдеулік сол баланың ауыр халін аша түседі. “Арықтықтан баланың шынтағы шодырайып шығып тұр. Топ-толық, қарулы бала енді қауқарсыз сүлде-сүйек болып қалған. Қараторы өңі қазір боп-боз. Көзінің айналасына көгеріс көлеңкесі түскен. Бұрын тәмпектеу мұрны енді ерекше сопайып, ебедейсіз ажал қанша төңіректесе де, сол ұшқынды өшіре алмапты” деген портреттен ажал аузында жатқан баланың өмірге құштарлығы туралы ой түюге болады. Жазушы жоғарыда бірнеше рет қайталаған “жалғыз” сөзінің астарын аша білген, ол – әке мен бала арасындағы ұрпақ жалғастығы. Егер баласын осы ажалдан аман алып қала алмаса, Рысқұлдың артында оның түтінін түтетер тұяқ қалмағаны.

Саймасай – дүниеқоңыз, тоғышар, эгоист жан. Ол – аты алты алашқа жайылған Тұқымбайдың Қызыл жебесінің дақпыртын көре алмай, оның көзін біржола құртуға бекінген көзсіз хайуан. Оны автор астан кейін күндіз ойынан, түнде түсінен кетпей қойған Қызыл жебе Саймасайдың мазасын алып біткендігімен көрсеткен. Саймасайдың қырық құлаш зындандағы Қызыл жебені көрген түсін автор болжам, аян ретінде алған. Бұл – Саймасайдың Рысқұлдың мойнына салған бұғалығы. Бірақ, ол сол бұғалықтың өз басын жалмайтынын білген жоқ.

Қызыл жебедей жүйрікті алып келгендегі әккілік Рысқұлдың бейнесін аша түседі. Аяғына білектей кісен салып, қараша киіз үйдің ішіне кіргізіп, түнде табалдырыққа қарауыл қойса да, Тұқымбайдың сақтығы Рысқұлдан асып кете алмайды. Осы оқиғадан кейін романның оқиға желісі шиыршық атып, күрт шиеленісе түседі. Қызыл жебе сынды дүниеге сирек келетін асыл қызғаныш пен күншілдіктің, бақталастық пен дүние қоңыздықтың құрбандығына шалынып, әп-сәтте көзден ғайып болса, тумысы бөлек батыр Рысқұл сол тұлпарды Саймасайдың алдындағы (бір тоқты) қарызы үшін әкеп бергеніне бармағын шайнайды. Бірақ, бәрі де кеш еді. Көзіне қан толған сасық бай Рысқұлдың өзін соққыға жығып, мұжықтың атын ұрлады деген жаламен ұстатып жібереді.

Романдағы келесі бір кейіпкер Ахат қария – Тау-Шілмембеттің ақсақалы, ақылгөйі дана шежіресі. Сәлік-Сары атаның көсеміндей болып кеткен қарияны жұрт нышанға жорып, әулиедей көрсе, Рысқұл сынды батыр інісі де оның алдында кішірейе қалады. Ол – үлкенді сыйлаған ізетінің, ағаға жасаған құрметінің белгісі. Кейін Тұрарды Приходконың бұғауынан алып қашқан да осы – Ахат. Ескінің көзіндей қазақтың бауырмалдығы мен дариядай кеңдігін, дархандығын бойына түгел жинаған қария бейнесінің толығар тұсы да осы. Ол Рысқұл сынды асылдың тұяғын аман алып қалу үшін баз кешеді.

Үлкен мәні бар осындай бір көркемдік детальды Әлімбек батырдан қалған “күміс ерден” көруге болады. Кезінде Дауылбайға сол күміс ерді бермегені үшін кіндік қаны тамған ата қоныстан көтеріле көшкен Тау-Шілмембеттің ата-баба көзіндей, батырлықтың белгісіндей болған жәдігерді Ақкөзге сыйға тартуы – батыр бабалардың рухы жебесін деген бір елдің ендігі үмітті Ақкөзден күтуі. 5000 қол жиып, ата аруағы қолдаған Ақкөздің Приходконың 500 жазалаушы отрядының зеңбірек, пулеметтеріне төтеп бере алмай, баудай түседі.

Қолға түсіп, қолына кісен салған Тұрардан Атамырза бала кездегі кегін алып, мұрнын қанатқанына риза. Алайда, Рысқұл баласын:“Жылама, аузым қанады деме, шие жедім де!”- деп үйреткенін ол қайдан білсін. Тұрарға қайсарлық, табандылық, өжеттік, батылдық Рысқұлдың қанымен келсе, Атамырзаға да қулық, арамдық, зымияндық әке қанымен келгендігін оның іс-әрекетінен көруге болады. Бірақ, Атамырза өшпенділігі, өтірік жаласы дер кезінде ашылып, әшкереленіп отыруы – арамдықтың, зұлымдықтың, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам болуы.

Екінші кітап тұңғыш түземдіктердің мектебінен білім алған бала Тұрардың шайқаспен ержетіп патшаны, уақытша өкіметті құлатып, Меркеде кеңес өкіметін орнатуымен аяқталған. “Жұлдыз көпір” дүниенің екі бұрышында жүрген әке мен бала арасының жалғасын көрсететін әке жолы, ұрпақ жалғастығы іспеттес.

“Қыл көпір” атанған үшінші-төртінші кітап Тұрар Рысқұлов өмірінің қыл көпірден өткендей ауыр болғандығын бейнелейді. Бұл кітаптарда кеңес өкіметін орнату жылдарындағы аяқ бастырмас қиянаттар, Түркістандағы кеңес өкіметіне жасалған қастандықтар Түркістан Республикасы атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың өмірімен тығыз бірлікте берілген.

Кейіпкер бейнесін толықтыра түсер әдістің бірі – оның ұстасатын қарсыластарының күшті болуы. Бұл жағынан келгенде, Тұрардың жаулары – Кушекин, Успенский, Клевенцов сынды шовинистер мен ағылшын шолғыншысы Бейли, басмашы Ергеш, Ташбулат сынды мықтылар. Бір ғана Кушекин мен Успенскийдің Тұрардың әр қадамын аңдуы да оңай емес. Олар Тұрардың Черняев уезі оязының қызы Наташаға үйленгенін, қайын енесіне Манкент участогінен жер бергізгенін, туысы Оразбақты болыс сайлатқанын алға тартып, Ташбулат байдың сыбайласы етіп көрсетпек болады. Осылармен шайқаста жүріп ол жалғыз інісі Арманнан айрылады.

Тұрардың күрескерлігін көрегендігін аша түсетін бір көрініс – Ә.Диваевпен кездесуі. Орта Азия мемлекеттік университетін ашуға көмектесуі – қайраткердің бұл саладағы үлкен еңбегі.

Романда Тұрардың Сталинмен қарым-қатынасы жеткілікті суреттелген. 1923 жылдарға дейін Сталиннің: “А-а, Түркістанның Шыңғысханы, төрлет!”- дегеніне, Тұрар: “Төрге грузиннің князі отырып қалған екен, маған осы бір жер де жетер”,- деп жауап қайырып, керек жерінде айтысып-тартысып жүрсе, ендігі жағдай басқаша. Сұлтан-Ғалиевті 1923 жылы, 4-майда ұстап, оған пантюркист деген атақ таңылған соң Сталиннің пәрмені жүре бастайды. Тұрар өзінің біліктілігінің арқасында сол құрықтан аман қалады. 1923 жылдың июнь айының 9-12 күндері-ақ Сталиннің “Тұтқынның өз кінәсін мойындауы – әділеттік салтанаты” деген теориясының іске аса бастағанын ол кезде Кеңесте отырған басшылар білген жоқ.

Жазушының тағы бір жетістігі – кейіпкер жанына үңіле отырып, оның бойындағы ішкі сезім қайшылығы мен ауырлығын шебер аша білуі. Оны Әзиза мен Тұрар, Тұрар мен Ескендір, Ескендір мен Ольга, Надя Константиновналар арасындағы қарым-қатынастардан көруге болады. Әсіресе, Мәскеу түрмесінде бірге отырған әкелі-балалы екеуінің арасындағы күйініш пен сүйініш, аяныш пен демеу, т.б. сезімдер биік дәрежеде бейнеленген.

Ерекше көзге түсетін тағы бір топ – әйелдер бейнесі. Мұндағы Түйметай, Әзиза, Күләндә, Нәфиса, Ольга, Надя Константиновналар бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі бар тұлғалар. Әзиза – ашаршылық жылдары елден келген бір қауым елге құшағын ашып, оларды бауырына басып, аш пен жалаңашқа пана болған үлкен жүректі ана. Ол – жас та болса көпті көрген, жары Тұрар үшін бәріне де бекінген, неден болса да қайтпайтын қайсар жан. Ал, “Жаһан – Шахын” жоқтап етегі жасқа толған Ольга Константиновнаға Ескендір кім еді? Өлім алдында жатқан Ескендірдің соңғы нәрін тартқызып, оның қасында болған Константиновналар да өз алдына биік тұлғалар.

Жазушы бес томдық романды жазу барысында біртіндей өсіп, көркемдік жетістікке жетті. Әсіресе оның соңғы кітабы зор бағаланды. Ол жөнінде әдебиеттанушы ғалым Р. Бердібайдың: “Жұлдыз көпір” – құрылысы шымыр, сюжеттік арқауы берік роман” [44,75] деген пікір айтты.

Романның тіл ерекшелігі – өз алдына сөз болар дүние. Қазақтың тіл байлығының әрі мен нәрі болар мақал-мәтелдерді жазушының дөп басып пайдалануы, өнерге ерекше мән берген халықтың суырып салма өнері, басына ауыр күн түскенде өлең-жырды медет ету сынды ұлттық ерекшеліктері шығарманың өн бойынан жиі кездеседі. Рысқұлдың: “Дүние бір қисық жол бұраңдаған…”, Тұрардың: “Сақ етер тиді саныма…”, Ескендірдің: “Өмірзая” әндерін өмірмен қоштасар соңғы сәтте ойға алып, іштей қайталауы – қазақтың атадан балаға қанмен берілер өнер құдіретінің көрінісіндей елестейді.

Бүкіл шығармаға не бары 34 жыл аралығы арқау болған. Ал, оның көтерген жүгі – бір ғасырдың өзекті дерті. Ғасыр басындағы патша өкіметінің отаршыл саясаты, кеңес өкіметін орнатудағы қиыншылықтар, елді жаппай және шұғыл ұжымдастырудың салдарынан болған ашаршылық, сталиндік зұлмат сынды қазақ халқының бастан кешкен трагедиясы жазушы суреттеуінде шынайы көркем шындыққа айналады. Т.Рысқұлов туралы деректің басын автор 1960 жылы “Лениншіл жас” газетінің ретушері Кимнен сұрап алған суреттен бастаса, отыз жылдан аса еңбектің жемісі – бес кітап болып қазақтың рухани қорын байытты. “Мен көп малтығып, көп тұншықтым. Жағалауға жете алмай, батып кетуім әбден ықтимал еді. Бірақ, Тұрар көке, өзіңіз алып шықтыңыз. Сіздің жұлқар рухыңыз алып шықты…”-дейді автор.































ҚОРЫТЫНДЫ



Ш.Мұртазаның көркем шығарманың азаматтық пафосы мен қоғам дамуының толғақты мәселелерін зерттеп көрсетуге деген ыждаһаттылығы мен батылдығы айрықша. Алғаш XX ғасыр басындағы халық өмірінің ақиқатын беруімен Қазан төңкерісінің болуы, Кеңес өкіметінің орнауын Тұрар өмірімен байланыста беріп, адамдардың рухани дүниесін тереңдеп ашатын адамгершілік проблемаларына баса көңіл бөлуі, заман адамның бейнесін сомдауы оқушы қауым тарапынан қызу қолдау тапты.

Тарихи тұлға, қайраткер қаћарман туралы жазғанда жазушыға өткенді біліп қана қою жеткіліксіз. Ол өткеннің өнегесі мен өкінерлік тұстарында жетік білуі қажет. Шығармадан жазуға деген талпынысы бір күнде туындаған салмағы жеңіл еңбек емес екенін аңғарамыз. Жазушы Т.Рысқұлов ғұмырынан көркем туынды жазбастан бұрын бұл тақырыпқа суреткерлік тұрғыдан емес ең әуелі публицистік көзқарас тұрғысынан келеді. Алғаш рет автор бұл тақырыпқа "Шыңыраудан шыңға" деген атпен көлемді очерк жазады. Кейін бұл очерк зор көлемді көркем туындыға айналды. Еңбегіміздің алғашқы тарауында жазушының қиындығы мен қияметі көп, мәуелі жемісі де зор бейнетінің қандай жағдайларда қалай жүзеге асқандығы туралы жан-жақты тоқталып өттік. Және осы тарауда Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романын Т.Рысқұлов өміріне арналып жазылған М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" повесі, Т.Нұртазиннің "Тұрардың анты", Е.Күзембаевтың "Тұрар" деректі романдарына шығармаларына арқау болған оқиғалардың тарихи шындығы мен көркемдік шешімдерін салыстыра отырып қарастырдық. Тақырыптас туындыларды зерттей келе түйген пікіріміз бұл шығармалардағы өмірлік деректердің көркемдік кескіндері авторлардың ұстанған концепциясына орай сомдалған. Дегенмен аталған шығармалар авторлары тарихи дерек пен өмірлік шындықтан ауытқымаған. Алуан формада түрлі жанрда жазылған шығармалардың авторлары кейіпкерлердің өмірлік дерегін жете зерттеп, оларды шеберлікпен меңгере білген. Аталмыш туындылардағы оқиғалар Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" хамсасының алғашқы екі кітабына арқау болған деректер негізінде сомдалған. Басты назар аударатын мәселе Ш.Мұртазаның бұл шығармалардың ешқайсысына ұқсамайтын өзіндік соқпақ салуы десек болады. Шығарманың көлемінің кеңдігі заманның лебін эпикалық ауанда алуының өзі суреткердің көздеген мақсатының үдесінен шығуына себепкер болған. Тарихтағы Т.Рысқұловтың "Түрік Республикасы", "Ұлт мәселелері" сияқты идеяларды көтеруі, Ленин мен кездесуі, тиран Сталиннің кері саясатына қарсы шығуы, халық шеккен ашаршылық кезіндегі арпалысы соңында Сталиндік зұлымдықтың құрбанына айналуы т.б. көптеген тарихи ақиқаттарды алғаш рет Ш.Мұртаза романында көркемдікпен игерді [13]. Осы талдаулардан түйген ойымыз кейіпкер біреу болғанымен, шығармашылық ізденіс, тың көзқарас, жанрлық, формалық ерекшелік, суреткерлердің көркемдік танымы мен өмірлік шындықтың өзін әрлендіре қолдануы — тақырыптас шығармаларға дербес ерекшелік дарытқан. Ұзақ уақыт "халық жауы", "пантюркист", "ұлтшыл уклонист" деген жазықсыз жаланың құрбаны болып келген Тұрар Рысқұловтың тарихта ақталуы 1956 жылы басталғанымен бұл тұлға турасында терең зерттеуге одан кейінгі уақытта да бірден жол ашыла қойған жоқ. Тұрар Рысқұлов туралы еңбек жазу үшін зор талант, өрелі таным, мол тәжірибе, творчестволық батылдық пен қажырлы ізденіс те қажет болды. Мұндай тәуекелге алғаш бел буған қаламгер Ш.Мұртаза болды. Кезінде "халық жауы" деп танылған қайраткер Тұрар Рысқұловтың ұлтының адал перзенті екендігін дәлелдеуде, тұлғаның болмысына ие болып, адамдық концепциясы жаңа сапамен өз деңгейіндегі көркем де шынайы сомдалуына жазушы аянбай еқбектенді. Сол уақыт тұрғысынан алғанда мұның өзін жазушы Шерхан Мұртазаның қаламгерлік ерлігі деп бағалауға болар еді. Ол уақыттарда Сталиндік саясат түгелдей әшкереленгенімен бүркеме сипатқа ие болып қалды.

Роман "Қызыл жебе" (екі кітап), "Жұлдыз көпір", "Қыл көпір", "Тамұқ" атты бес кітаптан тұрады. Бұлар іштей бірнеше тарауларға бөлінеді. Ал, тараулар бір жағынан әрі өмірлік шындықты, екінші жағынан шығармадағы әрі көркемдік шешімдіде айқын танытады. Ойымызға дәлел шығарманы оқи келе біздер Тұрардың бала кезінен бастап революционер болып қалыптасуы, ірі мемлекет қайраткерлігіне көтерілуі жолындағы өмірін толық көреміз. Сондай-ақ осы тұстағы империялық патша өкіметінің күйреуі, жаңа формация социализмнің орнауы жолындағы әр түрлі қиындықтар мен күрес жолын аңғартқан бүтін дәуір тарихынан тұшынамыз. Шерхан Мұртаза концепциясы, ұстанған нысанасы мен одан түйген түсінігі, уақытты осылай кең қамтуы және оны қажетіне қарай ширатып, шектей білуінен нақты көрініс табады. Тұрар Рысқұлов сипатын зерттеу процесінде Ш.Мұртазаға әр түрлі архивтік және деректі мәліметтерді, Т.Рысқұловтың ғылыми-тарихи еңбектерін қайта қарауға және революция кезеңінің бай материалдарының бәрін зерттеуге тура келді.

"Қызыл жебе" бұдан бұрынғы тарихи шығармалардың ешқайсысына ұқсамайды. Мәселе романның басты кейіпкері тағдырының өзгешелігінде болса керек. Жазушы кейіпкердің ішкі әлеміне, психологиялық көңіл құбылыстарына үңіле отырып, сол дәуірдің тарихи құбылыстарының мәнін ашады. Сонан соң мемлекеттік қарым-қатынастың көп сырларын жеке тағдырлар арқылы тұлғалайды. Жазушы тарихи деректердің, құжаттардың көлеңкесінде қалып қоймай, оқиғаларды нанымды баяндайды.

Шығарманың алғашқы кітабында оқиға желісі Рысқұл мен Тұрар арқылы өрбісе, кейінгі бөлімдері Тұрардың тағдыры негізінде дамып отырады. Біз екінші тарауда осы мәселеге баса назар аудардық, жан-жақты талдадық. Біріншіден, "Қызыл жебе" романын жазуда жазушы тарихи қайраткер — Тұрар Рысқұлов өміріне қатысты тарихи құжаттарды, деректі жазбаларды,ғылыми зерттеулерді молынан пайдаланғандығына көз жеткіздік.

"Қызыл жебе" романының көтерген қомақты жүгінен тек Тұрар тағдырын ғана емес бүкіл социалистік формацияның өмірге келуімен осы құбылысты бастан кешірген халықтардың өткен өмірінің куәсі болдық.

Қорыта айтқанда, Шерхан Мұртаза шығармашылығының отыз жылдай мерзімін арнаған "Қызыл жебе" романы – жазушының көркем дүниелерінің ең елеулілерінің бірі де бірегейі. Ол Саяси, Қоғам, Мемлекет қайраткері ұлы күрескер Тұрар Рысқұловтың шынайы бейнесіне көркем әдебиетте еш қылау түсірмей ақиқаттың биік белесінде сомдай білді. Бұл жолда суреткер Ш.Мұртаза шабытына – шабыт, талабына – талант, шеберлігіне – шешендікті дарыта отырып жетті. Тұрар Рысқұлов өмірін төл халқы қала берді түркі тектестер тағдырымен бірлікте кең масштабта бейнеледі. Романның эпикалық кең тыныста алынуы суреткердің қоғам тарихы, әлеуметтік, саяси, ождандық мәселелерді нәзік әрі терең психологизмде, ауқымды еркін айшықты жеткізуіне зор септігін тигізген.

"Қызыл жебе" секілді халық өмірінің тұтас бір дәуірлік панорамасын бейнелеген шығарма болмысынан жоғары дәрежелі көркемдікке тән қасиеттердің бәрін табуға болады.

Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романын оқу, салихалықпен ұғыну оқырман қауымға XX ғасыр басындағы өмірдің ғылыми-тарихи мән-маңызын ашып көрсетеді. Суреткер Ш.Мұртазаның "Қызыл жебе" романын әдеби теориялық тұрғыдан талдай келе біздің түйген ойымыз осылай. Бұл шығарманың әлі де талай зерттеу еңбектеріне арқау болатындығы, көп қырлылығы мен ғылыми маңыздылығы көркемдік деңгейімен тарихи шындығында болса керек. Аталған мәселені арнайы зерттеу еңбегіне айналдыру, қазақ әдебиетіндегі іргелі ғылыми мәселенің өмірге келуіне негіз болады деп білеміз.

Қорыта айтқанда, Шерхан Мұртаза – қазіргі қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қарымды қаламгердің бірі. Ол қазақ халқының бір ғасырлық (1904-2004) жанды картинасын жасауға белсенді қатысты. Оның қаламымен Домалақ ана, В.И.Сталин, Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов сынды тарихи тұлғалардың сахнадағы сом тұлғасы жасалды. “Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда!” деп қазақ халқына Абай өсиетін жаңғыртты. Ш.Мұртаза шығармашылығы жөніндегі еңбектер бұған дәлел







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Бисенғали З.Қ. XX ғасыр басындағы қазақ романы. —Алматы:
    Өлке, 1997. -268 б.

  2. Дәрімбетов Д. Тазару (әдеби сын). — Алматы: Жазушы, 1991.—160 6.

  3. Қирабаев С. Революция және әдебиет. Екі томдық. –Алматы: Жазушы, 1977. Т.І. 376б.

  4. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. –Алматы: Жазушы, 1993. 626б.

  5. Чернышевский В.В.

  6. Қаратаев М. Тұрар туралы трилогия //Жетісу, 1988. 14 сентябрь (№177). 36.

  7. Нурбаева Ж.Ж., Ойтаева М.Қ. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы тарихи шындық // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2005, №6.

  8. Мұртаза Ш. Халық үшін жан пида //Зауал: Мақалалар,
    естеліктер. —Алматы: Жазушы, 1991. —272 б.

  9. Фортунатов Н. Творческая лаборатория. Л.Толстого: Наблюдения и раздумья. —М.: Сов.писатель, 1983. -320с.

  10. Мұртаза Ш. ...Өмірімнің басты мұратына айналдырдым
    //Өркениет, 1994. 16 қыркүйек (№36). 4-5 бб.

  11. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? —
    Алматы: Ана тілі, 1993. —2086. // Дәдебаев Ж.Д. Шымырлап бойға жайылған. —Алматы: Жазушы, 1998. -192 б.

  12. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. -Алматы: Білім, 1998. -224 б.

  13. Мәмесейіт Т.І. Шерхан Мұртаза романдарының көркемдік және танымдық сипаты. Филол.ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2008.

  14. Ляхов В.И. Турар Рыскулович Рыскулов //Вопросы истории КПСС, 1965. №12. 94-96 с.

  15. Сүлейменов Ж. Тұрар және Шерхан //Шераға: Мақалалар, толғаныстар.—Алматы: Атамұра, 1993. —184б.

  16. Дәдебаев Ж.Д. Өмір шындығы және көркемдік шешім. —
    Алматы: Ғылым, 1991, —208 б.

  17. Полякова А. Минувший век во всей его истине //Новый мир, 1965, №2. -232-233 с.

  18. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. -Алматы: Білім, 1995. -200 б.

  19. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. —Алматы: Ғылым,
    1998. -400 б.

  20. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. — Алматы: Жалын,
    1997.-368 6.

  21. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. 2 том.

  22. Майтанов Б. Қилы заман қаћарманы //Лениншіл жас, 1979, 17 май. 3б.

  23. Мұртаза Ш. Немеркнущий образ — Өшпес бейне //Қазақстан
    коммунисі. 1980, №4. 54-55 б.

  24. Оңғарсынова Ф. Жұлдыз тағдырлы жазушы //Жас Алаш, 1992, 10 қыркүйек (№168). 46.

  25. Ауыпбаев Ж. (Жазушы Ш.Мұртаза туралы). //Шераға. халық кеңесі, 1994. 29 маусым (№78). 46.

  26. Жұмабеков С. Жұлдызы нұрлы суреткер. —Алматы: Өлке, 1993, -128 б.

  27. Кулиш В. Тарихтың тағылымы және ақиқат мәселесіне орай // Наука и жизнь, 1987, №12. 5-15 б.

  28. Тұраннан түлеп ұшқан Тұрар (М.Рахымбердиев, Ш.Мұртаза
    әңгіме-сұхбат) //Қазақ әдебиеті, 1994. 16 қырқүйек (№37) 6-7бб.

  29. Ахметов 3. Әдебиеттану терминдерін жетілдірудің зәрулігі
    //ҚРҒМ ҒА хабарлары (тіл, әдебиет сериясы) 1996, №4. 16-
    17 б.

  30. Дремов А. Художественный образ. —М.: Советский писатель,
    1961. -408 б.

  31. Ергөбеков Қ. Ғұмырнамалық проза және кейіпкер парасаты
    // Жұлдыз, 1989, №1. -184-185 б.

  32. Дәдебаев Ж. Тарихи болмыс және оның қазіргі қазақ
    романында бейнеленуі. Филол.ғыл.док.дис. -Алматы: 1992.
    -375 б.

  33. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. 4 том.

  34. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және
    мемлекеттік қызметі. —Алматы: Қазақстан, 1994. —448 б.

  35. Жұртбаев Т. Бесігіңді түзе... //Жұлдыз, 1987, №11. —131-132б.

  36. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. 3 том.

  37. Мұқанов С. Біздің Тұрар //Қазақ әдебиеті, 1965. 15 январь
    (№3) 2 6.

  38. Қайраткер (Тұрар Рысқұловтың туғанына 90 жыл) //Лениншіл
    Жас, 1984. 20 декабрь (№243) 3б. 2. Устинов В.М. Турар Рыскулов. —Алматы: Казахстан, 1996. -464 б.

  39. Нәубет. Құрастырған Қыстаубаев З. Публицистикалық ой-толғаулар. – Алматы: Жалын, 1990.

  40. Қайырбеков Ғ. Таңдамалы. Алматы, 1993.

  41. Мұртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2001. 1 том.

  42. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. Т. 8. Алматы, 1982.

  43. Мүсірепов Ғ. "Жұлдыз көпір" және Тұрар//Шераға: Мақалалар, толғаныстар. -Алматы: Атамұра, 1993. -184 б.

  44. Бердібаев Р. Тарихи роман. —Алматы: Санат, 1997. -336б.

  45. Меңдіке Ә. Жебей жүр бізді Қызыл жебе //Егеменді
    Қазақстан, 1994. 6 желтоқсан.

  46. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. Хрестоматия. Алматы, 1992.










13


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
1165
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі