Қызыл телпек бізде қонақта

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қызыл телпек бізде қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына жаңа жыл ертеңгілін өткізуге арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа үйрету, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Қызыл телпек, қасқыр, қоян.

Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Балаларды қарсы алайық.


Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр жұлдыздарымен би қимылдарын жасап кіреді,билеп болған соң жарты шеңбер болып, шыршаның қасына барып   тұрады.

Жүргізуші:- Балалар, қараңдаршы, біздің бөлмеміз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа- жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті, шыршаға әдемі ойыншықтар ілініпті. Осы әсем шыршамызға әдемі әнімізді тарту етеміз.

Ән : “Шыршаға бардық”


Музыка әуенмен Қызыл телпек келеді:

- Армысыздар ата-аналар, қонақтар!

Жүргізуші:-Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз!

- Мен - Қызыл телпекпін, апамды жаңа жылмен құттықтауға бара жатырмын. Міне бәлішім мен сары майым. Бірақ апамның үйі алыс, сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім.Мені апамның үйіне дейін мені жеткізіп саласындар ма?

Жүргізуші:-Ия, көмектесеміз. Біз ән шырқап, би-билеп, ойын ойнап тез жетеміз.

Жүргізуші:-Ендеше балалардың жаңа жылдық мерекеге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар. (Аруназ,Медина,Тамила,Алинур,Хадиша.Раяна.Аружан)


Аруназ
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.

Медина
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Тамила

Күліп ойнап, би билеп.

Ән салайық бәріміз.

Алинур

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Хадиша

Далада нұр,қалада нұр.

Құтты болсын Жаңа жыл.

Раяна

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.

Аружан

Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып

Қызыл телпек: -Жарайсындар балалар.

Жүргізуші:-Сонымен қатар біздің балар өнерлі, билерін тамашалаңыз.

Би: «Потолог»   

(Музыка әуенімен Қасқыр кіреді)
Қасқыр: - Р-Р-Р. Мұнда не шу? О, Қызыл телпекте осында екен ғой. Сәлеметсің бе, Қызыл телпек.
Қызыл телпек: -Сәлеметсіз бе.
Қасқыр:  -Қызыл телпек, сендер қайда бара жатырсыңдар.
Қызыл телпек: -Орманда тұратын апамды жаңа жылмен құттықтап, сыйлық апара жатырмыз.
Қасқыр: -О, мынау, мен іздеген Қызыл телпек қой.

 (балаларға қарап сыбырлап)
Жүргізуші-Қасқыр, кел бізбен бірге көңіл көтер.
Қасқыр: -Көңіл көтере алмаймын. Мен ашулымын, қарным аш. Қараймын мына жерде көп балалар отыр екен. Сендерді жеп алмасам.
Қызыл телпек:  -Қасқыр, сен ашуыңды бас. Бұл балалар жай балалар емес. Олардың өнерін тамашалайық.
Тақпақтар:( Рамазан,Айым,Азиз,Ерсұлтан,Мариям ,Арыстан,Абилмансур,)

Рамазан

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған.

Айым

Ән саламыз, би билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді

Азиз

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Ерсұлтан

Жаңа жыл, Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Мариям

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады.

Жып - жылтыр боп жатады.

Арыстан

Жаңа жылым мол болсын.

Басқан қадам оң болсын!

Абилмансур

Аппақ аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.


Қасқыр: -Ой, жарайсыңдар.  Жарайды сендерді жемеймін. Онанда Аяз атаның алдынан шығайын, Аяз атанының сыйлықтарын тартып алайын. Ол үлкен, тәп-тәтті, ішінде көп кәмпиттер бар.

(залдан шығып кетеді)
Қызыл телпек: -Ой, Қасқыр, тоқта, тоқта. Балалар енді не істейміз?

 (Музыкамен залға Қоян кіреді.)
Қоян: -Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер кімді Күтіп отырсыңдар?
Қылыл телпек: -Біз Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырмыз. Бізге Қасқыр келді. Аяз атанын сыйлықтарын тартып алмақшы ,осы жылы сыйлықтарсыз қалатын болдық.
Қоян: -Қасқырдан бұрын оларды біз тауып алайық. Сендерге ойын ала келдім. Менімен ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын: Кобиктардан Аққала мен Шыршаны құрастыру.


Қоян: ойын сендерге ұнады ма? Аяз атамызда келіп қалған шығар.

Бәрі Аяз атыны іздей бастайды.-”Аяз ата-Ақша қар”3 рет.


Аяз атаның сықырлап аяқ басқасыны естіледі, Аяз ата мен Ақшақар көңілді әуенмен ортаға келді.

Аяз ата:Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Жүргізуші: Қош келдіңіздер.

Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.Қанекей бәріміз шырша шамын жағайық.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын
тойлайық. (Сыйқырлы таяғымен шырна шамын жағады.)


Қызыл телпек:-Сіздерге жолда келе жатқанда ешкім кездеспеді ме?

Аяз ата:-Жоқ көрмедікі.Аа кездесті.

Қызыл телпек: -Кім кездесті?

Аяз ата: Ұшып жүрген құстар, ағаш басындағы тиындарды көрдік.

Қызыл телпек:-Ааа, ендеше. Аяз ата мен Ақшақар келді, көңілді көтеріп,
ән айтып, билейік.

Жүргізуші :-Біздің балалардың сіздерге дайындағын әндері бар.
Ән: «Қош келдің Аяз ата, Ақшақар»    

Аяз ата: -Жарайсыңдар, балалар. Сендер тақпақ білесіңдер ме?
Тақпақтар.(Айгерім,Коркем,Айсұлтан,Арлан, Алихан)

Айгерім

Келіндер келіңдер,

Тақпақ айтып беріндер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер!
Коркем

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз
Айсұлтан

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындық аяз атаны.
Арлан

Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

Алихан

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Аяз ата:-жарайсындар, өнерлерің үстем болсын.

Жүргізуші: -Сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: “Жарық жұлдыздар”

Жүргізуші:- Тағыда Аяз ата арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Тақпақтар:(Жаннұр,Ясмин, Амина,Сұлтан,Исатай, Санжар.Әмре)
Жаннұр

Аяз ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан.

Балаларға базарлық,

Алып келді алыстан

Ясмин

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оранып.

Амина

Кел, балалар, тақпақты,

Тақылдатып айтайық.

Аяз ата таң қалсын,

Сыйлық алып қайтайық.

Сұлтан

Ал балалар билейік,

Ойнайықта күлейік.

Аяз ата қуансын,

Тақпақ айтып берейік.

Исатай

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ көрпеге оранып.

Санжар

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.

Әмре

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, Қуанып.

Шырқап әң саламыз.

Аяз ата: -Сендерге қарап риза болып тұрмын.
Жүргізуші: Мерекелік кешімізді одан әрмен жалғастырайық .

Ән: «Жаңа жыл»

Би: “Джентельмен”

Ақшақар: Сендерге жұмбақ жасырайын.Жауабын тауып көріндер.
1.Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

2.Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

3.Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Аяз-Ата: -Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?

Ақшақар: -Балалардың меркелік киімдері өте әдемі.

(Қасқыр залға кіреді.)
Қасқыр: -Қайда Аяз ата ? Менің қарным аш. Р-Р-Р.Сыйлықтардың барлығын маған беріңіз.(Сыйлықтарға жабысады.)


Ақшақар: -Аяз ата, қарашы, Қасқыр көңілсіз. Өйткені, оның қарны аш.
Аяз ата: -Қазір, көмекшілерім, көмектесіңдер.

(екі аққала жүгіріп шығады, дорбамен сыйлық алып кіреді.)
(барлығына сыйлық таратады)
Қасқыр риза болып алғысын айтады.

-Маған ешкім жаңа жылда сыйлық бермепті .Рахмет Аяз ата. Мен енді ешкімге тиіспеймін.Ақылды боламын
Аяз ата: Жақсы балалар сендердің өнерлеріңді тамашаладық, сенді бізді сендер сияқты басқа балалар күтіп отыр,қоштасатын сәт келді.Келесі жыл кездескенше, Қош, сау болдар !(Аяз ата,Ақшақар,Қасқыр қоштасып шығып кетеді)
Қызыл телпек: -Бүгінгі күн тамаша өтті, апамныңда үйіне жетіп алдым рахмет балалар . Сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі